Оқымысты
1.44K subscribers
63 photos
1 video
3 files
19 links
қыздарға: https://t.me/+0TzxN-B-YQg3ODRi
кері байланыс үшін: t.me/anonaskbot?start=r8mjqzvddzjiq
Download Telegram
Егер бір бет Құран жаттау үшін бес-алты сағатқа мұқтаж болсаң, сен оны қиын көріп, сынып қалма.

Себебі бір адамдар бар, бір бетті бір-ақ сағатта жаттап алатын. Бірақ қалған уақытында әлеуметтік желі сынды уақытын бос кетіретін нәрселермен шұғылданып қалады.

Ал саған хифз бірден берілмесе де, ұзақ уақыт тырыса беретін болсаң, сол арқылы Раббым менің көбірек Құранмен уақыт өткізуіме мүмкіндік беріп қойды деген оймен қарайтын болсаң, бір күні саған да сен күтпеген ілімнің есіктері ашылады

Тек иджтиһадыңнан тайма...

#ұстаздан
❤36👍19❤‍🔥3🔥2😢2🤩1
Бір кітапты екі,үш ай оқып Қадір түні болуы ықтимал бір түні тәмәмдайсың, ал автор соңында бұл кітапты бірнеше жыл бұрын қадір түні жазып бітіргенін баяндайды...

Ілім талап етуші ризықты уайымдамай , Аллаға тәуекел етуі қажеттігі туралы бір ғалымның кітабын оқып отырасың , и вдруг саған күтпеген жерден ризық келеді...

Бір фиқһ кітаптан мәселе оқыдың, кейін соның түсіңде амалға асқан түрін көресің...

(не деген сәйкестіктер?)

Әр кітабыммен осындай ерекше естеліктердің қалуы - кітапқа деген махаббаттымды сөзсіз арттырады 💔
❤30👍8❤‍🔥2🤓2
Білім – ризық.
👍18💯4❤3🕊2
Зікір айту болсын, нәпіл ораза ұстау болсын, тәхәжудке тұру, иътикафта болу - барлығының фундаментін осы ілім жолында жүргендеріңізде тұрғызып алыңыздар.

Нағыз пайдаланатын уақыт осы. Ертең біреудің анасы, біреудің жұбайы, біреудің келіні боласыздар. Ол кезде фундамент тұрғызу қиын, бірақ осындай ізгі амалдарыңыздың негізі қазірден қаланса - алып жүру оңай болады

[Жалғас ұстаз]
👍29❤6
"Емтихандар бітті, енді демалып кино көрейік" ,- деп жүрген шәкірттер аз емес шығар?) 😸

Ал мен көруге мына бір подкастты кеңес етер едім ⤵️

https://youtu.be/5G-w9lnP8Kc

Бәрібір де ғалымдар туралы, ілім алу туралы айтылған мәжілістерге ештеңе жетпейді!
👍11🔥3❤2
Біздің араб тілін тереңірек меңгеруіміз - халықтың дінді дұрыс үйренуіне тікелей әсер етеді.

[подкасттан]
🔥13👍10❤5
Толиб өзінің жеріндегі ғалымдардың ілімін тауысуы керек. Солардың ижазаларын алып алуы керек. Одан кейін барып қана шетелге шықса болады.
Бұл - толиб үшін ең үлкен әдептерден.

подкасттан
👍22🔥3
Осы жылдың әдемі нүктесі. Альхамдулилля 🤍

Иджазадағы тізбекте Шейх Нуруддин Итр (рахимаһуллаһ) Усама әл-Азһари (хафизаһуллаһ) сынды ғалымдар бар екен. Алла Тағала бізге ғалымдармен бірге тірілуді нәсіп етсін 🥹
🤩25❤‍🔥10❤9👍7🔥5🤓2
Адамның білімі аз болса да, оны мына төрт нәрсе жоғары көтереді:

