"Қазақ ойшылдары дін туралы" деген сабақ біраз нәрсені түсіндірді негізі. Сол сабақ болар алдын кітапханаға барып, кезекті ойшылдың бар кітаптарын іздеп тауып, сабақ айту үшін емес өзімізге қызық, тың ақпарат болғаны үшін оқып шығатын едік. Осындай да дінге қатысты өлеңдері бар екенғой, қалай дөп айтқан деп таңданысымызды жасыра алмай әсерленген күйде кеп сабақ айтып бересің тағы)
Мықты исламтанушы болу үшін ислам ілімдерін ғана оқу жеткіліксіз екен
Тарих оқу керек, әдебиет оқу керек. Оның бәрі тұнған қазына...
Жалпы оқитын нәрсе жетеді.
Сосын оқымысты болмай көр)
Мықты исламтанушы болу үшін ислам ілімдерін ғана оқу жеткіліксіз екен
Тарих оқу керек, әдебиет оқу керек. Оның бәрі тұнған қазына...
Жалпы оқитын нәрсе жетеді.
👍22🔥5👏2😁2🤩1
Ілім алған әрбір сәт мен үшін маңызды 🍂
Осы кезге дейін 10-нан аса канал ашып, дамытып, пәленбай оқырман жинап, кейін өшіріп не басқа біреуге беріп жіберетінмін. Осы соңғы канал деп үміт етем)
Бұл каналды ашудағы мақсат не оқып жатқандығымды салу немесе үзінді келтіру, рецензия жазу болатын. Себебі қазіргі ілім жолым - менің өмірімнің алтын кезеңінің бірі. Ертең ақ көзді ашып жұмғанша өте шығатын 4 жылдың осында әдемі естеліктермен сақталғанын қалаймын. Қай уақытта, қай ұстазбен не оқығаным, одан түйгенім, алған пайдам т.с.с.
Оқу бітіріп кеткен аға-әпкелерімізден көп естігенім мына сөздер : қанша дегенмен бакалаврда оқыған кезге ештеңе жетпейді. Періштелер қанатын жаятын, қажетіңді Раббың бірден өтеп қоятын, алаңсыз ілім алатын шағың. Ал оны бітірген соң бәрі басқаша болады..." 🥲
Естелікке болған соң кітапты/дәрісті суретке түсіріп салу да мен үшін маңызды.(рия басқа деп қаралап жүрмең 😹)
Бір жағынан мен әзірге студентпін. Біреуге ақылды бірдеңе айтатындай дәрежеге жетпегендіктен кітап үзінділерімен, авторлардың сөздерін жазумен шектелгенім дұрыс болар.
Ал атауы не үшін "оқымысты?" Ештеңе оқымай қалып жатсам "неге каналыңды оқымысты деп қойдың? Ендеше бар да сабақ оқып атыңа затыңды сай қыл" деп өзіме ұрысу үшін))
интәхә 🙂
Осы кезге дейін 10-нан аса канал ашып, дамытып, пәленбай оқырман жинап, кейін өшіріп не басқа біреуге беріп жіберетінмін. Осы соңғы канал деп үміт етем)
Бұл каналды ашудағы мақсат не оқып жатқандығымды салу немесе үзінді келтіру, рецензия жазу болатын. Себебі қазіргі ілім жолым - менің өмірімнің алтын кезеңінің бірі. Ертең ақ көзді ашып жұмғанша өте шығатын 4 жылдың осында әдемі естеліктермен сақталғанын қалаймын. Қай уақытта, қай ұстазбен не оқығаным, одан түйгенім, алған пайдам т.с.с.
Оқу бітіріп кеткен аға-әпкелерімізден көп естігенім мына сөздер : қанша дегенмен бакалаврда оқыған кезге ештеңе жетпейді. Періштелер қанатын жаятын, қажетіңді Раббың бірден өтеп қоятын, алаңсыз ілім алатын шағың. Ал оны бітірген соң бәрі басқаша болады..." 🥲
Естелікке болған соң кітапты/дәрісті суретке түсіріп салу да мен үшін маңызды.
Бір жағынан мен әзірге студентпін. Біреуге ақылды бірдеңе айтатындай дәрежеге жетпегендіктен кітап үзінділерімен, авторлардың сөздерін жазумен шектелгенім дұрыс болар.
Ал атауы не үшін "оқымысты?" Ештеңе оқымай қалып жатсам "неге каналыңды оқымысты деп қойдың? Ендеше бар да сабақ оқып атыңа затыңды сай қыл" деп өзіме ұрысу үшін))
интәхә 🙂
👍37🥰11❤2
АҚШ-тың профессор, докторы Моран Церф бастаған ғалымдар тобы бірге уақыт өткізген адамдардың ми толқындары уақыт өте келе бір-біріне ұқсай бастайтындығын анықтаған.
"Бірге уақыт өткізген адамдардың милары да бір-біріне сай келеді", - деген профессор Моран Церф екі апта ғана бірдей фильм көрген, бірдей кітап оқыған, ортақ тәжірибелерімен бөліскен және бір-бірімен ғана әңгімелескен екі адамның сөздері, сезімдері, көзқарастары бірдей дамитынына көз жеткізген. Зерттеу жұмысының нәтижесінде профессор Моран Церф : «Өміріңде қабылданатын ең дұрыс шешім - кіммен уақыт өткізетініңді саналы түрде таңдау», - деп қорытындылайды.
Хикметке толы дініміз бұл қорытындыны бізге 14 ғасыр бұрын жеткізіп қойған. Қасиетті Құран Кәрімнің "Тәубе" сүресінің 119-аятында былай делінген :
«Уа, иман еткендер! Аллаға тиісінше тағзым етіңдер әрі Оған қарсы келуден барынша сақтаныңдар, сондай-ақ (ісі де, сөзі де түзу, Аллаға берген уәделеріне берік) шыншылдармен бірге болыңдар!»
Имам әл Ғазали де (рахимаһуллаһ) : Мұсылман емес, пасық, ғапылдармен бірге болу сананың ұқсауына, ал сананың ұқсауы уақыт өте келе көңілдерінің бір болуына әкеп соғады. Бұл болса, адамды бара-бара құрдымға апарады, - деген.
Ендеше ортамызға мұқият болғанымыз жөн. Осыны ескерген қазақ "Ұлың өссе, ұлы жақсымен ауылдас бол, қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол" деп бекерге айтпаса керек.
📘Ғажайып ми

