nurqojager
3.56K subscribers
618 photos
23 videos
22 files
66 links
Видеода айтылғанның дәлелдері, кітаптар, мақалалар мен қызықты әңгімелер!
Download Telegram
Жауап:

Моңғолдар бұрыннан бері осындай қалпаққа ұқсас “малгай” деген бас киім киетін. Оны түрлі хандардың, офицерлердің портреттерінен көре аламыз.

1920-30 жылдары Моңғолия билігі Германия мен Францияға жастарды оқуға жібереді. Ол жастар білім алып келгенде, өзімен бірге сол жақтың модасын да әкеледі. Біздің Алаш орда секілді моңғол зиялылары да костюм-шалбар, пальто және еуропалық қалпақ киіп жүреді.

Моңғолдар еуропалық қалпақты өздерінің қалпағына ұқсатып, оның заманауи әдемілігіне қызығып, соны кие бастайды.

Қазіргі таңда еуропалық қалпақты “бүрх малгай” деп атап, қарапайым малшыдан бастап президентке дейін барлығы киіп жүр. Осылайша еуропалық қалпақ моңғолияда біздің тақия секілді ұлттық киімге айналып кетті.
👍145❤15😁11🔥6
Қалдарың қалай?

Мамырдың 13 жұлдызы, сенбі күні сағат 12:00-де біздің кезекті құрылтай өтеді. Әр түрлі салада қазақилықты дамытып жүрген спикерлер сөйлейді, маңызды тақырыптарды талқылаймыз.

Қатысу тегін, тек алдын ала осы сілтеме арқылы тіркелу қажет: https://forms.gle/QUN1crk8UytDpD8W8
👍35🔥4
Қазір әкімдер мен президенттерде кортеж болса, біздің хандар үшін ол арзан понт болып қалатын еді.

Нағыз понт деген Бирмадан пілдерді алып келіп бірден төрт пілдің үстінде қозғалу
👍86🔥13❤4
Іле қазақтары түсірген "Соңғы көш" киносы Қытай шекарасының арғы жағында қалып қойған бауырларымыз туралы.

Шет елде жүріп осындай мықты кино түсіргендеріне ризамын 😍

https://youtu.be/8BooGWa5WlI
👍110🔥21❤15
Бүгін жаңа видеода қылышты осылай аударып тағу керек деп айттым. Қазір соған дәлел келтіремін.

Видео: https://vm.tiktok.com/ZMY3R8BJR/
👍57🔥8❤3🤔2
Қазақ хандығы кезінде болсын, бергі уақытта болсын жасалған суреттер мен фотоларда қылыштың қалай ілініп тұрғанына назар аударыңыздар
❤76👍24🔥15🤔4
👍72😐34🔥22❤8😱7🤔6😁3
Ұлы Түркі елінің осыншама үлкен ықпалға ие болуы – тек қана білекті батырлардың күші мен білімді қолбасшылардың ақылында емес, оған қоса епті ұсталарымыздың тапқырлығында!

Ұзақ уақыт бойы соғыстарда бізге артықшылық берген – жоғарғы технологиялық дәрежеде жасалған қару-жарақ, сауыт-сайман мен ат әбзелдері.

Ұсталарға бір тағзым!
👍144🔥17❤15😱2
Теміршілер мен етікшілер
🔥107❤16👍15
Мына суретте нағыз ерлік пен батылдықтың айқын мысалы. Бұл кісі тұрып нацистік жест жасаудан бас тартты, сол үшін 1945 жылы сәуірде Гитлер оны өз қолымен атып өлтірді
😁159🔥32😱21👍18❤8