ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
2.42K subscribers
7.01K photos
717 videos
2.18K links
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің жаңалықтары
🇰🇿

🔘 Сайт: https://www.gov.kz/memleket/entities/miid?lang=ru

🔘 Facebook: https://www.facebook.com/minpromstroy.kz

🔘 Instagram: https://instagram.com/minpromstroy.kz?igshid=MzRlODBiNWFlZA==
Download Telegram
📄 Қазақстанда қатты пайдалы қазбаларды барлауға өтінім қабылдау басталды

Қазақстан Республика Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі 2026 жылғы 12 тамыздан бастап қатты пайдалы қазбаларды барлауға жер қойнауын пайдалану құқығын алуға өтініштер қабылдау басталғанын хабарлайды.

2026 жылғы 4 маусымдағы № 283 Мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасын бекіту туралы бұйрық шеңберінде жер қойнауын пайдалану құқығын беру үшін 138 мыңнан астам блокты қамтитын аумақтар ашылды.

📅 Өтініштер 2026 жылғы 12 тамыздан 11 қыркүйекке дейін Бірыңғай жер қойнауын пайдаланушылар платформасы (БЖП) арқылы заңнамада белгіленген тәртіппен қабылданады. Бір блокқа (блоктарға) екі және одан да көп өтініш келіп түскен жағдайда, тиісті аумаққа жер қойнауын пайдалану құқығы аукцион қорытындылары бойынша беріледі.

🔗 Ашылған аумақтардың тізбесімен және тиісті бұйрықпен келесі сілтемеге өтіп танысуға болады
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
📄 Қазақстанда қатты пайдалы қазбаларды барлауға өтінім қабылдау басталды Қазақстан Республика Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі 2026 жылғы 12 тамыздан бастап қатты пайдалы қазбаларды барлауға жер қойнауын пайдалану құқығын алуға өтініштер қабылдау басталғанын…
📄 В Казахстане стартовал прием заявлений на разведку ТПИ

Министерство промышленности и строительства РК сообщает, что с 12 августа 2026 года стартовал прием заявлений на предоставление права недропользования на разведку твердых полезных ископаемых.

В рамках приказа об утверждении Программы управления государственным фондом недр № 283 от 4 июня 2026 года для предоставления права недропользования открыты территории, включающие более 138 тыс. блоков.

📅 Прием заявлений будет осуществляться до 11 сентября 2026 года посредством Единой платформы недропользователей (ЕПН) в установленном законодательством порядке. В случае поступления двух и более заявлений на один и тот же блок право недропользования на соответствующую территорию будет предоставляться по итогам аукциона.

🔗 С перечнем открытых территорий и соответствующим приказом можно ознакомиться по следующей ссылке
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏3❤1
🏗️ Қазақстанда жарты жылда құрылыс материалдарын өндіру бойынша 19 жаңа жоба іске қосылды

Құрылыс материалдарын өндіру – ішкі нарықты, импортты алмастыруды және жұмыс орындарын қамтамасыз ететін Қазақстанның өңдеу өнеркәсібінің негізгі салаларының бірі. Оның дамуы ауқымды инфрақұрылымдық және тұрғын үй жобалары үшін стратегиялық маңызға ие. Бүгінде отандық өндірушілердің ішкі нарықтағы үлесі 70%-дан асып отыр, бұл бағытта 3 мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істейді. Жаңа өндіріс орындарын құру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Жыл басынан бері елімізде керамогранит плиткаларын, PIR сэндвич-панельдерін, ПВХ және алюминий фасадтарын, витраждар мен терезелерді, ALC-панельдерді, жылу оқшаулағыш минералды мақта плиталарын, бетон құбырларды, дәнекерленген қос таврлы арқалықтарды, профильді табақтарды және басқа да өнімдерді шығаратын 19 өндіріс орны іске қосылды. Жобаларға салынған инвестициялардың жалпы сомасы шамамен 50 млрд теңгені құрады, 1 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылды.

💼 Сонымен қатар тағы 29 кәсіпорынды іске қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осылайша, жыл соңына дейін отандық құрылыс материалдары нарығының қажеттілігін 48 жаңа өндіріс орны қамтамасыз ететін болады. Оларға шамамен 202,2 млрд теңге инвестиция тартылып, 3,5 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылмақ.

Атап айтқанда, баспалдақтар, кәріз сақиналарын, жылу трассаларының науаларын, микрокальцитті, модульдік жылыжай конструкцияларын, жол құрылысына арналған топырақ тұрақтандырғышы, жасанды мәрмәр және басқа да өнімдерді өндіру жоспарланған.

Іске асыру кезеңінде жалпы құны 380 млрд теңге болатын тағы 28 жоба бар, оларды 2027-2028 жылдары іске қосу күтілуде. Бұл 3,4 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді, оның ішінде шамамен 1,6 мыңы – ауылдық жерлерде. Кәсіпорындар жоғары технологиялық темірбетон модульдерін, металл конструкцияларын, фиброцемент панельдерін, санитарлық керамиканы, гипсокартонды, құрғақ құрылыс қоспаларын және басқа да өнімдерді шығарады.

Бұдан бөлек, әртүрлі пысықтау кезеңдерінде құны 192,7 млрд теңге болатын 29 жоба бар. Олардың қатарында көпір конструкцияларын, металл есіктерді, қабырғалық панельдерді, шыңдалған әйнекті, керамзит блоктарын, шыны оқшаулағыштарды, желілік-аспалы арматураны және басқа да өнімдерді өндіруге бағыталған жобалар бар. Аталған жобалар іске асырылған жағдайда 3,5 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылады.

