Осыдан бір-екі жыл алдын қыздар жамағатына (әйел ұстаз беретін) классикалық кітаптардан осындай бірқатар дәрістер ұйымдастырған болатынбыз. Ара тұра тағы да бола ма деп сұраныс білдірген шәкірттер болды, бірақ біздің жағдай, уақыт оған сәйкес келмеген еді
Енді жаңа екпінмен сабақтар ұйымдастыруға ниет бар Алла қаласа. Егер сіздер тараптан да қолдау-қатысуға ниет болса бір белгі беріп қойсаңыздар🌷

❤86😍16💯10👍7🎉7🔥3
“Мен одан жақсырақпын ғой”- деуден сақтаныңыз. Себебі бұл сөзбен сіз Ібілістің шәкірті боласыз.
Шейх Шәннар (хафизаһулла)
Шейх Шәннар (хафизаһулла)
❤92👍19🔥6😢5
Кейбір ормаладағы психолог, коуч т.б әпкелеріміздің “әйел адам үйде қызмет қылуға міндетті емес”- деген видеолары таралып кетуде. Бұл мәселе Шейх Юсуф Хаттардан (أطال الله عمره) сұралған кезде ол былайша жауап берген еді:
Әйелдің үйдегі қызметтерді жасауы - пенденің нәпіл құлшылықтармен айналысуының мысалындай. Себебі Алла Тағала (құдси хадисте) «Пендем маған нәпіл құлшылық жасау арқылы жақындай түседі де, нәтижесінде сүйіспеншілікке бөленеді»,- дейді. Бұл жерде махаббатқа, сүйіспеншілікке ие болу парыздармен болады демеді, бәлки парыздарға қоса орындалатын “нәпілдермен”- деп айтты.
Демек, құл Раббысының махаббатына нәпілдермен қол жеткізе алса, ер мен әйел де өздерінің міндеттерін жүктелгеннен асыра орындау арқылы бір-бірінің ерекше махаббаттына ие болады.
📝

Шейхпен болған подкасттан мағынауи жеткізілдіPlease open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤83👍19🔥8😢4💯3
Білім - бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не істесе де келістіріп істейді.
(с) Ахмет Байтұрсынұлы رحمه الله
(с) Ахмет Байтұрсынұлы رحمه الله
🔥43👍22❤19😍6
Намазда шынайы хушуғқа жетудің ең керемет жолы - жүрегімізге Аллаға ﷻ деген махаббатты орнату.
Адам болмысынан өзі жақсы көрген адамымен кездескенде қуанышқа бөленеді. Тіпті, онымен кездескісі келіп, сағынып тұрады. Кездесетін уақыт жақындаған сайын сағат тіліне қарап, тезірек жылжыса екен деп отырады. Қашан онымен кедессе, бар жан-тәнімен оны қарсы алады. Кездесу қанша ұзаққа созылса да бітпесе екен деп, тіпті, уақыт тоқтап қалса екен деп отырады. Кездесу аяқталған сәтте тағы да кездесетін уақыт жайында сөйлескісі келіп тұрады.
Бұл жақсы көретін адамымызбен болатын кездесудің көрінісі. Ал, егер намаз уақыты болса, біз осы сезімдерді сезіне аламыз ба?
Егер жауабымыз “иә” болса, Аллаға мақтаулар болсын, біз Алланы жақсы көреміз. Ал, егер жауап беруге абыржып, үзірлер, өзімізді ақтап алар жауаптар іздеп кеткен болсақ, біз Алланы шынайы жақсы көрмейміз. Неткен, өкініш! Бұл дегеніміз үлкен қасірет..!
📚”рамадану әл-әхиир”, 24-бет

❤56💔26😢15👍5🎉2
Айт құтты болсын! ✨
Алла Тағала сізден де бізден де қылған амал, жасаған құлшылықтарымызды қабыл еткей 🌹🤲🏻

Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤71👍6🎉5🕊3🔥2😍1💯1
Ізгі кісілердің бірі былай дейді: Алла Елшісіне ﷺ салауат айту - ата-анаға жақсылық жасаудан болып саналады.
Сол кезде одан “қалайша?”- деп сұралады.
Ол: себебі періштелер оның сәлемін Пайғамбарымызға ﷺ жеткізіп “саған Пәленшеұлы Пәленше салауат айтты”,- дейді. Ендеше әкеңнің Алла Елшісінің ﷺ құзырында аталуына себеп болуың - (оған) жақсылық жасаудың бір түрі.
📝 Әдһам Шәрқауидің парақшасынан

