Narikbi LIVE
14.8K subscribers
604 photos
126 videos
17 files
525 links
🎙 Кәсіби және рухани даму жайлы подкаст
📍 Amsterdam, Netherlands
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
#Talk: Ата-анам мені түсінбейді..

Салем достар, біздің кезекті аудио подкастымыз жарыққа шықты.
#Talk айдарында біз қоғамдағы өзекті мәселелерді тұрақты 3 резидентімізбен бірге талқылаймыз. Олар:
- Ескендір Бестай - коуч-педагог;
- Данияр Жігітбек - кітаптар авторы;
- Әбілқайыр Мәдиұлы - белгілі исламтанушы;

Бүгінгі тақырып - Ата-анам мені түсінбейді..

Сіз ұсынғыңыз келген тақырыпты келесі сілтеме арқылы қалдыра аласыздар: https://tinyurl.com/2u38r6ss
😍36❤‍🔥7⚡4
🎧 Подкаст тыңдау үшін төмендегі сілтемелерден өтіңіз 👇🏻
Apple Podcasts - https://apple.co/384PlgX
Google Podcasts - https://cutt.ly/nQ5X61g
Яндекс Музыка - https://cutt.ly/dQ5CwF9
Spotify - https://cutt.ly/DQ5CrcM
Castbox - https://cutt.ly/xQ5CtAh
Stitcher - https://cutt.ly/2Q5CpR1
Сайт арқылы тыңдау - http://narikbi.podbean.com
⚡28❤‍🔥1🙏1
Мағжан Қайранбай: Machine learning қазақша кітап жазу, өмірдегі математика / Narikbi LIVE #74

Бүгінгі подкаст қонағы жас ғалым - Мағжан Қайранбай. Мағжан Мазайзия мемлекетінде Multimedia University PhD дәрежесін алған, қазіргі күні ірі технологиялық компанияларда Machine Learning инженер болып жұмыс істеп келеді.

Шығарылымда біз Мағжан жаңадан толығымен өзі шығарған қазақша IT оқулықтарды туралы, "машинаны үйрету" саласына қалай үйренуге болатынын, математиканың өмірдегі маңызын талқыладық.

https://youtu.be/JXrfA35GUPA
😍50❤‍🔥17⚡8
Тәжірибем бойынша ғалымдармен подкасттар аз қаралым жинайды, өкінішке орай. Бірақ, оны жасамасқа болмайды.

Жалпы қазақ тілді ғылым туралы ақпарат жоқтың қасы десем болады. Сол үшін подкастты жақындарыңызға, оқу туралы ойланып жүрген іні-қарындастарыңызға жіберіп, қолдап жіберсеңіз артық етпейді.

Мағжан - мемлекет жаса алмай жүрген дүниені жалғыз жасап жүр. Ол - келешек ұрпаққа қазақ тілді IT саласындағы сапалы кітап қалдыру.

Мен бұл салада көптен бері жүрсем де, осы білімді біздің қазекеңе өз тілінде жеткізе алмай жүргеніміз қыңжылтады. Осындай Мағжан секілді жанашыр жігіттерді еліміз білуі тиіс.

Мына жерден Мағжанның кітаптарымен таныс бола аласыздар, эл. нұсқасы тегін: https://www.itboo.kz/
❤‍🔥249😍10⚡8🕊5🙏2
Channel photo updated
🇵🇸 Палестина

Бұл пост біздің кішігірім болса да, жобамыздың позициясы.

Біз Палестина елінде болып жатқан қанды оқиғалар мен террорды қатаң айыптаймыз.

Израиль халқының бұл істерін - палестиналықтарға жасалған геноцид деп санаймыз.

Палестинадан келіп жатқан ақпаратты оқудың өзі қиын. Ол бауырланымыз үшін дұғадамыз. Бұл - біздің қару.

Байқағаным - көптеген әлеуметтік желілерде бұл жаңалықтар охват алмай, жетпей жатыр. Телеграмды тексеріп көрейік.

Залымдар өз сазайын алсын. Палестинаға бостандық!

Осы тақырыпқа байланысты маманмен подкаст жазсақ қалай?

#freepalestine
🙏752❤‍🔥191🕊97⚡38😍20🤣11
Shyraq

Біздің подкасттың мақсаттарының бірі - еліміздің түкпір түкпірінен таланттарды өз елімізге таныстыру.

Мен жақында Астанада Ara studio атты отандық анимациялық студиясымен таныс болдым. Өзіміздің қазақ жастары әлемдік сападағы анимациялық туындылар жасайды. Сөз жоқ, таң қалдым.

Біз тыныш жүрмей подкаст та жазып үлгердік, жақын арада шығады. Ал бүгін олардың екі жыл бойы жасаған қысқа метрлі туындысы - Shyraq анимациялық фильмі ютубқа шықты.

Осыған дейін конкурстарға қатысып, оларды ұтып жүрген азаматтар екен. Осы жақында Амстердамға келіп, Shyraq-ты фестивальда көрсетпекші екен.

