НЕХабар (қазақ редакциясы)
936 subscribers
1.47K photos
625 videos
1.81K links
Қазақстан мен әлемнің шынайы жаңалықтары.

Жарнама/серіктестік/ұсыныстар: @tg1admin

Кері байланысқа арналған чат (осы жерге жаңалықтарды, фото/видео-материалдарды жіберуге болады): @nehabarkaz_bot.
Download Telegram
Елена Рыбакина Australian Open турниріне қатысып, финалға шыққаны үшін 1,2 млн доллар немесе 544 млн теңге алды.
⠀
Сонымен қатар 23 жастағы қазақстандық спортшы әлемдік WTA рейтингінің үздік ондығына кірді.
⠀
Финалда Елена Рыбакина белорустық теннисші Арина Соболенкомен кездесті.

🎥: IG-acc #ktf.kz
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👍24💩2🤩1
Маңғыстау облысында қаңғып жүрген иттердің тағдыры осылай шешіліп жатыр 👆🏻
⠀
Иттерді атып өлтірген соң денесін қала сыртына үйе берген.
⠀
Бұл туралы блогер Азамат Сәрсенбай әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

🎥: IG-acc #azamat_sarsenbayev
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👍4😱3🤯1
Америкалық жігіт Эван Аллен Ninety One тобының әндері арқылы қазақ тілін үйреніп алды
⠀
Ол Тараздағы университетте Фулбрайт бағдарламасы бойынша ағылшын тілін үйретеді.
⠀
"Мен орыс тілін білмегендіктен маған қазақ тілін үйренуге арналған ресурстарды табу қиын ғой. Сол үшін мен бұл топ туралы көбірек білген уақытта өте қуанышты болдым.

Youtube-тан Ninety One Space, бейнебаяндарын қарап, олардың әндеріндегі әр сөздің айтылуын және интонациясын қайталап, қазақ тілін жақсарту үшін көп уақыт өткіздім", - деді ол.
⠀
Эван Аллен қазақша сөйлеп үйреткен топтың барлық әндерін жатқа біледі, Астанадағы үлкен концертінде де болған. Сондай-ақ шетелдік азамат топ мүшелерімен жеке кездесіп, алғыс білдіргісі келеді.
⠀
🎥: IG-acc #usinkz
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👍43❤3👏1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Астанада джип тізгіндеген кішкентай бала аварияға түсіп қала жаздады
⠀
Exeed рөліндегі баланың көлікті бірнеше мәрте айдап жүргенін байқауға болады.
⠀
Видеоны түсірген адамның сөзінше, ол алдында келе жатқан Renault көлігіне соғыла жаздаған.
⠀
Елордалық полицейлер жол ережесін бұзған Exeed маркалы көліктің иесін тауып, оған Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің екі бабы бойынша 207 000 теңге айыппұл салды.

https://t.me/nehabarkaz
👍19🤔1
Қазақстандықтарды 14 жастағы Николай есімді балаға сүйсіндірген видео 🥰
⠀
Бұл видеоны фотограф Ернар Алмабек Instagram-дағы парақшасында жариялады. Сөзінше, ауылына бара жатып ол жол-жөнекей көкпар тартып жүрген балаларды кездестірген.
⠀
Жолаушыдан су сұрап келген балалардың қатарында Николай да болған.
⠀
Неміс ұлтының ұлы болғанымен оның қазақшасы керемет, анасы қазақ екен. Николай отбасымен Алматы облысы Жалаңаш ауылында тұрады.

