Оқымысты
1.44K subscribers
63 photos
1 video
3 files
19 links
қыздарға: https://t.me/+0TzxN-B-YQg3ODRi
кері байланыс үшін: t.me/anonaskbot?start=r8mjqzvddzjiq
Download Telegram
уақытыңды қадірлеуің - өзіңді қадірлеуің. Нағыз самооценканың көрінетін орны осы .

(с) ұстаз Ерлан Ақатаев

[яғни, самооценкаңның қай дәрежеде екенін білгің келсе уақытыңды қалай басқарып жүргеніңе қара]
👍63❤29🔥12😍3
Усуль-фиқһ, усуль-хадистен бір кітапты толыққанды түсініп оқу – қарапайым 100 кітапты оқығаннан да күрделірек әрі машақаты мол.

Қарапайым 100 кітап, 1000 кітап оқығандарға тамсана берме. Ол сенің бір усуліңе де жетпейді.
👍36🔥8❤7
Пәтуа беруші адам "харам" сөзін жиі қолданбауы керек. Тек шариғи анық харам екендігі көрінген нәрселерге ғана сол сөзді қолданып, нақты харамдығы бекітілмеген нәрселерге "рұқсат емес, разы боларлықтай емес" секілді сөздерді қолданған жөн.

Имам Малик рахимаһуллаһ:
      Өткен және алдыңғы ғалымдар "мынау халал, мынау харам"- деп айтпаған. Бәлкім "ұнамсыз, ұнамды" секілді сөздерді қолданған. Өйткені, харам-халалдықты бекітуші - Аллаһ.

📖 усуль ифта уа әдабуһу
❤43👍21🔥5
Сен бір сәт елестетіп көр. Егер де басшылардың ішінен бір басшы келсе оның оң жағында да , сол жағында да күзетшілердің жүргенін көресің. Олар тіпті басқа жаққа мойнын да , көзін де бұрмайды - осы басшыға деген құрметтілік себепті. Егер ілім талап қылу үшін жолға шыққан болсаң бұл көрініс сенімен де орын алып жатыр. Уаллаһи! Мен яқини түрде сенемін. Егер дәріс беруге не ілім алуға шығар болсам, мен жерде емес бәлки періштелердің қанатының үстінде жүремін. Егер де Алла Тағала менің көзімдегі пердені алып тастаса , сөзсіз оларды көрер едім

Шейх Шәннар (хафизаһулла)
❤76🔥12👍10
Алла Тағала бір нәрсеге береке берем десе цифрлар роль ойнамай қалады)

Мейлі ол уақыт болсын, ақша болсын
❤85🔥23👍20
Көптен ештеңе жазбаған соң ба, біртүрлі өз каналымнан өзім жатырқап жүрмін)
😁46🤓12❤6😢3👍1
🔥19❤11👍3😇1
Musulmannyn koktemi x Oqymysty.pdf
611.1 KB
Ассаляму ьалейкум, құрметті оқырмандар! Көзді ашып-жұмғанша қыс мезгілінің ортасына да келіппіз. Енді оның қалған бөлігін өнімді өткізуіңізге себеп болар деген ниетпен шағын еңбек жазып шыққан едік. Оқып бағасын берерсіздер, пайдалы болады деген үміттеміз! 🙂

#бөлісугеболады
❤83👍18🎉12🔥8💔2🤓1😇1
Ибн әл-Джәузи (رحمه الله) былай дейді:

قال ابن الجوزي رحمه الله:
اعلم أن الباب الأعظم الذي يدخل
منه إبليس على الناس هو الجهل.

Білгін. Расында, ібілістің адамдарға жол тартатын ең үлкен қақпасы — білімсіздік .

📝”тәлбису иблис", 121 б
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤50👍10🔥6😢5
Артықтан тағылым ал, кемге - үйрет.

Мiржақып Дулатұлы رحمه الله
❤42👍8🔥3
Ахнаф ибн Қайс Халил ибн Ахмадтың (Алла оларды рақымына бөлесін) былай дегенін жеткізеді✏️

Адамдардың төрт түрі бар:

☁️Өзі біледі және өзінің білетіндігін біледі. Бұл - ғалым адам, одан ілім алыңдар
☁️Өзі біледі және өзінің білетіндігін білмейді. Бұл - ұмытқан адам, оның есіне салыңдар
☁️Өзі білмейді және өзінің білмейтіндігін біледі. Бұл - ілім алушы, оған үйретіңдер
☁️Өзі білмейді және өзінің білмейтіндігін білмейді. Бұл - ақымақ адам, оның сөзін қабыл етпеңдер

📚”ахбарул хәмқо уәл муғоффәлин”, 28 б
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤48👍12🤓7
Ибн әл-Джәузидің (رحمه الله) мынадай керемет сөзі бар :

«Адамдар ұйықтап жатқанда кім оқитын болса, адамдар үнсіз қалғанда ол сөйлейтін болады» 📚
👍57❤24🔥14
Бiлiм жоқ жерде қиял - қысыр, арман - ада.