🗯
«Жобаларды іске асыру отандық өндіріс көлемін ұлғайтуға, шығарылатын өнім түрлерін кеңейтуге, құрылыс кешенінің импортқа тәуелділігін төмендетуге, өндірісті локализациялау деңгейін арттыруға және жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Барлығы биыл және алдағы жылдары іске асыру көзделген 105 жоба бойынша шамамен 775 млрд теңге инвестиция тартылып, 10,4 мың тұрақты жұмыс орны құрылады деп жоспарлануда, оның 5,7 мыңы ауылдарға тиесілі болады»,

– дейді QazIndustry жобаларды мониторингілеу және талдау дирекциясының басшысы Зәуре Нұрғалиева.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
🏗️ Қазақстанда жарты жылда құрылыс материалдарын өндіру бойынша 19 жаңа жоба іске қосылды Құрылыс материалдарын өндіру – ішкі нарықты, импортты алмастыруды және жұмыс орындарын қамтамасыз ететін Қазақстанның өңдеу өнеркәсібінің негізгі салаларының бірі. Оның…
🏗️ В Казахстане за полгода запущено 19 новых проектов по производству стройматериалов 

Производство стройматериалов – одна из ключевых отраслей обрабатывающей промышленности Казахстана, обеспечивающая внутренний рынок, импортозамещение и рабочие места. Ее развитие имеет стратегическое значение для масштабных инфраструктурных и жилищных проектов. На сегодня доля казахстанских производителей на внутреннем рынке уже превысила 70%, функционируют свыше 3 тыс. предприятий. Ведется последовательная работа по созданию новых мощностей.

Так, с начала года в стране запущено 19 производств керамогранитной плитки, сэндвич-панелей PIR, ПВХ- и алюминиевых фасадов, витражей и окон, ALC- панелей, теплоизоляционных минераловатных плит, бетонных труб, сварных двутавровых балок, профильных листов и другой продукции. Общая сумма инвестиций в проекты составила порядка 50 млрд теңге, создано свыше 1 тыс. постоянных рабочих мест.

💼 Кроме того, ведется работа по запуску еще 29  предприятий. Таким образом, до конца года потребности отечественного рынка стройматериалов будут обеспечивать 48 новых производств с привлечением порядка 202,2 млрд теңге инвестиций и созданием более 3,5 тыс. постоянных рабочих мест.

В частности, предусмотрена организация производств лестничных маршей, канализационных колец, лотков теплотрасс, микрокальцита, модульных тепличных конструкций, стабилизатора грунта для дорожного строительства, искусственного мрамора и другой продукции.

На стадии реализации находятся еще 28 проектов на 380 млрд теңге, ввод которых ожидается уже в 2027-2028 годах. Это позволит создать более 3,4 тыс. постоянных рабочих мест, в том числе около 1,6 тыс. – в сельской местности. Предприятия будут выпускать высокотехнологичные железобетонные модули, металлоконструкции, фиброцементные панели, санфаянс, гипсокартон, сухие строительные смеси и др.

Вдобавок к этому на различных стадиях проработки находятся 29 проектов стоимостью 192,7 млрд теңге. Это производства мостовых конструкций, металлических дверей, стеновых панелей, закаленного стекла, керамзитных блоков, стеклянных изоляторов, линейно-подвесной арматуры и другой продукции. При реализации данных проектов предполагается более 3,5 тыс. постоянных рабочих мест.

🗯
«Реализация проектов позволит увеличить объемы отечественного производства, расширить ассортимент выпускаемой продукции, снизить импортозависимость строительного комплекса, повысить уровень локализации производства и создать новые рабочие места. Всего по 105 проектам, реализация которых предусмотрена в текущем и последующих годах, планируется привлечь инвестиции в объеме порядка 775 млрд теңге и создать 10,4 тыс. постоянных рабочих мест, из которых 5,7 тыс. будут в сёлах»,

— говорит руководитель Дирекции мониторинга и анализа проектов QazIndustry Зауре Нургалиева. 
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
✅ Қазақстанда жарты жылда 8,5 мыңнан астам жалдамалы пәтер бөлінді

Қазақстанда бірінші жартыжылдықта 8 649 жалға берілетін пәтер бөлінді, оның ішінде 5361 тұрғын үй жекешелендірілді. ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Қанат Мыңбаев жалдамалы тұрғын үйді бөлу тетіктері туралы баяндады.

Деректерге сәйкес, жалпы ел бойынша 980 мыңнан астам азамат тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепте тұр. Олар үшін жалға берілетін тұрғын үй және жеңілдетілген ипотекалық қарыздар түріндегі мемлекеттік қолдау шаралары көзделген.

🔑 Жалдамалы тұрғын үй табысы төмен немесе табысы жоқ азаматтарға кезек ретімен және отбасы мүшелерінің санына сәйкес беріледі. Жалдамалы тұрғын үй мынадай тәртіппен: тұрғын үйдің жалпы көлемінің 20%-ы жетім балалар арасында, 50%-ы бірінші кезектегі құқығы бар азаматтардың 7 санаты арасында бөлінеді. Қалған үйлер тұрғын үй кезегінде тұрған өзге азаматтарға беріледі.

