Narikbi LIVE
14.8K subscribers
604 photos
126 videos
17 files
525 links
🎙 Кәсіби және рухани даму жайлы подкаст
📍 Amsterdam, Netherlands
Download Telegram
Подкаст демекші, менің үнемі үзбей көретін Dope soz атты подкастым бар. Шынын айтсам, көп тыңдағаным сонша, әлемнің ар шетінде жүрсем де өздерімен бірге отқандай боламын.

Оны жүргізетін екі қазақ жігіт - Жомарт пен Арсен. Талқылайтын тақырыптары ауқымды әрі интеллектуалды болғаны үшін бе, шығарылымдары аздау көрілім жинап жатады. Өте underrated жоба деп есептеймін.

Қазақша, орысша араласқан әңгіме, политика, дін, тарих.. Общым, менің барлық ұнататын тақырыптар. Видео жоба болғандықтан, осындай сапаны жасау үшін де біраз қаражат жіберіп жатыр.

Осындай елге жанашыр жігіттерді қолдау керек деп есептеймін. Төменде Ринат Балғабаев мырзамен өткен соңғы күндердің жаңалықтарын талдайтын эпизод тұр. Мен соңғы кезде оқыған, тыңдаған ең есі дұрыс дүние осы шығар. Жазылып қойыңыздар. Еш жарнама емес.

➖➖➖

Говоря о подкастах. У меня есть подкаст, который я смотрю почти всегда. Называется Dope soz. Я смотрел его настолько много, что уже в какой то степени ребята стали моими друзьями.

Его ведут два парня - Жомарт и Арсен. Они ведут разговоры о политике, религии, истории, итд. В общем, все что я люблю обсуждать. Возможно из за этого они набирают мало просмотров. Очень недооцененный проект я считаю.

Хочу поддержать таких ребят, которые не смотря на финансовые и временные затраты, делают и не останавливаются. Ведут его кстати на двух языках сразу.

Ниже ссылка на эпизод с Ринатом Балгабаевым с разбором на посл. события в нашей стране. Наверное самое адекватное что я смотрел за посл. время. Можете подписаться, не реклама)

@dopesoz

https://www.youtube.com/watch?v=gLKVAGUkh3s
👍121🔥20❤14😱4🎉4😁1
Мен оқитын 5 телеграм канал

Мен үшін телеграм соңғы жылдары басты ақпарат көзіне айналды. Инстаграмда ақпараттан гөрі, кімнің қайда демалғанын көресің. Фейсбукте политика тым көп. Твиттерде отырмаймын.

Төменде мен күн сайын оқып, тың ақпарат алатын 5 парақшаны белгілеп кеттім.

@dzhigitbek - Данияр Жігітбек досымның каналы. Танымайтын адамдар үшін - Данияр қазақ тілінде бірнеше кітаптың авторы әрі коуч. Біздің подкасттың тұрақты қонағы, амбассадоры десе де болады. Бәлки, Данияр болмаса бұл подкаст басталмас та еді. Парақшасында тек пайдалы, өміріңнің өнімділігін көтеретін кеңестер мен лайфхактар.

@japyrak - өте тәжірибелі психолог Табиғат Қаутай ағамыздың каналы. Менің өмірлік бағытымды ауыстыруға біраз әсерін тигізген кісі. Посттарын оқу оңай емес, сразу айтам. Вайбты сезу үшін біздің Табиғат ағамен жазған екі эпизодымызды тыңдап шықсаңыз болады. Қалам мен парақ алып отырып тыңдайтын подкаст. Тыңдағандар біледі.

@Shlounak - шығыстанушы, полиглот Арсен Шади бауырымның каналы. Арсен 7 тілде еркін сөйлейді. Араб тілінің маманы. Өте жан-жақты жігіт. Қазір Түркия елінде білім алып, оқығаны мен білгенін өз каналына салып отырады. Біз Арсенмен де подкаст жасағанбыз. Тыңдап бағасын берерсіздер.

@KalkaStop - белгілі баспагер, редактор Назгүл Қожабек ханымның "Калькасыз қазақ тілі" жобасы. Біз көбіне орыс тіліндегі сөздерді қазақ тіліне тікелей аударуға тырысамыз. Алайда, бұл көптеген калькалардың пайда болуына алып келеді. Назгүл ханым каналында дұрыс жазылу тәртібін көрсетеді. Айтпақшы, “Хәрри Поттерді” қазақ тіліне аударған да Назгүл ханым. Әзірге бірге подкаст жасамадық.

