Narikbi LIVE
14.8K subscribers
604 photos
126 videos
17 files
525 links
🎙 Кәсіби және рухани даму жайлы подкаст
📍 Amsterdam, Netherlands
Download Telegram
Müşel Jas

Елден жырақта жүргенде туған жерге сағынышыңды отандық музыка басады екен. Берлин көшелерінде, Амстердам каналдарында, Швейцарияда тауларында жүрсең де, құлағыңдағы әуендер мені Алатау бөктеріне, Алматы көшелеріне, балалық шағыма алып кетеді.

Біз қазір жаңа қазақ музыкасының керемет бір даму кезегінде өмір сүріп жатқан секілдіміз. Подкаст тыңдап жүрсеңіздер, мені жиі біздің музыканттарды шақыруға тырысамын. Бұл азаматтардың әлемге деген көзқарасы мені кейде расымен таң қалдырады.

Менің ең сүйікті әншілерімнің бірі, досым, бауырым - jeltoksan (Бексұлтан). Біз негізі подкаст үстінде бірденен танысып едік. Сол кезде шынымен өзімнің замандасымды тапқандай болдым.

Бексұлтанмен музыкаға қарағанда, қазіргі қоғамда болып жатқан құбылыстарды, философиялық туындыларды және т.б. терең тақырыптарды қозғау ұнайды. Оған қарап, әрбір өнер саласының мүшелері осындай болса, біз әлемдік музыкада талай шыңдарды бағындырамыз деп сенемін.

Оның Korgasyn атты альбомы менің Spotify плейлистімде әрқашан алғашқы орындарда. Мен бір жыл бұрын жаңа альбом қашан шығады деп сұрақ қойғанымда - 2021 желтоқсанда деп айтып еді. Содан сарғайып бір жылдан астам күттім.

Ал жақында ақыры желтоқсанның Müşel Jas атты альбомы шықты. Тыңдап шықтым. Өте ұнады. Бұл әндерді әлі талай рет тыңдап шығу керек.

Ең ерекше ұнағаны - Közimdi Aşam. Бұл әнді мен қаңтар оқиғасында жазылған. Бұл әнді ол сол кезде бірінші нұсқасын тыңдап едім. Денем тітіркеніп кеткен.

Қысқасы, Бексұлтанды қолдап жіберейік. Төменде сілтемесін қалдырып кетемін.
https://bfan.link/musel-jas

P.S.: фото менің үйлену тойымнан)
😍88❤‍🔥13⚡9
Сіз жаңа қазақ музыкасынан кімді тыңдайсыз?

Ұялмай рекомендасион қалдырып кетейік 👇
Табиғат Қаутай: сезімдер әлемі, өткенді ұмыту, зікір және аборт / Narikbi LIVE #56

Бүгінгі подкаст қонағы белгілі психолог - Табиғат Қаутай. Бұл шығарылымда біз өз өміріңінің тың мағынасын іздеп жүрген адамдарға ой салатын тақырыптарды қозғауға тырыстық.

https://youtu.be/dC6hHXo43_8
https://youtu.be/dC6hHXo43_8
https://youtu.be/dC6hHXo43_8

@narikbi_live

00:00 Тизер
03:30 Табиғат адамға әсер ете ала ма?
07:00 Өзіңнің әлсіз тұстарың арқылы өзіңді табу
12:30 Өміріңді қалай өлшейсің?
21:00 Мақсатқа жетуде иман қалай әсер етеді?
29:00 Немістер мұсылмандар сияқты..
33:30 Ақыл кез келген затты растап береді
37:30 Өткен шақты ұмыту жайлы
44:00 Адамға үкім беру туралы..
46:50 Табиғат аға туралы легендалар
49:30 Бір іс жасауда адамдағы блоктар
57:00 Әр адамның өз потологы бар..
01:00:00 Махаббат пен сезімдердің айырмашылығы
01:06:50 Алла туралы ойлар қалай әсер етеді..
01:16:00 Салауат не үшін керек?
01:16:00 Ол Алланы және оның Пайғамбарын жақсы көреді..
01:29:00 Аборт туралы
01:35:00 Баланы жоспарлауға бола ма?
01:37:40 Mazmundama-дан қазақша кітап
❤‍🔥68😍12
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Стористе бөлісу үшін:

https://youtu.be/dC6hHXo43_8
🕊48😍23❤‍🔥4
The Tattooist of Auschwitz

Мен жақында бір досыммен сөйлесіп отырып, ол маған The Tattooist of Auschwitz атты қызық кітап туралы айтып берді.

