ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
2.42K subscribers
6.99K photos
717 videos
2.17K links
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің жаңалықтары
🇰🇿

🔘 Сайт: https://www.gov.kz/memleket/entities/miid?lang=ru

🔘 Facebook: https://www.facebook.com/minpromstroy.kz

🔘 Instagram: https://instagram.com/minpromstroy.kz?igshid=MzRlODBiNWFlZA==
Download Telegram
📌 Ерсайын Нағаспаев машина жасау саласын дамытудың негізгі бағыттары туралы айтты

Министр локализациялау деңгейін одан әрі арттыру үшін негізгі басымдықтардың бірі жаңа автокомпоненттер өндірісін игеру және отандық кәсіпорындарды әлемнің жетекші автомобиль компанияларымен бірлескен өндірістерге тарту екенін атап өтті.

➡️Халық үшін автомобильдерге қолжетімділікті арттыру мақсатында автонесиелеу мен лизинг тетіктерін жетілдіру көзделуде. Оның ішінде борыштық жүктеме коэффициентін алып тастау және жеке тұлғалар үшін автолизингті дамыту шаралары қарастырылған.

➡️ Электр және гибридті көлік өндірісін дамыту, сондай-ақ оларды пайдалану үшін қажетті инфрақұрылымды қалыптастыру ісі зарядтау стансалары желісін кеңейтуді және жүргізушісіз көлік технологияларын қолдану үшін жағдай жасауды қамтиды.

➡️ Автомобильдерді импорттау кезінде заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету отандық өндірушілер мен импорттаушылар үшін тең әрі ашық бәсекелестік жағдай қалыптастыруға, сондай-ақ заңсыз схемалардың қолданылуына жол бермеуге мүмкіндік береді.

➡️ Өзіміздің зертханалық базамызды құру техникалық регламент талаптарына сәйкестікті тексеру бойынша толық сынақ циклін жүргізуді, елдегі инженерлік және технологиялық құзыреттерді дамытуды, жаңа модельдерді нарыққа шығаруды жеделдетуді, сондай-ақ отандық өндірістің технологиялық тәуелсіздігі мен бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыруды қамтамасыз етеді.

«Ұсынылып отырған шаралар автомобиль өнеркәсібін одан әрі тұрақты дамытуға, жаңа инвестициялар тартуға, отандық өнімнің қолжетімділігін арттыруға және өңірлік әлеуетті нығайтуға мүмкіндік береді. Министрлік өз өкілеттіктері аясында аталған бағыттар бойынша жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырып, қойылған міндеттердің сапалы әрі уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді»,

– деп қорытындылады Ерсайын Нағаспаев.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
📌 Ерсайын Нағаспаев машина жасау саласын дамытудың негізгі бағыттары туралы айтты Министр локализациялау деңгейін одан әрі арттыру үшін негізгі басымдықтардың бірі жаңа автокомпоненттер өндірісін игеру және отандық кәсіпорындарды әлемнің жетекші автомобиль…
📌 Ерсайын Нагаспаев сообщил о ключевых направлениях развития машиностроения
 
Министр подчеркнул, что для дальнейшего повышения уровня локализации основным приоритетом станет освоение производства новых автокомпонентов и привлечение отечественных предприятий к совместным производствам с ведущими мировыми автомобильными компаниями.

➡️ В целях повышения доступности автомобилей для населения предусматривается совершенствование механизмов автокредитования и лизинга, в том числе отмена коэффициента долговой нагрузки и развитие автолизинга для физических лиц.

➡️ Развитие производства электрического и гибридного транспорта, а также формирование необходимой инфраструктуры для их эксплуатации включает расширение сети зарядных станций и создание условий для применения технологий беспилотного транспорта.

➡️ Обеспечение соблюдения требований законодательства при импорте автомобилей позволит сформировать равные и прозрачные условия конкуренции для отечественных производителей и импортеров, а также предотвратить применение незаконных схем.

➡️Создание собственной лабораторной базы обеспечит проведение полного цикла испытаний на соответствие техрегламенту, развитие инженерных и технологических компетенций в стране, ускорение вывода новых моделей на рынок, а также повышение уровня технологической независимости и конкурентоспособности отечественного производства.

