Narikbi LIVE
14.8K subscribers
604 photos
126 videos
17 files
525 links
🎙 Кәсіби және рухани даму жайлы подкаст
📍 Amsterdam, Netherlands
Download Telegram
Читая последние новости, осознал что 2020 год не был таким страшным.
🤯356😁108👏64🥰8
Forwarded from YELIKBAYEV
Друг работает в руководстве сети магазинов техники. Россияне готовы полностью скупить все запасы и сток. Типа у них санкции, а казахи себе ещё закажут.

Проблема в том, что условно если раньше РК заказывал 500 айфонов и тут неожиданно заказал 50 000, сразу будет понятно куда пойдёт излишек. И мы тоже можем попасть под санкции.
🤯260👏55😁10
Кеше осы мәселесені Руслан Берденов ағамызбен талқылап едік. Ресей бізді "буфферная зона" ретінде қолданып, өз нарығына тауарларды тасымалдауы мүмкін.

АҚШ пен Еуропа ақымақ емес. Ол жағдайда біз де санкцияға түсеміз. Біраз шетелдік партнерлар өздерінің есебімен доллардың құны 650 тг барады деп жоспарлап отыр дейді.

Бұл соғыстың Қазақстанға тікелей қаупы бар. Ресейдің бұл соғысын қолдап жатқан қазекеңдерді көріп, олардың қай әлемде өмір сүріп жатқандарын әлі түсінбей келемін..
🤯363👏66😁8🥰3
Вчера вышло мое интервью порталу @protenge о митингах, в которых я учавствовал в Амстердаме в это воскресенье.

Я этим пытался донести, что я лично против этой войны. Надеюсь, и вы тоже. Только как я выразить, если власти запрещают проводить митинги?

Живя в Амстердаме, я понял насколько мирные митинги влияют на общество. Это особый инструмент, который можно и нужно пользоваться.

Более подробно можно прочесть в статье. Не забудьте поделиться с друзьями.

Ссылка на пост:
https://www.instagram.com/p/CamqjqYMN3p/
👏167🥰3🤯2
VPN своими руками

В России со вчерашнего дня начали блокировать все соц. сети и новостные сайты. Все идет к полному блэкауту независимого русского интернета. Это печально, учитывая, что у народа не будет альтернативных свособов получения информации.

Во время январьских событий в Казахстане, мы с ребятами сделали инструкции как создавать свои VPN. Это не сложно, но и не легко. Стоит не дорого, около $5-10 / месяц.

Почему стоит сделать это самому? Популярные VPN приложения могут просто заблокироваться. А ваши личные наврядли. Даже если так, вы можете поднять новый.

Ниже я оставлю ссылки на инструкции как их делать самому. Для этого нужно скачать приложение WireGuard VPN в AppStore / Google Play.

🌩 Как сделать VPN через Digital Ocean

🌩 Как сделать VPN через Amazon AWS

🌩 Как сделать VPN через Outline. Это проект Google для развертывания своих VPN. На сайте можно найти полную инструкцию.

Прошу переслать сообщение друзьям из России.

Если начнут блокировать Телеграм, то скину инструкцию как поднять прокси для него.

@narikbi_live
👏283🥰26🤯11
Forwarded from Дакеши Китабэ (Daniyar Zhigitbek)
Ақшамды қайда сақтағаным дұрыс?
Теңге құнсызданып жатыр. Долларда сақтайын ба?

Доллардың өзі де құнсызданып жатыр. Онда акцияда ма?

Қор нарығының өзі қазір тұрақсыз. Кіретін уақыт емес.

Биткоинде ме? Риск өте жоғары.

Ойландым да, ақыры ең дұрысы, қазір ақшамды садақаға жұмсап, Алланың "есепшотында" сақтау керек екенін түсіндім. Себебі "Алла садақаны еселеп қайтарады" және "Садақа мал-мүлікті құнсызданудан сақтайды".

https://t.me/dzhigitbek
👏860🥰69🤯51😁24⚡1
Салем достар, мен каналда пост жазбағалы тура 20 күн өтіпті. Жаңалықтарым көп.