Бұл екінші дүние жүзілік соғыста Аушвиц концлагерінде жұмыс істеп, тірі қалған Лале Соколов атты еврейдің кітабы. Ол - сол концлагерьге келген әрбір адамдарға номерін тату салып белгілеп отырған адам болған.

Лале барлық адамға тату салғандықтан, концлагерьдегі әрбір адамның тағдырын көре алған. Сондықтан да, ол бір қызық құбылысты байқаған. Концлагерьге келген адамдар басында екі топқа бөлінген.

Бірі: бұл соғыс рождество немесе жаңа жылға дейін бітеді, біз мұнда көп болмаймыз, - деген оптимисттер. Ал екіншісі: жоқ, бұл соғыс бірнеше жылға созылады, оңай біте салмайды - деген реалисттер.

Асылында, концлагерьден тірі қалғандардың ішінен көбіне екінші топтағы адамдар болған. Неге? Өйткені, бірінші топтағы адамдар жаңа жыл келіп, соғыс бітпегенін көргенде қатты депрессияға түсіп, біразы өзіне өздері қол жұмсаған. Ал, екінші топтағылар - тірі қалу үшін шыдау керек екенін түсінген.

Бұл мысалды мен өмірде көп көремін. Айтайық, бір жаңадан ғана отау құрған отбасы енді ғана балалы болғанда, оның қиыншылығын сезеді. Сонда, біреулері: балалар кішкене есейген соң жеңіл болады - деп айтады. Алайда, олай болмай шықса, көңілдері қалады.

Немесе, шетелге қатты кеткісі келіп жүрген азамат, "кетсем - мен бақытты боламын" деуі мүмкін. Бірақ, кеткен соң көбіне керісінше жағдай орын алып жатады.

Айтпағым, кейде өміріміздің жеңілдеуін белгілі бір себептерге байлау - бізге кері әсерін беруі мүмкін. Бірде De Lacure досым: өмірдің қиын сәттерінен де лаззат ала білу керек деп еді подкастта.

Өмірдің қиын тұстарын ләззат алмасаң да, қабылдай білу керек деген сабақ алдым.

@narikbi_live
😍192❤‍🔥61⚡22🕊19🙏7🤣1
Иман Қуанышқызы: үйлену, әлеуметтік желідегі әдеп, шетелде білім алу және ислам / Narikbi LIVE #57

Бүгінгі подкаст қонағы ислами блогер - Иман Қуанышқызы. Подкастымыздың бұл санында біз мұсылмандардың әлеуметтік желідегі әдебі, үйлену және тұрмысқа шығу, білім және т.б. көптеген тақырыптарды қозғадық.

https://www.youtube.com/watch?v=YoFBNkh-0j8
https://www.youtube.com/watch?v=YoFBNkh-0j8
https://www.youtube.com/watch?v=YoFBNkh-0j8

00:00 Тизер
02:30 Иман Қуанышқызы кім?
06:00 Интернеттегі мұсылмандар
11:15 Әдепті қалай үйретеміз?
15:00 Тиктоктағы этика
19:00 Интеллектуалды атеизм
21:15 Біздің достарымыз жайлы
23:00 Қыз бала қалай тұрмысқа шығу керек?
36:00 Еркек адамның қандай қасиеттеріне қарау керек?
54:30 Мұсылмандың қыздар шетелге оқуы жайлы
01:08:40 Неге исламды зұлым дін етіп көрсетеді?
01:13:00 ҚР министрлігін сотқа бердім..
01:15:30 Колонизация және Индия жайлы
01:18:00 Балалардың құндылықтарын сақтау
01:28:00 Блогерліктің жауапкершілігі жайлы
01:31:45 Иман ханым қалай білім алады?
01:34:45 Діни ақпаратты қалай тексере аламыз?
01:38:00 Блиц!

@narikbi_live
😍53❤‍🔥11🙏1
Қайрат Жолдыбайұлы: ислам & саясат, азаматтық қоғам, әділдік және шынайы тақуалық / Narikbi LIVE #58

Бүгінгі подкаст қонағы белгілі исламтанушы - Қайрат Жолдыбайұлы. Біз бұл шығарылымда азаматтық қоғамды құру, елдегі әділдікті орнату жолдары және т.б. көптеген тақырыптарды қозғадық.

https://youtu.be/Jcfqdo8GPnk
https://youtu.be/Jcfqdo8GPnk
https://youtu.be/Jcfqdo8GPnk

