Ибн әл-Джәузи (رحمه الله) былай дейді:
قال ابن الجوزي رحمه الله:
اعلم أن الباب الأعظم الذي يدخل
منه إبليس على الناس هو الجهل.
Білгін. Расында, ібілістің адамдарға жол тартатын ең үлкен қақпасы — білімсіздік .
📝 ”тәлбису иблис", 121 б
قال ابن الجوزي رحمه الله:
اعلم أن الباب الأعظم الذي يدخل
منه إبليس على الناس هو الجهل.
Білгін. Расында, ібілістің адамдарға жол тартатын ең үлкен қақпасы — білімсіздік .
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤50👍10🔥6😢5
Ахнаф ибн Қайс Халил ибн Ахмадтың (Алла оларды рақымына бөлесін) былай дегенін жеткізеді✏️
Адамдардың төрт түрі бар:
☁️ Өзі біледі және өзінің білетіндігін біледі. Бұл - ғалым адам, одан ілім алыңдар
☁️ Өзі біледі және өзінің білетіндігін білмейді. Бұл - ұмытқан адам, оның есіне салыңдар
☁️ Өзі білмейді және өзінің білмейтіндігін біледі. Бұл - ілім алушы, оған үйретіңдер
☁️ Өзі білмейді және өзінің білмейтіндігін білмейді. Бұл - ақымақ адам, оның сөзін қабыл етпеңдер
📚 ”ахбарул хәмқо уәл муғоффәлин”, 28 б
Адамдардың төрт түрі бар:
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤48👍12🤓7
– Иа, бауырым. Сен Алладан өзгеге шағымданудан сақтан! Расында, сен шағымыңды айтқан адам сенің досың не жауың болады. Егер ол сенің досың болса, оны мұңайтасың. Ал егер жауың болса, сені одан сайын табалайды.
Сосын бір көзіне ишарат жасап былай деді: “менің мына көзіме қара. Алламен ант етейін, мен бұл көзіммен он бес жылдан бері адамды да, жолды да көрмедім. Бірақ ол жайлы дәл қазір саған айтқанымнан бөлек ешкімге айтқан емеспін. Аяттағы салиқалы құл Яғқубтың (алейхи сәлам) «мен қайғы-мұңымды бір Аллаға ғана шағамын»- деген сөзін естімедің бе?!”
Ендеше, Алла Тағаланы әрбір қиындықта барлық мұң мен шеріңді айтушың қыл. Расында, ол ең жомарт сұралушы һәм ең жақын шақырылушы.
____________________________
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😢35❤20👍7🔥4😇2
Дағды қылсаң дап-дайын істің бәрі,
Адамзат тұра алмайды әдетке ермей
Шәкәрім Құдайбердіұлы رحمه الله
Адамзат тұра алмайды әдетке ермей
Шәкәрім Құдайбердіұлы رحمه الله
❤34👍9🔥4
قال الإمام أبو منصور الماتريدي رحمه الله تعالى:
يجب على المؤمن أن يعلم ولده الجود والإحسان
كما يجب عليه أن يعلمه التوحيد والإيمان؛
إذ حب الدنيا رأس كل خطيئة.
Имам Әбу Мансур әл-Мәтуруди (Алла оны рақымына бөлесін) былай дейді:
“мұсылман адамға өз баласына иман мен таухидті үйретуі міндет болғаны секілді жомарттық пен жақсылық жасауды да үйретуі міндет. Себебі дүниені жақсы көру - барлық қателіктің бастауы.
📚 ”хашияту ибн Абидин”, 5-том, 687-бет.
يجب على المؤمن أن يعلم ولده الجود والإحسان
كما يجب عليه أن يعلمه التوحيد والإيمان؛
إذ حب الدنيا رأس كل خطيئة.
Имам Әбу Мансур әл-Мәтуруди (Алла оны рақымына бөлесін) былай дейді:
“мұсылман адамға өз баласына иман мен таухидті үйретуі міндет болғаны секілді жомарттық пен жақсылық жасауды да үйретуі міндет. Себебі дүниені жақсы көру - барлық қателіктің бастауы.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍38❤21🔥8
Ғұлама Имам Зәһәби Хатыб әл-Бағдадидің (Алла оларды рақымына алсын) қолына джуз (бір тақырыпқа ғана арналған хадистер жинағын) алып, Бағдад қаласының көшелерінде оқып жүретіндігін айтады. Иә, кәдімгі жолда жүріп бара жатқан күйде оқитын. Біреулеріңіз “ол қалай? мүмкін емес қой”,- деп айтуларыңыз мүмкін. Бірақ қателесесіздер, біздер қазір бұның мүмкін екендігінің үлгісін соткамен-ақ көрсетіп жүрміз. Біреудің сөзін, хабарламасын жіберіп алғымыз келмейді. Ал ғалымдарымыз пайдалы ілімнен солай бір сәтке де ажырағысы келмеген!
© Шейх Әбдул Хаким әл-Әнис (Алла ғұмырын ұзақ етсін)
© Шейх Әбдул Хаким әл-Әнис (Алла ғұмырын ұзақ етсін)
❤54👍11🔥7
Оқымысты
Ғұлама Имам Зәһәби Хатыб әл-Бағдадидің (Алла оларды рақымына алсын) қолына джуз (бір тақырыпқа ғана арналған хадистер жинағын) алып, Бағдад қаласының көшелерінде оқып жүретіндігін айтады. Иә, кәдімгі жолда жүріп бара жатқан күйде оқитын. Біреулеріңіз “ол қалай?…
кітаптарды каналыңа яки сөреңе “бір күні оқимын”- деп жинай бермей, кез-келген уақытта оқып бастап кетуді үйрену керек екен. Жағдайыңа, мекеніңе, уақытыңа қарамастан.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍74❤25🔥11😢3
Бір кітап оқыса, кісімсініп, дардай боп дабырлап, ақыл айтуға әуес тұратындар бар... Әйтеуір, ұстаз көбейген, шәкірт азайған шақ болды ғой.
📚 «Өліара», Оралхан Бөкей
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍82😢25❤14💯7🔥6
Газет, кітап сияқты нәрселер халықтың градуснигі (тамыршысы), халықтың ішкі сарайы, саңылауы қандай күйде тұрғанын газет һәм кітап сияқты нәрселерден байқауға болады.
(с) Міржақып Дулатұлы رحمه الله
(с) Міржақып Дулатұлы رحمه الله
❤41👍9🔥2
Осыдан бір-екі жыл алдын қыздар жамағатына (әйел ұстаз беретін) классикалық кітаптардан осындай бірқатар дәрістер ұйымдастырған болатынбыз. Ара тұра тағы да бола ма деп сұраныс білдірген шәкірттер болды, бірақ біздің жағдай, уақыт оған сәйкес келмеген еді
Енді жаңа екпінмен сабақтар ұйымдастыруға ниет бар Алла қаласа. Егер сіздер тараптан да қолдау-қатысуға ниет болса бір белгі беріп қойсаңыздар🌷
Енді жаңа екпінмен сабақтар ұйымдастыруға ниет бар Алла қаласа. Егер сіздер тараптан да қолдау-қатысуға ниет болса бір белгі беріп қойсаңыздар🌷
❤86😍16💯10👍7🎉7🔥3
“Мен одан жақсырақпын ғой”- деуден сақтаныңыз. Себебі бұл сөзбен сіз Ібілістің шәкірті боласыз.
Шейх Шәннар (хафизаһулла)
Шейх Шәннар (хафизаһулла)
❤92👍19🔥6😢5
Кейбір ормаладағы психолог, коуч т.б әпкелеріміздің “әйел адам үйде қызмет қылуға міндетті емес”- деген видеолары таралып кетуде. Бұл мәселе Шейх Юсуф Хаттардан (أطال الله عمره) сұралған кезде ол былайша жауап берген еді:
Әйелдің үйдегі қызметтерді жасауы - пенденің нәпіл құлшылықтармен айналысуының мысалындай. Себебі Алла Тағала (құдси хадисте) «Пендем маған нәпіл құлшылық жасау арқылы жақындай түседі де, нәтижесінде сүйіспеншілікке бөленеді»,- дейді. Бұл жерде махаббатқа, сүйіспеншілікке ие болу парыздармен болады демеді, бәлки парыздарға қоса орындалатын “нәпілдермен”- деп айтты.
Демек, құл Раббысының махаббатына нәпілдермен қол жеткізе алса, ер мен әйел де өздерінің міндеттерін жүктелгеннен асыра орындау арқылы бір-бірінің ерекше махаббаттына ие болады.
📝