«Предлагаемые меры позволят обеспечить дальнейшее устойчивое развитие автомобильной промышленности, привлечь новые инвестиции, повысить доступность отечественной продукции и укрепить региональный потенциал. Министерство в рамках своих полномочий будет системно продолжать работу по указанным направлениям и обеспечит качественное и своевременное выполнение поставленных задач»,

— подытожил Ерсайын Нагаспаев.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📌 Реновация саласындағы жаңа тетік азаматтардың құқықтарын қорғап, жобаларға инвесторларды тартуға мүмкіндік береді

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Қанат Мыңбаев пен «Қазақстан Тұрғын үй компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Исламбек Қайырбеков тұрғын үй қорын реновациялау саласында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Реновация аясында қалалық инфрақұрылымды жаңғыртуға, инженерлік желілерді жаңартуға, қоғамдық кеңістіктерді дамытуға және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған кешенді жұмыстар жүргізілуде. 2029 жылға дейін шамамен 40 мың меншік иесін жаңа тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін Жер кодексіне, Құрылыс кодексіне және басқа да бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер енгізілді. Әкімдіктер реновацияға жататын тұрғын үйлердің тізімін қалыптастырып, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын өзектендіру жұмыстарын жүргізуде. Биыл елімізде 224 көппәтерлі тұрғын үйді сүріп тастау жоспарланған, оның ішінде 44 үйдің демонтаж жұмыстары аяқталған.

«Реновация саласында тұрғын үй құрылысының Бірыңғай операторының кепілдіктеріне негізделген жаңа нарықтық тетік енгізілді. Бұл тетік жеке инвестицияларды тартуға, тұрғындардың құқықтарын қорғауға және мемлекеттік бюджетке түсетін жүктемені азайтуға жол ашады. Кепілдік тетігі тұрғындардың құқықтарын "бөлмеге – бөлме" қағидаты бойынша қорғайды, құрылыс салушыларға кепілдік алуға мүмкіндік береді, инвесторлардың сенімін арттырып, реновация жобаларына жеке инвестициялардың тартылуына ықпал етеді»,

– деді Қанат Мыңбаев.

«Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Исламбек Қайырбеков салынып жатқан, ҚТҮК кепілдігі берілген тұрғын үйлерден баспана сатып алуға мүмкіндік беретін «Орда Аймақ» ипотекалық бағдарламасы туралы айтты. Бағдарлама шарттарына сәйкес сыйақы мөлшерлемесі – 15,9%, бастапқы жарна – 20%-дан бастап, несие мерзімі – 20 жылға дейін; қарыз сомасы – 75 млн теңгеге дейін. ҚТҮК кепілдігі сатып алушылардың қаражатының сақталуын қамтамасыз етеді және құрылыс салушыда қандай да бір қиындықтар туындаған жағдайда да құрылыс жұмыстарының аяқталуына кепілдік береді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
📌 Реновация саласындағы жаңа тетік азаматтардың құқықтарын қорғап, жобаларға инвесторларды тартуға мүмкіндік береді ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын…
📌 Новый механизм в сфере реновации обеспечит защиту прав граждан и привлечет инвесторов в проекты
 
О проводимой работе в сфере реновации жилищного фонда рассказали на пресс-конференции в Службе центральных коммуникаций при Президенте РК заместитель председателя Комитета по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства МПС РК Канат Мынбаев и заместитель Председателя Правления АО «Казахстанская Жилищная Компания» Исламбек Каирбеков.

В рамках реновации ведется комплексная работа, направленная на модернизацию городской инфраструктуры, обновление инженерных сетей, развитие общественных пространств и повышение качества жизни граждан. До 2029 новым жильём планируется обеспечить около 40 тысяч собственников. Для достижения этой цели внесены изменения в Земельный и Строительный кодексы, а также ряд других законодательных актов. Акиматы формируют перечни домов, подлежащих реновации, и обеспечивают актуализацию проектов детальной планировки. В текущем году в стране планируется снести 224 многоквартирных жилых дома, из которых 44 уже демонтированы.

«В сфере реновации внедрён новый рыночный механизм, основанный на гарантиях Единого оператора жилищного строительства. Он позволит привлечь частные инвестиции, обеспечить защиту прав жителей и снизить нагрузку на государственный бюджет. Гарантийный механизм обеспечивает защиту прав жителей по принципу «комната за комнату», позволяет застройщикам получать гарантии, повышает доверие инвесторов и способствует привлечению частных инвестиций в проекты реновации»,

— сообщил Канат Мынбаев.