Ең бастысы - мен үйлендім. Отбасылы өмірдің қызығын енді көріп жатырмын. Тойды ұйымдастыру өте көп уақыт пен энергия алады екен. Шүкір аман есен бұны да өткіздік. Ол туралы бөлек жазу керек-ау.

Қазір туған қалам Алматыдамын. Өте сағынып қалыппын. Қаңтар оқиғаларынан кейін бірінші рет қаланы көрдім. Акимат ғимараты әлі де қорқынышты көрінеді. Алаңдағы ғимараттарда әлі де оқтардың ізі тұр.

Уақытша келсем де, жоспар көп. Соның бірі - осында рамазанды өткізу. Жамағатпен ораза ұстауды өзі бөлек екен. Оны елден жырақ кеткенде ғана сезіндім.

Тағы, бұйырса жақында алғаш ютуб подкасттарым шыға бастайды. Алматыда уақыт бос өткізбей подкасттарды да жазуды жоспарлап жатырмын. Қонаққа кімді шақырайын?

Қысқаша осы. Енді жиі жазып тұруға тырысамын.
Айтпақшы, комменттерді аштым.
👏640🥰62😁11🤯10🙏1
Grocery spendings experiment

Мен Қазақстанға шамамен әр жарты жыл сайын келеді екенмін. Осылай ары бері ұшып жүрген сайын екі елдің айырмашылығын көбірек байқайды екенсің.

Оның бірі - бағалар. Мен алғаш кеткенімде Амстердамдағы бағалар сұмдық қымбат болып көрінетін. Себебі, бәрін тенгеге ауыстыра беретінмін. Алайда, жергілікті жалақыға шаққанда бәрі орынына келеді.

Мысалы, менің жеке зерттеуім бойынша голландықтар азық-түлікке өз жалақысының 7-10% жұмсайды екен. Бұл орташа есеппен. Кейін осы бағаларға үйренген кезде Алматының бағалары тым арзан көрінетін болдым.

Қызығы - мен Алматыға келген сайын бағалардың өсіп жатқанын байқаудамын. Бір соммаға жарты жыл сайын біздің супермаркеттерде азырақ тауар алатынымды байқадым. Кеше көз алдымда бір апайдың бір пакет тауарға 15мың теңге төлегенін көрдім.

Ойланып қарасам, бұл Амстердамнан кішкене ғана арзан. Алайда, бұл екі елдің жалақысын салыстыру мүмкін емес. Numbeo сайтына сүйенсек, Алматыдағы орта жалақы 418.63 € (214,776.81 ₸), Амстердамда 3,564.60 € (1,828,808 ₸). Бұл 8,5 есе көп.

Алайда азық-түлік бағаларын алсақ, Амстердам 1,5x есе ғана қымбат екен. Бұл өте қорқынышты статистика. Осыған орай, сіздермен қосылып зерттеу жасағым келіп тұр.

Сізден екі сан керек: айлығыңыз (salary) және айына азық түлікке жұмсалатын ақша (grocery_spending).
Кейін осы екі санды бір біріне бөліңіз (delta = grocery_spending / salary).

Мысалы, salary=500,000 тг, grocery_spending=50,000 тг, delta = 50,000 / 500,000 = 0.1 (10%).

Яғни, бұл мысалда азық түлікке айлықтың 10% жұмсалады. Осыны есептеп, төмендегі опросқа жауап тастап кетіңіз.
👏76🤯29⚡1🥰1😢1
Айлықтың қанша % азық-түлікке жұмсалады?
Anonymous Poll
6%
5-10%
12%
10-20%
18%
20-30%
18%
30-40%
15%
40-50%
13%
50-60%
8%
60-70%
6%
70-80%
5%
90-100%
🤯96👏8😁2
Qazaq grammar

Кеше менің сүйікті тыңдап қарайтын @dopesoz подкасты @QazaqGrammar жобасының жігіттерімен эпизод шығарды. Бұл екі жобаны әрқашан қолдауға тырысамын. Осы жолы @QazaqGrammar туралы айта кетейін.

