Оқымысты
1.44K subscribers
63 photos
1 video
3 files
19 links
қыздарға: https://t.me/+0TzxN-B-YQg3ODRi
кері байланыс үшін: t.me/anonaskbot?start=r8mjqzvddzjiq
Download Telegram
"فصول إسلامیة" علي الطنطاوي🖌
👍4
Исламдағы әйел - қоғамдағы орны мен міндеті 📗

Бұл кітапты оқып шыққан соң қоғамның бір сұранысының орны толыққанына сенімдімін. Себебі нәзік жандыларға арналған психологиялық, тұлғалық дамуға қатысты кітаптар көп болғанымен, барлығы да ислами фильтрдан өткізуді қажет етеді. Ал бұл кітапты беймарал оқи берсе болады.)

Мұсылман қыздың кіммен қандай мәміледе болу керектігі, шариғатқа сай міндеттерін, әдептерін белгілі бір шектен шықпау қажеттігін әдемі межелермен белгілеп берген 👍

Тағы бір ұнаған тұсы: бір тақырыпта әңгіме өрбітіп жатып, "ол туралы толығырақ мына кітаптан оқып алсаң болады", - деп әртүрлі әдебиеттерге сілтеме берілуі. Ол оқырманды бұл кітаппен шектелмей ары қарай да білімін арттыруға, ізденіс жасауға деген бағыт бағдар болары сөзсіз.

Қыздар қауымы алып оқыса және де әпке-қарындасының тәрбиесіне жауапты болған тұлғалар алып оларға сыйласа "міні, мықты инвестиция" деп соны айтар едім. 🔥

Ендеше бисмилля, пайдалы білімнен құр қалмаңыздар)
🔥7👍3
📘«Послание к студенткам»

(бұл кейбір таныстарыма да ескерту)
🔥7👍1
Қайталау - аса маңызды. Не нәрсені үнемі, күнделікті жасасаңыз (тіпті бір күнде оған бірнеше сикунд қана бөлетін болсаңыз да) ми мұны маңызды әрекет қатарына қабылдап, нәтижесінде жасушаны жаңа мінез-құлық қалыптастыруға итермелейді 🧠

📓Кайзен философиясы
👍8
Кайзен философиясы.

Әрбір адамға оқуы керек болған мухим және ахамму нәрселер бар. (маңызды және маңыздырақ) Мен үшін қазір өз мамандығыма қатысты болған ілімдерді, әсіресе араб тілін оқу өте маңызды. Әрі ол күнделікті жүйеден түспеуі міндет. Десе де сол маңыздырақ болған оқуды жеңілдету, оңтайлы тәсілмен жүру үшін инструменталды кітаптарды қоса оқи жүруді жөн көремін. Бәлки, сол арқылы маңыздырақ нәрсеге жету жолы қысқарып, алар нәтиже де көбейе түсер)

Соның бірі осы кайзен филолософиясынан ақбар берген шағына ғана кітап. Тілі біраз күрделілеу, себебі ішінде бір әдістің өзіне медицина,психология, криминализм сияқты әртүрлі саладан факт, аргументтер келтіреді. Мысалдармен кайзен және индустрияның мүмкіндіктерін салыстырады 🔎

Кішкене ғана қадамдардың маңыздылығына баса назар аудару қажеттігін, сол арқылы адам нәпсісіне ауырлық салмай өзіңіз қалаған әдеттерді қалыптастырып, мақсатқа жету үшін Кайзен әдісін қолданып көруге шақырады

Бастысы нақты нұсқаулармен берілген, кәдімгідей іске асырып көретін кітап✅
👍10
ضوء المعالي📚
👍6
Хадис жаттау.