Заместитель Председателя Правления АО «Казахстанская Жилищная Компания» Исламбек Каирбеков рассказал об ипотечной программе «Орда Аймақ», которая позволяет приобрести жилье в строящихся домах с гарантией КЖК. Программа предусматривает ставку 15,9%, первоначальный взнос от 20%, срок кредитования до 20 лет и сумму займа до 75 млн тенге. Гарантия КЖК обеспечивает защиту средств покупателей и завершение строительства даже в случае возникновения проблем у застройщика.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇦🇲 Ерсайын Нағаспаев Арменияның Қазақстандағы елшісімен өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Армения Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Армен Гевондянмен кездесті.

Кездесу барысында жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтар аясында өнеркәсіп саласы бойынша ынтымақтастықты кеңейту перспективалары талқыланды. Сондай-ақ Қазақстанның машина жасау, металлургия және жеңіл өнеркәсіп саласы өнімдерінің Армения нарығына экспортын ұлғайту мәселесіне ерекше назар аударылды.

«Қазақстан мен Арменияны өзара құрметке, сенімге және сындарлы саяси диалогқа негізделген дәстүрлі достық қарым-қатынастар байланыстырады. Аса жоғары деңгейдегі тұрақты саяси диалогтың арқасында Қазақстан мен Армения арасындағы ынтымақтастық жүйелі түрде дамып келеді»,

– деп атап өтті Ерсайын Нағаспаев.

Министр отандық өндірушілердің дайын өнім жеткізу көлемін, оның ішінде жоғары қуатты трансформаторлар, аккумуляторлар және басқа да өнімдер экспортын ұлғайтуға дайын екенін жеткізді. Өткен жылы екі ел арасындағы өнеркәсіп өнімдерінің тауар айналымы $67,9 млн-ды құрады. Оның $48 млн-ы Қазақстан Республикасының экспортына тиесілі болды.

ℹ️ Сонымен қатар өнеркәсіптік кооперацияны дамыту мақсатында шикізатты терең өңдеу, жоғары қосылған құны бар өнім шығару және екі ел кәсіпорындары арасында орнықты өндірістік тізбектер қалыптастыру бағытында бірлескен өндірістер құру перспективалары қозғалды.

🤝 Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Армения арасындағы ынтымақтастықты барлық перспективалы бағыттар бойынша одан әрі кеңейтуге жан-жақты қолдау көрсетуге ниетті екендерін растады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
🇰🇿🇦🇲 Ерсайын Нағаспаев Арменияның Қазақстандағы елшісімен өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Армения Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Армен Гевондянмен кездесті.…
🇰🇿🇦🇲 Ерсайын Нагаспаев обсудил промышленное сотрудничество с Послом Армении в Казахстане
 
Министр промышленности и строительства РК Ерсайын Нагаспаев провёл встречу с Чрезвычайным и Полномочным Послом Республики Армения в Казахстане Арменом Гевондяном.

Обсуждены перспективы наращивания промышленного взаимодействия в рамках достигнутых на высшем уровне договоренностей. Отдельное внимание уделено перспективам наращивания казахстанского экспорта продукции машиностроения, металлургии и легкой промышленности на рынок Армении.

«Казахстан и Армению связывают традиционно дружественные отношения, основанные на взаимном уважении, доверии и конструктивном политическом диалоге. Благодаря регулярному политическому диалогу на высшем и высоком уровнях казахстанско-армянские отношения последовательно развиваются»,

— подчеркнул Ерсайын Нагаспаев.

Министр отметил готовность отечественных производителей  наращивать объемы поставок готовой продукции, в том числе силовых трансформаторов, аккумуляторов и др. В прошлом году товарооборот продукции промышленного назначения двух стран составил $67,9 млн. Из них большую часть составил экспорт из РК –  $48 млн.

ℹ️ Кроме того, в целях развития промышленной кооперации обсуждены перспективы создания совместных производств в области глубокой переработки сырья, выпуска продукции с высокой добавленной стоимостью и формирования устойчивых производственных цепочек между предприятиями двух стран.