Бұл қазақ тілінің қазіргі қоғамда дұрыс қолдануын дәріптеп жүрген жоба. Өз басым күніге қазақша сөйлеп жүрсем де, қазақ тілінің толығымен заман талабымен дамып жатқанын байқамаймын. Подкастта мына ой жақсы айтылды: мектепте қазақ тілі көбіне өткен дәуірмен байланысты. Ол тарих, әдебиет, ертегі-эпостар, және т.б.

Менің подкастты қазақша жасайтынымның бірден бір себебі осы. Тіл өткенді ғана емес, бүгінгі күн мен болашақты айта білуі керек. Сіз бен біз өзекті айти, кино, блог, инвестиция жайлы қазақша еркін сөйлей алуымыз қажет.

Мен тіпті мына тренді байқадым. Қазақ тілінің жанашырлары көбіне өзге елден көшіп келген қазақтар. Мен жақында Қазақстанда Steppe world баспасына бардым. Бұл баспа қазақ тілінде заманауи балалар әдебиетін шығарады. "Хәрри Поттер"-ды қазақша шығарған адамдар да осы.

Қызығы, баспа негізін қалаушысы Раиса Кадер ханым, Моңғолиядан көшіп келген. Жұмысшылардың ішінде Қытайдан келген қазақтар да бар. Олардың айтуынша, елге келген қандастар ана тілінде кітап таппай, өздері шығара бастаған.

Мен бірде Амстердам кітапханасына болдым. Бұл орталық вокзалдың жанындағы 10 этажды алпауыт ғимарат. Таң қалғаным - шамамен кітапхананың 6 этажы тек голланд тіліндегі кітаптар. Тіпті Абайдың қара сөздері де бар. Соны көріп бізге де осы күн келсе екен деп армандап алдым.

Ал бұл арманды орындау үшін осындай жанашыр жобаларды қолдайық.
👏200🥰14😁3🤯3😍1
Everything Everywhere All at Once

Мен жақсы кино көрмегелі көп уақыт өтті. Осылай жалғаса бере ма десем, кеше "Все везде и сразу" атты фильм мені таң қалдырды. Осындай әр сценаға егжей-тегжейлі мән берген фильм көрмеппін.

Киноның негізгі идеясы - біздің әр қабылдайтын шешіміміз өміріміздің танымайтындай өзгерте алады. Мысалы, бір тұлға кішкентай кезде ауылдан қалаға кеткен болса, басқа нұсқасында ол мен ауылда қалада. Кейінгі екі өмірі мүлдем әр түрлі траекторияда өтеді.

Әр шешім - бөлек әлем. Алайда, фильм барысында бұл әлемдер шатасып кетеді. Сол кезде нағыз қызықтар басталады. Ең қызығы, фильмдегі бас кейіпкер өзін ең сәтсіз адам (неудачник) деп санайды.

Басқа әлемде өзінің опера жұлдызы немесе бизнесвуман бола алатынын біледі. Бірақ, ол әлемде де болып, бақытсыз екенін көреді. Бақыттың материалдық затта емес екенін түсінеді.

Сонда, ең сәтсіз өмірі ең бақыттысы болып шығады. Айтпағы - адам ешқашан идеал шешім қабылдай алмайды. Әр шешімнің өз жақсы, не жаман салдары болады. Бары осы ғана.

Спойлер болмасын деп ары қарай айтпай-ақ қояйын. Әлі кинотеатрда көрсетіп жатқанда, барып алыңыздар. Кейін пікіріңізді айтып кетіңіз.

Сіз қандай кино ұсынасыз?
👏146🥰23❤‍🔥5⚡1🙏1🕊1
Менің Мади Фазл деген полиглот досым бар. Бұл жігіт 7 тілде еркін сөйлейді. Кезінде осы туралы тіпті подкаст та жазып едік.

Содан подкастқа деген қозқарасы өзгерген-ау деймін. Қазір өзі Qaharman атты жобаны қолға алды. Ол арқылы қазіргі заман каһармандарын іздеуде. Соған қонақ қылып шақырды. Қуана келістім.

