НЕХабар (қазақ редакциясы)
935 subscribers
1.47K photos
625 videos
1.81K links
Қазақстан мен әлемнің шынайы жаңалықтары.

Жарнама/серіктестік/ұсыныстар: @tg1admin

Кері байланысқа арналған чат (осы жерге жаңалықтарды, фото/видео-материалдарды жіберуге болады): @nehabarkaz_bot.
Download Telegram
Бүгін Екібастұзға іс-сапармен келген Әлихан Смайыловқа жылу желілеріндегі апаттың негізгі жері көрсетілді.
⠀
Ал қаладағы 149 көпқабатты және 114 жеке тұрғын үйде, 15 әлеуметтік нысанда әлі жылу жоқ.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
🤬12🤯1💩1
⚡️ Байзақтағы жарылыстан кейін жоғалған Бауыржан Дәуітбаевтың сүйегі табылды

1 желтоқсанда Базарбай ауылында Бауыржан Дәуітбаевты жерлеу рәсімі өтеді.

Марқұмның шашылған сүйегінің бөлшектері мен киім қалдықтары жарылыс болған әскери бөлімнің ауласынан табылған. Табылған сүйекке жасалған сараптама із-түссіз жоғалған ер адамға толық сәйкес келген.

▪️2021 жылдың 26 тамызында Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімнің қоймасында өрт шығып, жарылыс болды. Салдарынан 17 адам қаза тапты, бір адам хабар-ошарсыз кетті. Сол уақыттан бері  кіші сержант Бауыржан Дәуітбаевтан еш хабар болмады.

https://t.me/halyqunimedia
😢14👍1
Ерлікпен қаза тапқан өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің атымен елордада бір көше аталады.
⠀
Нақты қандай көше екені белгілі болды.
⠀
Батырдың аты Есіл ауданында орналасқан E-583 көшесіне беріледі.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👍15❤3
Forwarded from Dauletten
🕌Астана қаласындағы жаңа мешітке Әбсаттар қажы Дербісәлінің есімі беріледі.

🗣«Осы ретте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Әбсаттар қажы Дербісәлі хазіреттің есімін республикамыздағы жаңа мешіттің біріне беру жөнінде Төралқа мәжілісінде арнайы қаулы қабылдайтынын жеткіземін. Бұл ұстазымыздың есімін ардақтау жолындағы игі қадамның бірі болмақ», – деді бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Dauletten
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎17👍10❤2🥱2😁1
Қазақстанның халық ақыны Қонысбай Әбіл дүниеден озды.
⠀
Ол көптеген жылдар бойы "Торғай таңы" газетінің орынбасары, "Арқалық таңы" газетінің редакторы, Торғай облыстық телерадиокомпаниясының төрағасы болған.
⠀
Журналист, сатирик, еңбектерінен бөлек 30-дан астам ән жазған.
⠀
Иманы саламат болсын 🤲🏻
⠀
https://t.me/nehabarkaz
😢18
Алматы облысының кәсіпкерлері әкімдікпен бірлесіп, Екібастұзға 500 радиатор жіберді
⠀
Қайырымдылық жасаған "TechnoGrad" компаниясының басшысы Зия Талғатов ең қиын сағатта бір-бірімізді қолдасақ, еліміз күшейе түсетінін еске салды.
⠀
Жылытқыш құрылғылар Екібастұз қаласындағы Бауыржан Момышұлы мен Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі көппәтерлі үйлердің тұрғындарына табысталды.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👏16👍5❤1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Атырауда 8 жасар азамат суға батып бара жатқан балаларды құтқарып, ерлік жасады
⠀
Оқиға Атырауда, Жұмыскер ауданында орын алды. Желтоқсанның 3-і күні 9 және 14 жастағы балалар көпірдің жанында, мұз қатқан Жайық өзенінде ойнап жүрген.
⠀
Бір кезде мұз жарылып, балалар суық суға батып кете жаздайды. Мұны Дінмұхаммед Жаңбырбай байқап қалып, ойланбастан көмектесуге жүгіріп барып, екеуін судан шығарып алады.
⠀
Кейін оқиға орнына полицейлер келіп, өзгелерді құтқару үшін өмірін қауіпке тіккен балаға алғыс айтты.