Жалға берілетін тұрғын үйді алу кезінде тұрғын үйді жалдау шарты жасалады. Осы шарт негізінде отбасы тұрғын үйге мұқтаж мәртебесін сақтаған кезеңде пәтерде мерзімсіз тұра алады. Тұрғын үйді пайдалану кезінде тұрғын үй заңнамасының талаптары мен жалдау шартының талаптары сақталған жағдайда, азаматтарды тұрғын үйден шығаруға негіз болмайды.

«Егер азаматтар жалдамалы тұрғынжайдан бөлек меншігіне үй алса, онда олар жалдамалы тұрғын үйді әкімшілікке қайтару керек. Жалға алушы азамат қайтыс болған жағдайда, тұрғын үй отбасы мүшелеріне өтеді. Жекешелендіру кезінде азаматтар жалға берілген тұрғын үйді қалдық құны бойынша бірден немесе 15 жылға дейін бөліп төлеу арқылы сатып ала алады. Сондай-ақ тұрғын үй заңнамасында айқындалған кейбір азаматтар жалдамалы тұрғын үйді өтеусіз жекешелендіре алады. Биылғы 6 айда 8649 тұрғын үй бөлінді. Оның 5361-і жекешелендірілген»,

— деп түсіндірді ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Қанат Мыңбаев. Сондай-ақ ол жекешелендірудің ерікті таңдау екенін атап өтті.  
Келесі мемлекеттік қолдау шарасы – жеңілдетілген ипотекалық қарыздар.

👥 Жеңілдетілген ипотекалық қарыздар «Отбасы банк» арқылы 2% және 5% мөлшерлемемен беріледі. Азаматтардың 8 санатына, яғни ҰОС ардагерлері, жетім балалар, көп балалы аналар мен отбасылар, 1 және 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалары бар отбасылар, басқа мемлекеттер аумағында болған ұрыс қимылдарының ардагерлері, жеңілдіктері бойынша ҰОС ардагерлері мен жесірлерге теңестірілген ардагерлерге 2% мөлшерлемемен беріледі.

🤩 Жеңілдетілген ипотеканың бастапқы жарнасын өтеу үшін азаматтарға қайтарымсыз тұрғын үй сертификаты түрінде қолдау қарастырылған. Жартыжылдық қорытындысы бойынша 1976 сертификат табысталды. Сертификат алушылар санаттарының тізбесі және мөлшері мәслихаттар шешімімен айқындалады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
✅ Қазақстанда жарты жылда 8,5 мыңнан астам жалдамалы пәтер бөлінді Қазақстанда бірінші жартыжылдықта 8 649 жалға берілетін пәтер бөлінді, оның ішінде 5361 тұрғын үй жекешелендірілді. ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық…
✅ Более 8,5 тысяч арендных квартир распределены в Казахстане за полгода

В Казахстане за первое полугодие распределено 8 649 арендных квартир, из них приватизировано 5361 жилье. О механизмах распределения арендного жилья рассказал заместитель председателя Комитета по делам строительства и ЖКХ МПС РК Канат Мынбаев.

Согласно данным, в целом по стране более 980 тыс. граждан состоят на учете как нуждающиеся в жилище. Для них предусмотрены меры государственной поддержки в виде арендного жилья и льготных ипотечных займов.

🔑 Арендное жилье предоставляется гражданам с низкими доходами или тем, у кого отсутствуют доходы, согласно их очередности и количеству членов семьи. Распределяются такие квартиры по следующему механизму: 20% объема от общего количества между детьми-сиротами, 50% между 7-ми категориями граждан, имеющими первоочередное право. Остальное жилье распределяется среди остальных граждан, состоящих на учете.

При получении арендного жилья заключается договор найма жилья, на основании которого семья проживает в квартире бессрочное время, пока считается нуждающейся в жилище. Если проживать в арендном жилье соблюдая нормы жилищного законодательства и условий договора найма, то оснований для выселения нет.

«Если граждане приобретают иное жилье в собственность, арендное жилье подлежит возврату в коммунальную собственность. В случае смерти нанимателя арендного жилья, право на проживание переходит членам семьи. При приватизации граждане могут выкупить арендное жилье по остаточной стоимости сразу или в рассрочку до 15 лет. Также некоторые граждане, определённые жилищным законодательством, могут приватизировать арендное жилье безвозмездно. За 6 месяцев текущего года было распределено 8649 единиц жилья, из них приватизировано 5361»,

— объясняет заместитель председателя Комитета по делам строительства и ЖКХ МПС РК Канат Мынбаев, подчеркивая, что приватизация – добровольный выбор.

👥 Льготные ипотечные займы выдаются через АО «Отбасы банк» по ставке 2% и 5%. Под 2% займы предоставляются 8 категориям граждан: ветераны ВОВ, дети-сироты, многодетные матери и семьи, лица с инвалидностью 1 и 2 групп, семьи, имеющие детей с инвалидностью, ветераны боевых действий на территории других государств, ветераны, приравненные по льготам к ветеранам ВОВ и вдовы.