00:00 Тизер
02:00 Қазіргі жастар қандай?
06:30 Саясатқа бару керек пе?
16:30 Ислам партиясын жасау мүмкін бе?
28:45 Подкаст қолдаушылары туралы
30:45 Шетелде көшу жайлы
33:45 Әр ел өз басшысына лайық па?
38:20 Конституция өзгеруі дұрыс па?
43:30 Мешіттер мен орталықтарды қалай салған дұрыс?
58:00 Білім мен ғылымның маңыздылығы
01:04:30 Қайрат ағаның келесі кітаптары
01:09:30 Блиц
01:15:00 "Кемел адамны" жазудағы қиындықтар
01:18:40 Сен ғаламның ең маңызды кітабысың..
😍35❤‍🔥13
Forwarded from Iman K (Iman)
Во время подкаста Нарикби задал вопрос про то, как объяснить, что Ислам означает мир, если у многих людей на западе существует стереотип радикального ислама, террористов, взрывов, атак и прочего. Я тогда привела в пример передергивание истории в случае с Великобританией и Индией, сказав, что она практически "выехала" на ресурсах Индии, и только поэтому эта страна сейчас настолько богата, развита и привлекательна. Я не стала говорить о других европейских колонизаторах, но сегодня приведу отрывки из книги о правах человека в Западно-европейской цивилизации, написанной немусульманами. Заметьте, что все события происходили фактически недавно, чуть более 100-150 лет назад.

Во время оккупации Чада в 1917 году Франция собрала 400 мусульманских ученых и обезглавила их с помощью мачете.
- когда Франция вошла в алжирский город Гута в 1852 году, она вырезала и сожгла две трети населения города за одну ночь.
- в период с 1960 по 1966 годы Франция провела 17 ядерных испытаний в Алжире, убив по разным данным от 27 до 100 тысяч людей, последствия этих испытаний ощущаются до сих пор.
- когда Франция оставила Алжир в 1962 году, она закопала более 11 млн мин, что превышало численность населения Алжира на тот момент. 
- Франция оккупировала Алжир в течение 132 лет, убив 1 млн мусульман в течение первых 7 лет, и 1.5 млн в течение последних 7 лет. Французский историк Жак Горки оценил общее число убитых французами мусульман в Алжире в период с 1830 по 1962 годы в 10 млн чел!
- Франция оккупировала Тунис в течение 75 лет, Aлжир - 132 года, Марокко - 44 года и Мавританию - 60 лет, и в каждой стране есть куча доказательств преступлений французов.
- когда Франция вошла в Египет, ее солдаты въезжали в мечети на лошадях, насиловали женщин перед их семьями, превращали мечети в конюшни.

Сегодня стильные и сытые французы искажают историю и стыдят мусульман за недостаточно "мирный" и "толерантный" Ислам, поощряя карикатуры на пророка соллаллаху алейхи уа саллям, вогнав бывшие колонии в нереальную бедность. А мусульмане не знают, что ответить, потому что общий нарратив конструируется на западе. Так же происходило и в случае с Османской империей и передергиванием исторических фактов "востоковедами".

Мы должны вникать в реальную историю такой колонизации, видеть как она влияла на порабощение населения страны (в том числе интеллектуальное) и давать отпор по безграмотным обвинениям. Никто не будет делать это за нас. Потому что если мы так и будем молчать, то реальные террористы и колонизаторы исказят историю, скроют информацию и объявят весь Ислам, который не укладывается в западные "прогрессивные" рамки "прав человека" радикальным.
❤‍🔥141🕊13😍10⚡9🙏6🤣3
Қаңтар

Дәл бір жыл бұрын мен тура осы телеграм каналда Қазақстаннан жіберіп жатқан ақпараттардан шок алып осында жазып отырдым. Ол күндері мен Амстердамдағы пәтерімде жалғыз едім.

Менің ойларыммен бөлісетін дәптерім осы телеграм канал еді. Тұла бойым үрей мен уайымға толы. Көңіл күй мен аппетит жоқ. Ұйқысыз түндер. Интернет өшкен кезде тіпті бұл сезімдер күшейе түсті.

Мен сол күндері жұмыста жиналыста отыр едім. Кезекті бір видеоны көрген сәтте, шыдамай жылап жібердім. Өзімді елінен айырылға жетім бала секілді сезіндім.

Білесіз бе, осы бір жыл өтсе де, сол сәттер әлі көз алдымда. Ұмыту мүмкін емес. Бұл оқиғаның эпицентрде болған адамдардың көз алдынан ол ешқашан кетпес. Алайда, елімізде бұл оқиғаны біздің билік тіпті оны еске салғысы келмейтін секілді.