❤87👍15😍7🔥3🕊3💯3🎉1💔1
Қайырлы күн құрметті оқырмандар.
Бұл жақта белсенді емес екенімді білемін, алайда кей нәрсені жазудан тосатын басты кедергі - бұл жақта ер/әйел аудиторияның ортақ болуы екенін түсіне келе әйел адамдарға бөлек арна ашу керек деп ұйғардым:
https://t.me/+NNTX8Y8athkyM2Y6
🎀тек нәзік жандыларға (нүкте,үтір,сызықша секілді түсініксіз никтерді қабылдай алмаймын)
Бірақ бұл оқымыстыны тастап қояды деген сөз емес, мұнда да аударма-жазбалар шығып тұрады ин ша Алла🙌🏻

❤27👍8😍2🎉1
Аллаһ сені сүйді. Адасып жүрген жеріңнен көзіңдегі пердені алып, ақиқатты көрсетті. Өзіне жақындатты. Жып-жылы жамағат, анаңдай қамқор ұстаздар берді. Мешітіне жүрегіңді байлады. Құран оқу нығметін сыйлады. Әуретіңді жұрт көзінен тасалады.
⠀
сенің ең ұлы мамандығың - мұсылман болу.
⠀
ал дипломды қияметте аласың.
⠀
іші қандай бағаға толы екен?
ойлан...

❤128😢22👍15💯7🔥4😍3
«Бейғам адамға таңертең ұйқыдан тұрғанда - "бүгін мен не істеймін?"- деген ой келеді. Ал ақылды адам "бүгін Алла маған не береді?”- деп ойланады».
бұған қатысты Абдул-Мәжид әш-Шәрнуби (рахимаһуллаһ) былай дейді:
«Пенденің ойына келетін ең бірінші нәрсе - оның таухидінің өлшемі».
➖ ал сен қандай оймен оянып жүрсің?
📚Ибн Атоилля ас-Сәкандарийдің 114-хикметінен.
бұған қатысты Абдул-Мәжид әш-Шәрнуби (рахимаһуллаһ) былай дейді:
«Пенденің ойына келетін ең бірінші нәрсе - оның таухидінің өлшемі».
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤55👍15🔥4💯2
Алла Тағала: “Өзін-өзі үнемі жазғыратын адамға ант етемін”-дейді. Намаз оқыған адамға ант етіп тұрған жоқ, көп білетін адамға ант етіп тұрған жоқ, ораза ұстаған адамға, көп зекет берген адамға ант беріп тұрған жоқ. Үнемі өз-өзін кінәләйтін, жазғыратын, кемшілігін мойындайтын адамға Алла Тағала неге ант етіп отыр, білесіздер ме? Себебі, өз-өзін жазғырған адам ғана кемелдікке қадам басады.
Ал өз-өзіне көңілі толып, оқыған намазыменен, ұстаған оразасыменен, оқыған кітабыменен масайрап, соған мәз болып жүрген адамдар бір орында қалады. Дамымайды. Тіпті кері кетеді. Ал өз қателіктерін таба білетін, көре білетін, сын көзімен қарай білетін адам ғана алдыға қарай қадам басады. Демек кемелденудің алғашқы қадамы, Абай атамыз айтпақшы - адамның өз өзін жазғыруында жатыр, мінін таба білуіндe жатыр, қателіктерін көре білуінде жатыр.
©️ұстаз Қайрат Жолдыбайұлы

❤82👍25🔥7😍2
мұсылманның күнінің кіріспесі - таң намазы, қорытындысы - құптан.
егер таң намазға тұра алған болсаңыз артынша “Раббым, маған таң намазды оқуыма тауфиқ бергеніңдей бүгінгі бес уақыт намазымды да қаза етпей, кешіктірмей, уақытылы оқуыма өзің сәттілік бергейсің”,- деп дұға етпек керек.
ал құптаннан соң “Раббым таңда айтқан дұғамды қабыл еткеніңе сансыз шүкір, барлық мақтау Өзіңе болсын, сен сәттілік бермесең біз өздігімізден ол нәрсеге қауқарлы емес едік”- деп шүкірлік қылмақ керек.
ал намаз оқуға ерініп, бейнебір оны қиын іс көріп тұрған болсаңыз “Раббым, маған намазға ғашық жүрек берші, әрі намазды маған сүйікті етші оны көзімнің қарашығындай сақтайын”- деп жәрдем тілемек керек
ал ойда жоқта намазды қаза етіп алған болсаңыз дереу тәубеге асығып “негізі мен уақытында оқуға тырысып көрген едім яки пендешілігімнен ұмытып кетіппін, ұйықтап қалыппын, енді қаза етіп алғаныма жүрегім құлазып тұр, Өзің кешіре гөрші”- деп өкініп, кешірім тілемек керек.
барлығымыз Фатиха сүресінде келгендей (ииәәкә наьбуду) Оған ғана құлшылық қыламыз, бірақ (ииәәкә нәстаьин) ол құлшылық қылуда да Алланың жәрдеміне мұқтаж екенімізді ұмытпайық