Бұл әдеттегі сұхбат емес, екі достың әңгімесі деп қарастырса болатын шығар. Қарап, коммент қалдырып кетесіздер ғой 😉

https://www.youtube.com/watch?v=IZlPijGgJxc
👏104🥰12🤯3😁2
Eps #47. Рауан Чингужанов: құндылықтар, тақуалық, мұсылманның приоритеттері

Салем достар,
Бүгінгі подкаст қонағы исламтанушы, дінтанушы - Рауан Чингужанов. Бұл подкастымыздың санында елімізде ислам дінінің жағдайы, шынайы тақуалық және мұсылман приоритеттері жайлы талқылаймыз.

Тайм кодтар:
01:00 Рауан Чингужанов кім?
07:00 Өмірімді өзгерткен Қадыр Түні
10:00 Аль-Азхар және Сұлтан Бейбарыс
13:00 "Біз қарызымызды қайтаруға келдік.."
15:00 Потенциалды ашу мәселесі
25:30 SQ дамыту маңыздылығы
30:00 Исламды ұстану елдің дамуына әсері
38:00 Аср сүресі жайлы
42:00 Туысқандарға дінді қалай жеткіземіз?
46:00 Құндылықтар конфликті мен жастар
50:00 КСРО кезінде жақсы еді..
01:05:50 Тақуа адам кім?
01:13:00 Ақымақ, қайда бара жатырсың?..
01:20:00 Барлық жерде чемпион болу
01:22:00 Блиц!
👏93🥰4😁2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Әлеуметтік желілерде осы видеоны бөлісіп қойыңыздар)
👏98🥰1
Narikbi LIVE pinned «https://www.youtube.com/watch?v=9S9owjnrZ6w»
Айтпақшы, подкасттың аудио нұсқасы кешірек шығады. Әзірге видеомен қарай тұрыңыздар.

Каналға жазылуды ұмытпаймыз. Жаңа ашылған ютуб арна болған соң лайк, подписка мен комменттер өте маңызды екен.

Ютубтың қыр-сырларын енді үйреніп жатырмыз 🙂

https://www.youtube.com/channel/UCjy4dr7SjolfABB5PC1aNrA
👏71🥰5🤯5
Forwarded from Anuar SERIKOV
После трагических событий января этого года и укрепления власти нового президента, у многих (включая меня), были большие надежды на Новый Казахстан. И вроде как что-то там менялось, о чем-то трубили, какие-то реформы двигались. Но фундаментальными изменениями в лучшую сторону так и не запахло.

Тотальный беспредел/бессилие/бесполезность официальных органов, которые на бумаге вроде как должны обеспечивать безопасность народа и справедливые суды. Истории о пытках, ложные обвинения, нелогичность приговоров. До сих пор непонятно - а что было в начале января? Кто на самом деле устроил беспорядки? У людей очень много вопросов и ни одного внятного ответа.

Сегодня задержали моего близкого друга и товарища, Равката Мухтарова. На митинге за свободу политзаключенных. Увезли, устроили быстрые слушания и посадили под арест неизвестно где.

И если эффективность “новой власти” сейчас под очень большим вопросом; одно могу сказать точно - такие люди как Равкат - единственная надежда на светлое и демократичное будущее у страны. И если он, и другие задержанные сегодня, в ближайшее время не вернутся домой - можно ставить крест над всей системой.

Ссылка на новость на власти ниже. Репост, пожалуйста.

https://vlast.kz/novosti/49681-aktivistov-zaderzannyh-na-mitinge-za-svobodu-politzaklucennyh-arestovali-na-15-sutok.html
🤯58🥰1👏1😁1
Бұл менің Ануар Серіков досымның жазбасы. Ануар - Google (Лондон) істейтін біздің отандасымыз.

Ол да мен секілді қаңтардан кейін "Жаңа Қазақстанға" сенді. Алайда, бұл сеніміміз күн күнге су сепкендей басылып келеді.

Жаңа Қазақстан - ескі режим. Ең сорақысы, бірінші кезекте оны біздің жастар көріп жатыр.

Егер еліміздің дамуын қаласақ, ақты ақ, қараны қара деп атап өткеніміз жөн.

Ал қазіргі ел басшыларына айтарым - сіздер қамап жатқан жастар, ертең шынымен Жаңа Қазақстанды құратын болады.

Біздің үмітіміз осы.
👏266🤯20🥰8