НЕХабар (қазақ редакциясы)
936 subscribers
1.47K photos
625 videos
1.81K links
Қазақстан мен әлемнің шынайы жаңалықтары.

Жарнама/серіктестік/ұсыныстар: @tg1admin

Кері байланысқа арналған чат (осы жерге жаңалықтарды, фото/видео-материалдарды жіберуге болады): @nehabarkaz_bot.
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстан полициясы Оралды Ресейге беру туралы ұсынысты қылмыс деп есептемейді
⠀

Видеодағы қазақстандықтарға қатысты сотқа дейінгі тергеу олардың іс-әрекетінде құқық бұзушылық құрам болмаған соң тоқтатылған. Бұл туралы "Уральская Неделя" басылымы хабарлады.
⠀
Полицияның сөзінше, сараптама бұл мәлімдемелерде сепаратизм және ұлтаралық алауыздық туғызатын белгілер таппаған.
⠀
Ал жоғарыдағы видео 2022 жылғы қарашада түсірілген. Видеода батысқазақстандық ер адамдар мен өзін Ресей азаматы деп таныстырған блогердің диалогы бейнеленген. БҚО-дағылар шетел азаматына Орал мен облыс аумағын Чапаево кентіне дейін Ресейге беру керек екенін айтты.
⠀
🎥: Uralskweek.kz
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👎19💩14🤬2
Желі қолданушылары бұл суретке "Билік пен өмір" деген ат қойыпты, ал сіз қалай атар едіңіз?
⠀
📸: IG-acc #yerlansakenov
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👍25
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🇹🇷 Хатайда 90 рет жер дүмпуі тіркелді

Түркияның Хатай провинциясының Дефне ауданында болған тағы 6,4 балдық жер сілкінісі құрбандарының саны 6 адамға жетті, 294 тұрғын зардап шекті.

🌍 Жер сілкінісінің ең күшті магнитудасы 5,8-ге дейін жеткен.

@sputnik_aitady
😱16
НЕХабар (қазақ редакциясы)
Шымкентте полиция қызметкерлері қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасаған кісіні ұстады ⠀ Оқиға бүгін сағат 14:40 шамасында орын алды. Иляев-Рысқұлбеков көшелерінің қиылысында орналасқан қару-жарақ дүкенінде белгісіз бір кісі атыс ұйымдастырды. ⠀ Салдарынан күзетшілердің…
Шымкентте қарулы адамды ұстаған полиция қызметкері марапатталды
⠀

Қарулы адамды бірінші болып полицей Арман Әріпжанов заласыздандырған еді. Оған осы ерлігі үшін екі айлық көлемінде жалақы берілді.
⠀
Бұдан бөлек, полиция департаменті ІІМ-ге Арман Әріпжановты «Құрмет» грамотасымен марапаттау жөнінде сұраным жолдады.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👍13🔥1
Forwarded from ZTB - QAZAQSTAN
🧅«Қысқасы, пиязсыз қалмаймыз»: Ауыл шаруашылығы министрі пияздың бағасы тұрақталып жатқанын айтты

Ербол Қарашөкеев өткен жылы 1,2 млн тонна пияз жиналып, оның 1 млн тоннасы Жамбыл облысында өндірілгенін мәлімдеді. Ал бүгінде елімізде 70 мың тонна пияз қоры бар екен.

Сонымен қатар, министр бірнеше өңірдегі пияздың бағасына тоқталып, пиязды экспорттауға уақытша тыйым салынғанын атап өтті.

«Жамбыл облысында пияз 200 теңге тұрады, ал Астанада 260-300 теңге шамасында. Дүкендерде 300-360 теңге арасында. Пияздың құны оның бастапқы сатып алынған бағасына да байланысты. Баға тұрақталды, жағдай бақылауда. Оның үстіне пиязды экспорттауға уақытша тыйым салынды. Қысқасы, пиязсыз қалмаймыз», - деді Қарашөкеев.

Сіз тұратын өңірде пияз бағасы қанша?
❤7
Абай облысында жылқы кәріз құдығына құлап кетіп, абырой болғанда аман қалды.
⠀
Оны полиция қызметкерлері видеоға түсірген оператордың қолдауымен құдықтан алып шықты.

https://t.me/nehabarkaz
❤13
Бүгін белгісіз біреу журналист Данияр Молдабековты ұрып кетті.
⠀
Өзінің Telegram арнасында ол қазір жағдайы жақсы екенін, Алмалы ауданы полиция басқармасында арыз жазғанын хабарлады.
⠀
Енді басқарма бұл факт тіркелгенін, іске қажетті мән-жай анықталып жатқанын мәлімдеді.

📸: @kazakhjanuary
⠀
https://t.me/nehabarkaz
🤬11🤔2👍1
Қазақ тілінің қадірін кетірген аударма.
⠀
Желі қолданушылары жарнама жасағандарды "Тіл Туралы" заңды бұзғаны үшін жауапқа тарту қажет екенін бір-бірімен жарыса жазып жатыр.
⠀
Сіз де пікіріңізді бөлісе отырыңыз.
⠀
📸: @qazaqgrammar

https://t.me/nehabarkaz
😢14🤬9👎5😱3
Тәжікстанда 7 балдық жер сілкінісі болды
⠀
Біздің еліміздің ірі қалалары Алматы мен Шымкентте де жер сілкінісі 2-3 балл көлемінде сезілді.
⠀
Сондай-ақ ҚР Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық станциялар желісі бүгін сағат 8:01-де жер сілкінісін тіркеді. Тербеліс ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 424 шақырым жерде болған.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
😱9
Forwarded from ZTB - QAZAQSTAN
🇹🇷💔Түркиядағы жойқын жер сілкінісінен кейін 1858 бала жетім қалды

Бұл туралы Түркияның Қазақстандағы елшісі Уфук Экичи хабарлады. Оның айтуынша әлі 213 баланың құжаттары табылмаған.

«Ресми деректерге сәйкес 1858 жетім баланың 1645-і құжаттарын тауып, жеке басы анықталды. 1314-і туыстарымен байланыса алды. Алайда әлі 213 баланың құжаттары табылған жоқ. Балалар қазір мемлекет қамқорлығында»,- деді елші.

Ал мемлекет тарапынан балаларға жан-жақты қолдау көрсетіліп жатыр. Елші, жер сілкінісі салдарынан ата-анасынан айырылған балаларға патронаттық тәрбиеші болғысы келетіндердің қатары көп екенін айтты. Алайда балалар басқа елдерге асырап алуға жіберілмейді, егер табылса, Түркиядағы туыстарының отбасыларына орналастырылады екен.
😢16👍5
Жастар арасында Darkhan Juzz лақап атымен танымал қазақстандық әнші Дархан Жүнісбеков қайтыс болды.
⠀
Бұл ақпаратты өнер иесіне шығармашылық жолда шарықтауға көмектескен õzen музыкалық лейблі растады.
⠀
Darkhan Juzz-ді жас буын "Sheker", "Үйде", "Erikpe", "Qosh bol, Zhapyraq" сынды әндері арқылы сүйіп тыңдайтын.

Иманы жолдас болсын.

https://t.me/nehabarkaz
😢23💔1
Деректерге сүйенсек, Darkhan Juzz Таиландта жол апатынан қайтыс болған.
⠀
Әлеуметтік желіде фотограф Жәнібек Алтынов оның соңғы суретін жариялады.
⠀
"Сапарға аттанбай тұрып жасалған соңғы сурет", деп жазды ол.
⠀
📸: IG-acc #kobyzshy

https://t.me/nehabarkaz
😢16