❤70👍15😢7
нұр-мүбәрәк. бітіруші түлектер. құттықтап келуші ата-аналар. диплом табыстаушы ұстаздар…
бұл көрініс сырттай жәй ғана құжат алу боп көрінгенімен үңіліп қарасаңыз жүректерінің түкпірінен орын алған оқу орындарын енді көріп/көрмейтіндігін ойлап қимастықтан елжіреп жүрген жас түлектерді көресіз
тек білім ғана беріп қоймай тәрбие мен ахлақ, дұрыс көзқарас пен өмірлік жол көрсеткен ұстаздардың зор үміт күте айтқан дұғаларын естисіз
баласы өмірдің бір кезеңінен екінші бір кезеңіне өтіп жатқанын көріп, осындай маңызды сәтте жанынан табылайын деп бүткіл шаруасын ысыра келген жанашыр ата-аналарды байқайсыз
алда мұндай салиқалы, білімге құштар орта табыла ма деп әлсін-әлсін бір-бірін құшағына қысқан бауырларға сүйсінесіз
Не де болса қуаныш пен қимастықтың лебін бір жерге жинаған өте ерекше күн болды. сол маңызды күнді өмірлік серігімізбен бірге қарсы алуды нәсіп еткен Раббыма есепсіз хамд болғай)
пы/сы: оқу бітпеді, бәлки оқу енді басталды жас түлек!

❤74👍11😢5🎉3🔥2
біраз уақыттан бері кітап оқып жүріп байқағаным - біз кітапты оқығанда одан білім алатынымыз рас, бірақ сонымен қатар автордың мінезін де жұқтыратын секілдіміз.
мәселен, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы сынды Алаш зиялыларының шығармаларын оқыған адамда ол кісілердің ел,халықтың қамын ойлағанындай өрістің кеңдігі пайда болады. Ал ұлтқа қызмет қылу Әлихан атамыз айтпақшы білімнен емес мінезден туындайды. Ондай адам кітапты өз пайдасы мен рахаты үшін ғана оқып жүре алмайды. Бәлки өзгелердің де оқудың игілігін көргенін, білгенін қалайды
Осы бір оқыған авторларымыздан біраз әсерленгеніміз бар. қанша жерден өзіміз ғана тыныш оқи беріп арна жүргізуді қоямыз десек те ішімізде бірдеңе халыққа да бөлісу керек деп тұрады. Сондықтан бұл жақтың бағыты алдағы уақытта кітап оқушы бір жанның күнделігі іспетті жүргізілетінін ескертеміз. Кей ескі кітаптарға исламтанушының көзқарасымен талдау жасау да ойда бар
Алла тауфиқ бергей 🙌🏻

👍54❤24😍5 5🎉3🔥2
Кейбір ізгі кісілер егер бір кітапты оқуға ниеттенген болса алдымен фатиха сүресін оқып оның сауабын авторына бағыштайтын. солайша Алла Тағала оларға қолындағы кітапты оқып түсінуді жеңілдетіп қоятын
{Жақсылықтың қарымтасы тек жақсылық емес пе?!} әр-Рахман,60

👍84😍28 14❤9🔥5💯2
кітап оқудағы бір қолданып көрген тәжірибем - әр айға кемі екі тақырыпты бекітіп тек соған қатысты ғана кітаптарды оқу. мәселен, мен наурыз айын отбасы тақырыбына және де Алаш зиялыларының еңбектерін оқуға арнаймын деген болатынмын. солайша Ахмет ағаның мысал, әңгіме, мақалаларын қамтыған осы бір 6-томдық кітапты оқып шықтым. Таңқалдыратын тұстары өте көп болды. әсіресе ол кісі кітаптарында қазақ тілінің мәселесін майшаммен қараған тұлғалардан ғой, жазардан алдын мұқабасына бас әріппен “Қазақ тілінің әлиф,бә-сы” - деп жазып қойыпты. Тілі енді шығып келе жатқан баласына үйрететін “әліппе”-сінің өзі араб тілінен құралған бола тұра “біз тәңіршілміз”- деп таңдай қағатындарға таңым бар.)
Кітапқа толығырақ талдау кейінірек ин ша Алла

👍51❤25😱2💯2
Бір күшті құнды кітап көріп тұрсыз, алуыңызға болады, бірақ алмадыңыз, ақшаңызды қимай қалдыңыз. Негізі алуыңыз керек еді.
لَن تَنَالُواْ الْبِرَّ حَتَّى تُنفِقُواْ مِمَّا تُحِبُّونَ
Жақсы көрген нәрселеріңді жұмсамайынша жақсылыққа қол жеткізе алмайсыңдар (әл-имран, 92)
(с) Құрманғазы ұстаз

❤70👍8🔥8