Талғат Тынымбай: "Талғатпен сұхбаттың" шындығы / Narikbi LIVE #136
Бүгін Narikbi LIVE подкастында — белгілі стендап-комик Талғат Тынымбай. Оның әзілдеріндегі стиль бөлек, ал «Талғатпен сұхбат» жобасы қазақ ютубындағы ең ерекше контенттің бірі екені сөзсіз.
Бұл шығарылымда Талғаттың сахнаға қалай келгенін, интроверттердің ішкі әлемін және неге көп жұлдыздардың жабық болатынын талқыладық. Қосыңыз, өте қызық әрі шынайы әңгіме болды!
https://youtu.be/ByRjXPMVHjs?si=MzGP4fAlhw9KJWrh

🕊13❤🔥6🤣6😍3
32.
Бала кезде осы жасқа толған ағаларымды қарап, осылар нені ойлап, не сезеді екен деп ойлаушы едім.
Осы адам бүгін мен болдым. Кеше сапардан 10х15 фото альбом шығарғым келіп, арнайы аппаратқа бардым.
Телефонды қосып, экраннан басатын суреттерді таңдау керек. Сол кезде тоқтай алмай 200дей фотоны таңдап тастаппын.
Неге сонша көп? - деп ойланып қалдым. Сөйтсем, шүкір ететін сәттерді жиып, жиі көргім келеді екен.
32-де шүкірлікті сездім. Ата-анам, туған ағам, сүйікті жарым, екі балам - отбасым бар. Осы екен ғой бастысы.
Осыны түсіндім.

❤🔥216😍27🕊20🙏6⚡5
Асқар Сабдин: Иран — біз білмейтін тарих / Narikbi LIVE #137
Иран — биылғы жылы тек Таяу Шығыс емес, бүкіл әлем назарын өзіне аударған ел. Бірақ біз бұл ел туралы не білеміз? Парсы өркениеті, шиизм, аятолла билігі, имамдар ілімі, қазақ тіліндегі парсы сөздері, әзербайжандар тағдыры, шекарадағы оқиғалар... — осының бәрі айналамызда айтылса да, көбіне мифтер мен үстірт пікірлер арқылы жетеді.
Сол себепті бұл шығарылымға белгілі теолог, ғалым Асқар Сабдинді қонаққа шақырдық. Ағамызбен бірге Иранның тарихы мен бүгінін, парсы халқының ұлттық кодын, шиизмнің ішкі қыр-сырын және ислам әлеміндегі бүгінгі ұстанымын талқылаймыз.
Егер сіз:
— Иран мен парсы өркениеті туралы тереңірек білгіңіз келсе,
— шиизм мен сүннизмнің айырмашылығын түсінгіңіз келсе,
— қазақ пен парсы арасындағы тарихи-мәдени байланысты ұғынғыңыз келсе —
бұл подкаст сізге арналған.
https://youtu.be/UBBLrihT5w8?si=re1YD0mWqYLBZFTc

❤🔥42🕊6🙏1
Достар, бір ойымды айта кеткім келіп еді.
Осы подкаст маусымына біз шынымен көп күш салдық. Қонақты таңдау, тақырыпты дайындау, сұрақтарды ойластыру, түсірілім күнін келісу, түсіру, монтаж, баннер, анонс — әрқайсысы бөлек еңбек. Сырттан бір сағаттық видео болып көрінгенімен, артында бірнеше апталық жұмыс жатыр.
Бұл маусымда тәсілімізді өзгерттік. Бұрынғыдай асығыс емес, әр шығарылымға терең дайындықпен келіп жатырмыз. Мақсатымыз — сапаны көтеру. Көрермен отырып көргенде "уақытым бекер кетпеді" деп тұрғанын қалаймыз.
Әр шығарылымның артындағы еңбекті сезініп, бағалап отырсаңыздар — бұл бізге үлкен мән береді. Сол қолдау арқылы алда тағы да тереңірек, мазмұнды дүниелер жасауға күшіміз молаяды.
Рақмет 🙏

