Narikbi LIVE
Қазақстанда Қазақтелеком интернет 100% өшті дейді. Мына текстті көріп тұрғандар көбіне елде емес болу керек. Қай қаладан отырсыздар?
Бұл жазбаға бүгін үш жыл болыпты. Тарихи сәт деген осы шығар..
Жалпы, өз тарихын тез ұмытатын халықпыз. Сол үшін осылай еске салып, алған сабақтарымызды ұмытпау керек.
Дәл осы күні мен Амстердамда ештеңе түсінбестен жалғаз өзім пәтерде отырдым. Сіздер ол күні не істедіңіздер?

⚡72🕊24❤🔥17🙏7
Данияр Жігітбек: кедей болсаң, балаңның баюы қиын / Narikbi LIVE #110
Біздің дәстүрлі Данияр Жігітбекпен жылдық қорытынды подкастымызды қабыл алыңыздар. Өткенді саралап, болашаққа жоспар құрып, түйген ойларымыз бен сабақтарымызды ортаға салдық.
Бүгінгі қоғамның жетіспейтін дефициті қандай, ата-ананың жұмысы балаларына қалайша әсер етеді және балаға білім беру кімнің мойнында екенін анықтауға тырыстық.
https://youtu.be/gBRySIQXKAg

😍54❤🔥12🕊6⚡3
Төлеген Талдыбаев: түсімде сахабаны көрдім / Narikbi LIVE #111
Бүгінгі қонағымыз белгілі исламтанушы, теолог және ұстаз - Төлеген Талдыбаев.
Төлеген ұстазбен "Бүгінгі бізде қонақта" сахабалар өмірін талқылайтын атақты жобасын, діни қылмыстық топтармен күрес, эмоционалды ислам және діни қызметкерлерді қолдау жобаларын талқыладық.
https://youtu.be/meL9-lxAX5U?si=gjO_ek6OHOdZdvss

😍52❤🔥10⚡7🕊6🙏1
Азамат Марклен: өлім таяп қалғанын сездім.. / Narikbi LIVE #112
Бүгінгі қонағымыз елімізге әйгілі Ирина Кайратовна тобының мүшесі - Азамат Марклен.
Бұл Азаматпен шыққан алғашқы ұзын форматтағы диалог әрі подкаст. Шығарылымда Азаматтың өтіп шыққан жолы, жеке трансформациясы, тумен қатысты оқиғадан кейінгі кибербуллинг, Меккеге барып келгендегі түйіндері мен жоспарларын талқыладық.
https://youtu.be/6zv423gsahE

😍45❤🔥11⚡11🤣6🕊3
Осыдан бір жылдан астам біз Аралбек Берікұлы атты мектеп директорымен подкаст жазған едік. Білмеген кісілерге - Аралбек мырза Астанадағы физмат мектебінің директоры болудың орнына, Шығыс Қазақстандағы Құлынжон ауылының директоры болуға шешім қабылдады.
Бұл ауыл мектебін көтеруге арналған арнайы эксперимент болды. Жоба бойынша 3 жылға созылу керек еді. Біз Аралбек мырзамен сол үшінші жылға тамап қалғанда түсірдік. Шыны керек, өзім өте әсер алдым. Комментарийлерде де таң қалған адам аз болмады.
Бәріміз ауылдан шыққанбыз ғой, алайда сол қазіргі ауылдың жағдайын, білім жүйесін, балалардың арман, мақсаттарын ашық талқылап, біраз затқа көзімізді ашқан әңгіме болды.
Енді қызығы, Аралбек аға жоба аяқталған соң қалаға қайтпай, сол ауылда қалуды шешті. Отбасысы бар ретінде бұл шешім қаншалықты қиын түсіне аламын. Өзінің айтуы бойынша - жүйе өзгеруі үшін кему 10 жыл қажет. Яғни, 1 сыныпқа келген бала, 10 сыныпқа келгенде ғана эффект білінеді. Бір буын ауысу керек.
Сол жайлы Ханзат Кеңес деген режиссердің арнайы деректі фильмі жарық көрді. Аралбек және команданың бүгінгі тіршілігі, алған сабақтары, жалпы ауылдың атмосферасын жақсы жеткізе білген. Сіздерге де қарап шығуға кеңес беремін.
https://youtu.be/ljTCx2Qk5QY?si=8jp4ogR0hEGXjnkQ

