Көп томды кітаптар шәкіртті үнсіздікке, өз орнын білуге және өзгелерге баға беруге асықпауға тәрбиелейді екен.
🤓
🤓
🔥21👍14❤10
«Білім алуға мүмкіндігі болғанымен, онымен айналыспаған адам – қиямет күні өте қатты қайғырады».
Хафиз Ибн Асакир رحمه الله تعالى
____
Ілім талап етушілер ғана емес, қандай да бір білімнің курсына жазылып, бірақ ақысын бермей жүргендер де ойлансын... Қазіргі заманда мүмкіндік көп екенін аузымыз талмай айтамыз. Ал оны пайдаланушылар ше?

👍23😢12❤11💔2
«Читай мало, но с наслаждением; будешь выглядеть более начитанным, чем те, кто читает много, но без удовольствия».
📙О.Памук "Черная книга"
📙О.Памук "Черная книга"
👍21❤6🤔3
Forwarded from 📚
Білім іздеушіде үзіліс болмауы керек (сондықтан оқушыларға жазғы демалыста дәрістерін қайталау міндет).
Білім жолындағы үзіліс – үлкен апат.
Біздің ұстазымыз Ислам шейхы Бурһануддин (рахматуллаһи алейһи): «Менің дәрістес серіктерімнен биік болуым, білім алу кезінде демалысқа шықпауымда», – деген екен.
[Тәлімгер тағылымы, 43-бет]

👍24❤5🔥1
әл Хасан ибн АбдулЛаһ әл-Әскаридің (رحمه الله) «әлфуруқ әллуғауия" кітабы 📚
Бір каналдан осы кітап жайлы жазылған жазбаны көріп оқуға қатты қызыққан едім. (расымен қызығуға әбден тұрарлық кітап) Сөйтіп пдф нұсқасын жүктеп, оқып шықтық, бірақ бірден емес. Әр бапты, асықпай...
Кітапта сыртқы мағынасы ұқсас көрінетін 2,3 синоним сөзді алып келіп, олардың асылында айырмашылығы бар екенін, әрі ол айырмашылықтарға тоқтап толығырақ баяндап береді 🖌
Мысалы استفهام мен سؤال екеуі де бір мағынаны білдіретін сияқты. Бірақ олардың айырмашылығы, истифхәм - сұраушы адамның мүлде білмейтін не күмәнданып тұрған мәселесінде ғана қолданылса, سؤال - сұраушы білетін де білмейтін де мәселеде қолданыла береді
Сол секілді ъилм мен маърифа,тиләуа мен қиро'ә, тахара мен нәзофа, әсәр мен ъаляма, кәмәл мен тәмәмның айырмашылығын білгіңіз келсе, бұл кітап сіз үшін 📖
Сонымен қатар ол сөздің Құранда қалай келгенінен мысал келтіріп, фақиһтар мен мутакаллимдердің де көзқарасына тоқталған. Әрі жалпы адамдар арасында қолданылу аясын да тыс қалдырмаған.Тіпті сөздің сырын ашуға қосымша өлең шумақтары да әдемі келтірілген ✨
Кітап жалпы 30 баптан тұрады. Оның ішінде маған ерекше қызық болғандары – ақидада көп келетін сөздерді қамтыған 9-бап, ғибадат құлшылыққа қатысты 18-бап, әр түрлі сифаттарға қатысты 14-бап және тағы басқа баптардағы сөздер. Жалпы барлығынан пайда алдық🌻
Қысқасы, кітапты аяқтаған соң араб тілінің ерекшелігіне тағы бір мәрте тәнті болып, оны үйренуге деген ықыласымыз одан сайын артты десе болады 🤍
➖➖➖
P/s: жоғарыда кітаптың фотосы тұру керек болған, оны жіберуге интернетіміздің күші жетпеді.) 😹