Осы уақытқа дейін хадис жаттауға қызығатын шәкірттерді көп байқадым. Алайда қалай жаттасам болады, неден бастаймын сынды сұрақтары да жоқ емес екен. Соған орай өзіміз қолданып көрген бір-екі әдісті кеңес етейін 🤓

1⃣ Бірінші курста Имам Науауидің "әт-тыбян фи әдәби хамалатиль Қур'ан" кітабын оқып бастаған болатынмын. Ол кітапта Құран оқу, оның абзалдығы, сауабы туралы өте көптеген хадистерді көрдім. Бұрын естіп жүрген қазақша хадистерді араб тілін біршама түсініңкіреп қалған кезде арабшасынан естісең басқаша сезім болады екен. Соған өте әсерленіп сол кітаптан Құран туралы біраз хадистер жаттадық)

✔️Түйін: Ең бірінші өзіңіз жақсы көретін тақырыпта, естіп жүрген хадистердің арабшасын жаттаудан бастап көріңіз.

2⃣Дәл солай, алдыңғы Рамазан айында 1 айға дедлайн қойып, бір танысыммен хадис жаттауға келістік. Күніге жатталу қажет болған максимум, минимум мөлшерді де белгілеуді ұмытпадық. Басында күніге бір хадис жаттасам мәз болып жүрген маған күніге 20-25 хадис жаттау мүмкін еместей көрінетін 😹 Алайда "бар болғаны бір-ақ айғо" деп өзімді көндіріп, нәтижесінде шамамен 700 ден аса хадиспен аяқтадық

✔️Түйін: Жаныңызға бірге хадис жаттайтын серік тауып көріңіз, отчет тапсырып, бірге жаттаған қызықты болары сөзссіз. Оның үстіне осындай игі істерде жарыспағанда қашан жарысасыз?))

3⃣Имам Науауидің "40 хадисін" жаттап біткен соң, оның шархын оқу да нәсіп болыпты. Бірақ шәкірт егер шарх кітапты өзі оқитын болса көп нәрсені кемеліне жетіп түсіне бермейді. Сол себепті ютубтан ұстазымыз Бауыржан Әлиұлының (Алла рақымымына алсын) осы кітаптан болған 63 сабақтан тұратын дәрістер топтамасын қарауды бастадым. Расымен де ғалымдар кітаптың біз байқамаған нәзік тұстарын қозғап, түсіндірмені кемеліне жеткізіп береді

✔️Түйін: Хадис жаттаудың рахаты бөлек иә. Бірақ оның шархын оқып асли мағынасын түсінгендегі хәлге жетпейді 🤍

🏷 Алда демалыс. Уақытымызды барынша Құранға, хадиске, ілімге арнауды жоспарлайық!

#хадисжаттау
👍8🤩8👏1
Кітабың көп болғаны жақсы,
Бірақ көшіп-қонғанда өкінішке орай 🥲
😁16😢3👍1💯1
Оқыған кітапқа шолу, талқы - рецензияны жаңа форматта жасаған екен 👍

сіз де оқып көріңіз
👍11❤3
Ханафи мәзхабының артықшылықтарының бірі, бір тақырыпқа қатысты болған бірнеше хадистерді біріктіріп, сүйікті Пайғамбарымыздың (саллалаһу ъалейхи уә сәләм) бірде-бір хадисін тәрк етпеудің жолын қарастырады.

📓Дәлелденген мәселелер
👍9
وضع الشیء في غیر محله فهو ظلم

«Қайсыбір нәрсені өз орнында істетпеу ол зұлымдық»

📓Дәлелденген мәселелер
👍5
👍1
Алғашқы бетінде автордың "Құрметті оқырман, Алла дінде терең түсінік берсін!", - деген тілегі жазылған, мен үшін құнды болған кітаптардың бірі 📚

Бұл кітапты әрбір діни сауаты бар адам оқу керек.Әсіресе исламтанушы студенттерге пайдалы болары сөзсіз. Ол үшін кітаптың бірнеше ерекшеліктерін қысқаша айтып кетейін:

🏷Жалпы фиқһ кітап десе болады, тек ондағы барлық бапты толық қамтымай қазіргі таңда актуалды, әрі талас-тартысқа көп алып келетін мәселелерді тарқатып жазған. Мысалы: шұлыққа мәсіх тарту, әминді сырттай айту, намаз ішінде екі қолды көтеру т.б.

🏷Мәзхаб ұстанбаушылар мен Ханафи мәзхабының дәлелдерін сызбамен берген. Әр дәлелдің жеткізушілері, қай кітапта келгені, арабша мәтіні мен аудармасы толық жазылған.