🤩 Для покрытия первоначального взноса для граждан также предусмотрена поддержка в виде безвозмездного жилищного сертификата. Всего за полгода казахстанцам их было выдано 1976 штук. Размер сертификатов и перечень категорий получателей определяются решениями маслихатов.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
📌 Министрліктің апталық жұмыс қорытындысы

Мемлекет басшысының отандық тауар өндірушілерді қолдау шараларын күшейту жөніндегі тапсырмалары қалай іске асырылуда

Қазақстанда жарты жылда құрылыс материалдарын өндіру бойынша 19 жаңа жоба іске қосылды

Қазақстанда жарты жылда 8,5 мыңнан астам жалдамалы пәтер бөлінді

Жобаларды мемлекеттік сараптамаға тапсыру кезінде жасанды интеллектті қолдану арқылы құжаттардың толықтығын тексеру қызметі іске қосылды

Қазақстанда қатты пайдалы қазбаларды (ҚПҚ) барлауға өтінімдер қабылдау басталды

Мемлекеттік инвестициялар есебінен іске асырылатын құрылыс жобалары енді Qportal арқылы жүргізіледі

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау бойынша семинар өтті

📍 Министрлік қызметінің барлық бағыттары бойынша тиісті жұмыстар жалғасуда.
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
📌 Министрліктің апталық жұмыс қорытындысы Мемлекет басшысының отандық тауар өндірушілерді қолдау шараларын күшейту жөніндегі тапсырмалары қалай іске асырылуда Қазақстанда жарты жылда құрылыс материалдарын өндіру бойынша 19 жаңа жоба іске қосылды Қазақстанда…
📌 Недельный дайджест Министерства промышленности и строительства РК
 
Как реализуются поручения Президента по усилению мер поддержки отечественных товаропроизводителей
 
В Казахстане за полгода запущено 19 новых проектов по производству стройматериалов

Более 8,5 тыс. арендных квартир распределены в Казахстане за полгода 
 
Запущена проверка комплектности проектов с применением искусственного интеллекта при сдаче на государственную экспертизу
 
В Казахстане стартовал прием заявлений на разведку ТПИ
 
Строительные проекты за государственные инвестиции теперь ведутся через Qportal
 
В Министерстве промышленности и строительства состоялся семинар по соблюдению антикоррупционных ограничений
 
📍 Работа продолжается по всем направлениям деятельности Министерства.
📌 Қазақстанда толыққанды геологиялық түсірілім бойынша 20 жоба іске асырылуда

Қазақстанда ел аумағының геологиялық-геофизикалық зерттелу деңгейін арттыру бойынша жұмыстар жалғасуда. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу шеңберінде 1:200 000 масштабтағы өңірлік зерттеулер жүргізілуде.

2026 жылдың соңына дейін геологиялық-геофизикалық зерттелген аумақты 2,2 млн шаршы километрге дейін жеткізу жоспарланып отыр.

🔎 Сонымен қатар негізгі бағыттардың бірі — 1:50 000 масштабтағы неғұрлым егжей-тегжейлі геологиялық түсірілімге (ГС-50) көшу. 2026 жылы алтын, мыс, полиметалдар, сирек жер элементтері, литий, вольфрам, молибден және басқа да стратегиялық пайдалы қазбалардың перспективалы учаскелерін анықтауға бағытталған 20 ГС-50 жобасын іске асыру басталды.

Жобалар аэро-геофизикалық, геохимиялық және зертханалық жұмыстарды, Жерді қашықтан зондтау деректерін дешифрлеуді, бұрғылау жұмыстарын және ұңғымалардағы геофизикалық зерттеулерді қамтитын кешенді зерттеулерді қарастырады.

✔️ Сонымен қатар аз зерттелген Солтүстік Торғай және Шу-Сарысу мұнай-газды шөгінді бассейндерінде 2Д сейсмикалық барлау жұмыстарының алты жобасын іске қосу жоспарланған.

🖋 Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуді тұрақты қаржыландыруды қамтамасыз ету мақсатында заңнамалық тұрғыда аукцион қорытындысы бойынша түсетін қол қою бонусы түсімдерінің кемінде 50%-ын осы мақсаттарға бағыттау бекітілді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
📌 Қазақстанда толыққанды геологиялық түсірілім бойынша 20 жоба іске асырылуда Қазақстанда ел аумағының геологиялық-геофизикалық зерттелу деңгейін арттыру бойынша жұмыстар жалғасуда. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу шеңберінде 1:200 000 масштабтағы…
📌 В Казахстане реализуется 20 проектов детальной геологической съемки

В Казахстане продолжается работа по расширению геолого-геофизической изученности территории страны. В рамках государственного геологического изучения недр проводятся региональные исследования масштаба 1:200 000.

До конца 2026 года площадь геолого-геофизической изученности планируется довести до 2,2 млн кв. км.

🔎Также одним из ключевых направлений является переход к более детальной геологической съемке масштаба 1:50 000 — ГС-50. В 2026 году начата реализация 20 проектов ГС-50, ориентированных на выявление перспективных участков золота, меди, полиметаллов, редкоземельных элементов, лития, вольфрама, молибдена и других стратегических видов полезных ископаемых.

Проекты предусматривают комплекс исследований, включая аэрогеофизические, геохимические и лабораторные работы, дешифрирование данных дистанционного зондирования Земли, бурение и геофизические исследования скважин.

✔️ Параллельно запланирован запуск шести проектов сейсморазведочных работ 2Д в малоизученных Северо-Торгайском и Шу-Сарысуйском нефтегазоносных осадочных бассейнах.

🖋 Для обеспечения устойчивого финансирования государственного геологического изучения недр законодательно закреплено направление на эти цели не менее 50% поступлений от подписных бонусов, получаемых по итогам аукционов.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🐏 Қой жүнін кәдеге жаратудың жаңа жолы табылды

Осыдан біраз уақыт бұрын Қазақстандағы қой жүнінің 85%-ға жуығы өңделмей, кәдеге жаратылатын. Бүгінде бұл шикізаттың қолданыс аясы кеңейді: одан үйлерге арналған жылу және дыбыс оқшаулағыш материалдар, өнеркәсіпке қажетті техникалық киіз өндіріледі. Тіпті ағаш отырғызу кезінде де пайдаланылады.