Шерхан Мұртаза رحمه الله
❤47👍16🔥4
✏️Табиғиндерден болған Шурайх әл-Қадый (рахматуллаһу ьалейһ) бір кісінің жанындағы адамға қайғысын айтып, шағымданып отырғанын көреді. Сөйтіп, оның қолын алып шетке шығарады да, оған былай дейді:

– Иа, бауырым. Сен Алладан өзгеге шағымданудан сақтан! Расында, сен шағымыңды айтқан адам сенің досың не жауың болады. Егер ол сенің досың болса, оны мұңайтасың. Ал егер жауың болса, сені одан сайын табалайды.

Сосын бір көзіне ишарат жасап былай деді: “менің мына көзіме қара. Алламен ант етейін, мен бұл көзіммен он бес жылдан бері адамды да, жолды да көрмедім. Бірақ ол жайлы дәл қазір саған айтқанымнан бөлек ешкімге айтқан емеспін. Аяттағы салиқалы құл Яғқубтың (алейхи сәлам) «мен қайғы-мұңымды бір Аллаға ғана шағамын»- деген сөзін естімедің бе?!”

Ендеше, Алла Тағаланы әрбір қиындықта барлық мұң мен шеріңді айтушың қыл. Расында, ол ең жомарт сұралушы һәм ең жақын шақырылушы.

📚"суару мин хаяти әт-тәбиғин”, 126-бет.
____________________________
⏺️юсуф сүресі, 86-аят
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😢35❤20👍7🔥4😇2
Дағды қылсаң дап-дайын істің бәрі,
Адамзат тұра алмайды әдетке ермей


Шәкәрім Құдайбердіұлы رحمه الله
❤34👍9🔥4
قال الإمام أبو منصور الماتريدي رحمه الله تعالى:
يجب على المؤمن أن يعلم ولده الجود والإحسان
كما يجب عليه أن يعلمه التوحيد والإيمان؛
إذ حب الدنيا رأس كل خطيئة.

Имам Әбу Мансур әл-Мәтуруди (Алла оны рақымына бөлесін) былай дейді:
“мұсылман адамға өз баласына иман мен таухидті үйретуі міндет болғаны секілді жомарттық пен жақсылық жасауды да үйретуі міндет. Себебі дүниені жақсы көру - барлық қателіктің бастауы.

📚”хашияту ибн Абидин”, 5-том, 687-бет.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍38❤21🔥8
Ғұлама Имам Зәһәби Хатыб әл-Бағдадидің (Алла оларды рақымына алсын) қолына джуз (бір тақырыпқа ғана арналған хадистер жинағын) алып, Бағдад қаласының көшелерінде оқып жүретіндігін айтады. Иә, кәдімгі жолда жүріп бара жатқан күйде оқитын. Біреулеріңіз “ол қалай? мүмкін емес қой”,- деп айтуларыңыз мүмкін. Бірақ қателесесіздер, біздер қазір бұның мүмкін екендігінің үлгісін соткамен-ақ көрсетіп жүрміз. Біреудің сөзін, хабарламасын жіберіп алғымыз келмейді. Ал ғалымдарымыз пайдалы ілімнен солай бір сәтке де ажырағысы келмеген!

© Шейх Әбдул Хаким әл-Әнис (Алла ғұмырын ұзақ етсін)
❤54👍11🔥7
Оқымысты
Ғұлама Имам Зәһәби Хатыб әл-Бағдадидің (Алла оларды рақымына алсын) қолына джуз (бір тақырыпқа ғана арналған хадистер жинағын) алып, Бағдад қаласының көшелерінде оқып жүретіндігін айтады. Иә, кәдімгі жолда жүріп бара жатқан күйде оқитын. Біреулеріңіз “ол қалай?…
🍉Екі айда 20 қазақша, 20 арабша кітап оқыған адам ретінде түсінгенім бір-ақ нәрсе :

кітаптарды каналыңа яки сөреңе “бір күні оқимын”- деп жинай бермей, кез-келген уақытта оқып бастап кетуді үйрену керек екен. Жағдайыңа, мекеніңе, уақытыңа қарамастан.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍74❤25🔥11😢3
Бір кітап оқыса, кісімсініп, дардай боп дабырлап, ақыл айтуға әуес тұратындар бар... Әйтеуір, ұстаз көбейген, шәкірт азайған шақ болды ғой.

📚«Өліара», Оралхан Бөкей
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍82😢25❤14💯7🔥6
Газет, кітап сияқты нәрселер халықтың градуснигі (тамыршысы), халықтың ішкі сарайы, саңылауы қандай күйде тұрғанын газет һәм кітап сияқты нәрселерден байқауға болады.

(с) Міржақып Дулатұлы رحمه الله
❤41👍9🔥2