@mufakkirkz - белгілі исламтанушы Олжас Бейсенәлі бауырымның парақшасы. Олжас Иордания мемлекетінде ұзақ уақыт білім алып, қазіргі күні дәрістер өткізіп, ағарту ісімен айналасуда. Тексттері діни мағұлматтарды түсінетін адамдарға арналған. Олжекемен подкастымыз да бар. Тыңдап көріңіздер.

@narikbi_live
👍212❤27🔥17😁7🤩4👏2⚡1
Сізде оқитын қандай пайдалы каналдар бар?👇
👍33🎉3
​English tips

Еуропада тұрған соң шығар, ағылшын тілін үйрену жайлы жиі сұрақтар келіп жатады. Менің бұл жайлы айтарым көп екен. Бір кеңесіммен бөлісейін дедім.

Мен 5-7 сыныптарда француз тілін үйренгенмін. Ал 8-11 сыныптарда ағылшын оқыдым. Бірақ, қанша оқысам да, мектеп бітіргенде ағылшыным ноль болды. Түк білмедім. Таныс сезім, иә? "4 жыл бойы не үйрендік сонда?" деген сұрақ маза бермейтін.

Кейін Халықаралық IT университетіне түстім. Ал универде сабақтың бәрі ағылшын тілінде. Қайталап айтам, БАРЛЫҒЫ ағылшынша. Менің қалай қиналғанымды білсеңіз. Жарты жыл бойы google translate ең сүйікті сайтым болды.

Бірақ, бірінші сессиядан соң бұны өзгерту керек деп шештім. Аптасына 5 күн курсқа бардым. Телефон, компьютердің бәрін ағылшынға ауыстырдым. Ютубтан көп видео қарай бастадым.

Зерттеу барысында керемет сайт тауып алдым - EngVid.com.
Бұл видео материалдарға толы тегін сайт. Әр видеоның өз деңгейі бар: beginner, intermediate, advanced. Тағы көптеген тақырыптар қамтылған: business english, grammer, IELTS, speaking, writing, etc. Бәрі тегін.

Ең ұнайтыны тұсы - мұғалімдер. Сервисте тұрақты 10 мұғалім бар. Әр түрлі ұлт, әр түрлі акцент.
Ең сүйікті мұғалімім - James. Бұл қара жігіттің позитивті көңіл күйі ерекше тартады. Келтіретін мысалдары да күшті. Тақтада әрқашан өзінің досы бар - mister E атты құрт (червяк). Мына сілтеме арқылы көре аласыз.

Бірақ, ең бастысы - сіз ағылшынды ағылшын тілі арқылы үйренесіз. Қиын естілуі мүмкін, бірақ мүлдем олай емес. Біз курстарда қазақ не орыс тілі арқылы үйренеміз ғой. Бұл дұрыс емес. Сіз қиналып болсын, сол тілде үйренуіңіз керек.

Бүгінге кеңесім осы.
Пайдалы болса, достарыңызбен бөлісіп қойыңыз

#english_tips
t.me/narikbi_live
👍357🔥53❤23🤩10😁8🎉6😢1🙏1
Бүгін теледидардан мына баланы көрсеңіз, таң қалмаңыз. Кешірек осыған байланысты ойымды жазып кетемін.

#оқырманнан #отподписчика
👍289🔥55❤23😁12🤩3
👍26🔥1
Қазақстандық журналистика

Алдынғы күні Хабар24 арнасынан менің қысқа сұхбатым шықты. Менің арна тілшісіне берген бір сағаттық сұхбатымның тақырыпқа байланысы жоқ 1-2 минут қана алыныпты.

Мендегі негізгі мақсат - мемлекеттік арнада біздің елдің ақпаратты тұтынудағы проблемаларын қозғау еді. Алайда, менің бұл жайлы бір де бір сөзім кірмепті.

Ең қызығы, елде осы дүрбелең жағдай орын алып отқанда, мемлекет интернетті сөндіріп, халыққа теледидар арқылы жаңалық қарасын деп шешті. Алайда, сол жаңалық берген тілшілердің өзідері біз қосқан прокси арқылы жаңалық таратып отты.

Маған осыны тілшінің өзі айтты. Басым жарылып кетеді жаздады бұны естігенде. Ойланып қараңызшы, мемлекет сеніп тапсырған тв арналар байланыссыз ақпарат таратты. Сонда интернет өшкеннің не пайдасы болды?