YouTube
ЭКСПЕРИМЕНТ: Итоги - Документальный фильм
Что можно изменить за три года?
В этом фильме показываю результаты трехлетней работы Аралбека Берикулы, директора сельской школы в ауле Кулынжон, ВКО (бывш. Казнаковка), и его команды. От образовательных реформ до улучшения инфраструктуры, как небольшой…

❤🔥93😍6⚡5🕊4
Аралбек мырзаның подкасын кім қарап еді?
Комментте есте қалған әсеріңізді жаза кетсеңіз)
Комментте есте қалған әсеріңізді жаза кетсеңіз)
YouTube
Қаладан ауылға. Мектеп директорының оқу жүйесін ауыстыру жолы / Аралбек Берікұлы / Narikbi LIVE #87
Осы подкасттың шығуына үлес қосқан Allur - Қазақстанның ең ірі автокөлік компаниясына алғысымызды білдіреміз https://www.instagram.com/allur.kz
Бүгінгі подкаст қонағы математика пәні мұғалімі, Казнаковка орта мектебінің директоры, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің…

❤🔥67
Тілеген Еркінбеков: сатира - қылмыс емес / Narikbi LIVE #113
Құрметті көрермен, бүгінгі қонағымыз белгілі стендап-комик - Тілеген Еркінбеков.
Соңғы жылдары елімізде стендап өте қарқынды даму үстінде. Тілегенді өткен жылдың стендап сахнасындағы жарқын жұлдызы десем болады.
Біз әзілі өткір әрі өзекті болған Тілегеннің Семейден үлкен қалаға келіп, күзетші жұмысынан бастап, үлкен сахнаға дейінгі жолын ашып өттік.
https://youtu.be/vCdBSZsg8EQ

❤🔥41⚡3🙏3😍1
Гений
Мен ес білгелі өзімді менен білімі, біліктілігі жоғары адамдармен қоршауға ұмтылатын едім. Солай жүріп, мен өнер мектебінен (мен балетпен айналыстым, қалай түскенім ұзақ әңгіме), физмат мектепке түскем.
Ол жердегі ақылды балалардың санынан шошыдым. Өзімді бұл ортада көрмедім, себебі деңгейлеріміз тым алыс болатын. Кейін оған да үйреніп, сол ортаның баласы болып қалдым.
Бірақ, кейін олимпиадамен айналыса басталғалы, республикамыздағы ең білімділерін көре бастадым. Ол енді жаңа деңгей болды. Араласа отырып, олардың кейбірі білімі жағынан ғарышта екенін түсінесің. Нағыз гений мынау шығар дейсің.
Мен өз қатарымның генийі деп үнемі бір баланы айтатынмын. Оның есімі Али-Амир. Республикалық физмат мектептің түлегі, мектеп кезінде біз жете алмайтын дәрежеде есеп шығара беретін.
Кейде ол командалық олимпиадаларды жалғыз өзі шығарып, бәрімізді еш қиналмастан ұтатын. Мектеп оқушысы болып, студенттерді озатын. Олимпиаданың нәтижесі шықпай жатып, ол есептердің шешу жолдарын (разбор) түсіндіретін.
Барлық республикалық, халықаралық олимпиадаларды жеңіп, мектеп бітірген соң АҚШ-қа оқуға түсті. Әйгілі MIT университетін бітіріп, халықаралық студенттік олимпиадада орын алған алғашқы қазақ болды.
Студент кезінде талай рет гугл, фейсбукте стажировка өтті. Екі стартап ашып, біреуін гуглға, біреуін эпплға сатты. Қазір жаңа стартап ашып, жүргізіп жатыр.
Али-Амир әлі мен үшін гений статусын ұстап тұр. Жай гений шығар деп ойласаң, оның астында талай еңбек жатқанын түсінесің. Күні кеше Арман Сүлейменов досым сол жігітпен подкаст жазып, сол тарықыптарды ашты. Қарап, тыңдап шығуға кеңес беремін.
30-ға енді толған жігіт. Осындай да қазақ болады екен ау дейсің)
https://youtu.be/JjGCSf5n-Dg?si=adDtR91TAAshX1pu