🏷 Кітаптың жазылу стильі Азамат ұстазбен өтіліп жатқан Имам Тахауидың "шарх мағаниль әсар" кітабына қатты ұқсайды. Яғни екі тараптың да дәлелдерін түгел келтіріп, соңында қорытынды жасап, қайсысы дұрыс және не үшін қуатты дейтінімізді егжей-тегжейлі баяндап береді 📌

🏷Мусталахуль хадис оқығандар болса, қорытындыдан дәлелдердің не үшін әлсіз екендігінің себебін де көре алады. Тізбектегі хадис алынбайтын адамдардың есімдері келіп, қай хадис дағиф, қай хадис мудтариб екендігіне тоқталады

🏷Усуль фиқһ қағидаларынан да біраз нәрсе тілге тиек етілген.

🏷Мәзхаб ұстанбаушылардың өз "Шейхтарының" кітаптарынан алынған өздеріне қарсы келетін пәтуалары да жоқ емес 🌝🌝🌝

🏷Тек талас-тартыс мәселесімен ғана шектелмей "қосымша ақпарат" деген бөлімдерді қосып, сол мәселеге қатысты ерекше мәліметтер жазған 💡

Автор Алтынбек Хусаинов (хафизаһуллаһу) бұл кітап біреуді қаралау, айыптау мақсатында жазылмағанын ескертіп, бәлки казақ бауырларымыздың жат ағым етегінде кетіп қалмауы мақсат етілгендігін айтады.

🎈Егер сіз де кітапты оқып, жасап жүрген амалдарыңызға қатысты іліміңізді арттырғыңыз келсе 87053802271 номеріне жазып, сатып ала аласыз. Бағасы: 2000 ₸
👍3
أین هم وأین نحن؟ سبحان الله 🥺🥺🥺

https://youtu.be/Fm49wY8hU7E
👍2
- поездға мінуді не үшін жақсы көресің?
- рахаттанып кітап оқуға мүмкіндік болғаны үшін 😹

#alaakx
😁12👍3
Ғылыммен шұғылданған адам оның пайдасын бірден көрмеуі мүмкін. Есесіне ол уақытын босқа шығын қылмай, өзін мәнсіз нәрселерден сақтайды. Осының өзі оған жеткілікті.

📒Уақыттың қадірі
👍7😍1
aiel jane ilim.pdf
8.7 MB
👋🏻 Әссаляму ъалейкум, құрметті мұсылман бауырлар!
⠀
📚Осыдан бір жыл бұрын "Әйел және Ілім" атты шағын кітабымыз оқырманға жол тартқан еді. Онда қозғалған тақырыптар:
1. Әйел және ілім
2. Ғұлама аналардың өмірбаяны.
3. Ана - тәрбие тұтқасы.
⠀
Кітап жалпы оқырманға, әсіресе ілім алуға қызуғышылық танытқан нәзік жандыларға арналады. (медресе, нмуда оқитындар оқыса нұр үстіне нұр)

Осы уақытқа дейін кітапты 200 - ге жуық адам оқып, пікір қалдырып, алғыстарын білдірген болатын.Ал бүгіннен бастап бұл кітап сатылмайды. Барынша көп адамға пайда беру мақсатында pdf нұсқасын тегін бөлісемін деп шештім

Ықыласты оқырмандардан авторға, оның ата-анасына дұға қып қоюын үміт етеміз

Раббымыз осы еңбегімізді өз құзырында қабыл етіп, халқымызға, дүние мен ақыретке пайдалы еткей! 🤲🏻

___

Бөлісуге болады 🎀
🤩35❤18🔥6👍3🥰1
"Мир студента - это его библиотека"

© Шейх Али Тантави
👍28❤12🔥2
Оқымысты
"Мир студента - это его библиотека" © Шейх Али Тантави
Үйге сырттан келген адамдар "мына Құранның бәрін нестейсің? Мешітке бермейсің бе, басқалар да оқысын" деген кездер көп болған.)

😅
😁50🥰5👍3❤1