НЕХабар (қазақ редакциясы)
936 subscribers
1.47K photos
625 videos
1.81K links
Қазақстан мен әлемнің шынайы жаңалықтары.

Жарнама/серіктестік/ұсыныстар: @tg1admin

Кері байланысқа арналған чат (осы жерге жаңалықтарды, фото/видео-материалдарды жіберуге болады): @nehabarkaz_bot.
Download Telegram
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Түркияға гуманитарлық көмек көрсету үшін арнайы пункт ашылды.
⠀
Университет хабарламасында қандай заттар керектігі және оларды қайда өткізу қажет екені жазылған.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👍14
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Шымкентте тәуелсіз Қазақстанның алғашқы премьер-министрі Сергей Терещенконы ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті.
⠀
Ол үкімет басшысының қызметін 1991 және 1994 жылдар аралығында атқарған еді.
⠀
🎥: Elitarnews.kz
⠀
https://t.me/nehabarkaz
😢8👍2
Соңғы деректерге сүйенсек, жер сілкінісінің салдарынан Түркияда 24 617 адам қаза тапты, 80 088 адам жарақаттанды.
⠀
Сирияда зілзаладан көз жұмғандардың саны 1408-ге жетті, 2341 адам жарақаттанған.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
😢21🤯1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Роман есімді бала әлеуметтік желі қолданушыларын қазақ тіліне деген махаббатымен, қазақтарға ұқсасам деген тілегімен сүйсіндірді 😍
⠀
Видеода ол сабақта қазақ тілінен не үйреніп келгенін, оны қатты жақсы көретінін, қазақтарға ұқсау үшін шашын қараға бояғысы келетінін айтты.
⠀
Ал видео түсірген әйел (анасы) оның сөздерін құптап, Қазақстан азаматы болған соң қазақ тілін білуге тиіс екенін түсіндірді.
⠀
🎥: TT-acc #mishki2222
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👍44❤2🔥1🤩1
Петропавлда Джакеладзе Давид есімді 9 "Б" сынып оқушысы сөмкесіне суреттегі масканы, балта мен пышақты салып алып мектепке келген.
⠀
Сосын ол екінші қабатқа көтеріліп, дәретхананың ішінде масканы киіп, дәлізде жүрген 10 "А" сынып оқушысы Асылбекова Адияны, 10 "Б" сынып оқушысы Горбаченко Владиславты, 9 "Б"- да оқитын Бесікеев Маратты жарақаттады.
⠀
Балалар қазір ауруханада жатыр. Ал оларды жарақаттаған оқушы 2 қыркүйектен 24 қарашаға дейін психикалық диспансерде есепте тұрған екен.
⠀
Zakon.kz басылымындағы әріптестеріміздің сөзінше, 15 жастағы балаға депрессия диагнозы қойылған.

https://t.me/nehabarkaz
🤯9😱4
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Түркия азаматтары қазақстандық құтқарушыларға күндіз-түні жұмыс істеп, үйінділер астынан адамдарды табуға көмектесіп жатқаны үшін алғыс айтты.
⠀
Сөздерінше, қазақстандық құтқарушылар келгелі бері жұмыс та тезірек жүрген.
⠀
🎥: Jibekjoly.tv
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👍24❤7
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Атырауда нәрестеге хиджама жасаған орталық қызметкерлеріне айыппұл салынды.
⠀
Денсаулық сақтау министрлігінің тексерісінен кейін орталық жұмысында заң бұзылғаны анықталды.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👍11😱10
НЕХабар (қазақ редакциясы)
Петропавлда Джакеладзе Давид есімді 9 "Б" сынып оқушысы сөмкесіне суреттегі масканы, балта мен пышақты салып алып мектепке келген. ⠀ Сосын ол екінші қабатқа көтеріліп, дәретхананың ішінде масканы киіп, дәлізде жүрген 10 "А" сынып оқушысы Асылбекова Адияны…
Үкімет басшысы Петропавл мектебіндегі қайғылы жағдайды ескеріп, білім ордасындағы қауіпсіздіктің деңгейін көтеруді тапсырды.
⠀
"Мектептің ішінде де қауіптің барын көріп отырмыз. Сондықтан бұл мәселені қайта қарап, оқу орындарына тексеру жүргізу қажет. Бейнекамералардың санын көбейтіп, мектепке кіреберіс жерлерде бақылауды күшейту мәселесін қарау керек. Оқу-ағарту министрлігі Ішкі істер және Төтенше жағдайлар министрліктерімен бірлесіп, қауіпсіздік сабақтарын әзірлеуі керек. Балалар әр түрлі жағдайда өздерін қалай ұстау керектігін нақты білуі тиіс", - деді Әлихан Смайылов.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👍5
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Жас буын арасында Yenlik лақап атымен танымал әнші қазақ сыныптары мен орыс сыныптарының артықшылықтары туралы ойын бөлісті.
⠀
Өнерге келгенге дейін мектепте ағылшын тілінен сабақ берген ол Dope Söz подкастында қазақ сыныбы оқушыларының мінезі әлі де тұйықтау, ал орыс сыныбы оқушыларының мінезі ашық келетінін айтып берді.
⠀
Пікірімен келісесіз бе?
⠀
🎥: TT-acc #dopesoz
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👍16👎3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Шымкент көшелерінде түн ішінде
азаматтар бір-бірін аяусыз ұрып соққан. Бұның видеосы әлеуметтік желіде пайда болды.
⠀
Видеодан екі жігітттің ерегесінің соңы үлкен төбелеске ұласқанын көруге болады.
⠀
Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған жағдай бойынша тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