🤝 По итогам переговоров стороны подтвердили намерения всесторонне содействовать расширению сотрудничества Казахстана и Армении по всем перспективным направлениям. 
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📌 Қазақстан мен Ресей өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты кеңейтіп келеді

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков Омбы қаласында өткен Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығының XXII форумы аясында ұйымдастырылған «Өнеркәсіптік кооперация – Қазақстан мен Ресейдің орнықты дамуының факторы» атты панельдік сессияға қатысты.

Сессия барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі көрсеткіштері, бірлескен инвестициялық жобалар, инвесторларды мемлекеттік қолдау шаралары және өнеркәсіптік кооперацияны дамыту тетіктері таныстырылды.

Ресей Қазақстан экономикасына инвестиция салатын ең ірі үш елдің қатарына кіреді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Ресейден тартылған тікелей инвестициялар көлемі $2,9 млрд-ты құрады. Ал 2005 жылдан бері тартылған инвестициялардың жиынтық көлемі шамамен $29 млрд-қа жетті.

Қазақстан мен Ресей арасындағы өнеркәсіптік кооперация қоржынында жалпы құны $52,7 млрд-ты құрайтын, шамамен 60 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 177 бірлескен жоба бар. Оның ішінде жалпы құны $22,4 млрд-ты құрайтын 122 жоба қазірдің өзінде іске асырылды.

Сондай-ақ жиында инвесторларды мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы шаралары, оның ішінде арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың мүмкіндіктері, Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы бірлескен жобаларды қаржыландыру тетігі қарастырылды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
📌 Қазақстан мен Ресей өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты кеңейтіп келеді Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков Омбы қаласында өткен Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығының XXII форумы аясында ұйымдастырылған…
📌 Казахстан и Россия расширяют промышленную кооперацию

Вице-министр промышленности и строительства Республики Казахстан Олжас Сапарбеков принял участие в панельной сессии «Промышленная кооперация как фактор устойчивого развития России и Казахстана», состоявшейся в рамках XXII Форума межрегионального сотрудничества Казахстана и России в Омске.

В ходе выступления представлены актуальные показатели казахстанско-российского промышленного сотрудничества, информация о совместных инвестиционных проектах, мерах государственной поддержки инвесторов и механизмах развития промышленной кооперации.

Россия входит в тройку крупнейших инвесторов в экономику Казахстана. По итогам 2025 года объем прямых российских инвестиций составил 2,9 млрд долларов, а совокупный объем инвестиций с 2005 года достиг порядка 29 млрд долларов.

Портфель промышленной кооперации Казахстана и России включает 177 совместных проектов общей стоимостью 52,7 млрд долларов, предусматривающих создание порядка 60 тыс. рабочих мест. Из них 122 проекта общей стоимостью 22,4 млрд долларов уже реализованы.

Также рассмотрены действующие меры государственной поддержки инвесторов, включая возможности специальных экономических и индустриальных зон, а также механизм финансирования кооперационных проектов в рамках Евразийского экономического союза.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2
📌 Министрліктің апталық жұмыс қорытындысы

ҚР Үкіметінің отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев автомобиль өнеркәсібін дамыту мәселелері туралы баяндады

Елімізде жарты жыл ішінде 94 400 автомобиль өндірілді, бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 35%-ға жоғары көрсеткіш

Ерсайын Нағаспаев Арменияның Қазақстандағы елшісімен өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Олжас Сапарбеков Қазақстан-Ресей өңіраралық ынтымақтастығының XXII форумы аясында өткен панельдік сессияға қатысты

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің өкілдері ОКҚ брифингінде реновация саласында жаңа нарықтық тетік енгізілгені жөнінде мәлімдеді

📍 Министрлік қызметінің барлық бағыттары бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
📌 Министрліктің апталық жұмыс қорытындысы ҚР Үкіметінің отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев автомобиль өнеркәсібін дамыту мәселелері туралы баяндады Елімізде жарты жыл ішінде 94 400 автомобиль өндірілді, бұл – өткен жылдың сәйкес…
📌Недельный дайджест Министерства промышленности и строительства РК

На заседании Правительства РК министр промышленности и строительства Ерсайын Нагаспаев доложил о развитии автомобильной промышленности 

В Казахстане за полгода произведено 94 400 автомобилей, что на 35% выше периода прошлого года

