НЕХабар (қазақ редакциясы)
935 subscribers
1.47K photos
625 videos
1.81K links
Қазақстан мен әлемнің шынайы жаңалықтары.

Жарнама/серіктестік/ұсыныстар: @tg1admin

Кері байланысқа арналған чат (осы жерге жаңалықтарды, фото/видео-материалдарды жіберуге болады): @nehabarkaz_bot.
Download Telegram
Екібастұздықтар тегін жылытқыштар алу үшін қайда баруы қажет?
⠀

Жылытқышты алу үшін еріктілердің штабына төмендегі нөмір бойынша хабарласуға болады:
⠀
+ 7 (705) 405 71 28
+7 (777) 996 50 10
⠀
Сондай-ақ өтінімді Павлодарская көшесі, 10 мекенжайы бойынша қалдыруға болады.
⠀
Барлығы қалаға елдің тұс-тұсынан 4500-нан астам жылытқыштар жеткізілді.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👍8❤1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ақтау тұрғындары пәтерлерде, мектептер мен балабақшаларда жылу жоқ екенін айтып шағымданып жатыр
⠀
Балалар мектепте сабақты сыртқы киімді киіп оқуға мәжбүр.
⠀
Ал желтоқсанның 5-інен бастап бірнеше ықшамауданда ішуге болатын және жуынуға қажет жылы су тоқтап қалған.
⠀
Осы жағдайға байланысты қала әкімі түсініктеме беріп, халықтан сабырлық танытуды сұрады.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👎6🤔5😢3💩2🤬1
НЕХабар (қазақ редакциясы)
Атырауда 8 жасар азамат суға батып бара жатқан балаларды құтқарып, ерлік жасады ⠀ Оқиға Атырауда, Жұмыскер ауданында орын алды. Желтоқсанның 3-і күні 9 және 14 жастағы балалар көпірдің жанында, мұз қатқан Жайық өзенінде ойнап жүрген. ⠀ Бір кезде мұз жарылып…
Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Атырау облысында өзінен үлкен балаларды құтқарған 8 жасар Дінмұхаммед Жаңбырбайды медальмен марапаттады.
⠀
Оқиға желтоқсанның 3-і күні орын алды. 9 және 14 жастағы балалар көпірдің жанында, мұз қатқан Жайық өзенінде ойнап жүрген.
⠀
Бір кезде мұз жарылып, балалар суық суға батып кете жаздайды. Мұны Дінмұхаммед Жаңбырбай байқап қалып, ойланбастан көмектесуге жүгіріп барып, екеуін судан шығарып алған еді.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👍14❤1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қостанай облысында ауыл әкімінің көлігі мұз астына түсіп кетті.
⠀
Оқиға желтоқсанның 2-сі орын алды. Ешкім зардап шеккен жоқ, тек көлікті Байғабыл өзенінен шығаруға 2 күн жұмсалған.
⠀
Шенеуніктердің сөзінше, оқиға орын алмай тұрып, бірнеше күн бұрын әкім қызметкерлермен бірге "мұздың үстінде жүруге болмайды" деген белгілерді қойып шығады.
⠀
Бірақ желтоқсанның 2-сі мұз үстінде адамдар жүр деген дегенді естіп, ауыл басшысы көлік жүргізушісіне "адамдарға төніп тұрған қауіпті айт" деп тапсырма берген.
⠀
Жүргізуші көлікті көл бетіне тастап, адамдарға ұмтылған, сол кезде темір тұлпар батып кетіпті.
⠀
Бір жағынан қарасаңыз, ойдан шығарылған әдемі әңгіме, бірақ шынымен ешкім күтпеген жағдай екеніне, әкімнің қамқорлығына сенейік.
⠀
🎥: Tengrinews.kz
⠀
https://t.me/nehabarkaz
😁10😱2
Еліміздегі құрылыс саласы — әрбір қазақстандықтың назарын талап ететіні рас.
⠀
Тұрғын үй мен ғимаратттардың беріктілігі мен сапасы, олардың құны көпшілікті қызықтырады, бірақ қызығушылық тудыртқан талаптарға жауап беретін Telegram-арналардың саны саусақпен санарлықтай аз.
⠀
Солардың бірі — Қазақстандағы құрылыс туралы барлық ақпаратты беретін «Всё о стройке Казахстана» арнасы 👇🏻

https://t.me/vse_o_strojke_SNG
⠀
Арнадан ең бірінші болып:

🔹Құрылыс саласындағы эксклюзивті сұхбаттар мен жаңалықтарды;
🔹Ірі құрылыс компанияларының жаңалықтарын;
🔹Қабылданғаң заңдардың талдауларын;
🔹Цифрландыру кейстерін;
🔹Нарықтың инсайдтарын біліңіз.
⠀
•Алматыда метро салу үшін үйлерді бұзбақ
⠀
•Қостанай облысында жаңа «Жас Шаңырақ» ипотекалық бағдарламасының иегерлерін анықтау үшін үміткерлерді іріктеу басталды.
⠀
•«Қазақстан Тұрғын үй компаниясы» кепілдіктерді алу мақсатында құрылыс компанияларынан келіп түскен
өтінімдерді қарастыруды әдейі көп созған.
⠀
Девелопменттің ең өзекті жаңалықтарынан хабардар болыңыз, арнаға жазылыңыз 👆🏻

https://t.me/nehabarkaz
👍10
Екібастұзда қарашаның 28-і енгізілген төтенше жағдай режимі алынды
⠀
Қала әкімдігінің хабарлауынша, барлық көппәтерлі үйлер жылумен қамтамасыз етілді.
⠀
Сәтбаев, 8 және Мәшһүр Жүсіп, 52 көшелеріндегі үйлердің 7 корпусында су мен кәрізді қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
⠀
Әлі 40 жер үй орталық жылумен жабдықтауға қосылмаған.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👍7
Кезінде Орал қаласының әкімі, Батыс Қазақстан облысының басшысы болған, сосын елорданы басқарған Алтай Көлгінов жаңа қызметке келді.
⠀
Енді ол премьер-министрдің орынбасары.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
🤮10👍4🌚1
Алматыда оқушыларға Владимир Путинді дәріптейтін фильм көрсетілген
⠀
Желтоқсанның 7-сі Алматыдағы "Цезарь" кинотеатрында оқушыларға "Россия. Нам 30 лет" атты деректі фильм көрсетілді. Фильм кейіпкерлері Ресейдің Қырымды аннексиялағанын қуаттап, қолдайды.
⠀
Ал Алматы қаласының білім басқармасы "Азаттыққа" берген жауабында "№ 132 гимназия оқушыларына аталған фильмді көрсетуге басқарма рұқсат берген жоқ" деп ақталды.
⠀
Алматы қаласының білім басқармасы өкілдері жоғарыда айтылған жайттарға байланысты білім ордасының директоры К.А. Әбдіманаповаға өз міндетін дұрыс атқармағаны үшін тәртіптік айыппұл салынады, яғни сөгіс берілетінін айтты.
⠀
Білім басқармасындағы шенеуніктердің айтуынша, Алматыда № 132 гимназияның 8б және 8в сынып оқушыларына Ресей туралы фильм көрсетілген.
⠀
Бірінші фильм – "Россия. Нам 30 лет", екіншісі - "Земля больших кошек" деп аталады. Екіншісі Ресей мен Қытай аумағында барыстар популяциясын қалпына келтіру жөнінде баяндайды.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
🤬38👎4💩3👍2🤮2🌚1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Футболдан Қатарда өтіп жатқан Әлем чемпионаты толқынысты сәттерге толы.
⠀
Ширек финалда Португалия Мароккодан 0:1 есебімен ұтылып қалды.