1. Жұмсақтық
2. Қарапайымдылық
3. Жомарттық
4. Көркем мінез

Жунейд әл-Бағдади

Ілім жолында жүрмесе де мінезі көркем жандарға қызыға да қызғана қараймын..
❤38👍10😢6❤‍🔥4🔥4
وَوَصَّيْنَا الْإِنسَانَ بِوَالِدَيْهِ حَمَلَتْهُ أُمُّهُ وَهْنًا عَلَىٰ وَهْنٍ وَفِصَالُهُ فِي عَامَيْنِ أَنِ اشْكُرْ لِي وَلِوَالِدَيْكَ إِلَيَّ الْمَصِيرُ

Біз адам баласына ата-анасына барынша жақсылық жасауды бұйырдық. Анасы оны әлсіреген үстіне әлсіреп, қинала жүріп (тоғыз ай бойы) көтерді. Оның емшектен шығуы да екі жыл алады. Ендеше: «(Уа, адам баласы!) Маған және ата-анаңа шүкіршілік ет! Ақыр соңында Маған қайтасың (және істеген істерің үшін жауап бересің)»   
Луқман сүресі, 14-аят.

Біздің көпшілігіміз мән бермейтін бірақ маңызды істердің бірі - биррул уәлидәин

Тауфиқтың ең үлкен есіктерінен болып саналатын ата-анаға жақсылық жасау бізге қандай ұлы істерді жасауға себеп боларын білсек оған селқос қарамас едік.

Шейх Әдһам әл-Асыми (хафизаһуллаһ) дәрістерінің бірінде бір кісінің оқиғасын баяндап берген еді:
    Ол кісі әбден шаршап, ауыр бір күнді өткізіп үйіне келгенде әкесінің жөтеліп жатқанын естиді. Сөйтіп "барып демалайын ба?" "әлде дәрі апарып берсем бе екен?"- деген екі ойды ойлап , екіншісін таңдайды. Әкесіне дәрі апарып беріп оның ризалығын алған соң, өзінен түнгі намаз оқуға деген ерекше құлшынысты сезеді. Өзі шаршап келген еді. Өзін ұйқы басып тұрған еді. Сонда бұл ықылас қайдан келді? Уаллаһи, бұл әлгі әкесіне қылған жақсылықтан. Сол уақыттан бастап ол 20 жыл бойы түнгі намазын үзбеген екен. Ата-анасына қылған бір ғана жақсылық себепті Аллаһ Тағала оған түнгі намаздың ләззатын беріп қойды.

@nazerkezhan бауырым айтқандай, Аллаһ Тағала бір нәрсеге міндеттесе, бұйырса демек оның сұрауы бар. Ал сұрауы бар нәрсенің сауабы да бар, құлшылық деген сөз.

Көпшілік студенттер қазір демалыста, отбасының жанында. Ендеше барынша ата-ананың қызметінде болып, жақсылық қылып, дұғасын алып қалудың таптырмас сәті. "Демалысқа келіп сабақ оқи алмай қалдым" деп налымаңыз. Бәлкім ата-анаңыздың "оқуыңда озат бол, халқыңның қалаулы азамат-азаматшасы бол" деген батасы сізге оқуда биік белестерді бағындыруға себеп болар, қайдан білесіз?!

Психолог,коучтар айтқандай ата-ананың разылығын алуға тек ақша патогыңды ашу үшін, дүниелік мансапқа қол жеткізу үшін емес, сенің имани күшті болып, ғибадаттың ләззатын сезіп, ілімің артуына Алла тауфиқ беруі үшін - тырыс.

Хаким болған Раббымыз бұйырған істе сөзсіз һайыр бар
👍20❤3🔥2🕊1💯1
Байқасаңыз, аятта ата-анаға жақсылық қылуды бұйырған соң ананың бізді дүниеге әкеліп өсіру үшін қандай кезеңдерден өткені баяндалған.