👍17❤3🔥2🥰1👏1
"... Бала шәкірт (Абай) оқудан келген бойы, ең алдымен өзінің шешесін көріп, соған қарай жүре беріп еді, шешесі анадай жерде тұрып: – Әй, шырағым балам, әуелі ар жағыңда әкең тұр... Сәлем бер! - деді. Абай жалт қарап барып жаңа көрді. Анадай жерде қонақ үйдің сыртында әкесі Құнанбай тұр екен. Ыңғайсыздықпен қысылып қалған бала, шешесінің сондайлық салқын сабырының мәнін ұқты да, әкесіне қарай тез бұрылды."
Көрегендік...
"Ұлжан да көп әңгіме білуші еді.Және ол көбінесе өлең сөзді жиі айтады. Оқымаған шешесінің әлі күнге ұмытпай, білдірмей сақтап жүрген зейініне таң қалады. Нелер ескі заман жырларын, айтыс, өсиет әзілдерін де көп айтып береді."
Зеректік...
"... Талай үлкеннің ішінен сөзін осындай байсалды қып айтқан, сондай өтімді, салмақты қып айтқан кісіні Жиренше бұрын көрмегендей болды. Ұлжанның жай, салқын айтқан сөзі бұған ұрысқаннан да, ұрғаннан да жеңіл тиген жоқ".
Сөз салмақтылығы...
"... Ұлжан тартымды болумен қатар, сыншыл да ана."
Сыншылдық...
📚"Абай жолы". 1 - том
Мектеп кезде Абайдың анасы әңгімешіл ана екенін ғана естігенбіз ғой 😅 Ал Абай жолын оқысаңыз ананың түрлі оқиғада танытқан даналығын біліп, кескін келбеті мен мінезінің шебер суреттеліп жазылғанын оқып бейнесін де елестете аласыз. Жоғарыдағылар бірінші томдағы сипаттаулардың бір бөлігі ғана. Соның өзінде үлгі аларлық тұсы көп. Әзірге мен үшін сүйікті кейіпкер де осы Ұлжан ана 🤍