Али-Амир Алдан - Учеба в MIT, медаль на ICPC, два экзита и новый водородный стартап | 108
Гость сегодняшнего эпизода — Али-Амир Алдан, основатель стартапа с сфере водородных технологий и человек, успешно реализовавший два экзита, продав свои стартапы Apple и Google. Интересный факт: Али-Амир стал первым казахстанцем, который завоевал медаль на…
❤🔥128😍28⚡11
Санжар Керімбай: альфа ұрпақ, қуғындалған Сәтпаев, Яссауи жолы және қисса / Narikbi LIVE #114
Бүгінгі қонағымыз белгілі кітап авторы, журналист - Санжар Керімбай. Бұл жолы біз Санжар ағамен жеке кездесуге мүмкіндік алдық.
Жақында ғана шыққан Ғылыми майдан - Қаныш Сәтпаевтан бастап, бала әдебиетіне үңіліп, Яссауи жолымен қатар Санжар ағаның да өткен жолын талқылап, көкейде жүрген сұрақтарды қойдық.
https://youtu.be/g0N0UDkL9Jc

❤🔥49😍17🕊9
Подкастты аудиода қалай тыңдасақ болады?
Соңғы кезде осы сұрақ жиі түсіп жатыр екен. Негізі, бұл жоба аудио подкаст болып басталған ғой. Сол кезден бастап біз 5 жылдан бері аудио нұсқасын тастамай салып келеміз. Бұл әдетімді тастамаймын бұйырса.
Шын айтсам, видеоға көшкенде аудионы енді кім тыңдайды екен деп ойлап едім. Алайда, уақыт көрсеткендей аудио орны бөлек, өте берік аудитория екен. Себебі, бұл кісілер подкастты құлаққап киіп бэкграундта, серуенге шыққанда, көлік үстінде, спортпен шұғылданғанда тыңдайды. Яғни өте белсенді, дамитын адамдар. Подкаст жасағысы келетін адамдардың құлағына алтын сырға)
Сіз қай кезде тыңдайсыз көбіне?
🎧 Төмендегі сілтемелер арқылы өзіңізге ыңғайлы жерден тыңдай аласыздар:
Apple Podcasts - https://apple.co/384PlgX
Youtube music - https://tinyurl.com/2p829usv
Яндекс Музыка - https://cutt.ly/dQ5CwF9
Spotify - https://cutt.ly/DQ5CrcM
Castbox - https://cutt.ly/xQ5CtAh
Сайт арқылы тыңдау - http://narikbi.podbean.com