👍31🔥7❤3🤩2
ینبغي للإنسان أن یعلم أن أعزّ الأشیاء شیئان: قلبه ووقته، فإذا أهمل وقته وضیّع قلبه ذهبت منه الفوائد.
📙حفظ العمر، ٥۹ ص
📙حفظ العمر، ٥۹ ص
👍13😢2🔥1
Барлық ілімді оқығанда, кітап авторымен танысқанда, кез келген адамды зерттеуде міндетті түрде ол адамның өмір сүрген заманын, сол уақытта болған оқиғаларды, тарихты білу керек, ол өте маңызды. Сіз сол замандағы тарихты жақсы білсеңіз, ол уақыттағы тарих сахнасында сіздің кейіпкеріңіз қай рольде ойнағанан білсеңіз – сонда ғана ол ғалымның хақиқи бейнесін ортаға шығара аласыз
#дәрістен
#дәрістен
👍21🔥3
Арабша кітаптардың бір ерекшелігі - муқаддимада жазылған хамдтан ақ, ары қарай кітаптың не туралы екенін біле аласың 😅
[себебі кейде сол нәрсеге ишарат жасалып хамд айтылады]
😁12❤1👍1
فصل: أنفعُ المشايخ في صُحبته العامل بعلمه ..
- لقيت مشايخ، أحوالهم مختلفة، يتفاوتون في مقاديرهم في العلم، وكان أنفعهم لي في صحبته العامل منهم بعلمه، وإن كان غيره أعلم منه.
- ولقيت جماعةً مِن علماء الحديث يحفظون ويعرفون، ولكنّهم كانوا يتسامحون بغيبةٍ يخرجونها مخرج جرحٍ وتعديلٍ، ويأخذون على قراءة الحديث أجرةً، ويسرعون بالجواب، لئلَّا ينكسر الجاه، وإن وقع خطأ.
- ولقيت عبد الوهاب الأنماطيَّ، فكان على قانون السَّلف، لم تُسمع في مجلسه غيبةٌ، ولا كان يطلب أجرًا على سماع الحديث، وكنت إذا قرأت عليه أحاديث الرَّقائق، بكى، واتَّصل بكاؤه، فكان -وأنا صغير السِّنِّ حينئذٍ- يعمل بكاؤه في قلبي، ويبني قواعد، وكان على سمت المشايخ الذين سمعنا أوصافهم في النَّقل.
- ولقيت الشّيخ أبا منصور الجَوَالِيْقِيَّ، فكان كثير الصَّمت، شديد التَّحرِّي فيما يقول، متقنًا، محقِّقًا، وربَّما سُئل المسألة الظَّاهرة، التي يبادر بجوابها بعض غلمانه، فيتوقَّف فيها حتَّى يتيقَّن، وكان كثير الصَّوم والصَّمت، فانتفعت برؤية هذين الرَّجلين أكثر مِن انتفاعي بغيرهما ففهمت مِن هذه الحالة أنَّ الدَّليل بالفعل أرشدُ مِن الدَّليل بالقول ..
- ورأيت مشايخ كانت لهم خلواتٌ في انبساطٍ ومزاحٍ، فراحوا عن القلوب، وبدَّد تفريطهم ما جمعوا مِن العلم، فقَلَّ الانتفاع بهم في حياتهم، ونُسوا بعد مماتهم، فلا يكاد أحد يلتفت إلى مصنَّفاتهم.
فالله الله في العلم بالعمل، فإنَّه الأصل الأكبر؛ والمسكينُ كلُّ المسكينِ مَن ضاع عمره في علمٍ لم يعمل به، ففاتته لذَّات الدُّنيا وخيرات الآخرة، فقدِم مفلسًا، على قوَّة الحجَّة عليه ..
📜صيد الخاطر ١٥٨ ، ١٥٩