2❤🔥171⚡28🕊18😍3🙏2
Абдрашит Түлкібай: сені гормондар басқарады / Narikbi LIVE #138
Бүгінгі қонағымыз — психофизиолог Абдрашит Түлкібай.
Біраздан бері осы тақырыпта әңгіме жазғым келіп жүр еді — гормондар, ми, мінез. Себебі бұл нәрселер бәрімізге қатысты, бірақ көбіміз бұған терең үңіле бермейміз.
Серотонин, дофамин, кортизол деген сөздерді жиі естиміз. Бірақ олар шын мәнінде не?
Мида қалай жұмыс істейді? Көңіл-күйімізді, шешімдерімізді, тіпті мінезімізді қалай басқарады? Үрей қайдан туады? Скроллинг неге миды шаршатады? Осындай сұрақтардың бәріне Абдрашит аса қарапайым, түсінікті тілмен жауап берді.
https://youtu.be/IlUq_1OtOow?si=1JwU335BSr90AYJk

⚡36😍11
Жандос Қонақбаев: Қазақстаннан әлемдік бренд шыға ма? / Narikbi LIVE #139
Бұл подкаст қонағы CORNELI және Crinzo киім брендінің негізін қалаушысы Жандос Қонақбаев.
Кәсіпкерлік жолын Алматыда студент болып чехол сатып бастаған Жандос, кезінде Астанаға келіп, такси жүргізуге дейін барған. Алайда кейін өзінің премиалды киім брендін ашты. Қаңтар оқиғасы кезінде дүкені тоналды. Бірақ қайта тұрды.
Әңгіме барысында оның жолы туралы — нөлден бастап, қалай бренд құрғаны, қандай қателер жібергені, неге Қазақстаннан әлемдік бренд әлі шықпай тұрғаны туралы ашық айтты.
Стиль деген не? Киім адамға қалай энергия береді? Кәсіпкер болу үшін қандай қасиет керек? Осы сұрақтардың бәріне жауап табасыз.
https://youtu.be/LzXlUBIlPHg?si=QGNKG_AaVTeMRxwh

❤🔥18🕊5🙏1
Нұрлан Мұқанов: 50% бедеулік еркектен / Narikbi LIVE #140
Подкаст жаңа эпизодында андролог-уролог Нұрлан Мұқановпен ер денсаулығы туралы ашық, ұялмай әрі түсінікті әңгіме құрдық. Бұл көбіне үнсіз қалатын, бірақ әр ер адамға қатысты тақырып.
Тестостерон қалай жұмыс істейді, деңгейі төмендесе ағзада не өзгереді, бала көтеру мәселесінде кім кінәлі, варикоцеле, жыныстық инфекциялар, ерте эякуляция, тестостерон терапиясының пайдасы мен қаупі, осының бәрін дәрігердің тәжірибесі арқылы талқыладық. Халық арасындағы кейбір мифтерге де нақтылық енгіздік.
https://youtu.be/YUVPFUlM9DA?si=BlkEjeyOVsac9tB4

2😍18⚡6🕊6🙏2
Азамат Қанапия: «Сүлейман сұлтанда» 40 кейіпкерді сомдадым / Narikbi LIVE #141
Бұл жолғы қонағым: диктор әрі актер Азамат Қанапия. Ол дубляж саласында 25 жылдан бері еңбек етіп келеді, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағын иеленген, ал Disney компаниясы оның дауысын 32 елдің ішіндегі ең үздік деп таныған.
Әңгімемізде дубляждың артында қандай қызықтар жасырылғанын, дауысты қалай қоюға болатынын, тұтығып сөйлеуден арылудың жолдарын және неге қазақша сөйлейтіндер азайып бара жатқанын талқыладық. Дауысын кәсіби деңгейге жеткізгісі келетіндерге пайдалы жаттығулар да бар.
https://www.youtube.com/watch?v=U2eXn0_EhJ8