Жеңіліс құрама көшбасшысы Криштиану Роналдуды еріксіз жылатты.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
🤣15😢10👍1
2023 жылы алматылық мұғалімдердің орташа жалақысы 320 мың теңгеге жетеді
⠀

Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова қалалық мәслихат отырысында мәлімдеді.
⠀
Қала бюджетінен 32-33 мың мұғалімнің жалақысын 25%-ға арттыру үшін 73 млрд теңге бөлінген.
⠀
Ал кітапханашы, техникалық жұмысшы және білім саласындағы басқа да қызметкерлердің жалақысын 22%-ға арттыру үшін бюджеттен 9 млрд теңге бөлінбек.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👍11
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Кешегі матчтағы Португалияның жеңілісі қазақстандық спорт
комментаторының сөзімен 😅
⠀
Ол Криштиано Роналдоның көңіл-күйін Qarakesek деген лақап атпен танымал рэпердің "Қураған гүл" әніндегі шумақтармен суреттеді.
⠀
🎥: TT-acc #axellr0w
⠀
https://t.me/nehabarkaz
🤣26👍5😁1
Түркістан облысы Қазығұрт ауданы полиция қызметкерлерін "Киллер" бір кабинетке жинап алып ұрады екен

Сосын учаскелік қызметкерлерді қорқытып, ақшаларын сыпырып алатын көрінеді.
⠀
Бұл туралы ішкі істер бөлімінде жұмыс істейтін қызметкерлер заңгер Айгүл Орынбекке айтып берді.
⠀
"Киллер" — бастықтың орынбасары Алдабергенов деген кісі. Сөздерінше, жұмыста үнемі жартылай жалаңаш жүреді.
⠀
Бұл жағдайға қатысты Түркістан облысының Полиция департаменті өкілдері ресми мәлімдеме берді:
⠀
"Қазығұрт АПБ-да тиісті тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Комиссия құрамында Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары, Өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы және тағы да басқа тиісті мамандар бар. Тиянақты тексеру жұмыстары жүргізіліп, заңды шешім қабылданатын болады. Бұл жайт департамент бастығы Мұрат Қабденовтің бақылауында", - деп жауап берді олар.
⠀
🎥: IG-acc #aigulorynbek_kz
⠀
https://t.me/nehabarkaz
😱11🤬5👍3🤮2😁1
Тоқаев Екібастұздағы апат туралы: "Тұрғындарға төзімділік пен жауапкершілік танытқаны үшін алғыс білдіремін"

"Екібастұзда болған оқиға шынымен де нағыз апат. Мен бұл қаланың тұрғындарына төзімділік пен азаматтық жауапкерлішілік танытқаны үшін алғыс білдіргім келеді", - деді мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, ол еріктілердің еңбегін айтып, жауапты адамдардың жауапсыздығына қатысты баға берді.

"Волонтерлерге жұмысы үшін алғыс айтамын. Бұл оқиға мемлекеттік органдар мен табиғи монополиялар субьектілерінің жылыту маусымына жауапсыздығын ашық көрсетіп берді", - деді Президент.

https://t.me/halyqunimedia
🤮7👍4💩2
Қазақстандық оқушылар биология және химия пәндері бойынша халықаралық олимпиадада 6 медаль жеңіп алды.
⠀
Қоржында 1 күміс және 5 қола. Былтыр қазақстандықтар 3 қола медаль жеңіп алған еді.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👍12❤4🎉1
Вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовтың ісі сотқа жіберілді
⠀
Олар қаржылық пирамида ұйымдастарды деген күдікке ілінген еді.
⠀
Өзге де күдіктілер Ораз Әділет пен Әзімжан Саидбаевқа халықаралық іздеу салынды.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👍5
Қазақстанда алғаш рет шахматтан республикалық олимпиада өтпек

Оған 100 мыңнан астам 2-11 сынып оқушылары қатысады.
⠀
Шахматтан сайыс 4 кезеңнен тұрады: мектепшілік, аудандық, қалалық, облыстық, республикалық.
⠀
Қаңтардың 13-де алғашқы кезең басталады. Оқу-ағарту министрлігі "Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының" бас директоры Сағдат Садықовтың сөзінше, шара жас дарындарды ашуға бағытталған.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
❤10👍5👎1