👍6🔥1
Есіңізде болсын, сіздің жасаған әрбір әрекетіңіз – дұға. Дұға екігі бөлінеді : фиғли (іс-әрекет арқылы) және қаули (сөзбен).
Көбіне дұғамыз қабыл болмай жатуына да себепкер осы нәрсе. Тек сөзбен дұға қылу. Мысалға Алладан салиқалы жар сұрасаңыз, соған сай әрекетті де жасауыңыз қажет. Үйде жатып, Алла алдыма бір жарды алып келеді деген бос сөз. Бұл бір ғана мысал.
Кез келген нәрседе де дұғаңыз бен ниетіңізді әрекетпен қуаттауымыз қажет.
📚Исламдағы уақыт жоспарлау

👍9❤2
«Мен өзім жұмасына екі ғана обед етем,оның өзінде де құр шәй мен нан. Киім алғаным жоқ. Киноға, вечерлерге бір мәртебе болсын деп барғаным жоқ. Күні-түні айналдырғаным-ала қағаздың беті… Хәлім осы. Сонда да қайырмаймын,бір тиыным қалғанша оқимын! Сонан соң тұрмыс қандай жүк салса да көтеремін. Бірақ, көңілім оқуда болмақ»
Сұлтанмахмұт Торайғыров
Сұлтанмахмұт Торайғыров
❤🔥9👍6❤1
1⃣ "Сестра, жизнь - мгновенье, которое не вернуть"
2⃣ "Послание к студенткам"
3⃣ "Последнее путешествие"
✔️Қыз балдарға бағытталып жазылған бұл кітаптарды әпке-сіңлілеріме оқып шығуға кеңес беремін. Өзім оқып шықтым. Не туралы екенін білгіңіз келсе кітаптың үстін басып жазылған рецензияны оқи аласыз
Уақыт алатын көп бетті құрамайтын шағын әрі пайдалы еңбектер. Тіпті үшеуін қосқанда бір шәй үстінде оқып тастасаңыз болады.)
Кейінге қалдырмаңыз! 😉

Telegram
📚Книги библиофила
📕«Сестра, жизнь – мгновенье, которое не вернуть.»
Книга с наставлениями для сестёр о ценности времени, причинах праздности мусульманки, о том, что помогает беречь и плодотворно использовать своё время и как женщина может с пользой распоряжаться своим временем.…