Қой жүнін өнеркәсіптік деңгейде өңдеу Ақтөбеде қолға алынған. Мұнда 100% табиғи қой жүнінен тоқыма емес материалдар шығаратын Орталық Азиядағы алғашқы әрі жалғыз KazFelTec кәсіпорны жұмыс істейді.

Зауытқа шикізат негізінен Қазақстанның батыс және оңтүстік өңірлеріндегі шаруа қожалықтарынан жеткізіледі. Кәсіпорын жылына 3 600 тоннаға дейін жүн өңдеп, 2 100 тоннаға дейін дайын өнім шығаруға қауқарлы. Өндірісте 50-ден астам жұмыс орны ашылған.

Қазақстандық жүн италиялық Cormatex S.r.l. компаниясының жабдығында Airlay технологиясы бойынша өңделеді. Дайын өнім NomadTherm брендімен шығарылады.

🏠 Қой жүнінен үйге арналған жылу оқшаулағыш материал жасалады

Өндірістің негізгі бағыттарының бірі – NomadTherm Panel. Бұл қабырға қаптамалары, шатыр мен еденге арналған жылу және дыбыс оқшаулағыш панельдер. Сондай-ақ олар СИП және сэндвич-панельдердің толтырғышы ретінде қолданылады.

Материал −50 °C-тан +200 °C-қа дейінгі температурада өз қасиетін сақтайды, құрылым ішінде ылғал жинамайды. Сондай-ақ баяу тұтанатын әрі өздігінен сөнетін материалдар санатына жатады.

👲 Кәдімгі киіздің жаңа мүмкіндіктері

Екінші бағыт – NomadTherm Felt техникалық киізі. Ол өнеркәсіптік тығыздағыштарда, жабдықтардың дірілін оқшаулауда және сүзгілеуде қолданылады. Сонымен қатар жеңіл өнеркәсіпте арнайы киім, аяқ киім мен түрлі аксессуарлар жасауда және ауыл шаруашылығында пайдаланылады.

Киіздің дәстүрлі қолданысы да сақталған. Оны киіз үйлерді жылы ұстау және әрлеу үшін қолданады.

Бұдан бөлек, киіз қаланы көгалдандыруда да кәдеге жарап отыр. Компания экологтармен бірлесіп, ағаш отырғызу кезінде оны топырақ бетін жабатын материал ретінде қолданады. Киіз топырақтағы ылғалды сақтап, көшеттердің жерсінуіне көмектеседі.

«Қазақ халқы үшін киіз – тарихымыз бен мәдениетіміздің ажырамас бөлігіне айналған, жақсы таныс материал. Біздің міндетіміз – заманауи технологиялардың арқасында оның қолданылу аясы мүлде жаңа бағыттарға жол ашқанын көрсету. Бүгінде киіз құрылыстан бастап өнеркәсіпке, ауыл шаруашылығы мен қалаларды көгалдандыруға дейін қолданылып келеді. Қазақстанда табиғи әрі экологиялық таза материалдарға деген қызығушылық алдағы уақытта арта түсетініне сенімдіміз»,

– деді «KazFelTec» ЖШС директоры Ерлан Жаңабергенов.

💧 Судың 94%-ы өндірістік айналымға қайта жіберіледі

Кәсіпорындағы экологиялық тәсіл тек табиғи шикізатты пайдаланумен шектелмейді. Технологиялық үдерісте қолданылатын судың 94%-ы тазартылып, қайтадан өндірістік айналымға жіберіледі.

Материалдардың құрамында улы шайырлар мен синтетикалық байланыстырғыштар жоқ. Монтаждау кезінде шаң шығармайды және теріні тітіркендірмейді. Ұшпа органикалық қосылыстар (VOC) эмиссиясының деңгейі 10 мкг/м³-ден аспайды. Бұл материалдарды тұрғын үйлер мен балаларға арналған үй-жайларда қолдануға мүмкіндік береді.

📈 Қазақстандық киіз экспортқа жол тартпақ

Кәсіпорынның келесі мақсаты – халықаралық нарыққа шығу. Қазір KazFelTec Швейцария мен Еуропалық одақ елдеріндегі әлеуетті серіктестермен келіссөздер жүргізіп, өнімді қажетті сертификаттау рәсімдерінен өткізуге дайындап жатыр.

Бүгінде өнімнің ҚР сәйкестік декларациясы (ҚР ТР №435), ЕАЭО декларациясы (КО ТР 017/2011) және РФ сәйкестік сертификаты бар. Сонымен қатар өнім міндетті зертханалық сынақтардан өтеді. Жаңа нарықтарға шыққан сайын компания сертификаттар аясын кеңейтуді жалғастырады.

Осылайша, күні кешеге дейін ел ішінде толыққанды кәдеге аспай келген қой жүні бүгінде құрылыс пен өнеркәсіптен бастап ауыл шаруашылығы мен қаланы көгалдандыруға дейінгі бірнеше салаға қажет өнімнің шикізатына айналып отыр.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2❤1
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
🐏 Қой жүнін кәдеге жаратудың жаңа жолы табылды Осыдан біраз уақыт бұрын Қазақстандағы қой жүнінің 85%-ға жуығы өңделмей, кәдеге жаратылатын. Бүгінде бұл шикізаттың қолданыс аясы кеңейді: одан үйлерге арналған жылу және дыбыс оқшаулағыш материалдар, өнеркәсіпке…
🐏 Казахстанской овечьей шерсти нашли новое применение

Ещё сравнительно недавно до 85% овечьей шерсти в Казахстане практически не перерабатывалось и утилизировалось. Сегодня этому сырью нашли новое применение: из него делают тепло- и звукоизоляцию для домов, технический войлок для промышленности, а сам материал используют даже при высадке деревьев.