Ерсайын Нагаспаев обсудил промышленное сотрудничество с Послом Армении в Казахстане

Олжас Сапарбеков принял участие в панельной сессии XXII Форума межрегионального сотрудничества Казахстана и России

О внедрении нового рыночного механизма в сфере реновации проинформировали на брифинге СЦК представители МПС РК

📍 Работа продолжается по всем направлениям деятельности Министерства.
🌧 ЭКСЖ ұлттық жобасы: Қазақстанда 1,9 мың км сумен жабдықтау және су бұру желілері жаңғыртылады

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру аясындағы жұмыстың үш негізгі бағыты туралы баяндады.

Олардың біріншісі – сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғырту. Бұл бағытта желілерді жаңарту және заманауи кәріз-тазарту құрылыстарын (КТҚ) салу көзделген. Ұлттық жобаның электрондық платформасында жалпы сомасы шамамен 330 млрд теңгені құрайтын 105 жоба орналастырылды. Оның ішінде 20 жобаға қатысты жұмыстар жүргізілуде, 58 жоба іске асыруға дайын, 2 жоба бойынша тарифті айқындау жұмыстары аяқталу сатысында, ал 25 жоба қаралу үстінде. Сонымен қатар жалпы сипаттағы трансферттер аясында 209 млрд теңгеге 516 жоба қаржыландырылуда. Жалпы, шамамен 1,9 мың км сумен жабдықтау және су бұру желілерін қайта жаңғырту және олардың тозу деңгейін 43%-ға дейін төмендету жоспарланып отыр.

Инженерлік желілерді жаңғырту жұмыстары кәріз-тазарту құрылыстарын жаңартумен қатар жүргізіледі.

«Ұлттық жоба аясында жалпы құны 800 млрд теңгеден асатын 45 кәріз-тазарту құрылысы (КТҚ) жобасын іске асыру көзделген. Оның ішінде 7 жоба халықаралық қаржы ұйымдарының, ал 38 жоба түрлі қаржыландыру көздері есебінен жүзеге асырылады. Соңғы 2 жылда 5 жоба бойынша жұмыстар аяқталды. Қазіргі уақытта 3 қалада кәріз-тазарту құрылысы мен реконструкциясы жүргізілуде, оларды осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған. Барлық жобалардың іске асырылуы министрліктің тұрақты бақылауында»,

– деп атап өтті Ерсайын Нағаспаев.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
🌧 ЭКСЖ ұлттық жобасы: Қазақстанда 1,9 мың км сумен жабдықтау және су бұру желілері жаңғыртылады ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев «Энергетикалық және коммуналдық секторларды…
🌧 Нацпроект МЭКС: 1,9 тыс. км сетей водоснабжения и водоотведения отремонтируют в Казахстане 

На заседании Правительства под председательством Премьер-министра Олжаса Бектенова министр промышленности и строительства Ерсайын Нагаспаев доложил о трех ключевых направлениях работы в рамках реализации Национального проекта «Модернизация энергетического и коммунального секторов».

Первым из них определена модернизация систем водоснабжения и водоотведения, включая обновление сетей и строительство современных канализационно-очистных сооружений (КОС). На электронной платформе Нацпроекта размещено 105 проектов на сумму порядка 330 млрд теңге. Из них по 20 проектам уже ведутся работы, 58 – готовы к реализации, по двум завершается определение тарифа, еще 25 находятся на рассмотрении. Параллельно в рамках трансфертов общего характера финансируются 516 проектов на 209 млрд теңге. Всего  планируется реконструировать порядка 1,9 тыс. км сетей водоснабжения и водоотведения и снизить уровень их износа до 43%.

Модернизация инженерных сетей будет сопровождаться обновлением канализационно-очистных сооружений.