👍5❤1
Оқымысты
Осы оқу жылының соңғы, санаулы күндері ⏳ #қимаймыз
Кеше ғана оқу жылы аяқталып жатыр еді, енді міне басталуына аз қалды.
Уақыт неткен жылдам иә?)
Жаз - мен үшін өткен жылы өткен сабақтарды қайталау мен келесі жылғы өтетін сабақтарға алдын ала дайындалудан тұрады. Бұл кейін университет сабағымен шектелмей қосымшаға көңіл бөлу үшін де мүмкіндік)
Сол үшін муроджаъа мен мутоляғада сөзсіз үлкен пайда бар дер едім. Егер сіз жаз бойы білімнен қол үзіп қалсаңыз , сабаққа барғанда тіпті өткен жылы не оқығаныңызды ұмытыңқырап, оны тағы "восстановить" етемін дегенше біраз уақыт кетіріп аласыз
Әсіресе тіл үйренуде дауамдылық керек.
Үйдегілер кейде жұрттың балдары тоғыз ай оқып үш ай демалысқа келетінін айтып, ал менің 12 ай бойы кітаптарыммен әуре болып жүретініме "сендердің оқуларыңда осы демалыс жоқ па?" дейтіні бар.)
😅

👍7😁2
Білесің бе, ақшаға қатысты ең бірінші меңгеруің керек машық не екенін? Ең бірінші ақшаны табуды емес,оны жаратуды үйренуің керек. Студенттік шақ – осы бір машықты меңгеруге керемет мүмкіндік. Аз ақшаны көп нәрсеге жеткізуді үйрен
Студенттің ақшасы мынадай деңгейде болуы керек деп ойлаймын: бір жағынан аш қалмай, екінші жағынан қарны тоймай жүруі керек. Себебі тоқ адамға білім қонбайды.
📘"Қаржы қағидалары"
✍ Данияр Жігітбек

👍6❤3
Данияр аға өзінің "қаржы қағидалары" кітабының бір бөлігіне "студенттің жұмыс жасағаны дұрыс па?" деген тақырып арнаған екен. Әрі ол туралы өте жақсы айтыпты:
Меніңше, студент атанған екенсің (ізденуші, білім талап етуші), атыңа лайық боп, білім алуды ғана уайым қылуың керек. Жұмыс істеп үлгересің әлі. Ата-анаң жағдайыңды жасап жатса жұмыс істеудің қажеті жоқ деп ойлаймын. Қай универде оқысаң да, оқуға берілгенің сондай, жұмыс жайлы ойлануға уақытың да, күшің де қалмау керек қой. Студенттік жылдар өміріңдегі ең көп кітап оқыған шағыңа айналсыншы. Мысалы, болашақ саясаттанушы саясат жайлы үздік 300 кітапты, болашақ филолог шетел әдебиетінің үздік 300 шығармасын, болашақ қаржыгер қаржы жайлы 300 еңбекті оқып шығуды мақсат етсін. Артық білім кітапта.Осыншама кітапты оқып бітірген студенттің ой-өрісі,білім деңгейі қандай болатынын елестете бер. Ал жұмыс жайлы үшінші курстан кейін ойлана бастағаның дұрыс. Жұмыс тапсаң да, ол оқып жатқан салаңа қатысты және ниетің бірінші кезекте ақша табу емес, тәжірибе жинау болуы керек."
Азамат ұстазымыз (хафизахуллаһу) "риядуссолихиннен" болған бір дәрісте асхабу суффаның ілім талап ету кезіндегі материялдық жағдайының қалай болғанын айтып жатып осы мәселені қозғаған еді. Біздің студенттердің білімде жетістікке жетпеуінің бір себебі - олардың оқумен қоса жұмыс істеуі екендігін баса айтты :
«Ата-анасын асырауы қажет болған не үйленген студенттерді есептемегенде , қалғандары бұл шақта барынша ілімге ден қою керек. Егер ол да жұмыс жасайтын болса тапқанына су ішіп жүре беруге болатын жерде сок алады, сорпа ішіп жүре беретін жерде ол ет жегісі келеді. Сонымен не дүние жимайды, не білім алмайды, былайша айтқанда екі кеменің басын ұстаймын деп суға кетушілерден болады. Ал біздің формула - бір стипендияны аласың да бір айға жайып жібересің. Алла өзі берекесін беріп қояды. Главный ауырып не өліп қалмайтындай деңгейде болсаң болды», - деп еді. 😄
Бірақ әрине қаржылық сауаттылық әркімге керек білім. Ол туралы кітап іздеп жүрсеңіз - мінекей! тауфиқ)