🎥: Inbussines.kz
⠀
https://t.me/nehabarkaz
Белгілі заңгер Анна Чернова әлеуметтік желідегі парақшасында өзін және күйеуін танымал тұлғаның ұлы соққыға жыққанын жазды.
⠀
Сөзінше, олар таксиге мінбек болған сәтте белгісіз бір жігіт жандарына жүгіріп келіп таяқтың астында қалған қызға көмектесуді сұрайды.
⠀
Жігіттің сөздері шын екеніне көз жеткізген ерлі-зайыптылар, қызды ұрып жатқан кісіні тоқтатуға тырысады.
⠀
Бірақ қызды құтқарғысы келгені үшін заңгерлердің өздері әпсәтте аяусыз таяқ жеген екен.
⠀
Чернованың сөзінше, күйеуін және өзін ұрған адам — КСРО және Қазақстанның Еңбек сіңірген спорт шебері Дәулет Тұрлыхановтың ұлы.
⠀
Толығырақ суреттерде 👆🏻

📸: IG-acc #pro.pravo.kz
⠀
https://t.me/nehabarkaz
🤬21👍2👏1
Қазақстан Түркияға 55 тонна гуманитарлық көмек жібереді
⠀
Газиантеп қаласына жіберілетін жүктер киім-кешек, қысқы шатырлар, металл кереуеттер, төсек-орын жабдықтары және басқа да күнделікті қолданысқа қажетті заттардан тұрады.
⠀
Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдің төрағалығымен өткен Үкіметтік комиссияның отырысында талқыланды.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👍16
НЕХабар (қазақ редакциясы)
Белгілі заңгер Анна Чернова әлеуметтік желідегі парақшасында өзін және күйеуін танымал тұлғаның ұлы соққыға жыққанын жазды. ⠀ Сөзінше, олар таксиге мінбек болған сәтте белгісіз бір жігіт жандарына жүгіріп келіп таяқтың астында қалған қызға көмектесуді сұрайды.…
Алматы қаласы полиция департаменті Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
⠀
"Аталған дерек ҚР ҚК-нің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді", - деп жазылған хабарламада.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👍2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Видеода қазақ тіліне жаны ашыған неміс қызы Алина Кан.
⠀
23 жастағы ару Алматыдағы "Сөйле" клубында қазақ тілін үйретеді. Сабағына қатысатындар қатарында Ресейден келгендер де бар.
⠀
Алина Канның қазақ тілінің құндылығы жойылып кетпесе деген тілегі бар.
⠀
🎥: Азаттық Радиосы
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👍48❤8
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Түркияның Қаһарманмараш қаласында қазақстандықтар жіберген киіз үйлер құрылып жатыр.
⠀
Бұл туралы журналист Нұрбек Бекбау Instagram-дағы парақшасында жазды.
⠀
🎥: IG-acc #nurbek_bekbau
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👍34
🗣Жамбыл облысындағы сарбаздың өлімі: шенеуніктер жұмысынан шеттетілді

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов айтты.

"Жамбыл облысы бойынша шекара қызметі департаментінің басшысы, шекара басқармасының басшы, оқиға болған жердегі заставаның тәрбие жөніндегі орынбасары лауазымдарынан шеттетілді. Олар тергеудің аяқталуын күтіп отыр. Болашақта осы лауазымды тұлғаларға шаралар қабылданады", - деді ол.

▪️ 2022 жылғы 19 тамызда Жамбыл облысындағы "Шөлдала" шекара бөлімінде 18 жастағы сарбаз Бекбол Мираш асылып қалған жерінен табылды. Содан кейін қылмыстық іс қозғалып, cержант Айбек Нұртаев қамауға алынды.

https://t.me/halyquni
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💩6👍1🤬1