Nurbakhyt Aidosuly
3.56K subscribers
546 photos
227 videos
127 files
292 links
2017-2021 Нұр Мүбәрак университеті 🇰🇿

2022-2023 Дәрул Фунун Араб және Ислам ілімдері институты🇹🇷
Download Telegram
Кімде-кім әйелді тек сұлулығы үшін алса — жалығады.

Кімде-кім оны тек тегі мен атағы үшін алса — қор болады.

Кімде-кім оны тек байлығы үшін алса — қадірі қашады.

Ал кімде-кім оны діні (имандылығы) үшін алса — ол жалықпайды да, қор болмайды да, қадірі де қашпайды.
❤61👍18
Бір қыздың марқұм әкесінің суретіне мына сөздерді жазғанын көрдім:

«Уаллаһи, маған бұл өмірдегі жолымды жеңілдеткеніңіздей, Алла Тағала сіздің де Сырат жолынан жүріп өтуіңізді жеңілдетсін».

Уаллаһи, бұл дұға жүрегіме қатты әсер етті…

Сіз қандай әке болдыңыз екен, қызыңыз сізге деген бар махаббатын, жаныңызда болғандағы бар қауіпсіздігін және ол үшін жасаған барлық жақсылығыңызды осы бір ғана сөздерге сыйғызған болса?!

Сіз балаларыңыздың өмірін жеңілдетіп, кейін бұл дүниеден аттанып кеттіңіз…

Ал артыңызда қалған балаларыңыз енді:

«Уа, Алла! Әкеміздің бізге өмір жолын жеңілдеткеніндей, оған да ең ұлы жолды (ахырет жолын) жеңілдете гөр…»

— деп дұға етуде. 🤍
❤74👍8😢5
Имам Ибн әл-Қайим رحمه الله былай дейді:

«Адамдардың қажетіне жарап, олардың мұң-мұқтажын өтеудің өзіндік бір ләззаты бар. Оның ләззәтін тек соны бастан өткерген адам ғана біледі.

Ендеше, қандай да бір жақсылықты кішкентай деп санасаң да, оны жасай бер. Өйткені Алла сені жәннәтқа қай жақсы амалың үшін кіргізетінін білмейсің».
❤38👍11
«Тақуа, таза әйел заты әр ісінде не әкесінің, не ағасының, не күйеуінің, не ұлының қадағалап бақылауын қажет етпейді:
Өйткені ол Алланың бақылауы барлық нәрседен жоғары екенін және Оның әрбір істі көріп тұрғанын жақсы біледі».
❤42👍12
فَسَادُ الْبُيُوتِ مِنْ جِهَتَيْنِ: مِنْ رَجُلٍ لَا يَدْرِي كَيْفَ يَكُونُ رَجُلًا!! وَمِنْ امْرَأَةٍ ظَنَّتْ نَفْسَهَا رَجُلًا!!

Шаңырақтың бұзылуы (берекесінің қашуы) екі нәрседен болады:
1. Нағыз ер азаматтың қандай болу керектірін білмейтін еркектен;
2. Өзін еркекпін деп ойлайтын әйелден!!

Отбасында ер адам өз міндетін ұмытып, жауапкершіліктен қашса, тірегі жоқ үйдің қабырғасы сөгіле бастайды. Нағыз ер азамат — отбасының қорғаны, ақылшысы әрі жауапты басшысы екенін сезінуі тиіс.

Ал әйел кісі өз табиғи нәзіктігін ұмытып, бәрін өзім шешем деп билікті таласып, «еркекпін» деп өзін көрсеткісі келсе, үйде береке қашады. Әйелдің күші — оның инабаттылығында, нәзіктігінде және отбасының жылуын сақтауында.
❤35👍14👏5🤔2
«Жолдағы зиянды нәрсені алып тастау — иманның тармақтарының бірі. Ендеше, Хақ Тағаланың назары түсетін орны болған жүректерден кірбің мен пердені алып тастау қандай сауапты іс болмақ?!»

Шейх Юсуф Хаттар (хафизаһулла)
❤52👍13
«Егер тәкәппар адамды көрсең, оның намазы аз екенін немесе мүлде намаз оқымайтынын біл. Өйткені тәкәппарлық пен көп сәжде ету қатар жиналмайды».