Apple Podcasts
Narikbi LIVE
Self-Improvement Podcast · Updated Bimonthly · Қазақстан жастарының рухани, интеллектуалды дамуына үлес қосып, өмірдің құндылықтарын айқындауға көмектесетін подкаст. Жетістікке жеткен адамдардың лайфхактарын тыңдап, бірге өс!
”Өзіңе сен, өзіңді…
”Өзіңе сен, өзіңді…
⚡53❤🔥9🙏6
Duolingo Streaks: Әдет Қалыптастырудың Құпиясы
Соңғы уақытта менде жаңа пайдалы әдет қалыптасты – күнделікті тіл үйрену. Бұл процесті жеңілдету үшін Duolingo қосымшасын қолданамын және күн сайын кем дегенде бір сабақтан өтіп тұруға тырысамын. Қызығы, бұл әдетті үзбей ұстанып жүргеніме 400 күнге жетіп қалды.
Осы жетістіктің басты сыры – streaks (үздіксіз орындалатын тізбек). Duolingo қолданушыларына өз жаттығуларын күнделікті жалғастырып отыру үшін түрлі ескертулер жібереді: push-хабарламалар, email арқылы еске салулар және тағы басқалар. Мақсат – қолданушының тізбекті үзбеуі.
Бұл неге маңызды? Duolingo зерттеулері бойынша, 7 күн қатарынан сабақ өткен адамның оқу процесін тоқтату ықтималдығы 2,4 есе төмендейді екен. Демек, streak неғұрлым ұзақ болса, мотивация соғұрлым арта түседі.
Жақында Duolingo-ның осы streak-ті сақтау механизміне қатысты қызықты зерттеуін оқып қалдым. Қолданушылар әдетте күннің соңына қарай жаттығу жасауды еске түсіреді. Бірақ 23:57-де есіне түскен адам жаттығуларды аяқтап үлгермей, streak-ін жоғалтып алуы мүмкін. 400 күндік тізбекті нөлден бастау – үлкен психологиялық кедергі.
Осы мәселені шешу үшін Duolingo streak сақтау жүйесін қайта қарастырды. Бұрын streak-ті сақтау үшін қолданушы белгілі бір күндік мақсаттарды орындауы керек болса, енді оны сақтау үшін бір ғана жаттығу жеткілікті болып өзгертілді. Ал күндік мақсаттар жеке механизм ретінде қалды. Яғни, streak сақтау бөлек, ал күндік мақсаттарды орындау бөлек бағаланады. Бұл тәсіл қолданушыларға қысымды азайтып, тіл үйрену процесін икемді етті.
Эксперимент нәтижелері өте әсерлі:
- Streak сақтаудың 14-ші күндегі көрсеткіші 3,3%-ға өсті;
- Күнделікті белсенді қолданушылар саны 1%-ға артты;
- 20 күн ішінде күн сайын сабақ өтетін қолданушылар саны 10,5%-ға көбейді.
Алғашында бұл сандар аса үлкен өзгеріс сияқты көрінбеуі мүмкін. Бірақ салыстырып қарасақ, бір жыл бұрын 7 күндік streak жасаған қолданушылар жалпы қолданушылардың үштен бірін құраса, қазір олардың саны жартысынан асады. Яғни, бұл өзгерістің нәтижесінде миллиондаған адамдар күн сайын Duolingo-да тіл үйреніп жүр деген сөз!
Бұл зерттеу әдет қалыптастыруда «аз-аздан, бірақ үздіксіз» қағидасының маңыздылығын тағы да дәлелдейді. Егер бір әдетті қалыптастыру қиын болып көрінсе, оған жету жолын жеңілдетіп көр. Duolingo-ның тәсілі – соның керемет мысалы.
Көзге кішкентай ғана болып көрінетін өзгеріс, ұзақ мерзімде үлкен нәтиже алып келері сөзсіз. Дуолингодан соған дәлел.
Мақаланың өзі: https://blog.duolingo.com/improving-the-streak/

Duolingo Blog
Improving the streak: Forming habits one lesson at a time
If you’ve ever used Duolingo consistently, you probably know this feeling: It’s 11:59pm. You’re about to watch that final episode of Emily in Paris. Suddenly, it hits you: you haven’t extended your streak on Duolingo today. It’s a simple mechanic: your streak…
❤🔥74😍14⚡6🕊4🙏1
Мыңжылқы Бердіқожаев: миға 7500 ота жасаған нейрохирург / Narikbi LIVE #115
Біздің бүгінгі қонағымыз белгілі нейрохирург Мыңжылқы Бердіқожаев. Мыңжылқы аға Астанадағы президент ауруханасында директордың орынбасары. Орта Азия елдерінің ішінде миға ең көп ота (7500 астам) жасаған мамандардың бірегейі.
Біз миға қатысты барлық сұрақтар мен аңыздарды ашып шығуға тырыстық:
- Мидың денсаулығы тікелей неге байланысты?
- Стресс қалайша миды зақымдайды?
- Мидағы қатерлі ісікті қалай анықтаймыз?
- Ұйқы, алкоголь мен темекінің миға әсері
және т.б. тақырыптарды қозғадық.
https://youtu.be/N_aUsH81MiY