«В рамках Нацпроекта предусматривается реализация 45 проектов КОС на общую сумму более 800 млрд теңге. Из них 7 проектов за счет финансирования  международных финансовых организаций и 38 – за счет различных источников финансирования. За последние 2 года завершены работы по 5 проектам. В настоящее время в 3 городах ведется реконструкция и строительство КОС, которые планируется завершить до конца т.г. Реализация всех проектов находится на постоянном контроле Министерства»,

— подчеркнул Ерсайын Нагаспаев.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
⚡️ ЭКСЖ жобалары өндіріс орындарының жұмысын жандандырып, ел ішіндегі кооперациялық байланыстарды жолға қоюға мүмкіндік береді

Министр Ұлттық жобаны іске асыруға қазақстандық өндірушілерді барынша тарту арқылы отандық өндірісті дамыту бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Ерсайын Нағаспаев негізгі міндеттердің бірі елішілік құндылықты дамыту екенін атап өтті. Заңнамада және Ұлттық жобада қазақстандық өнімге басымдық беру қағидаты бекітілген. Сатып алуға тек Қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізілген өндірушілер ғана қатыса алады. Бұл алгоритм өндірістік белгілерді нақты анықтауға және формалды өндірістерді алып тастауға мүмкіндік береді. Бүгінде Тізілімге Ұлттық жобаның әлеуетті қатысушылары саналатын шамамен 500 тауар өндіруші енгізілген.

Сонымен қатар сатып алу қағидалары бекітіліп, электрондық платформада тиісті модуль әзірленді. Барлық мердігер ұйымдар сатып алуды осы платформа арқылы жүзеге асыруға міндетті. Сондай-ақ отандық тауар өндірушілерге басымдық берілетін конкурс өткізу тәртібі бекітілді. Бұл Ұлттық жоба қаражатын мейілінше экономиканың нақты секторын қолдауға бағыттауға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта 27 жоба құрылыс-монтаждау жұмыстары кезеңінде, осы жобалар бойынша материалдар қазақстандық өндірушілерден сатып алынуда. Мәселен, Семей қаласындағы жылу желілерін реконструкциялау барысында 98 млн теңге сомасына құбыр өнімдері, бекіту арматурасы және темірбетон бұйымдары сатып алынды. Ал Екібастұз қаласындағы жылу магистралін реконструкциялау жобасы бойынша 690 млн теңге сомасына отандық өндірістің құбырлары, бұрмалары, шарлы крандары (шүмектер), муфталары және инертті материалдары жеткізілді.

«Бұл мысалдар ЭКСЖ жобаларын іске асыру отандық өндірушілер жұмысын жандандырып, ел ішінде кооперациялық байланыстарды жолға қоюға мүмкіндік беретінін нақты көрсетеді. Ұлттық жоба аясында 2026-2027 жылдары құрылыс материалдары мен жабдықтарына болжамды қажеттілік 900 млрд теңгеден астам болады. Қазақстандық тауар өндірушілер осы қажеттіліктің едәуір бөлігін, әсіресе кабель-өткізгіш, құбыр өнімдері, темірбетон бұйымдары және құбыр желілерінің арматурасы бойынша қамтамасыз етуге қауқарлы»,

– деп атап өтті Ерсайын Нағаспаев.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
⚡️ ЭКСЖ жобалары өндіріс орындарының жұмысын жандандырып, ел ішіндегі кооперациялық байланыстарды жолға қоюға мүмкіндік береді Министр Ұлттық жобаны іске асыруға қазақстандық өндірушілерді барынша тарту арқылы отандық өндірісті дамыту бағытында жүргізіліп…
⚡️ Проекты МЭКС позволяют загрузить производства и наладить кооперационные связи внутри страны

Министр доложил о проводимой работе по развитию отечественного производства за счет максимального привлечения казахстанских производителей к реализации Нацпроекта.

Ерсайын Нагаспаев подчеркнул, что одной из ключевых задач определено развитие внутристрановой ценности. Законодательством и Нацпроектом закреплен приоритет казахстанской продукции. Доступ к закупкам получат только производители, включенные в Реестр казахстанских товаропроизводителей.  Алгоритм позволяет достоверно определить производственные признаки и отсеять формальные производства. На сегодня в Реестр включены порядка 500 товаропроизводителей – потенциальных участников Нацпроекта.

Кроме того, утверждены правила закупок и разработан соответствующий модуль на электронной платформе, через которую обязаны проводить закупки все подрядные организации. Также закреплен безусловный приоритетный конкурс среди ОТП. Это позволяет максимально направить средства Нацпроекта на поддержку реального сектора экономики.