Кейде маған бізге тұтас ел болып психологқа бару керек па екен деген ой келеді. Ал психология бойынша болашаққа қадам басу үшін өткеніңді саралап, қателерімізді мойындап, сабақтар алу қажет.

Қаңтар - бір сәтте еліміздегі барлық проблемаларды паш еткендей болды. Диагноз қойды десек те болады. Алайда, бұл оқиға біткен соң халық арасында бір өзгерістерге деген ерекше құлшынысты көрдім.

Біз референдум жасап, конституция өзгертіп, президентті қайта сайлап, талай министр мен депуттарды ауыстырып үлгердік. Алайда, жылдың соңына қарай бұл өзгерістер де түбегейлі болып көрінбейді.

Ең бастысы - қаңтар оқиғасы қаншама айыпсыз еліміздің азаматтарын арамыздан алып кетті. Алла жандарын жаннатық қылсын. Бір жыл бұрын ол кісілер әділетсіздікке қарсы болу үшін шыққан еді.

Алайда, олар қайта оралмады. Сол кісілердің өмірлері еліміздің бір өзгерісіне алып келсе деймін. Үмітім осы.

Ұмытпаймыз. Ұмытылмайды.
#qantar2022
🙏285🕊121❤‍🔥52⚡9
Соңғы жылдары қашықтықта жұмыс істеу (remote job) тренді қарқынды дамып келеді. Оған ең қатты әсер еткен 2020 жылғы пандемия шығар. Басында үйреншіксіз болғанымен, бұның өзінің көп артықшылықтары бар.

Компания үлкен офисқа қаржы жұмсамайды. Есесіне, әлемнің кез-келген жерінен керек маманды жалдай алады. Ал, жұмыскер керісінше үйде отырып-ақ әлемнің алпауыт компанияларына жұмыс істеуіне болады.

Алғаш рет мен осыны Қазақстанда 2018 жылы жасап көрген едім. Мен сол кезде Toptal.com атты әлемдік фриланс платформасына өтіп, жұмыс істей бастадым. Ең күшті тұсы - ақшаны АҚШ долларымен алдым. Бірақ, уақыт жағынан кішкене үйрену керек болды. Жобалардың басым көпшілігі 6-12 сағат айырмашылығы бар елдер еді.

Негізі осылай жұмыс істесең шетелде істейтін адамдардан да көп аласың. Себебі, Қазақстандағы өмір сүру құны (cost of living) батыс елдеріне қарағанда қайта төмен. Ал жалақың солармен "почти" бірдей.

Оны numbeo.com сайты арқылы тексеруге болады. Осы жүрде барлық қалалар бойынша бағалардың статистикасын көрсе болады. Мына сілтемеде Алматы мен Амстердамды салыстыра аласыз.

Мен осыны айтып отқан себебім, remote арқылы біз елден кетпей-ақ мықты жобаларды жасай аламыз. Енді қандай жұмыстар жасауға болады деген сұрақ түседі.

Оның бірі - no code платформаларда тапсырыстар жасау. Мысалы, welovenocode.com платформасы арқылы тапсырыстарды доллармен қабылдауға болады. Бұл жерде жобалар көбіне американдық стартаптар мен студиялардан болады. АҚШ долларында төлейді. Қызық иа?

Біз осыны @narikbi_academy no code programming курсында үйретеміз. Бір айдың ішінде осындай сайттарды жасауды біліп, тапсырыс қабылдап, жұмысыңызды сатып үйренесіз.

Тіркелу осында: https://fircom.kz/nocodelearning
😍49⚡23🙏4🕊3🤣1
Mehmed vs. Vlad

Біз жиі Netflix сынаймыз ғой. Соңғы 2-3 жылда оған менің де сұрақтарым көп. Алайда онда өзіме қызық, пайдалы болған дүниелер де жоқ емес.

Соның бірі - Rise of Empires атты тарихи деректі сериалы. Бұл сериалда тарихта өз орнын ойып алған империялар және олардың қолбасшылары туралы көрсетілген.

Ең ұнаған бөлімі - Фатих Мехмет сұлтан (II Мехмет). Ол Осман мемлекетінің 7-ші сұлтаны, қолбасшысы. Дәл осы Мехмет сұлтанның тұсында Османдар Константинопльді (қазіргі Ыстамбұл) жаулап алады. Фатих (ашушы, жаулаушы) есімі де сол үшін берілген.

Нетфликс Константипопльдың жаулауы туралы тіпті бөлек сезон түсірген. 21 жастағы жас жігіттің әлемнің ең алынбайтын деген қалалардың бірін жаулауы бір ерекше қызық. Мехметтің әкесі II Мұрадтың тәрбие беруі де өте үлгілі.