Сіздерге өтініш - видео көріп, оның коменттеріне кіріп "Нәрікбиден келдік" деп коммент қалдырып кетіңіздерші)

https://www.youtube.com/watch?v=EdsC5J-FzJ8
😍112❤‍🔥31⚡9🕊3🙏1
Айтпақшы, тағы осыдан екі жыл бұрын осы ARA студиясынан The Dog атты анимациялық мультфильмді көруді ұсынамын.

Өз басым қарап, соңына қарай көңілім босам, көзге жас алып жібердім. Қазір ютубда 2 млн қаралым бар екен. Қызығы, комменттердің көбі ағылшын тілінде.

Қарап, әсерлеріңізді жазып жіберіңізші)

https://youtu.be/vppaBE1GBKw
❤‍🔥80😍11⚡4
Гүлнара Салмен: білім теңсіздігін қалай жоямыз? / Narikbi LIVE #75

Бүгінгі подкаст қонағы педагог, білім саласының эксперті - Гүлнара Салмен. Гүлнара ханым қазіргі күні Teach For Qazaqstan қоғамдық қорының негізін қалаушыларының бірі.

Teach for Qazaqstan – әртүрлі саладан мамандарды тартып, оларды педагогикалық қайта даярлаудан өткізіп, ұстаздар жетіспейтін өңір мектептеріне 2 жылға пән мұғалімдері ретінде жіберетін жоба.

Балаларға үлгі бола алатын, олардың әлеуетін ашуға көмектесетін, оқушыларға жай ғана мұғалім емес, тәлімгер және дос бола алатын көшбасшыларын іздейтiн жоба.

https://youtu.be/A1bSZ1CkPpU
❤‍🔥26😍9⚡3🕊3
Қазіргі күні елімізде 3 600 000 мектеп оқушылары бар. Олардың 40% астамы ауылдарда, шалғай аудандарда тұрады. Ал мұғалімдар одан тіпті аз.

Білім теңсіздігі - ол бүгінгі Қазақстанның үлкен проблемаларының бірі. Өңірде, ауылда өскен бала мен қалада өскен баланың білім тұрсынан айырмашылығы ұлғайып барады.

Гүлнара ханым осы бір ауқымды проблеманы шешуде. Осы үшін бұл маңызды подкаст. Болашақ ұрпағымызға тікелей әсері бар жоба туралы екі сағаттай сөйлестік.

Білім теңсіздігінің басты мәселесі - мұғалімде. Осы жоба арқылы көптен бері мұғалім болғысы келіп, бірақ басқа мамандықта жүрген азаматтарға ұстаз атануға мүмкіндік.

Әдетті осындай тақырыптағы подкасттар көп қаралым жинамайды. Сондықтан, пікір қалдырып, жақындарыңызбен бөлісу арқылы ютуб оны рекомендацияға шығарады.

Сондықтан да, осыны тарату үшін көмектеріңіз әрқашан қажет. Көп рахмет.
⚡143❤‍🔥46🕊11
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
#Talk: Фанат болма!

Салем достар,
Біздің әдеттегі #Talk айдарымызда келесі маңызды "фанат болу" тақырыбын қозғадық. Резиденттеріміздің тәжірибесі мен ой толғауларына қосылып, піріңізді де қалдырып кетіңіз.

Резиденттеріміз:
- Ескендір Бестай - коуч-педагог;
- Данияр Жігітбек - кітаптар авторы;
- Әбілқайыр Мәдиұлы - белгілі исламтанушы;
және мен ;)

Сіз ұсынғыңыз келген тақырыпты келесі сілтеме арқылы қалдыра аласыздар: https://tinyurl.com/2u38r6ss

🎧 Подкаст тыңдау үшін төмендегі сілтемелерден өтіңіз 👇🏻
Apple Podcasts - https://apple.co/384PlgX
Google Podcasts - https://cutt.ly/nQ5X61g
Яндекс Музыка - https://cutt.ly/dQ5CwF9
Spotify - https://cutt.ly/DQ5CrcM
Castbox - https://cutt.ly/xQ5CtAh
Stitcher - https://cutt.ly/2Q5CpR1
Сайт арқылы тыңдау - http://narikbi.podbean.com
😍34⚡9❤‍🔥4🕊2🤣1
Телеграм сторис форматын каналдарға тексеріп жатыр екен. Бірақ ол үшін премиум аккаунты бар адамдар келесі сілтемені басып, boost жасау керек депті.

Қиын болмаса, бір басып жіберсеңіздер. Пайдалы контентімізді одан да кеңірек ортаға таратайық. Рахмет.

https://t.me/narikbi_live?boost
⚡31😍14❤‍🔥5
Қарағанды 💔🤲
🙏156❤‍🔥35🕊20
Соңғы күндері өте көп қаралы хабарлар келіп жатыр ғой. Жаңалық оқысаң расымен түңіліп кетесің..

Мүмкін бүгін бір подкаст шығарып, кішкене болсын бір позитив беріп көреміз?

Қонақ позитив энергияға толы азамат, сізге де сол энергия жетеді деген сенімдемін.
❤‍🔥248⚡25🕊13😍13🙏8