Промышленную переработку овечьей шерсти запустили в Актобе. Здесь работает KazFelTec – первое и единственное в Центральной Азии предприятие, выпускающее нетканые материалы из 100% натуральной овечьей шерсти.

Сырьё на завод поступает преимущественно от фермерских хозяйств западных и южных регионов Казахстана. Производство способно перерабатывать до 3 600 тонн шерсти в год и выпускать до 2 100 тонн готовой продукции. На предприятии создано более 50 рабочих мест.

Казахстанская шерсть проходит переработку на оборудовании итальянской компании Cormatex S.r.l. по технологии Airlay. Готовая продукция выпускается под брендом NomadTherm.

🏠 Из шерсти – утеплитель для домов

Одно из главных направлений – NomadTherm Panel. Это тепло- и звукоизоляционные панели, которые используют в каркасных стенах, кровлях и полах, а также в качестве наполнителя для СИП- и сэндвич-панелей.

Материал сохраняет свойства в диапазоне от −50 °C до +200 °C, не накапливает влагу внутри конструкций и относится к слабогорючим, самозатухающим материалам.

👲 Привычный войлок – с новым применением

Другое направление – NomadTherm Felt. Технический войлок применяется в промышленных уплотнениях, виброизоляции оборудования и фильтрации, при производстве спецодежды, обуви и аксессуаров, а также в сельском хозяйстве.

При этом материал не потерял и своего традиционного назначения: его используют для утепления и отделки юрт.

Но есть и менее очевидное применение – озеленение городов. Совместно с экологами компания использует войлок как мульчирующий материал при высадке деревьев. Он удерживает влагу в почве и помогает саженцам приживаться.

«Для казахстанцев войлок – материал, хорошо знакомый и являющийся частью нашей истории и культуры. Наша задача – показать, что благодаря современным технологиям он получил совершенно новые направления применения: от строительства и промышленности до сельского хозяйства и озеленения городов. Мы уверены, что интерес к натуральным и экологичным материалам в Казахстане будет только расти»,

— отметил директор ТОО «KazFelTec» Ерлан Джанабергенов.

💧 94% воды возвращается в производство

Экологический подход здесь касается не только самого сырья. 94% воды, используемой в технологическом процессе, очищается и возвращается обратно в цикл.

Материалы не содержат токсичных смол и синтетических связующих, не пылят и не вызывают раздражения кожи при монтаже. Уровень эмиссии летучих органических соединений (VOC) не превышает 10 мкг/м³, что допускает их применение в детских и жилых помещениях.

📈 Казахстанский войлок готовят к экспорту

Следующая цель предприятия – международный рынок. Сейчас KazFelTec ведёт переговоры с потенциальными партнёрами в Швейцарии и странах Европейского союза и готовит продукцию к необходимым процедурам сертификации.

На сегодняшний день продукция имеет декларацию соответствия РК (ТР РК №435), декларацию ЕАЭС (ТР ТС 017/2011) и сертификат соответствия РФ, а также проходит обязательные лабораторные испытания. По мере выхода на новые рынки компания продолжает расширять портфель сертификатов.

Так сырьё, которое ещё недавно практически не находило применения внутри страны, становится основой для продукции сразу нескольких отраслей – от строительства и промышленности до сельского хозяйства и городского озеленения.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2❤1👏1
📖 Қазақстанда жеті айда 9,7 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

Қазақстанда тұрғын үй құрылысы көлемін ұлғайту және азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғасуда. Биылғы жеті айдың қорытындысы бойынша 9,7 млн шаршы метр тұрғын үй немесе 92,3 мың тұрғын үй пайдалануға берілді.

Биылғы жоспар – 20,4 млн шаршы метр тұрғын үй немесе шамамен 188 мың тұрғын үй. Осылайша, бүгінгі таңда жылдық жоспардың 47,5%-ы орындалды.

✅ Жаңа тұрғын үй салумен қатар, азаматтарға мемлекеттік қолдау көрсету шаралары да жүзеге асырылуда. Биыл 155,5 млрд теңгеге 12 мың кредиттік тұрғын үй пәтерін салу және сатып алу көзделген. Сонымен қатар 269 млрд теңгеге 13,5 мың жалға берілетін тұрғын үй пәтерін сатып алу жоспарлануда.

Жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламаларын іске асыру жалғасуда. Жыл басынан бері азаматтарға 2-5% мөлшерлемемен жалпы сомасы 72,7 млрд теңгеге 5,1 мың несие берілді.

🔊 Сондай-ақ «Наурыз» бағдарламасы аясында жалпы сомасы 339,2 млрд теңгеге 11,5 мың қарыз берілді.

➡️ Еліміздің өңірлерінде тұрғын үй салу және халыққа тұрғын үйді қолдау тетіктерін іске асыру бойынша жұмыстар жалғасуда.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1🔥1🥰1👏1
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
📖 Қазақстанда жеті айда 9,7 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді Қазақстанда тұрғын үй құрылысы көлемін ұлғайту және азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғасуда. Биылғы жеті айдың қорытындысы бойынша 9,7 млн шаршы метр тұрғын…
📖 В Казахстане за семь месяцев введено 9,7 млн кв. метров жилья
 
В Казахстане продолжается работа по увеличению объемов жилищного строительства и обеспечению граждан жильем. По итогам семи месяцев текущего года введено 9,7 млн кв. метров жилья, или 92,3 тыс. жилищ.

