Оқымысты
1.45K subscribers
69 photos
1 video
3 files
19 links
қыздарға: https://t.me/+0TzxN-B-YQg3ODRi
кері байланыс үшін: t.me/anonaskbot?start=r8mjqzvddzjiq
Download Telegram
Сұрақ қою - жеңіл бір нәрсе емес. Ол тәжірибені, уақытты, ізденісті қажет етеді. Бірақ оның жемісі мол әрі оны қолданған адамға жеңілдік алып келері сөзсіз.

Сондықтан егер кітаптағы тақырыптардың алдында не соңында автордың сұрақтарын табар болсаң, оған жауап беру саған міндет болады.

Әрі мынаны үнемі жадыңда ұста : "кімде сұрақ болса оның бір мақсаты бар".

📗"Фәнну дироса"
👍13🔥3
Көптеген шәкірттер қайталауды емтиханның алдына қалдырады. Ал біз оларға айтамыз:

Иә бұл ақырғы қайталау жасауға ең абзал уақыт. Бірақ алғашқы емес.)

😄

#фәннудироса
😁10👍6🔥1
قالت لبابة المتعبدة : إني لأستحى من الله تعالى أن يراني مشتغلة بغيره

📔مواعظ الصالحين والصالحات
👍5😢1
📗"Фәнну дироса" кітабы.
✍Авторы : Абдурахман Рафәт Әл-Бәшә (رحمه الله)

Шағын кітап болса да жалпы ілім талап етудегі маңызды тақырыптарды қамтиды.

Ілім жолында күндік жоспар құрудан бастап үйретіп, қалай дұрыс оқу керек, ілімді кезең-кезеңмен алудың маңыздылығын баяндайды. Сабаққа дайындалу, ден қойып тыңдау, сұрақтар дайындау мен қайталау тақырыптары кеңірек ашылған. Әсіресе қайталауға ерекше тоқталып ол маңызды 5 әдісті қамтитынын, оны қалай жүзеге асыру керектігіңді жазады. Аса ұнатпайтын пәніңе өзіңді қалай ынталандыруға болатындығы туралы әдістер де бар.

Автор "уа шәкірт балаларым" деп тікелей саған айтып отырғанын білдіру арқылы кітапты сергек оқуға итермелейді. Нақ жанашырлықпен жазылғанын сезесің іштей 🤍
🔥14👍7❤5
إن حال المرأة مبني على الضعف، وحال الرجل مبني على القوة. فإن كان الرجل متديّنا رحم المرأة ولم يظلمها ويتجبر ويتحكّم بها

📕البهجة الوردية في الحياة الزوجية
١٠٣ ص
❤6👍6
Хасан әл-Басри (рахимаһуллаһ):
"Егер де ілімнің бейнесі болса - ол бейне күн мен айдан, жұлдыздар мен аспаннан да сұлу болар еді"

📖مواعظ الصالحين والصالحات

🌻
👍23❤9🔥1
Кітаптарды шамаң келгенше сатып ал, әшекей әйелдердің сәні болғаны секілді, кітаптар да ерлердің сәні...)
🔥23👍7❤6🤩3
Ихтияр 📚🤍

P/s: менің қолыма тиген кітап - екінші бір адамға оқуға жарамай қалады.

😅
😁16👍14❤7😢3
💔
👍5❤4😢4
Имам мен ұюшы тақырыбы - көптеген толибтардың қателесетін, адамдар сауал қойса жауап бере алмайтын тақырыптарының бірі.
Сондықтан бұл баппен мухтамма болу сендерге міндет.

(с) Нұржан ұстаз

(ұстаз да, шәкірттер де қазақ.Бірақ кітап арабша шархталып, сұрақтар арабша қойылуда. Бөлек атмосфера)

#любаб
🔥12👍10❤2
Ғалымды жақсы көру - оның кітаптарын оқумен болады 🤍
❤32👍9❤‍🔥3🕊3
Шәкәрім атамыз "мұсылмандық шарты" кітабында фиқһ мәселесінде судың түрлерімен бастаса, Ыбырай Алтынсариннің "мұсылманшылдық тұтқасы" бірден дәрет-ғұсылмен басталады.

Бейнебір марақиль фалях пен қудури оқығандай болдым 🤓

Ол кісілер осы бір кітаптарында ақида, фиқһ, жақсы мінез құлық бәрін қамтып халыққа түсінікті тілде жеткізуге тырысқан жандар ғой.

Алла оларды рақымына бөлесін 🤍
👍33❤‍🔥16🤩6❤1😍1
📚Ниет
👍21🔥2🤩1
Сахабалар Алла елшісінің (саллаллаһу ъалейһи уә сәлам) жүріс-тұрысын, киім киісін, айтқан сөзін, бәрі - бәрін назардан тыс қалдырмай, егер бірдеңе тыс қалса оны қасірет көрген.

