ҚР Қорғаныс министрлігі / Минобороны РК / Ministry of Defense of the RK 🇰🇿
✔
13.4K subscribers
23.7K photos
7.64K videos
5 files
11.6K links
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі
Министерство обороны Республики Казахстан
Ministry of Defense of the Republic of Kazakhstan

🔹 Сайт
https://mod.gov.kz/
🔹Instagram
https://instagram.com/modgovkz
🔹x.com
https://x.com/modgovkz
Download Telegram
🇰🇿 Бір шаңырақтан – бір сапқа: Гвардейск гарнизонында алты жұп егіз әскери борышын бірге өтеп жүр

Әскер – әр азаматтың мінезін шыңдайтын, жауапкершілігін арттыратын өмір мектебі. Ал осы жолды туған бауырыңмен бірге өткеру – екінің біріне бұйыра бермейтін мүмкіндік. Бүгінде Гвардейск гарнизонының әскери бөлімдерінде алты жұп егіз ағайынды әскери қызмет өткеріп жүр. Мұндай ерекше жағдай тек гарнизон көлемінде ғана емес, жалпы Қарулы күштер қатарында да сирек кездеседі.

Туған бауырдың жанында болуы жас сарбаздарға жаңа ортаға тез бейімделуге, әскери өмірдің талаптарына үйренуге және күнделікті қызметтің қиындығын жеңіл еңсеруге көмектеседі. Егіздер бір-біріне тірек болып, кез келген тапсырманы бірлесіп орындауға тырысады. Бұл олардың жауапкершілігін арттырып қана қоймай, жауынгерлік рухын да нығайта түседі.

🇰🇿 В Гвардейском гарнизоне служат шесть пар братьев-близнецов

В воинских частях Гвардейского гарнизона одновременно проходят военную службу шесть пар братьев-близнецов. И это случай, который нечасто встретишь даже в масштабах Вооруженных сил.

Совместная служба накладывает на братьев дополнительную ответственность, и в то же время этот момент становится для них большой поддержкой. Ведь когда рядом находится самый близкий человек, легче переносить разлуку с домом, осваиваться в новом коллективе и достойно преодолевать все испытания армейской жизни.

🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍14🔥3❤1😁1
🇰🇿 Әскери бөлімде «Оқырман сарбаз» байқауының жеңімпаздары марапатталды

78460 әскери бөлімінде «Сарбаз+» пилоттық жобасы негізінде жүзеге асырылып жатқан «Оқырман сарбаз» зияткерлік байқауының қорытындысы шығарылды.

Білім беру жобасына мерзімді әскери қызметтің 133 сарбазы қатысты. Бір ай бойы олар арнайы іріктелген әдебиеттерді оқып, кейін кешенді тестілеуден өтті. Бағалау барысында тек шығарманың мазмұнын білуі ғана емес, оқығанын талдап, логикалық тұрғыдан пайымдау қабілеті де ескерілді.

Жоба авторы, танымал блогер Данияр Жігітбек бастаманың басты мақсаты – жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, армияның тұлғаның жан-жақты дамуына ықпал ететін орта екенін көрсету деп атап өтті.

🇰🇿 В войсковой части наградили победителей конкурса «Оқырман сарбаз»

В войсковой части 78460, где реализуется пилотный проект «Сарбаз+», подвели итоги интеллектуального состязания «Оқырман сарбаз» («Читающий солдат»).

В образовательном проекте приняли участие 133 военнослужащих срочной службы. В течение месяца солдаты погружались в чтение отобранной литературы, после чего прошли комплексное тестирование. При оценке учитывалось не только знание содержания, а умение анализировать прочитанное и логически рассуждать.

Автор проекта, известный блогер Данияр Жигитбек отметил, что главная цель инициативы – привить молодежи любовь к чтению, и показать, что армия обеспечивает комплексное развитие личности.

🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍13🔥5❤4
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 Қатардағы жауынгер Исламғазы Санжар үшін әрбір таң – Отан алдындағы борышты абыроймен атқаруға бастар жаңа күн. Тәртіпке негізделген әскери өмір, тынымсыз дайындық, жауапкершілік пен шыдамдылық – сарбаздың күнделікті тыныс-тіршілігінің ажырамас бөлігі. Аягөз гарнизонындағы 10810 әскери бөлімінің мерзімді әскери қызметшісі Исламғазы Санжар өзінің армиядағы бір күнін таныстыруда. Бұл – нағыз сарбаздың күнделікті қызметі мен әскери өмірінің көрінісі.

🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍15❤1🔥1😁1
🇰🇿 Қорғаныс министрлігі мен Қазақстан күрес федерациясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Бұл келісім әскери қызметшілердің дене және спорттық даярлық жүйесін дамытуға, сондай-ақ жоғары дәрежелі спортшыларды қолдауға бағытталған бірлескен жұмысты көздейді.
Аталмыш құжатқа Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов пен Қазақстанның грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының төрағасы Еркін Оқасов қол қойды.

🇰🇿 Министерство обороны и Казахстанская федерация борьбы подписали меморандум о сотрудничестве

Соглашение предусматривает совместную работу по развитию системы физической и спортивной подготовки военнослужащих, а также поддержке спортсменов высокого класса.
Подписи под документом поставили министр обороны генерал-лейтенант авиации Даурен Косанов и председатель Казахстанской федерации греко-римской, вольной и женской борьбы Еркин Окасов.

🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍11❤4🔥3
🇰🇿 Бас штаб бастығы «Батыл тойтарыс-2026» оқу-жаттығуына дайындықты тексерді

Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы күштер Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров Гвардейск гарнизонына жұмыс сапарымен барып, стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуына дайындық барысын тексерді.

🇰🇿 Начальник Генерального штаба определил задачи по подготовке к учению «Батыл Тойтарыс-2026»

Первый заместитель министра обороны – начальник Генерального штаба Вооруженных сил РК генерал-лейтенант Каныш Абубакиров совершил рабочую поездку в Гвардейский гарнизон, где проверил выполнение мероприятий по подготовке к стратегическому командно-штабному учению.

🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍17❤4🔥3