Мен интернет сөнгенде Хабар24 арнасының беріп жатқан жаңалықтарып қарап, таң қалып отырдым. Мүлдем кешігіп келетін актуалды емес ақпараттар, қысқа ғана түсіндірмелер. Іліп алатын информация жоқ.

Оның жанында ресейлік Дождь арнасы қайда актуалды ақпарат беруге тырысты. Бірақ, олардың да өз қателіктері болды. Қанша дегенімен, ресейлік арнаның өз қызығушылығы бар.

Бұл орайда, болып жатқан жағдай жайлы нақты ақпарат айтып отқан жалғыз біздің отандық тәуелсіз БАҚ өкілдері ғана болды. Оларға үлкен респект. Мемлекеттік арналарға бөлінетін бюджетпен салыстырсақ, олар тегін жұмыс істеп жатыр деуге де болады.

Соңғы 30 жыл мемлекет барлық тәуелсіз БАҚ өкілдерін тұншықтыруға тырысты. Алайда, бұлар мынаны ескермеді: ақпараттық кеңістік ешқашан бос қалмайды. Елдің ішінде БАҚ өкілдері жетіспесе, олар шетелден келеді бастайды. Тура Дождь арнасы секілді.

Тәуелсіз журналистиканың дамуы - ол біздің ақпараттық қауіпсіздігіміздің гаранты. Олар мемлекетке ыңғайсыз сұрақтар қоя алады. Олар басшылыққа жағуды ойламайды. Бұл демократия дамуының басты құралы. Осыны біздің басшылық түсінсе деймін.

Мен қазір Амстердам жанындағы Пурмеренд атты кішкентай қалашықта тұрамын. Алматыдағы Қаскелен сияқты жер. Бірақ, тіпті осы жерде маған апта сайын жергілікті газет үйге келіп тұрады. Жоғарыдағы суретте көрсеңіздер болады.

Сол үшін мен әрқашан отандық баспаларды, подкасттарды, ютуб арналарды, газет/журналдарды, барлық тәуелсіз медиа өкілдерін қолдауға тырысамын. Сіздерге де соған кеңес беремін.
👍244🔥21😢11❤7🎉3
Лонгрид

Қазіргі таңда ең танымал емес контенттің түрі - лонгрид. Ағылшынша "long read" - ұзақ оқылатын текст деп түсіндіруге болады. Өкінішке орай, біздің елде бұны ескі заман журналистикасы деп те айтады. Себебі, қазіргі адам тек қысқа ғана контентті қабылдай алатын болып қалған. Әсіресе қазақ тілінде.

Мен болса лонгридтарды өте жақсы көремін. Қысқа текстке қарағанда, лонгрид мағынасы терең, детальдары көп, контекстке толы ақпарат береді. Өз басым британдық басылымдардың лонгридтарын ұнатамын.

Оның ішінде британдық Wired және The Economist журналдары. Бұлар кішкентай жаңалықтан, тұтас проблеманы түсіндіруге тырысады. Әлемде не болып жатқанын түсініп қаласың. Тегін апта сайын шығатын подкасттары да бар айтпақшы.

Лонгрид демекші, американдық Code story атты басылым жақында интернет сөнгенде біздің жігіттермен прокси қосқанымыз жайлы лонгрид жасады. Өте қызық шыққан. Әрбірімен жеке сұхбат жасап, өздерінің тұжырымын ұсынды. Ағылшынша және орысша нұсқасы бар.

🇬🇧 https://www.codastory.com/authoritarian-tech/kazakhstan-shut-down-its-internet-these-programmers-opened-a-backdoor/

🇷🇺https://www.codastory.com/ru/internet-shutdown-kazakhstan/
👍101🔥17❤10🥰1
FYI, біз жұма сайын кешке инстаграмда тікелей эфирлер жүргіземіз. Бірнеше қонақпен. Әр түрлі өзекті тақырыптар. Астана уақытымен 23:00, яғни 5 минуттан соң бұйырса. Қосылыңыздар.

https://www.instagram.com/narikbi/
🔥45👍16❤4👏2
Кеше тікелей эфирдегі бір оймен бөлісейін дедім. Қонақтардың бірі Садық Шерімбек атты досым болды. Садық - өте ерекше қазақ мен үшін. Ол қазір Ordagen атты қазақ тілді балаларға арналған кітап баспасымен айналысады.

Садық осы айдың 4 күні Алматыда бейбіт шеруге шыққан қазақтардың бірі. Басында Алматы аренада жиналып, көшеде жүріп, бүлікшілерді көргенде үйіне қайтқан. Оның айтуынша, сол жиналған жігіттердің көбі Наурызбай немесе Төле би көшесінен төменгі аудандардың тұрғындары дейді.