🎥: IG-acc #yernar.almabek

https://t.me/nehabarkaz
👍28👏2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Шымкентте Тәуке хан мен Қазыбек би көшелерінің қиылысында орналасқан үш қабатты тұрғын үйдің балконы құлап кетті.
⠀
Деректерге сүйенсек, үшінші қабаттағы пәтердің балконы үстінен басып қалған қар мен мұздың салмағын көтере алмай құлаған. Құдай сақтап, ешкім зардап шеккен жоқ.
⠀
Еске сала кетейік, Ақтауда көшеде кетіп бара жатқан кезде үстіне диван құлап кеткен ер адамның жағдайы әлі ауыр.
⠀
🎥: otyrar.kz
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👍5
20 миллионға жақындап қалыппыз.
⠀
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша елде 19 765 004 адам, қалалықтар — 12 208,2 мың, ауылдықтар — 7 556, 7 мың адам

https://t.me/nehabarkaz
❤17👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ақтөбе облысында жемқорлардың ақшасына мектеп салынды
⠀

Құмжарған ауылындағы мектеп 2019 жылғы қаңтарда ашылуы тиіс еді, бірақ жауапкершіліктен қашқан мердігердің кесірінен білім ордасының құрылысы аяқталмай қалған.
⠀
Ал балалар 1974 жылы салынған мектепте оқуға мәжбүр болды.
⠀
Жақында жаңа мердігерге ғимаратты салып бітіруге 150 млн теңге берілді. Бұл жемқорлардан түскен ақша екен.
⠀
2022 жылғы қарашада құрылыс қайта басталып, жаңа жылдың басында бітті.

🎥: Informburo.kz
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👍10🤔8😢2
⚡️ Махамбет Әбжан 9 жылға бас бостандығынан айырылды

Сарыарқа ауданының №2 Мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен М. Әбжан көрінеу жалған ақпарат таратқаны және бопсалағаны үшін кінәлі деп танылды.

2022 жылдың 3 шілдесінде М. Әбжан 50 миллион теңге алған кезде ұсталды.

Сот сотталушының қылмыстық іс-әрекетін қауіпті қайталануы деп танды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Әбжан екі рет сотталған болатын. Сонымен қатар, алаяқтық бойынша соттылық жойылған жоқ.

Бейне ақпарат қоса беріледі.

Facebook | Instagram | YouTube
📞 Call-центр - 1424
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5👎4
Түркияда жер сілкінісінің салдарынан қаза тапқан адамдардың саны 1498-ге жетті, 7634 адам жарақаттанған.
⠀
Жер сілкінісі ақпанның 6-сы Түркияның оңтүстік-шығысында болды.
⠀
Болгария, Хорватия, Чехия, Франция, Греция, Венгрия, Мальта, Нидерланды, Польша, Румыния, Италия, Испания мен Словакия, Қырғызстан елдері Түркияға құтқарушылар жіберіп жатыр.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
😢14😱1
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
🇰🇿📞🇹🇷 Мемлекет басшысы Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті

Телефон арқылы сөйлесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияның бірнеше провинциясында болған жойқын зілзала салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Режеп Тайип Ердоғанға қайғыра көңіл айтты.

Мемлекет басшысы Түркияның зардап шеккен аудандарындағы іздестіру-құтқару жұмыстарына көмектесу үшін Қазақстан шұғыл түрде құтқарушылар мен дәрігерлер жіберетінін, сондай-ақ бауырлас елге гуманитарлық көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.

t.me/aqorda_resmi
👏17❤5
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Сирияда қираған үйлердің арасында сәби дүниеге келді. Алайда оның анасы оқиға орнында көз жұмды.
⠀
Соңғы деректер бойынша, Сирияда жер сілкінісінің салдарынан 711 адам қаза тапты.
⠀
Ал Түркияда қаза тапқандар саны 2921 адамға жетті. Елде 12 ақпанға дейін жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды.
⠀
Түркияға шұғыл түрде көмек көрсету үшін Қазақстаннан 41 құтқарушы барады.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
😢17👍2
Талдықорғанда кішкентай бала жолды өзі жөндеуге тырысқан.
⠀
Әлеуметтік желіде пайда болған суретке қазақстандықтар "енді басқа кім жөндесін, баланы тәрбиелеген ата-анасына рахмет" деген пікірлер қалдырды.
⠀
Қала әкімдігі де ұлдың әке-шешесіне рахмет айтты.
⠀
📸: IG-acc #taldykorganec.insta
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👍16🥰3👏1