НЕХабар (қазақ редакциясы)
936 subscribers
1.47K photos
625 videos
1.81K links
Қазақстан мен әлемнің шынайы жаңалықтары.

Жарнама/серіктестік/ұсыныстар: @tg1admin

Кері байланысқа арналған чат (осы жерге жаңалықтарды, фото/видео-материалдарды жіберуге болады): @nehabarkaz_bot.
Download Telegram
Қазақстандық құтқарушылар Түркияға ұшып кетті.
⠀
Білікті мамандармен бірге бауырлас елге арнайы техника жіберілді.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👍26
Түркияда зілзала аумағында қалған қазақстандықтар елге елшіліктің көмегімен қайтып жатыр.
⠀
Бұл туралы оның ресми хабарламасында айтылған.

Қазақстанға қайту үшін отандастарымыз Газиантеп қаласының әуежайына жиналып, хабарламадағы шарттарды орындауға тиіс.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👍9
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Атырауда жауған қарды тазалауға техника жетпей жатыр.
⠀
Әлеуметтік желіде пайда болған видеодан № 53 автобус жолдан тайып, жүре алмай қалғанын көруге болады.
⠀
Мәселе жолаушылардың көмегімен шешілген. Олар тайып кеткен автобусты бірге итеріп, жолға қайта шығарды.
⠀
🎥: IG-acc #atyrauoil.news
⠀
https://t.me/nehabarkaz
😱8👏2🤔2
Түркияда қазақстандық құтқарушы ит үйінді астында қалған адамдарды табуға көмектесіп жүр
⠀
Малинуа тұқымына жататын, Джейкоб деген иттің құтқарушы болып жұмыс істеп жүргеніне алты жыл екен.
⠀
Бірінші видеода ол үйінді астында тірі адам бар екенін түсіндіру үшін үріп жатыр.
⠀
Ал Түркиядағы қазақстандық құтқарушылар күрделілігі жоғары объектілерге бекітілген. Олардың бір тобы көлбеу келген 6 қабатты үйді зерттеп, үйінділер арасынан 3 әйелдің мәйітін алып шықты.
⠀
Екінші топ қираған 9 қабатты екі үйді тексерді. Олар жергілікті құтқарушылармен бірге тірі қалған әйелді алып шықты.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👍22😍1
Түркияда із-түссіз жоғалып кеткен төрт қазақстандықтың біреуі табылды.
⠀
Бұл туралы жер сілкінісінен кейін жоғалып кеткен отандасымыз Мирболат Құрмашевтың ағасы Алмат Құрмашев хабарлады.
⠀
Сабина Мамадиярова үйінділер астынан табылған. Оның қолы сынған. Қазір бойжеткен ауруханада жатыр.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👍15❤2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Түркиядағы зілзаладан кейін жоғалып кеткен төрт қазақстандықтың біреуі Алмат Құрмаш есімді азаматтың бауыры.
⠀
Қазір Алмат Антакье қаласында, қирап қалған үйдің жанында. Болжам бойынша, үйінділердің астында оның бауыры Мирус Құрмаш пен Әділ Қадырбеков бар. Екеуінің нақты қай жерде жатқаны анықталды.
⠀
Үйдің жанынан екеуі мінген көлік те табылған. Алмат көмектесуге мүмкіндігі бар жандардан 70 тонналық кранды, FPV дрондарды және камерасы бар радиобасқарылатын көліктерді, жылувизорларды, аудиосенсор
сұрайды.

Байланыс телефоны +905340508508
⠀
🎥: @rescuekz
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👍5
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Астанада ЭКСПО шары Түркия туының түсіне боялды.
⠀
Видеоны Сардар Әбдіжақия есімді желі қолданушысы Facebook-тегі парақшасында жариялады.

https://t.me/nehabarkaz
❤16👍8
Қазақстандықтар Түркияға гуманитарлық көмек ретінде 100-ден аса киіз үй жібермек.
⠀
Бұл туралы ұсынысты журналист Нұрбек Бекбау Instagram-дағы парақшасында жасаған еді.
⠀
Ол зілзаладан үйлері қирап қалған халыққа киіз үй пана болатынын екі күн бұрын жазды.
⠀
Екі күннің ішінде 20 млн теңгеден астам ақша жиналып, оның 17 млн 300 мың теңгесіне 45 киіз үй сатып алынды.
⠀
Қалған 2 млн 700 мыңға тағы да 10 киіз үй алынбақ.

🎥: IG-acc #nurbek_bekbau
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👍28
Түркияда қазақстандықтың денесі үйінді астынан табылды.

Оның денесін қазақстандық құтқарушылар Хатай провинциясындағы ең күрделі учаскелердің бірін тексеру кезінде тапқан.
⠀
Отандасымыз көлемі 18 мың м3 асатын қираған алты қабатты үйдің астынан табылды.
⠀
Иманы жолдас болсын 🤲🏻

https://t.me/nehabarkaz
😢20
Үйінділердің астынан табылған қазақстандық — Әділ Қадырбеков.
⠀
Отандасымыздың жақындары мен туыстарына қайғырып көңіл айтамыз.

Мирболат Құрмашевті іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

https://t.me/nehabarkaz
😢21
Өкінішке орай, Түркиядағы жер сілкінісінен кейін жоғалып кеткен қазақстандық Мирболат (Мирус) Құрмашев аман табылмады.
⠀
Қазақстандық құтқарушылар оның денесін Хатай провинциясында қираған ғимарат астынан алып шықты.
⠀
Мирболат Құрмашевтің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз.

https://t.me/nehabarkaz
😢17😱5
Қазақстан Сирияға 50 тонна гуманитарлық көмек жібереді
⠀
Жер сілкінісінен зардап шеккен Сирия Араб Республикасына
мемлекеттік материалдық резервтен консервіленген өнімдер, жылы киім-кешек, қысқы шатырлар, кереует пен төсек-орын жабдықтары бөлінеді.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👍21
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Елімізде Түркияға гуманитарлық көмек көрсету жұмыстары жалғасып жатыр
⠀

Алматыда бизнесмендер мен жас еріктілер жұдырықтай жұмылып, кәсіпорындар әкелген гуманитарлық көмекті қаптап, көліктерге тиеді.
⠀
Медициналық заттар, генераторлар, қалта шамдар, күректер, жылы көрпе-жастық, азық-түлік өнімдері жедел қапталған.
⠀
Жүкті тиеуге көмектескендер қатарында "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері де бар.
⠀
Бұл күшіміз бірлікте екенінің тағы бір дәлелі.
⠀
🎥: @biznesshtabalmaty
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👍29🥰1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Түркияның Газиантеп қаласында 23 жыл бойы тұратын этникалық қазақ, 3 баланың анасы Орал Қайнақ қазақстандық құтқарушыларға алғыс айтты.
⠀
🎥: Күнсая Құрмет, Jibek Joly телеарнасының арнайы тілшісі
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👍18