Ойланып қарасақ, бұл аудандарда бір дұрыс университет, колледж, не мықты мектеп жоқ. Алматының орталығындағыдай коффейнялар, ТРЦ, кітапхана салынбаған. Былайша айтсақ, мешіттен басқа жастарға қайда шоғырланып, жиналатын жер қалмаған.

Өкінішке орай, қаланың шет жағында өмір сүретін, көшіп келген адамдар көбіне Алматының орталығын өзінің қаласы деп санамайды. Оны шерудегі жігіттердің өздері де растады. Сол үшін оларға "Французкий домды" тонау, акиматты өртеу ештеңеге тұрмайды. Оларға Алматының ерекше вайбы жетпегендей. Қала оларды баурап ала алмады. Өте өкінішті-ақ.

Бұл қаланың келесі әкімдеріне шешу керек үлкен проблема. Бірақ, оған халық та көмектесе алады. Тұрғындар өз ауданын әкіміне қаланың басқа ауданында бар институттарды талап етуге құқылы. Алайда, ол әкімдерді қайдан табамыз? Оларды сайлау керек.. Әкімдерді сайлау үшін мемлекетті де сайлау керек.

Бәрі бірімен байланысты екенін осы оқиғалар бізге анық көрсетті.

Енді Алматы тұрғындарына сұрақ. Сіздер Алматыны өзімнің қалам деп есептейсіз бе? Не үшін? 👇
👍266❤40😢15😁2👏1🤩1
🥰73👏25😁12
Халықаралық компанияда істеудің ерекшеліктері жиі сұрап жатады. Негізі, бұл өте қызық тәжірибе. Елде жүріп ондай experience алу қиын.

Менің командамда үндіс, қазақ, жапон, белорус, түрік, араб, бангладеш, американдық бар. Бір жерге жиналып сөйлесе бастасаң, әлемнің қаншалықты әр түрлі, ерекше екеніне көзің жетеді.

Мысалы, кеше менің индиялық әріптесім өзінің туып өскен жері туралы айтып берді. Жалпы, Индия тұтас мемлекет болғанымен, өзінің ішінде өте көп халықтар мен тілдер бар. Олар үшін хинди - өзара ортақ тіл ғана. Мен көрген үндістер бір-бірімен көбіне ағылшынша сөйлеседі.

Әріптесімнің фамилиясы Jain еді. Сөйтсем, ол сол жердегі діннің атауы екен. Айтқаннан соң, гуглдан іздей бастадым. Бұл джайнизм атты көне үнді діндердің бірі екен. Қызығы, бұл адамдар жерден өсіп шығатын жемістерді жемейді. Мысалы, картоп, сәбіз дегендей. Себебі, оларды жерден шығарсақ өлтіреміз деп сенеді.

Жануарларға тіпті жоламайды. Одан бөлек, біздегі "палау" мен "нан" оларда да тура солай айтылады екен. Оларға палауды біздің, яғни орта азиядан келгенін растап отыр. "Индиялық шай" деген түсінік оларды британдықтар жаулағаннан кейін ғана пайда болды дейді. Мен шайды бүкіл әлемге үндістер әкелді ма десем.

Айта берсең, әңгіме көп. Мынау соның бірі ғана. Сонда, мен бір кофе үстінде отырып, әлемнің ар жағында өмір сүріп жатқан өркениет мен мәдениетті біліп алдым. Ол жерде ешқашан болмасам да. Керемет емес пе?

Шетелге шығып жатсаңыз, міндетті түрде әр түрлі ұлт өкілдерімен араласуға тырысыңыз. Өте таң қаласыз. Олар да қазақтар туралы біраз мәлімет біліп қалар.

Индия туралы мәлімет қызық болды ма?)
👏459😁35🤯16🥰14🙏1
Түрлерімізді көріп, сөйлесе алу үшін жаңа канал ашып қойдым. Достарымыз, блогерлер, политик, әншілер, т.б. болады. Трендтен қалмайық. Жазылып қойыңыздар.

https://t.me/don_gelek
👏73😁16🤯15🥰3
😁60🤯2
Long story short: менде омикрон

Кешелі бері дене қызуым көтеріліп, төсек жатып қалдым. Pfizer вакцинам болса да, екі жыл қашып жүрген ковид маған да келіп жетті)

Омикронның ең жаман тұсы - бас ауруы. Ауырғаны соншалық, ойланудың өзі қиын болып кетеді екен. Кешке назарымды кішкене басқа затқа аудару үшін нетфликс қарай бастадым.