❤17👍10🥰2👏2🤩2🔥1
Білімсіз адам - майы жоқ жілік сияқты.
Жүсіп Баласағұн "Құдатғу білік"
Жүсіп Баласағұн "Құдатғу білік"
👍16🔥5❤3🤩2
"Қазақ ойшылдары дін туралы" деген сабақ біраз нәрсені түсіндірді негізі. Сол сабақ болар алдын кітапханаға барып, кезекті ойшылдың бар кітаптарын іздеп тауып, сабақ айту үшін емес өзімізге қызық, тың ақпарат болғаны үшін оқып шығатын едік. Осындай да дінге қатысты өлеңдері бар екенғой, қалай дөп айтқан деп таңданысымызды жасыра алмай әсерленген күйде кеп сабақ айтып бересің тағы)
Мықты исламтанушы болу үшін ислам ілімдерін ғана оқу жеткіліксіз екен
Тарих оқу керек, әдебиет оқу керек. Оның бәрі тұнған қазына...
Жалпы оқитын нәрсе жетеді.
Сосын оқымысты болмай көр)
Мықты исламтанушы болу үшін ислам ілімдерін ғана оқу жеткіліксіз екен
Тарих оқу керек, әдебиет оқу керек. Оның бәрі тұнған қазына...
Жалпы оқитын нәрсе жетеді.
👍22🔥5👏2😁2🤩1
Ілім алған әрбір сәт мен үшін маңызды 🍂
Осы кезге дейін 10-нан аса канал ашып, дамытып, пәленбай оқырман жинап, кейін өшіріп не басқа біреуге беріп жіберетінмін. Осы соңғы канал деп үміт етем)
Бұл каналды ашудағы мақсат не оқып жатқандығымды салу немесе үзінді келтіру, рецензия жазу болатын. Себебі қазіргі ілім жолым - менің өмірімнің алтын кезеңінің бірі. Ертең ақ көзді ашып жұмғанша өте шығатын 4 жылдың осында әдемі естеліктермен сақталғанын қалаймын. Қай уақытта, қай ұстазбен не оқығаным, одан түйгенім, алған пайдам т.с.с.
Оқу бітіріп кеткен аға-әпкелерімізден көп естігенім мына сөздер : қанша дегенмен бакалаврда оқыған кезге ештеңе жетпейді. Періштелер қанатын жаятын, қажетіңді Раббың бірден өтеп қоятын, алаңсыз ілім алатын шағың. Ал оны бітірген соң бәрі басқаша болады..." 🥲
Естелікке болған соң кітапты/дәрісті суретке түсіріп салу да мен үшін маңызды.(рия басқа деп қаралап жүрмең 😹)
Бір жағынан мен әзірге студентпін. Біреуге ақылды бірдеңе айтатындай дәрежеге жетпегендіктен кітап үзінділерімен, авторлардың сөздерін жазумен шектелгенім дұрыс болар.
Ал атауы не үшін "оқымысты?" Ештеңе оқымай қалып жатсам "неге каналыңды оқымысты деп қойдың? Ендеше бар да сабақ оқып атыңа затыңды сай қыл" деп өзіме ұрысу үшін))
интәхә 🙂
Осы кезге дейін 10-нан аса канал ашып, дамытып, пәленбай оқырман жинап, кейін өшіріп не басқа біреуге беріп жіберетінмін. Осы соңғы канал деп үміт етем)
Бұл каналды ашудағы мақсат не оқып жатқандығымды салу немесе үзінді келтіру, рецензия жазу болатын. Себебі қазіргі ілім жолым - менің өмірімнің алтын кезеңінің бірі. Ертең ақ көзді ашып жұмғанша өте шығатын 4 жылдың осында әдемі естеліктермен сақталғанын қалаймын. Қай уақытта, қай ұстазбен не оқығаным, одан түйгенім, алған пайдам т.с.с.
Оқу бітіріп кеткен аға-әпкелерімізден көп естігенім мына сөздер : қанша дегенмен бакалаврда оқыған кезге ештеңе жетпейді. Періштелер қанатын жаятын, қажетіңді Раббың бірден өтеп қоятын, алаңсыз ілім алатын шағың. Ал оны бітірген соң бәрі басқаша болады..." 🥲
Естелікке болған соң кітапты/дәрісті суретке түсіріп салу да мен үшін маңызды.
Бір жағынан мен әзірге студентпін. Біреуге ақылды бірдеңе айтатындай дәрежеге жетпегендіктен кітап үзінділерімен, авторлардың сөздерін жазумен шектелгенім дұрыс болар.
Ал атауы не үшін "оқымысты?" Ештеңе оқымай қалып жатсам "неге каналыңды оқымысты деп қойдың? Ендеше бар да сабақ оқып атыңа затыңды сай қыл" деп өзіме ұрысу үшін))
интәхә 🙂
👍37🥰11❤2
АҚШ-тың профессор, докторы Моран Церф бастаған ғалымдар тобы бірге уақыт өткізген адамдардың ми толқындары уақыт өте келе бір-біріне ұқсай бастайтындығын анықтаған.
"Бірге уақыт өткізген адамдардың милары да бір-біріне сай келеді", - деген профессор Моран Церф екі апта ғана бірдей фильм көрген, бірдей кітап оқыған, ортақ тәжірибелерімен бөліскен және бір-бірімен ғана әңгімелескен екі адамның сөздері, сезімдері, көзқарастары бірдей дамитынына көз жеткізген. Зерттеу жұмысының нәтижесінде профессор Моран Церф : «Өміріңде қабылданатын ең дұрыс шешім - кіммен уақыт өткізетініңді саналы түрде таңдау», - деп қорытындылайды.
Хикметке толы дініміз бұл қорытындыны бізге 14 ғасыр бұрын жеткізіп қойған. Қасиетті Құран Кәрімнің "Тәубе" сүресінің 119-аятында былай делінген :
«Уа, иман еткендер! Аллаға тиісінше тағзым етіңдер әрі Оған қарсы келуден барынша сақтаныңдар, сондай-ақ (ісі де, сөзі де түзу, Аллаға берген уәделеріне берік) шыншылдармен бірге болыңдар!»
Имам әл Ғазали де (рахимаһуллаһ) : Мұсылман емес, пасық, ғапылдармен бірге болу сананың ұқсауына, ал сананың ұқсауы уақыт өте келе көңілдерінің бір болуына әкеп соғады. Бұл болса, адамды бара-бара құрдымға апарады, - деген.
Ендеше ортамызға мұқият болғанымыз жөн. Осыны ескерген қазақ "Ұлың өссе, ұлы жақсымен ауылдас бол, қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол" деп бекерге айтпаса керек.
📘Ғажайып ми