Осы нәрсеге сахабалардың басымдық бергені секілді , біз де қазір өзіміз үлгі тұтып, ізінен еріп жүрген тұлға-ұстаздарымыздың қасында көп жүріп , жасаған әрекеттеріне ерекше көңіл бөлуіміз керек. Олардан пайда алып қалу үшін ✨

#шәмәилдәрісінен
👍13💯5❤‍🔥2🕊2
Шәмәил Мухаммадиядан хадистер оқығанымда Алла елшісінің (саллалаһу ъалейһи уә сәлам) киімін , су ішкен тостағанын сахабалар тәбәрук ретінде сақтауға ерекше мән бергенін байқадым.

Түйгенім: менің қолымда сақтайтындай ол кісінің материялдық бір мұрасы болмаса да,  рухани мұрасы ілім бар. Демек оны сақтауға , кейінгі ұрпаққа дұрыс күйде жеткізуге әрекет етуім керек...
👍31❤‍🔥5🔥2🕊2
Жаттаған Құранды қайталаудың ең жақсы жолы - бес уақыт намазда оқу.

Иә, бәлкім күнделікті жаттағаныңды білікті ұстазыңа тапсыратын шығарсың. Бірақ , Құран - ол Раббымыздың сөзі. Демек намазыңда жаттаған сүреңді оқуың - жаттағаныңды Аллаһқа тапсырғаның деп біл.

#бүгінестігеннасихаттан
❤‍🔥22👍17❤6😢4🔥2🕊1
Ілім хаққысында көптеген кітаптар оқып жатырмыз, бірақ әдеп туралы қанша кітап оқыдық?

Расында ілім мен әдеп қатар алынуы керек екендігін ескеріп "القول الصائب في آداب الطالب" кітабын оқып шықтық.📗

Бұл кітапта осыған дейін оқыған әдеп кітаптарымда кездестірмеген мәселелерді байқадым: дәріске өзіміз не бірнеше адам болып кешігіп келсек не істейміз? Сабақ барысында ұстазға сұрақ қою, кітапты қарызға алу.т.б

Есімде қалған әдемі ъибара Абдуллаһ ибн Муътаздың айтқаны:
"Жердің төмендеуі оған су толғаннан болатыны секілді, ілім талап етушідегі кішіпейілдік - оның білімі толысқаннан болады" 🤍

#біріншікітап
👍17❤‍🔥5🔥3❤1
Құранды пысық жаттауға ең жақсы мекен ,ол - мешіт. Себебі адам мешітте құран жаттайтын болса, үш құралды сақтайды:

1) Көзі - харамды көрмейді
2) Құлағы Аллаһ Тағаланы разы қылмайтын сөздерді естімейді
3) Тілі - тек жақсы нәрсе сөйлейді.

Бұл үшеуі Құран жаттаушының құралы. Егер осылар сау, таза болса Құранды да тез әрі пысық жаттайды.

📚"كيف تحفظ القرآن الكريم"
👍43❤‍🔥5🕊5🔥2
жүректі елжіретті ғой... 🥹

#нәсіпболғай
💔6❤‍🔥2👍1
"كيف تحفظ القرآن الكريم" 📚

Құран жаттаушыға арналған өте керемет кітап 🫶

Ерекшелігі: құран жаттау барысында ескеру керек 19 алтын қағиданы келтіреді. Егер соны жақсы түсініп , жаттауда қолдансақ үлкен жетістікке жетерміз анық ✨

Алған пайдалар:

✅ Құрап жаттаушы мусхафын мүмкіндігінше ауыстырмай бір мусхафқа бекітілу керек. Себебі беттері, аяттардың орыны әртүрлі жерде болуы мүмкін. Ол жаттағанына шатасу туғызады.

✅ Жаттайтын беттің басы мен соңғы аятына ерекше мән беру керек.

✅ Көп шәкірттер жіберетін қателік бірден жаттауға кірісетіндері. Ал негізінде бірінші тасхихуль қиро'ә -мен жұмыс жасау керек

✅ Күніге үздіксіз құран жаттаушы аптасына бір не екі күн демалыс алса болады. Бұл оның құран жаттауға жаңа серпінмен, белсенділікпен оралуына септігін тигізеді және т.б.

Кітапты барша Құран жаттауға қызығушы жандар оқуы ләзім деп білемін 📌

#екіншікітап
#әліақ_жетіп_аламыз)
👍26❤‍🔥5❤3🔥3😁2💯2