27 проектов – на стадии строительно-монтажных работ, закуп материалов по ним ведется с участием казахстанских производителей. Так, при реконструкции тепловых сетей в г. Семей закуплена трубная продукция, запорная арматура и железобетонные изделия на сумму 98 млн теңге. По проекту реконструкции тепловой магистрали в городе Экибастуз поставлены трубы, отводы, шаровые краны, муфты и инертные материалы отечественного производства на сумму  690 млн теңге.

«Данные примеры показывают на деле, что реализация проектов МЭКС позволяет загрузить производства ОТП и наладить кооперационные связи внутри страны. Прогнозируемая потребность в строительных материалах и оборудований для строительства в рамках Нацпроекта на 2026-2027 годы составляет более 900 млрд теңге. Мощности производства казахстанских товаропроизводителей способны закрыть значительную часть данной потребности, в особенности по кабельно-проводниковой и трубной продукции, железобетонным изделиям и трубопроводной арматуре»,

— подчеркнул Ерсайын Нагаспаев.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
📌 2029 жылға қарай қалалардың коммуналдық инфрақұрылымын есепке алу және бақылау құралдарымен 100%-ға жабдықтау жоспарлануда

Министр тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласын автоматтандыру және цифрландыру бағытында атқарылып жатқан жүйелі жұмыстар туралы баяндады. Атап айтқанда, Бірыңғай төлем құжаты енгізілді. Қазіргі уақытта ол 38 қалада, 170 ауданда және 4,5 мыңнан астам ауылдық елді мекенде қолжетімді. Сонымен қатар коммуналдық инфрақұрылымды цифрлық тұрғыда жаңғырту, оның ішінде нысандарды автоматтандыру және «ақылды» есепке алу құрылғыларын орнату жұмыстары жүргізілуде.

ℹ️ Осылайша, 2029 жылға қарай республикалық және облыстық маңызы бар қалалардағы коммуналдық инфрақұрылымды толық есепке алу және бақылау құралдарымен жабдықтау жоспарланып отыр. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы экожүйесінің негізгі элементі Smart Turmys платформасы болады. Осы жылдың IV тоқсанында оның алғашқы модульдерін тәжірибеден өткізу тұрғысынан пайдалануға беру жоспарланған. Платформа абоненттердің бірыңғай тізілімін жүргізуге, коммуналдық төлемдерді цифрлық есепке алуға және барлық коммуналдық ресурстарды тұтыну деңгейін бақылауға мүмкіндік береді. Бұл саланың ашықтығын арттырып, шығындарды азайтуға және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын одан әрі цифрлық тұрғыдан жаңғыртуға негіз болады.

«Министрлік мемлекеттік органдар, әкімдіктер және ұлттық компаниялармен бірлесіп, Ұлттық жоба аясындағы жұмыстардың сапалы әрі уақтылы іске асырылуын қамтамасыз етеді»,

– деп қорытындылады министр.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
📌 2029 жылға қарай қалалардың коммуналдық инфрақұрылымын есепке алу және бақылау құралдарымен 100%-ға жабдықтау жоспарлануда Министр тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласын автоматтандыру және цифрландыру бағытында атқарылып жатқан жүйелі жұмыстар туралы…
📌 К 2029 году планируется 100%-ная приборизация коммунальной инфраструктуры городов

Министр доложил о системной работе в сфере автоматизации и цифровизации ЖКХ. В частности, введен Единый платежный документ, который уже доступен в 38 городах, 170 районах и более чем 4,5 тыс. сельских населенных пунктов. Одновременно проводится цифровая модернизация коммунальной инфраструктуры включая автоматизацию объектов и установку интеллектуальных приборов учета.

ℹ️ Так, к 2029 году планируется обеспечить стопроцентную приборизацию коммунальной инфраструктуры в городах республиканского и областного значения. Ключевым элементом экосистемы ЖКХ станет платформа Smart Turmys. Уже в IV квартале текущего года планируется запуск ее первых модулей в опытную эксплуатацию. Платформа позволит вести единый реестр абонентов, цифровой учет коммунальных платежей и мониторинг потребления всех коммунальных ресурсов. Это повысит прозрачность работы отрасли, позволит сократить потери и создаст основу для дальнейшей цифровой модернизации ЖКХ.

«Министерство совместно с государственными органами, акиматами и национальными компаниями обеспечит качественную и своевременную реализацию мероприятий Национального проекта»,

— подытожил министр.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1