🎥: Informburo.kz
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👍17🥰4❤1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Екібастұзда апаттың орын алғанына 1 апта болды
⠀
Журналист Оңғар Қабден қалаға барып, тұрғындардың жағдайын сұрастырды.
⠀
Қиын кезеңде де еңсесін түсірмейтін қазақстандықтар жылыну үшін далаға шығып жүр екен.
⠀
Ал жылу беру мәселесі әлі шешілген жоқ.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
😢8🤬4
Димаш Құдайберген Екібастұздағы жағдайға қатысты пікір білдіріп, халық үшін алаңдап отырғанын айтты.
⠀
Әнші ЖЭО басшысынан бастап кінәлілердің барлығы жауапқа тартылып, жылуы жоқ түрмеде жазасын өтейтініне сенетінін жеткізді.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👍20
Екібастұздағы көппәтерлі үйлердің барлығына жылу беріліпті
⠀
Бұл туралы Павлодар облысы әкімінің міндетін атқарушы Олег Крук мәлімдеді.
⠀
Сөзінше, әлі 6 үйді жылыту мәселесі шешілуі қажет. Ертең әлеуметтік маңызы бар объектілердің құбыр желілері жөнделеді.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👍8
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Блогер Азамат Сәрсенбаев Каспий теңізінің таязданған аумағын дронмен көрсетті
⠀

Instagram-да жариялаған ол Темір баба қорымының аумағын видеоға түсіргенін айтты.
⠀
"Бір кездері теңіз жағалауы қаңырап бос қалған Ақсу балықшылар ауылы маңында болатын (адамдар 1974 жылы кеткен), қазір су жағалау сызығынан біртіндеп алыстап барады", - деп жазды Сәрсенбаев.
⠀
Қызылсай қорығының табиғатты қорғау инспекторларынан білуінше, кейінгі жылдары су шамамен 300 метрге кеткен.
⠀
IG-acc #azamat_sarsenbayev
⠀
https://t.me/nehabarkaz
😢10😱4👍2
Екібастұзда 71 үйге жылу берілді
⠀
71 үйдің жылу желілерінде жөндеу жұмыстары аяқталды. Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мәлімдеді.
⠀
Енді пәтер ішіндегі тіреушелерді және регистрлерді жылуға қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
⠀
Екібастұзда барлығы 689 көпқабатты үй бар.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👍9👎4
Енді жұмысқа дипломсыз-ақ орналасуға болады
⠀

Оның орнына сертификаттау жүйесі енгізілді.
⠀
Еңбек министрі Тамара Дүйсенова диплом біліктілік деңгейінің көрсеткіші емес екенін мәлімдеді, себебі жұмыс берушілердің көбі нақты жұмыс өтілінің болуын талап етеді.
⠀
Сондықтан біліктілік пен дағдыларды сертификаттау және бағалау жүйесі енгізіледі.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👍18👎5🤔3
Владимир Путин ЛГБТ пропагандасына тыйым салатын заңға қол қойды.
⠀
Бұл туралы ресейлік БАҚ-тар бір-бірімен жарыса жазып жатыр.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👍31🤡13😁2🤨1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда үш күн қатарынан жемқорлыққа қарсы күрес жүріп жатыр
⠀
Нақтырақ айтқанда, митингіге шыққандар "Халықты тонауды қойыңдар", "Көмірді кім ұрлағанын айтыңдар", "Халықтан мүмкіндіктерді тартып алған ұрыларды дереу ұстаңдар" деп ұрандап жатыр.
⠀
Ел ішінде Қытайға 12,9 млрд долларға экспортталуы тиіс көмір "ұрланған".
⠀
🎥: IG-acc #rukh2k19
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👍22
СҚО-да 50 жылқы мұз астына түсіп кетіп, қырылып қалды
⠀
Әлжан ауылының тұрғындарына тиесілі 50 жануардың жоғалғаны туралы хабарлама алдымен Атырау ауданының полиция бөліміне түскен.
⠀
50 жылқы қарашаның 27-сі жоғалып кетіп, көлден бірақ табылыпты.
⠀
Болжам бойынша, жылқышының бақылауынсыз қалған жануарлар көлден өтіп бара жатып, су қоймасына құлап, өліп қалған.

📸: Polisia.kz
⠀
https://t.me/nehabarkaz
😢23👍2
Екібастұзда көлік ішінен жергілікті ЖЭО учаскесі басшысының мәйіті табылды
⠀
Полиция департаментінің ақпаратына сенсек, Сергей Видлог иіс газына уланып қалған.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
🤯5😱4👍3