Жалпы, нетфликстің контентіне өте көп критикам болса да, оның бір форматы маған қатты ұнайды. Ол - деректі (документал) фильмдер. Нетфликс оны бір жаңа деңгейге жеткізіп тастаған сияқты.

Кезінде документалистика біраз іш пыстарын формат еді. Қазір бұл формат өте динамикаға толы, кейте тіпті көркем фильмдерден де асып кетеді. Отандық документалистиканы дамытып жүрген Қанат Бейсекеевтың түсірген деректі фильмдерді өзі не тұрады. Біз тіпті сол туралы подкаст та жазып едік.

Кеше осы күйде отырып қараған екі деректі фильммен бөлісейін дедім. Айтпақшы, оларды тек ағылшын тілінде қарауға кеңес беремін. Кішкене ағылшынша түсінсеңіз, субтитрлерді да ағылшынша қойыңыз.

1. 14 peaks: Nothing is impossible. Бұл Нирмал Пурджа атты непал елінен шыққан әскері әрі альпинист жайлы деректі фильм. Нақтырсақ айтсақ, Нирмал әлемде 8 мың метрден асатын 14 шыңның бәрін 7 айдың ішінде бағындыруға жоспарлайды. Әлем тарихында оның барлығын бағындырған соңғы адам оны 14 жылда жасапты.

Бұл жобаны өте қауіпті һәм мүмкін емес деп те атам кеткен. Нирмал болса, оны мүмкін деп жобаның атын "Project Possible" деп атап кеткен. Деректі фильм тек шыңдарға шығуды ғана емес, Нирмалдың осы жолға қалай түскені туралы да айтып кетеді. Қарап жатып, мына жігіт шынымен есі ауысқан ау дейді екенсің.

Мысалы, ол қатар тұрған үш шыңды 48 сағатта көтеріліп шығады. Ол Лхоцзе (8516м), Макалу (8485м), Эверест (8848м, jeltoksan әні сияқты дисн). Тағы ол экспедиция кезінде кислородсыз қалып, альпинисттерді құтқарғаны жайлы да түсірілген. Барлығы, Нирмал 6 әлем рекордын қояды екен.

Бірақ, мен қарап болғаннан кейін, осыншалық өзіңнің тігудің мағынасын түсінбедім. Мүмкін, сіз түсеңіз. Қарап шықсаңыз, коммент қалдырып кетіңіз.

2. The Tinder-swindler. Бұл танысуға арналға әйгілі Tinder атты қосымшаны пайдаланып, көптеген адамды алдаған аферист туралы деректі фильм. Ол - Shimon Hayut атты израиль азаматы. Тиндерде Simon Leviev деп танысқан. Әкесі атақты израиль миллиардеры Лев Леваев деп айтқан. Негізі, Симонның рабочий схемасы өте қызық болған.

Ол Тиндерде еуропалық қыздармен танысып, өте қымбат ресторандарға кездесуге шақырған. Ресторанда қалаған барлық тамағын сатып алып берген, кейін жеке самолетімен басқа қалаларға барып, қымбат отельдерде жатқан. Общым, өзінің бай екенін барынша көрсетуге тырысқан. Оған сенген әйелдер әрине оған "сынып" қалған.

Ары қарай ол өзінің жаулары бар және оны іздеп жүргенін айтқан. Бір-екі қанды сурет жіберген. Кредит картам блокталып қалды деп, қарызға ақша сұраған. Ғашық боп жүрген қыздар қайтарады ғой деп оған қарыз берген. Алайда, ол ешқашан ақша қайтармаған.

Симон сол ақшаға басқа қыздарды "сындыруға" кіріскен. Бітпейтін цикл былай қарасаң. Деректі фильмде сол жігіттің қалай ұсталғаны, журналисттердің оның ізіне қалай түскені жайлы жақсы жеткізген.

Ең қызығы, бұл жігіт қазір Израильде бос жүр. Бар жоғы израиль түрмесінде 5 ай ғана отырып, бостандыққа шыққан. Сол үшін біраз адам әлеуметтік желіде оған шағым білдірген. Көріп қойсаңыз, не ойлайтыныңызды жазып кетіңіз.

Сіз қандай деректі фильм ұсына аласыз?

Ауырмаңыз 🙏
👏142🤯17😁7🥰5
Forwarded from Narikbi LIVE
🤯9👏6🥰1