НЕХабар (қазақ редакциясы)
935 subscribers
1.47K photos
625 videos
1.81K links
Қазақстан мен әлемнің шынайы жаңалықтары.

Жарнама/серіктестік/ұсыныстар: @tg1admin

Кері байланысқа арналған чат (осы жерге жаңалықтарды, фото/видео-материалдарды жіберуге болады): @nehabarkaz_bot.
Download Telegram
Желтоқсанның 15-інен бастап отандық кинотеатрларда Джеймс Кэмеронның "Аватар: Су жолы" фильмі көрсетіледі
⠀
Ең бастысы — қалың көрерменнің көңілінен шыққан кинотуындының жалғасы толығымен қазақ тілінде дыбысталған. Бұл қазақ дубляжының тарихындағы үлкен шара.
⠀
Сондықтан қазақ тілі мен дубляжының дамуы үшін фильмді қазақ тілінде көру аса маңызды десек, артық айтқанымыз емес.
⠀
Фильмді қазақша дыбыстамамен көрсеңіз, кинотеатрлар да мемлекеттік тілдегі сеанстар санын арттырады.
⠀
Толығырақ суреттер топтамасында.
⠀
📸: @qazaqgrammar
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👍45👌2❤1
Мобилизациядан кейін Қазақстанға миллионға жуық, яғни 837 мың ресейлік келген

Сондай-ақ олардың 780 мыңы елден шығып кеткен.

Қазір елімізде жүрген 300 мыңға жуық ресейліктің 30 мыңы ресми жұмыс істейді. Олардың уақытша тұрғылықты жері бойынша тіркеуі бар.

Бұл туралы көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ильяс Испанов хабарлады.

https://t.me/nehabarkaz
👎30
Келер жылы 345 запастағы офицер әскери қызметке шақырылмақ

Әскери қызметке жарамды, бірақ оны өткермеген запастағы офицерлер 2023 жылы 4 айға шақырылмақ.

ҚР Қарулы Күштеріне – 260 офицер;
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне – 60 офицер;
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне – 16 офицер;
ҚР Ұлттық ұлан қатарына – 9 офицер.

https://t.me/nehabarkaz
👍19🤔1
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында өзін және 3 баласын асып өлтірген 38 жастағы кісіге қатысты жаңа ақпарат пайда болды
⠀
Ол 15 жастағы өгей қызын зорлаған екен. Кейін түрмеге бармаймын деп өз-өзіне қол жұмсаған.
⠀
Ал балаларын әйелінен қызғанған соң өлтірген. Олардың ең үлкені 8-де, ортаншысы 4-те, ал кішкентайы 10 айлық.
⠀
Бұл туралы балалардың анасының туысы журналист Гүлмира Әбіқайға айтып берді.
⠀
📸: IG-acc #gulmira_ktk
⠀
https://t.me/nehabarkaz
🤬16😢2👍1
Оқушылар енді желтоқсанның 20-нан бастап мектепке үйлерінен тамақ әкеле алады.
⠀
Бұл туралы Оқу және ағарту министрлігі мәлімдеді.
⠀
Бұйрық бойынша мектеп асханадан тамақ сатып алмайтын балаларға тамақ ішуге арналған арнайы орын бөліп беруі қажет.
⠀
Сондай-ақ асханаларда тамақтардың 60% қазақстандық өнімдерден жасалуы тиіс.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👍18❤2👏1
Дәурен Абаев "Аватар: Су жолы" фильмі қазақ тіліндегі дубляжбен қай кинотеатрларда, сағат нешеде болатынын Instagram-дағы парақшасында бөлісті.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👍24
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Екінші жыл қатарынан желтоқсанның 16-сы тәуелсіздігімізге орай Филадельфия қаласының орталығында еліміздің туы көтерілді.
⠀
Жергілікті билік АҚШ-та өмір сүретін қазақ халқына деген құрметін осылай көрсеткісі келеді екен.
⠀
Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды.
⠀
🎥: IG-acc #dina_england
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👍32🔥5
Есту қабілетінен айырылған спортшылар арасында футзалдан Әлем чемпионаты өтіп, Қазақстан құрамасы күміс жеңіп алды.

Чемпионат Куала-Лумпурде өтті.

