ойыңды шектеме
1.39K subscribers
3.8K photos
465 videos
60 files
1.2K links
Download Telegram
түсініксіз болып тұрғаны: бұрынғы мектебімде мені сырттан көріп қалыпты деуі. мен мектепте 2 ай болды жұмыс істемегеніме, 2 ай бұрын көріп қалса, қазір неге жазып тұр?
бұрынғы мектебімнен қай адам менің 2 номерімді де берген? (мүмкін: сынып ата-аналары немесе кейбір жақын араласатын апайларда ғана екі номерім бар еді, басқа мектеп ұжымдарында жоқ)
❤5
түсініксіз болса, сұрақ қойып түсіну. түсінгеніме қарай жауап беру. танысу мақсатында жазған. жауабым: танысқым келмейді.
❤4
бүгін болған жағдайды жаза салдым. бөлісуге тұрарлық па, білмеймін, арнама ойымды жаза салдым.
❤4
пайдалы ойлар жазғым ақ келеді, тг каналға не жазуға ұсынар едіңдер?
❤4
Сыр подкастына келген Дархан мен Аидамен шығарылым көп адамдарға ұнапты. Мен ол стендап комикті және жұбайын білмеген едім. Кейін подкастты көрген соң, реально сондай күшті жұп екен деп таңғалдым. Әсіресе, Аиданың тамақ дайындау жөніндегі көзқарасы қызықты болды. Соған қарап, өзіме де үйден тағам дайындау қолға алу ниеті пайда болды. Алматыға келгелі, үйде бір мезгіл тамақ пісіруге үйренудемін.

#үйдіңтамағыжақсығой
❤9
🏢🏗️ (ғимарат салынып жатыр)

Шу & шаң кімге ұнайды?
- Құрылыс. Шу, шаң-тозаң болып жатса, бұл кімге ұнайды? Ешкімге ұнамайды.
Дайын ше? Кімге ұнайды?
- Бірақ бәрімізге мынандай дайын тұрған әдемі , тартымды үйлер ұнайды. Өмірде де тура сол сияқты.
“шаң”маған дейін болса екен = ұстаным: дайын асқа - тік қасық.
-Мысалы, мамандар дайын тұрған компанияға барғысы келеді. Бәрі реттеліп қалған, маған дейін шаң-тозаң бәрі болып кеткен, мен бір әзірге(дайынға) келе қалсам.
Соғылып жатқан ғимарат ол мемлекет, қоғам, компания, жұмыс, жоба
- Тура сол сияқты тек компания ғана емес, елде де тура солай, мектепте де тура солай, мен дайынға келгім келеді. Өкінішке орай өте аз , басқаларға жағымсыз болып , анау шаң тозаң ішінде жүріп ,тарсыл-гүрсіл еткізіп, құрылыс жасаумен айналысуға дайын адамдар аз. Басқа - басқа өз өмірімізде шаңнан қорықпай, архитектор бола алу маңызды.
- Бірақ қандай жүйесіздік болмасын, біздің бір құлап қалмай тұруымызға бірден бір себеп болып жатқан адамдар сол адамдар деп ойлаймын. Осы “ шаң мен шудан” қашпағандарға рақмет✊🏻

✍🏻Ескендір Бестай
#ойтүй
❤2
Нағыз мықтылар шаң мен шудың ортасында жүріп, өз жобасын тұрғыза алғандар. Олар архитекторға айналады. Олар іргетас қалайды.
Фундаментсіз дайын ғимарат болмайды.
❤1
Шаң-тозаң дегеніміз тек құрылыс емес. Ол кез келген істің бастапқы кезеңіндегі қиындықтар. Адам бір іске кіріскенде бәрін нөлден, фундаментінен бастап өзі қалайды. Ал сол жолда жағдай әрдайым жайлы бола бермейді.
❤1
өзің үшін ойланып, ой түйген жеткілікті.
❤1
Кейде, детальдерге мән беретінім қандай жақсы.

бүгін бір қыз духовканың противеньнің неге жумадың деп тұр. кеше противеньді көршіммен тәтті нан пісіргенбіз. Сол көршім противеньді жуғанын өз көзімен көрдім. бірақ дәлелдей алмай, сөйлеп тұрған қыз меннен үлкен болған соң, қарсылық білдірмей, таңданып түсінбесем де, жарайды деп жуып тұрмын. бір кезде противеньге қарасам, оның формасының бұрышы біз нан пісірген ыдысқа ұқсамайды. себебі, мен 2 противеньді салыстырып тұрып кеше 1 жұқалау, бұрышы сүйір болып тұрғанын таңдап алғаным есімде. шүкір тамақ пісіргенде суретке түсіргенім еске түсіп, соны галереядан қарасам шынымен де кір тұрған ыдыс біздің қолданған ыдыс емес екенін дәлелді анықтадым.

десе де, ескерту айтқан адамға соны айтып көрсетсем, онда мен білмеймін деп тұрды.

кейде шындықты айтсаң да, оны дәлелдеу оңай емес екен.
❤2
кейде, маған ескерту айтқанда, қарсыласып тұрып алудың орнына, бірінші әрине шынымды айтамын, мысалы , кеше менің көзімше бұл былай болды деп. оған сенбесе, жарайды деп жағдайға байланысты қолымнан келгенін оның ескертуіне қарай түзеуге тырысамын. бірақ іштей, өз шындығымды дәлелдеудің жолын қарастырамын.
❤2
ұсақ-түйек бойынша ойымды жазып жеңілдеймін.
❤1
айналаға ұнауға тырысу - жұртқа ұнайтын болмысты құрастырумен тең.
❤4
өз ой-пікірмен бөлісе отырып, не ойлайды екен деп алаңдау - өз ойыңды жеткізудегі қорқыныштың белгісі .
❤1
Миғраж түні ішіміздегі дұға-тілектерімізді тілеп, Аллаға сыйынатын мезгіл. Миғраж түніне арналған тасбихпен жасалатын амалдар төмендегідей 🌙🤲
(бұлар – сауапты, нәпіл ғибадаттар)
1) Тәубе тасбихы
2) Салауат тасбихы
3)Тәухид тасбихы
4)Хамд және тәсбих
5) Қалаған дұға
Тасбихтен кейін жүректен шыққан тілек, дұға жасау.

Ниеттеріміз, дұға-тілектеріміз қабыл болсын🤲
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤5
жақсылықты тілеу бұл жақсылыққа сенумен тең
❤5
неге мен біреудің маған деген сезімінен қорқамын, ал жауапсыз махаббатты қауіпсіз көретін сияқтымын?
❤2
мені біреу шын ұнатуы мүмкін деген ой неге мені қуантпай, керісінше күмән тудырады?
❤3
бізге өзге адам жетпейді емес, өзімізге өзіміз жетпейміз.
❤1