Ал, күні кеше ғана осы сериалдың екінші сезоны шықты. Бұл жолы Мехмет пен Валахия елінің (қазіргі Молдавия) ханзадасы Влад Дракула арасындағы соғыс туралы. Қызығы, Влад пен Мехмет екі ағайын секілді бір үйдің астын өскен.

Қысқаша айтсақ, Владтың әкесі II Влад өз балаларын Мехмедтің әкесі II Мұрадқа деген адалдығының белгісі ретінде өз балаларын тастап кетеді. Бірақ, көп ұзамай ол венгр әскерімен бірлесіп, османдарға қарсы шығады.

Мұрад II балаларды өлтірудің орнына олардың османдарға қызмет етуін талап етеді. Оған келіскен Влад, кейін ханзада атанғанда әкесі секілді османдарға қайта қарсы шығып, соғыс ашады.

Сериалда Мехметді жай ғана қолбасшы емес, әскери біліктілігі мен тактиканы меңгерген, кез келген тығырықтан шыға алатын адам ретінде көрсеткен. Ал, Валахия мен Осман халифатының соғысы оңай болмайды.

Валахиялықтар түркілер қолданбайтын тәсілдермен соғыс жүргізіп, олардың біраз мазасын алады. Алайда, Мехметдің табандылығы басым болады.

Мен байқаған бір ерекшелік - ол Мехметдің мен Владтың қойған мақсаттары. Мехмет кішкентай Валахия секілді елді жеңуде қиналып жатқан сәтте, өз әскеріне әлемді жаулап ала алатынына сендіре алған. Осыған өзі ғана емес, анасы, әйелі, әскер басшылары, кеңесшілері де нық сенген.

Ал Влад болса, тек өз егемендігін, тағын сақтауды ойлап, түрлі әрекеттерге барған. Қол астындағылар да соған байланысты әрекет еткен.

Адам баласы миссиясы мен мақсатының төңірегінде ғана ойлана алады. Мысалы, Мехмет үшін Валахияны жаулау өз мақсатына бір қадам ғана еді. Ал Влад үшін ол соғыс өмірінің мәніне айналып кеткен.

Сол үшін миссиямызды дұрыс таңдау керек екен деп ұқтым.
😍132⚡34❤‍🔥14🕊11🙏6
Данияр Жігітбек: миссия, энергия, жыл қорытындылары / Narikbi LIVE #59

https://youtu.be/sqEiIMUwhLY
https://youtu.be/sqEiIMUwhLY
https://youtu.be/sqEiIMUwhLY

Бүгінгі подкаст қонағы - Данияр Жігітбек. Біз Дакемен өткен жылда басымыздан өткен оқиғалар мен сабақтарды саралап, миссия табуды талқылап, келер жылға жоспар құрдық.

00:00 Тизер
00:55 Бір жылда не өзгерген?
08:50 Энергия менеджментінің маңыздылығы
13:00 Энергия тесіктері мен пропорциясы
19:00 Ол менің міндетім емес - таңдауым..
21:30 Скорость vs. быстрота
29:00 Миссияны табудың жолдары
31:20 "Аущвицтегі тату салушы" жайлы
36:20 Күтулер мен студенттер
45:30 Өмір тыныс алу секілді жеңіл болуы керек..
47:00 Пайғамбарлар және KPI
49:30 Компанияға миссияның маңыздылығы
57:00 Миссия неге өзгеруі мүмкін?
01:05:00 Amazon leadership principles
01:12:00 Оқырмандар клубының принциптері
01:14:20 Даниярдан қандай кітап күтеміз?
❤‍🔥40😍10⚡1🙏1
Forwarded from Tabigat Kautay
Если есть что терять, то человеком легко управлять. Если нечего терять, то человеком трудно управлять. Поэтому шайтан сперва внушает чувство владения и хозяйничества. А потом человек начинает считать что он чем-то или кем-то владеет. И вот после этого человеком легко манипулировать. Ведь он боится потерять то, что считает своим. 

Если человек понимает, что всё в этой жизни пришло к нему чтобы потом от него уйти, а не остаться у него, то он не пытается ничем и никем владеть. Поэтому, ему нечего терять. Следовательно, он не подвластен шайтану. Он свободен. Он независим...

Если вы устали или истощились, то спросите себя: что или кого я считаю своим и ошибаюсь в этом? Что от Бога я приписал себе? 
❤‍🔥195😍16🕊11⚡2