👍9
Оқымысты
Данияр аға өзінің "қаржы қағидалары" кітабының бір бөлігіне "студенттің жұмыс жасағаны дұрыс па?" деген тақырып арнаған екен. Әрі ол туралы өте жақсы айтыпты: Меніңше, студент атанған екенсің (ізденуші, білім талап етуші), атыңа лайық боп, білім алуды ғана…
Доктор Салах Әбул Хаж حفظه الله өзінің "әл бәхджәту әл уәрдияту филь хаятиззәуджия" атты кітабының "әл истиъдаду лилхаяти зәуджия" бөлімінде ер мен әйелдің некеге қалай дайындалу керек екендігіне тоқталып, ер адамның кәсіп етіп, мал табуға қауқарлы болуын бірінші жазады. Сондықтан студент бола тұра үйленем дейтін адамның жағдайы жоғарыдағы жазбадан тыс деп ойлаймын.)
👍5
Көп ұйқы - жүректі өлтіреді, денеге ауырлық туғызады, уақытты тарылтады және ғапылдық пен жалқаулыққа алып келеді
Ұйқының ең пайдалысы - қатты ұйқы қысып тұрғанда ұйықтау. Әрі түннің алғашқы бөлігіндегі ұйқы - соңғы бөлігіне қарағанда пайдалырақ әрі мақтаулы. Ал күннің ортаңғы бөлігіндегі ұйқы қалған екі тарапына қарағанда пайдалырақ (әуелгі , соңғы тарапына қарағанда) . Ал егер ұйқы күндіздің алғашқы және соңғы бөлігіне сай келер болса пайдасы аз, бәлки зияны көбірек болады.
Таң намазы мен күн шығудың арасында ұйықтау - ұнамсыз амал. Себебі ол сол күнді ашатын уақыт. Ризықтар түсіріліп, береке кіретін сәт.
#арабшаканалдан

❤14👍3
إذ ما الحاجة إلى إعداد درس سيتكفل المدرس بتقديمه على أكمل وجه ومن أيسر سبيل؟! ...
والمربون أصحاب الخبرة يقولون لك:
إنّ "إعداد" الدرس من قبل الطالب هو أقوم سبيل لمن يروم الدراسة النافعة. فمن المسلّم به أنه كلما ازداد ما تعرفه عن درسك المقبل، ازدادت فائدتك منه.
إنّ غيرك من الذين لم يعدّوا دروسهم سيأتون في اليوم التالي خاوين خالين، بينما تأتي أنت مثقلا بالأسئلة.
"ومن كان عنده سؤال كان له هدف" كما يقولون.
📗فنّ الدراسة
٣٦ ص

👍5🔥2
ثم إنّ هناك أمورا أخرى تتعلق بالحصة قد تبدو لك قليلة الأهمية، ولكنها ليست كذلك... منها:
▪️أن تدخل إلى قاعة الدرس قبل الوقت المحدد لتطمئنّ في مكانك، وتأخذ أهبتك للتلقي.
▪️وأن تستشعر وأنت تدخل هذا المكان الجليل، فضل الله ونعمته عليك... إذ أتاح لك ما لم يتح للكثير من أمثالك.
▪️و أن تعلم أنّ من حق النعمة أن تشكر، وأن شكرها لا يتم إلا إذا استعملت فيما خلقت له.
▪️وأن تدرك أن هذا المكان يختلف كثيرا عن الأماكن الأخرى من حيث حرمته، وغاياته، وطريقة السلوك فيه.
📗فنّ الدراسة
٤٥ ص

🔥3❤2👍1