😍77⚡11🕊8
Руслан Тай: рэп, демалыс жоспарлау, елді не мазалап жүр / Narikbi LIVE #116
Қонағымыз белгіліп стендап комик - Руслан Тай.
Біздің кезекті шығарылымда Руслан екеуміз өмірімізде не өзгерістер орын алғанын, соңғы жылы елдегі орын алған жағдайлар шығармашылыққа әсері, стендаптағы жаңа есімдермен мен әзілдерді талқылау қызық болды.
https://www.youtube.com/watch?v=pPO9e97Ok7c

❤🔥48🕊6🙏4⚡1
Forwarded from Абылай Кенжалы
«Алламен ант етейін, егер қабірдегілерге “Қалауларыңды айтыңдар” деп мүмкіндік берілсе, олар Рамазан айының бір күнін таңдаған болар еді».
©️ Имам Ибн әл-Жәузи
📚 (Табсира)
©️ Имам Ибн әл-Жәузи
📚 (Табсира)
❤🔥201🕊33⚡14😍9🤣4
Табиғат Қаутай: адам ұйқыда - өлгенде оянады / Narikbi LIVE #117
Бүгін қонақта біздің сүйікті әрі тұрақты қонағымыз - Табиғат Қаутай ағамыз. Біз Табиғат ағаға соңғы уақытта ең көп қойылатын сұрақтарды, талантымыз бар, бірақ одан қорқамыз? ғапылдық пен өзін-өзі ұмыту және неге адамдар өлгеннен кейін оянады деген тақырыптарда сөз қозғадық.
Рамазан айында осы руханият тақырыбындағы подкастымызды тамашалап, жақындарыңызға жіберіп қойыңыз.
https://youtu.be/3w259D57Oqw?si=87fX28BqCYDUk7jO

🕊44😍20⚡11❤🔥10
Жұлдызай Мұсаева: ҰБТ - үкім бе әлде мүмкіндік пе? / Narikbi LIVE #118
Бүгінгі подкасттың қонағы – белгілі кәсіпкер, JUZ40 білім беру орталығының негізін қалаушы Жұлдызай Мұсаева. Қонағымыз білім беру саласындағы жаңашылдықтар мен оқушылардың жетістігі туралы өз тәжірибесімен бөлісті.
Бұл шығарылымда:
🎯 ҰБТ оқушының болашағына қалай әсер етеді?
👀 Балалардың назарын ұстап тұрудың тиімді жолдары
📚 Қазіргі жастардың білімге деген көзқарасы
🔥 140 балл жинаудың құпиясы
https://youtu.be/GNtYNyp8hcs

⚡48❤🔥11🕊8
Асқар Сабдин: мемлекет дінді басқара ала ма? / Narikbi LIVE #119
Бүгінгі подкаст қонағы белгілі исламтанушы, Maqsut Narikbayev University оқутышысы - Асқар Сабдин. Бұл шығарылымда біз мемлекет пен дін арасында қарым-қатынас, қызыл террор, діни контенттегі цензура және ерекше Бауыржан Әлиұлы ұстазды еске алдық.
https://youtu.be/2eSsHWqI44A?si=GJqt2_OotjNgdlh0

⚡34😍17🕊3🙏1
ARO: әнімнің шын мағынасын көбі білмейді / Narikbi LIVE #120
Бүгін подкаст қонағы белгілі әнші, сазгер - Арман Сейітжаппаров, көбімізге ARO атымен танымал. Біз Арманның белгілі әндерінің мағынасын терең қазып, Арманның көкейінде жүрген, бірақ көбіне айта бермейтін тақырыптарды қамтуға тырыстық.
https://youtu.be/RdC4LCsGKHQ?si=tYKVPeV8Fx22cJJ8

❤🔥45🕊5⚡1