Расында Аллаһ Тағала ананың баланы өсіріп тәрбиелеудегі машақатын, әлсіреген үстіне әлсіреп құрсағында көтергенін зікір етуінің себебі Ибн Кәсирдің тәпсірінде - "бала, оған алдын қылған анасының жақсылығын еске алу үшін"- деп келеді.(3/429)

Ал Аллаға және ата-анаға шүкір етуге келетін болсақ, ол туралы Суфян ибн Уяйна : Кім бес уақыт намаз оқыса - Аллаһ Тағалаға шүкір еткен болады, кім намаздарының артынша ата-анасына дұға қылатын болса, ол екеуіне шүкір еткен болады" - дейді

📖|Тәфсиру Қуртуби,16/465
❤18👍7❤‍🔥1🔥1
Білімнің белгілі бір дәрежесіне жеткенде өзіңді түсінетін адамдармен элиталы топ болып алмай қарапайым халыққа да рахым нұрын шаш. Яғни білімді.

(с) бір кісі
🔥23👍13❤5💯2❤‍🔥1🕊1
Ең мықты шарх кітаптар көбіне мәтіннің авторы өзі шархтаған кітап болады. Мысалы "қотруннадаға" жазылған басқа шархтарға қарағанда Ибн Һишамның шархы қуаттырақ. Себебі сен кітапты оқығанда түсіндірме жасаушының "му'әллиф бұл сөзімен мынаны меңзеді" деген сөздерін көресің. Ал бұл зонни ғана. Мүмкін оның меңзегені басқа шығар?) Ал автордың өзінің шархын оқығанда "мен бұл сөзбен осыны меңзедім" деген нақты жауап келеді. Әрі бұл сөзсіз қуаттырақ.

©Шейх Әдһам ал-Асими (хафизахулла)
👍12🔥4❤3
Оқымысты
Ең мықты шарх кітаптар көбіне мәтіннің авторы өзі шархтаған кітап болады. Мысалы "қотруннадаға" жазылған басқа шархтарға қарағанда Ибн Һишамның шархы қуаттырақ. Себебі сен кітапты оқығанда түсіндірме жасаушының "му'әллиф бұл сөзімен мынаны меңзеді" деген сөздерін…
Ол кісінің екі не үшінші деңгейлер оқитын дәрістерін қарасаң, міндетті түрде бірінші сабақта ескертеді ғой "егер сен бұдан алдын пәлен пәлен деген кітаптарды оқымаған болсаң саған мұнда орын жоқ, соларды оқып, сосын келесің" -деп 😸
🤓9👍5😁4❤2
Көптеген ұстаздардың насихатында, көптеген кітаптарда әдептің ілімнен жоғары тұратындығы айтылғанын/жазылғанын білеміз. Әдептің әртүрлі көріністері бар, соның ішіндегі ең жоғарғысы әрі ең қиыны: жеке қалғандағы әдеп.

Бұл әдепке қол жеткізген адам, "Уаллаһи" кез-келген білімді фатх етеді.

#منقول
👍21❤9😢4
📖| М.Жұмабаев "Педагогика".
👍12❤5
Іш пысу - көңілсіз бір сезім. Іш пысудың жоғарғы дәрежесі - еш нәрсеге қызықпау, еш нәрсеге ұмтылмау. Еш нәрсеге қанағаттанбау дәрежесінде іш пысу - "апатия" деп аталады.

Іш пысудың бас себебі - іссіздік. Ісі жоқ, жұмысы жоқ адамның іші пысымпаз болады.

Ал ылғи еңбек қылатын адам іш пысудың не екенін білмейді.

📖|М.Жұмабаев "Педагогика".

#ішің_пысса_жатпа_еңбекқыл
💯17👍6❤3
Фудайл ибн Ияд (Алла оған рақым етсін):
"Егер менің Аллаһ Тағалаға мойынсұнбай қалған кезім болса, оны көлігім мен көршімнің мінезінен білетін едім"

📖| Ибн Джәузи "Сайдуль һатыр".
👍22❤4
Өзіңнің кітап оқуың жақсы ғой
Бірақ, саған еліктеп оқуға қызыққан іні-сіңліңді көру - ғажап 🌿
❤34❤‍🔥11👍2
📖| Сайын даланың саңлақ ғұламалары
❤22👍9