— Имам әл-Қуртуби رحمه الله
❤62😢13👍10🤔3
“Өмірде жасаған ісіңе өкініп қалмауды қаласаң, әрбір ісіңді Алланың разылығы үшін жаса. Өйткені Алла үшін жасалған ешбір амал зая кетпейді”.
❤68👍5
Сен өлгенде біреу қайғырады, ал біреу соны пайдаланып контент қылады. Бұл – адамдар үшін өмір сүрмеудің тағы бір дәлелі.

Қайғылы қазаны контент еткен AI-мамансымақтар. Оңбайсыңдар.
❤31😢16
Алла Елшісі ﷺ айтты:

«Қиямет күні Алла Тағала үш адаммен сөйлеспейді, оларға назар аудармайды әрі оларды ақтамайды. Оларға ауыр азап бар. Олар:

— қартайғанына қарамастан зинадан тыйылмаған зинақор;
— өтірікші патша;
— кедей бола тұра тәкаппарлық танытқан адам».

📚 имам Муслим
❤49👍16
«Егер адамдар кедейліктен қорыққанындай тозақтан қорықса, одан барлығы құтылар еді.
Ал егер дүниеде байлыққа ұмтылғанындай Жәннатқа ұмтылса, оған барлығы да жетер еді…»

Яхия ибн Муғаз (Алла оған разы болсын)
❤52👍9
Істеген күнәңә, жақсы амал жасамай жүргеніңе ескерту айтып насихаттайтын адамың болмаса, біл сен шынайы досы жоқ адамсың.

ٱلْأَخِلَّآءُ يَوْمَئِذٍۢ بَعْضُهُمْ لِبَعْضٍ عَدُوٌّ إِلَّا ٱلْمُتَّقِينَ

«Ол күні достардың бір-біріне дұшпан болғанын көресіңдер. Тек тақуалардан басқа».
❤54💔7
Абдулла ибн Омар رضي الله عنهما, Әбу Мұса әл-Ашғаридің ұлы Ибраһимнен:

— Әкеңнің Алла елшісінен ﷺ жұма күніндегі дұға қабыл болатын ерекше уақыт туралы хадис айтқанын естідің бе? — деп сұрады.

Ол:

— Иә, естідім. Әкемнің былай дегенін естідім: Алла елшісі ﷺ:

«Ол — имамның мінберге отырып, намазын аяқтағанға дейінгі уақыт», — дегенін айтты.

Имам әл-Байһақи رحمه الله былай дейді:

«Пайғамбар ﷺ бұл уақыттың нақты қай мезет екенін білетін еді. Кейін оған Қадір түні ұмыттырылғаны секілді, бұл уақыт та ұмыттырылды. Мұның сыры — құлдың жұма күнін түгелдей зікірмен және дұғамен өткізуінде».
❤44👍8
Еркектің үндемегені сөйлегені, ал сөйлесе дауыл болады.
❤43👍13🔥5😢3
Хасан әл-Басри (Алла оны рақымына бөлесін) былай дейді:

«Жүректің бұзылуы алты нәрседен болады:

— Күнә жасайды да, тәубені кейінге қалдырады.
— Ілім үйренеді, бірақ оған амал етпейді.
— Амал етеді, бірақ ықыласпен орындамайды.
— Алланың берген ризығын жейді, бірақ шүкіршілік етпейді.
— Алланың өзіне бөлген тағдырына разы болмайды.
— Өлілерді жерлейді, бірақ олардан ғибрат алмайды».
❤42😢22👍7
Алла елшісі ﷺ:

“ Адамдарды күлдірту үшін өтірік айтқан адамға өкініш болсын”
❤59😢10👍3
Үлкендерден естіген дастархан әдебі туралы мына сөз қандай керемет. Дастарханға отырсаң:

“Бисмилляны сырттан айт айтпағандар айтсын, Әлхамдулилляны іштен айт тоймағандар тойсын”.
❤66👍15🥰1
Шайтан өміріңді өзгелермен салыстырғызады. Ал салыстыру ол шүкірсіздікке себеп болады. Ал шүкірсіздік ол жүрек тыныштығын алып қояды.
❤37😢8👍5
“Ғылымсыз дін - соқырлық”.

Абай Құнанбайұлы (Алла рахымына бөлесін)
❤41😢2👏1
келінге ерте тұруды енесі айтса - ред флаг, фитнес тренер айтса - нұсқаулық, коуч айтса - инсайт, күйеуі айтса абьюзер тиран.


😂😂
😁49❤23😢7🔥3