Шейхпен болған подкасттан мағынауи жеткізілдіPlease open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤83👍19🔥8😢4💯3
Білім - бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не істесе де келістіріп істейді.
(с) Ахмет Байтұрсынұлы رحمه الله
(с) Ахмет Байтұрсынұлы رحمه الله
🔥43👍22❤19😍6
Намазда шынайы хушуғқа жетудің ең керемет жолы - жүрегімізге Аллаға ﷻ деген махаббатты орнату.
Адам болмысынан өзі жақсы көрген адамымен кездескенде қуанышқа бөленеді. Тіпті, онымен кездескісі келіп, сағынып тұрады. Кездесетін уақыт жақындаған сайын сағат тіліне қарап, тезірек жылжыса екен деп отырады. Қашан онымен кедессе, бар жан-тәнімен оны қарсы алады. Кездесу қанша ұзаққа созылса да бітпесе екен деп, тіпті, уақыт тоқтап қалса екен деп отырады. Кездесу аяқталған сәтте тағы да кездесетін уақыт жайында сөйлескісі келіп тұрады.
Бұл жақсы көретін адамымызбен болатын кездесудің көрінісі. Ал, егер намаз уақыты болса, біз осы сезімдерді сезіне аламыз ба?
Егер жауабымыз “иә” болса, Аллаға мақтаулар болсын, біз Алланы жақсы көреміз. Ал, егер жауап беруге абыржып, үзірлер, өзімізді ақтап алар жауаптар іздеп кеткен болсақ, біз Алланы шынайы жақсы көрмейміз. Неткен, өкініш! Бұл дегеніміз үлкен қасірет..!
📚”рамадану әл-әхиир”, 24-бет

❤56💔26😢15👍5🎉2
Айт құтты болсын! ✨
Алла Тағала сізден де бізден де қылған амал, жасаған құлшылықтарымызды қабыл еткей 🌹🤲🏻
Алла Тағала сізден де бізден де қылған амал, жасаған құлшылықтарымызды қабыл еткей 🌹🤲🏻
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤71👍6🎉5🕊3🔥2😍1💯1
Ізгі кісілердің бірі былай дейді: Алла Елшісіне ﷺ салауат айту - ата-анаға жақсылық жасаудан болып саналады.
Сол кезде одан “қалайша?”- деп сұралады.
Ол: себебі періштелер оның сәлемін Пайғамбарымызға ﷺ жеткізіп “саған Пәленшеұлы Пәленше салауат айтты”,- дейді. Ендеше әкеңнің Алла Елшісінің ﷺ құзырында аталуына себеп болуың - (оған) жақсылық жасаудың бір түрі.
📝 Әдһам Шәрқауидің парақшасынан

❤87👍15😍7🔥3🕊3💯3🎉1💔1