👍31🔥7❤3🤩2
ینبغي للإنسان أن یعلم أن أعزّ الأشیاء شیئان: قلبه ووقته، فإذا أهمل وقته وضیّع قلبه ذهبت منه الفوائد.
📙حفظ العمر، ٥۹ ص
📙حفظ العمر، ٥۹ ص
👍13😢2🔥1
Барлық ілімді оқығанда, кітап авторымен танысқанда, кез келген адамды зерттеуде міндетті түрде ол адамның өмір сүрген заманын, сол уақытта болған оқиғаларды, тарихты білу керек, ол өте маңызды. Сіз сол замандағы тарихты жақсы білсеңіз, ол уақыттағы тарих сахнасында сіздің кейіпкеріңіз қай рольде ойнағанан білсеңіз – сонда ғана ол ғалымның хақиқи бейнесін ортаға шығара аласыз
#дәрістен
#дәрістен
👍21🔥3
Арабша кітаптардың бір ерекшелігі - муқаддимада жазылған хамдтан ақ, ары қарай кітаптың не туралы екенін біле аласың 😅
[себебі кейде сол нәрсеге ишарат жасалып хамд айтылады]
😁12❤1👍1
فصل: أنفعُ المشايخ في صُحبته العامل بعلمه ..
- لقيت مشايخ، أحوالهم مختلفة، يتفاوتون في مقاديرهم في العلم، وكان أنفعهم لي في صحبته العامل منهم بعلمه، وإن كان غيره أعلم منه.
- ولقيت جماعةً مِن علماء الحديث يحفظون ويعرفون، ولكنّهم كانوا يتسامحون بغيبةٍ يخرجونها مخرج جرحٍ وتعديلٍ، ويأخذون على قراءة الحديث أجرةً، ويسرعون بالجواب، لئلَّا ينكسر الجاه، وإن وقع خطأ.
- ولقيت عبد الوهاب الأنماطيَّ، فكان على قانون السَّلف، لم تُسمع في مجلسه غيبةٌ، ولا كان يطلب أجرًا على سماع الحديث، وكنت إذا قرأت عليه أحاديث الرَّقائق، بكى، واتَّصل بكاؤه، فكان -وأنا صغير السِّنِّ حينئذٍ- يعمل بكاؤه في قلبي، ويبني قواعد، وكان على سمت المشايخ الذين سمعنا أوصافهم في النَّقل.
- ولقيت الشّيخ أبا منصور الجَوَالِيْقِيَّ، فكان كثير الصَّمت، شديد التَّحرِّي فيما يقول، متقنًا، محقِّقًا، وربَّما سُئل المسألة الظَّاهرة، التي يبادر بجوابها بعض غلمانه، فيتوقَّف فيها حتَّى يتيقَّن، وكان كثير الصَّوم والصَّمت، فانتفعت برؤية هذين الرَّجلين أكثر مِن انتفاعي بغيرهما ففهمت مِن هذه الحالة أنَّ الدَّليل بالفعل أرشدُ مِن الدَّليل بالقول ..
- ورأيت مشايخ كانت لهم خلواتٌ في انبساطٍ ومزاحٍ، فراحوا عن القلوب، وبدَّد تفريطهم ما جمعوا مِن العلم، فقَلَّ الانتفاع بهم في حياتهم، ونُسوا بعد مماتهم، فلا يكاد أحد يلتفت إلى مصنَّفاتهم.
فالله الله في العلم بالعمل، فإنَّه الأصل الأكبر؛ والمسكينُ كلُّ المسكينِ مَن ضاع عمره في علمٍ لم يعمل به، ففاتته لذَّات الدُّنيا وخيرات الآخرة، فقدِم مفلسًا، على قوَّة الحجَّة عليه ..
📜صيد الخاطر ١٥٨ ، ١٥٩

👍6🔥1
Есіңізде болсын, сіздің жасаған әрбір әрекетіңіз – дұға. Дұға екігі бөлінеді : фиғли (іс-әрекет арқылы) және қаули (сөзбен).
Көбіне дұғамыз қабыл болмай жатуына да себепкер осы нәрсе. Тек сөзбен дұға қылу. Мысалға Алладан салиқалы жар сұрасаңыз, соған сай әрекетті де жасауыңыз қажет. Үйде жатып, Алла алдыма бір жарды алып келеді деген бос сөз. Бұл бір ғана мысал.
Кез келген нәрседе де дұғаңыз бен ниетіңізді әрекетпен қуаттауымыз қажет.
📚Исламдағы уақыт жоспарлау

👍9❤2
«Мен өзім жұмасына екі ғана обед етем,оның өзінде де құр шәй мен нан. Киім алғаным жоқ. Киноға, вечерлерге бір мәртебе болсын деп барғаным жоқ. Күні-түні айналдырғаным-ала қағаздың беті… Хәлім осы. Сонда да қайырмаймын,бір тиыным қалғанша оқимын! Сонан соң тұрмыс қандай жүк салса да көтеремін. Бірақ, көңілім оқуда болмақ»
Сұлтанмахмұт Торайғыров
Сұлтанмахмұт Торайғыров
❤🔥9👍6❤1