Қазақстан құрамасы финалда Иранның командасымен кездесіп, бірінші орынды бұл жолы бере салды. Есеп 1:0.

Жеңіс құтты болсын 🎉

https://t.me/nehabarkaz
🔥22👍5
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
"Ирина Қайратовна" тобының режисері Қуаныш Бейсеков жобадан кеткенін мәлімдеді.
⠀
Instagram-дағы парақшасында ол қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтап, қазақ тарихы мен этнографиясын жеңіл түрде жеткізуге бағытталған "Yelim-ai Education" қорын құрғанын хабарлады.
⠀
Енді ол бар назарын жаңа жобасына арнамақ, ал "Ирина Қайратовна" өткені, жүрегінде ерекше орын алатын жобасы болып қала бермек.
⠀
Видео оның соңғы клипінің тизері. Клип dudeontheguitar және Monro әртістері орындаған "Отан ана" әніне түсірілген.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👍24
Forwarded from НЕХабар
“Жанып бара жатқан” турлар жайлы бірінші болып білгіңіз келеді ме? Қазақстандағы алғашқы тиімді тур іздеу бойынша қосымшаны шығарған компания өзінің пайдалы лайфхактарымен бөлісетін телеграм-арнасын ашты.

- демалысқа 50% дейін қалай үнемдеуге болады;
- балаларға қалай тегін демалуға болады(2+2);
- қай қонақ үйлер эксклюзивті науқан бастайды;

Осы және басқа да пайдалы ақпараттар HT.KZ телеграм-арнасында сілтемеден өтіңіз 📲
👏4👍2
Сарыағашта қақаған қысқа қарамастан банан мен лимон өсіп тұр.
⠀
Сарыағаш ауданындағы Бағыс елдімекенінің тұрғыны Манатәлі Таңсықбаев жылыжайында 700-ге жуық ағаш өсіреді, биыл олардан 70 тоннаға жуық өнім алуды жоспарлап отыр.
⠀
Бұл туралы ол Қазақпаратқа айтып берді.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👍37🔥13🥰2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстан үшін желтоқсан мен қаңтар қанға боялған қасіретті айлар.
⠀
Бұл айларда орын алған оқиғалар туралы шындық ашыла қойған жоқ. Желтоқсан оқиғасынан зардап шеккен адамдардың нақты саны әлі күнге дейін белгісіз.
⠀
Сол 1986 жылы қазақ намысы, қыздары, ел тәуелсіздігі үшін жанын берген азаматтардың есімін ардақтап өту, үмітін ақтау әрқайсымыздың міндетіміз десек артық айтқанымыз емес.
⠀
Алайда әлеуметтік желіде пайда болған осы видеодан кейін қазақстандықтардың көкейінде "Өсіп келе жатқан ұрпақ тәуелсіздік құнын қаншалықты түсінеді әрі сезінеді?" деген сұрақ туындауы мүмкін.
⠀
Видео шамамен Ақтау қаласындағы мектептердің бірінде түсірілген. Желтоқсан оқиғасы туралы қойылымда Қайрат Рысқұлбековтың рөлін сомдаған оқушы тапаншаның атылған дауысын естімей қалып, айтқан сөзін қайталап айтады.
⠀
Осыған сахнада рөл сомдап тұрған оқушылар да, көрермендер де күле бастайды.
⠀
Видеоны көрген желі қолданушыларының бір бөлігі "бұл күлетін нәрсе емес" деп жазған.
⠀
Сіз де пікіріңізбен бөлісе отырыңыз.
⠀
🎥: IG-acc #vipaktau
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👍9
Қаржылық мониторинг агенттігі журналист Михаил Козачковты ұстады.
⠀
Агенттіктің ресми мәлімдемесінде оның Коспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобына рейдерлік басып алулар жасауға көмектескен деп күдіктелетіні жазылған.
⠀
Сондай-ақ хабарламада Қоспаев пен оның сыбайластары танымал кәсіпкерлердің бизнесін тартып алуы теріс қоғамдық резонанс тудыратынын түсініп, Козачковтың қызметтерін рейдерлік басып алу құрбандарына ақпараттық шабуыл жасау мақсатында пайдаланғаны айтылған.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👍5🤬3