😍32⚡8❤🔥6
Өз таңдауым, бірақ бөтен өмір / Сабит Мұхамеджанов / Narikbi LIVE #142
Жаңа эпизодтың қонағы — психолог Сабит Мухамеджан. Ол SDU университетінде психология бөлімінің басшысы болып қызмет етті, қазір «Topraq» академиясының негізін қалаушы әрі бизнес-психологы.
Бұл әңгімеде адамның ішкі әлемін ашып сөйлестік. Нәтижемен қалай жұмыс істейміз, орта жастағы дағдарыстан қалай өтеміз, отбасындағы рөлдер, өзіңді ешкімге керексіз сезінген сәттер, кәсіпкердің шаршауы, «меннің» кезеңдері мен адамның потенциалын ашу деген не деген сұрақтарды таратып айттық. Әр бөлімді терең қазбалуға тырыстық.
https://youtu.be/u2osV3V8xaw?si=GDCqoLvASaIY2P9b

❤🔥33🕊6
Данияр Жігітбек: Ұлтты оятатын кітап / Narikbi LIVE #143
Жыл сайынғы дәстүрлі қонағымыз Данияр Жігітбек тағы да подкастта! Бұл жолы 588 ауылға жеткен «Ауылға кітап» жобасы, әскердегі кітап оқу бастамасы, ұлтты оятатын идеялар мен кітаптар, сондай-ақ Third Place ұғымы туралы ашық әңгімелестік.
https://youtu.be/B2JFOGD2eKY?si=dIjqHJd0k_xydQas

😍26⚡12🕊6
Салем, достар. Біз сәл үзілістен соң қайта оралдық. Бұл демалысты бізге өте керек болды.
Осы маусымға біз әдеттегі форматтардан бөлек жаңа көзқарастармен оралдық.
Маусымды Дакемен бастауды жөн көрдік. Біз алдынғы жартыжылдықты жазбадық, неге екенін подкасттан түсінесіздер.
Ұзақ демалыстар ютубқа керу әсерін береді. Сол үшін ютубта қолдауларыңызды сұраймын.
Рахмет!

⚡39😍16🕊8
Жапония: тәртіп пен ұлттық мінез | Мади Фазл, Бақыткелді Сәулет | Ел & Мәдениет | Narikbi LIVE #144
NARIKBI LIVE жаңа маусымының «Ел және Мәдениет» айдарында Жапония туралы сөйлесеміз.
Жапония қалай өз мәдениетін бүкіл әлемге таныта алды? Самурайлар философиясы, синтоизм мен буддизм, жапондардың жұмыс мәдениеті, уақытқа деген көзқарасы, жалғыздық, демографиялық дағдарыс, аниме мен манга индустриясы және Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі экономикалық серпіліс - қысқасы, осы шығарылымда Жапонияға билет алмай-ақ барып қайттық.
Сондай-ақ Алаш зиялыларының Жапонияға не үшін қызыққаны, Мэйдзи реформасының маңызы және Қазақстан Жапония тәжірибесінен нені үйрене алатыны туралы сөз қозғадық.
https://youtu.be/EWWToBnzLZk

😍19⚡2
Программист енді код жазбайды / Жомарт Аралбайұлы, Темірұлан Мұсаев / Pop culture & tech / #145
Жасанды интеллект адамның жұмысын жеңілдете ме, әлде мамандықтарды біртіндеп алмастыра ма? Программистер неліктен код жазуды азайтты және кез келген адам vibe coding арқылы өз өнімін жасай ала ма?
Culture & Tech форматындағы бұл шығарылымның қонағы — DeepInfra компаниясында жұмыс істейтін software engineer, математик әрі AI маманы Темірұлан Мұсаев.
Нәрікби, Жомарт және Темірұлан жасанды интеллект әлемін қарапайым тілмен талқылайды. DeepInfra қалай жұмыс істейді, GPU, токен және LLM деген не, Кремний алқабындағы IT мамандары қанша табады және стартап қызметкерлеріне компания акциялары не үшін беріледі — осы сұрақтардың барлығына жауап іздейді.
Сонымен қатар шығарылымда:
— OpenAI, Anthropic, Google, Meta және Қытайдың AI жарысы;
— жасанды интеллектке қажетті деректер және авторлық құқық;
— Higgsfield және қазақстандық AI индустриясы;
https://www.youtube.com/watch?v=9Te45a5Vlhs

❤🔥27⚡9🕊3