🏠 План на текущий год — 20,4 млн кв. метров жилья, или порядка 188 тыс. жилищ. Таким образом на сегодняшний день выполнено 47,5% годового плана.

✅Наряду со строительством нового жилья реализуются меры государственной поддержки граждан. В текущем году предусмотрено строительство и приобретение 12 тыс. квартир кредитного жилья на сумму 155,5 млрд теңге. Кроме того, планируется приобрести 13,5 тыс. квартир арендного жилья на сумму 269 млрд теңге.

Продолжается реализация льготных жилищных программ. С начала года гражданам выдано 5,1 тыс. займов по ставке 2–5% на общую сумму 72,7 млрд теңге.

🔊 Также в рамках программы «Наурыз» выдано 11,5 тыс. займов на сумму 339,2 млрд теңге.

➡️ Работа по строительству жилья и реализации механизмов жилищной поддержки населения продолжается в регионах страны.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2❤1🔥1👏1
📌 Қазақстанда отандық өндірушілерге арналған ЭКСЖ платформасы іске қосылды

ЭКСЖ сатып алу платформасы (meks.zakup.sk.kz) «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында инфрақұрылымдық жобалардың қажеттіліктерін отандық өнімдерді нақты сатып алумен байланыстыруға мүмкіндік береді.

Мұнда су, жылу, электрмен жабдықтау және т.б. салалардағы жобаларды іске асыруға байланысты сатып алулар орналастырылады. Қазақстандық тауар өндірушілердің (ҚТӨ) тауарларын бөлек модуль арқылы сатып алуға болады. Бүгінде Ұлттық жоба аясында тауарларды жеткізуге 1 мыңнан астам тапсырыс қалыптастырылды.

✅ ЭКСЖ ұлттық жобасы 2029 жылға дейін іске асырылады, оның ауқымы отандық тауарларға ұзақмерзімді елеулі сұраныс қалыптастырады. Платформа өндірушілерге қажеттілікті алдын ала көруге, тапсырыс табуға және оны жеткізуге қатысуға мүмкіндік береді.

ℹ️ Жүйенің әкімшісі – «Самұрық-Қазына Келісімшарт» АҚ.

Өндіруші не істеу керек?

Сатып алуларға қатысу үшін өндірушіге мыналар қажет:
🟦 Платформада тіркелу – есептік жазба ашып, ұйым туралы мәліметтерді толтыру.
🟦 ҚТӨ мәртебесін тексеру – кәсіпорын мен тиісті өнімнің Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінің талаптарына сәйкес келетініне көз жеткізу.
🟦 СҚҚК-3 өнім кодтарын тексеру – өнімнің атауы мен коды сәйкес келуі тиіс.
🟦 Тиісті тапсырысты табу – жарияланған сатып алуларды бақылап, ҚТӨ-ден тауар сатып алу бөліміне ерекше назар аудару.
🟦 Өтінім беру – баға ұсынысын қалыптастырып, тапсырыс бойынша жіберу.
🟦 Нәтижені бақылау – өтінім бергеннен кейін сатып алудың мәртебесін, қарау нәтижелерін және шарт жасасуға байланысты кейінгі әрекеттерді бақылау.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
📌 Қазақстанда отандық өндірушілерге арналған ЭКСЖ платформасы іске қосылды ЭКСЖ сатып алу платформасы (meks.zakup.sk.kz) «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында инфрақұрылымдық жобалардың қажеттіліктерін отандық өнімдерді…
📌 В Казахстане запущена платформа МЭКС для отечественных производителей

Закупочная платформа МЭКС (meks.zakup.sk.kz) в рамках Национального проекта «Модернизация энергетического и коммунального секторов» позволяет связать потребности инфраструктурных проектов с конкретными закупками отечественной продукции.

Здесь размещаются закупки, связанные с реализацией проектов в сферах водо-, тепло-, электроснабжения и др. Приобрести товары казахстанских производителей (КТП) можно в отдельном модуле. На сегодня сформировано более 1 тыс. заказов на поставку товаров в рамках нацпроекта.

✅ Национальный проект МЭКС реализуется до 2029 года, его масштаб формирует значительный долгосрочный спрос на отечественные товары. Платформа позволяет производителям заранее увидеть потребность, найти заказ и принять участие в его поставке.

ℹ️ Администратором системы является АО «Самрук-Қазына Контракт».

Что нужно сделать производителю?

Чтобы участвовать в закупках, производителю необходимо:
🟦Зарегистрироваться на платформе – создать учетную запись и заполнить сведения об организации.
🟦Проверить статус КТП – убедиться, что предприятие и соответствующая продукция отвечают требованиям Реестра казахстанских товаропроизводителей.
🟦Проверить коды продукции АГСК-3 – наименование продукции и код должны соответствовать.
🟦Найти подходящий заказ – отслеживать опубликованные закупки и обращать особое внимание на раздел приобретения товаров у КТП.
🟦Подать заявку – сформировать ценовое предложение и направить по заказу.
🟦Отслеживать результат – после подачи заявки необходимо контролировать статус закупки, результаты рассмотрения и дальнейшие действия по заключению договора.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤3👍2
🚊 Қазақстанда теміржол машиналарын жасау саласы өнімдерін өндіру көлемі 7 есеге артты
 
Ел экономикасының тұрақты дамуында көлік-логистикалық саласының, оның ішінде, теміржол машиналарын жасау кешенінің маңызы ерекше. Кейінгі жылдары бұл бағытта ауқымды жұмыстар жүргізіліп, отандық кәсіпорындардың өндірістік әлеуеті мен бәсекеге қабілеттілігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік берді.
 
Салада қазақстандық 60-тан астам кәсіпорын жұмыс істейді, бұлар 8,5 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтып отыр. Өндірілетін өнімдегі қазақстандық қамту деңгейі 30%-дан 90%-ға дейін жетеді.
 
📍 Локомотивтер, жүк және жолаушылар вагондарын, мойынтіректерді, тұтас илемделген дөңгелектерді, осьтерді, арба бөлшектері мен тораптарын және басқа да өнімдерді шығаратын жетекші зауыттар Астана, Петропавл, Екібастұз, Степногор, Павлодар, Семей, Өскемен, Атырау қалаларында орналасқан. Индустрияландыру бағдарламасы аясында локомотив және вагон жасау саласындағы әлемнің жетекші компаниялары – Wabtec Corporation, Alstom, Stadler және т.б. тартылды.
 
📰 8 жыл ішінде елімізде теміржол секторы өнімдерін өндіру көлемі 7 еседен асты, яғни, 104,5 млрд теңгеден 734 млрд теңгеге дейін өсті. Мәселен, 2025 жылдың қорытындысы бойынша теміржол секторы бұйымдарын өндіру көлемі өткен жылмен салыстырғанда 22,5%-ға өсіп, 734 млрд теңгеге жетті. Бұл бүкіл машина жасау саласының жалпы көлемінің 13%-ын құрайды. Тек өткен жылдың өзінде отандық зауыттар 114 локомотив (45 электровоз және 69 тепловоз) және 3 068 вагон, оның ішінде жартылай вагондар, платформалар мен жолаушылар вагондарын шығарды.
 
↗️ Жоғары қарқын осы жылдың бірінші жартыжылдығында да сақталды: өндіріс көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16,6%-ға артып, 345 млрд теңгені құрады. Динамика электровоздар өндірісінің (24%-ға), жолаушылар вагондарының (+11%), теміржол жолдарын жөндеуге және техникалық қызмет көрсетуге арналған көлік құралдарының (3,3 есеге), сондай-ақ локомотив бөлшектері мен қозғалысты басқаруға арналған механикалық жабдықтар өндірісінің (+36%) өсуі есебінен қамтамасыз етілді.
 
2026 жылға өндірушілер теміржол техникасын шығарудың мынадай жоспарын қалыптастырды: 94 локомотив, 193 жолаушылар вагоны, 1 323 жартылай вагон және 2 377 платформа. Бұл ретте жылжымалы құрамның жекелеген түрлері бойынша зауыттардың өндіріс көлемін ұлғайтуға мүмкіндігі бар.
 
➡️Мемлекеттік қолдау арқасында және бизнестің атсалысуымен республикада жаңа заманауи зауыттар ашылып, қолданыстағы өндіріс орындары жаңғыртылуда. Мысалы, өткен жылы Елордада швейцариялық жетекші серіктес StadlerBussnang AG-пен бірлесіп, жылына 100 жолаушылар вагонын шығаратын «ШтадлерҚазақстан» жаңа зауыты іске қосылды. Кәсіпорын жайлы купелі, плацкартты, штабтық және техникалық вагондар шығарады.
 
➡️Атырау облысында «ТексолТранс» компаниясы жылдық жобалық қуаты 6000 бірлік болатын жүк вагондары өндірісін іске қосты. Атырау вагон жасау зауыты өткен жылы 305 жартылай вагон шығарды. «ТексолТранс» ЖШС Атырауда құю зауытының құрылысын жүргізіп жатыр. Жылына 60 мың тоннаға дейін құйма бөлшектер өндіретін кәсіпорын 2027 жылы іске қосылады, шамамен 500 жұмыс орнын құру көзделген. Бұл вагондарға арналған құрамдас бөлшектер өндірісін 90%-ға дейін локализациялауға мүмкіндік береді.
 
➡️Семей машина жасау зауыты 2025 жылдан бастап жылына 600 бірлік жартылай вагон шығаратын өндірісті іске қосты. Екібастұзда Railways Systems KZ холдингінің теміржол кластері жұмыс істейді. Ол теміржол дөңгелектерін өндіретін «Проммашкомплект» ЖШС зауытымен бір мезгілде іске қосылды. Кластердің құрылуы логистиканы және өндірушілер арасындағы өзара іс-қимылды оңтайландыруға, жоғары технологиялық өнім өндіруге жағдай жасауға мүмкіндік берді.
 
➡️Сонымен қатар «Востокмашзавод» және «Format Mach Company» кәсіпорындары сапалы құйма өндірісін кеңейту үшін автоматты қалыптау желілерін енгізу бойынша инвестициялық жобаларды, ал «Railcast Systems» компаниясы соғу-бандаж кешенін құру жобасын жүзеге асыруда.
 
ℹ️ Осындай бастамалардың барлығы елішілік құндылықты арттырып, Қазақстанның жоғары технологиялық өнімдердің ірі экспорттаушысы ретіндегі позициясын нығайтуға ықпал етеді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM