🇰🇿ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ
43.6K subscribers
11.9K photos
2.94K videos
18 files
6.15K links
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ресми арнасы

Педагогтерге, ата-аналар мен балаларға арналған білім туралы барлық ақпарат

Сайт: www.gov.kz/edu

TikTok: @oqu_agartu_ministrligi

Instagram: https://www.instagram.com/oqu_agartu_ministrligi
Download Telegram
⚡️435 маман балалардың құқықтарын қорғау саласында біліктілігін арттырды

👥Балаларды қорғау жүйесінің 435 маманы «Балаларды қорғау саласындағы жағдайды басқару» курсы бойынша оқудан өтті. Курс «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты» КеАҚ, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі және Қазақстан Республикасындағы ЮНИСЕФ Өкілдігінің бірлескен жұмыс жоспары аясында ұйымдастырылды.

🤝Оқуға балалардың құқықтарын қорғау басқармаларының, психологиялық қолдау және отбасын қолдау орталықтарының қызметкерлері, әлеуметтік педагогтер, педагог-психологтер, сондай-ақ балалар мен отбасыларды сүйемелдеумен айналысатын басқа да мамандар қатысты.

📚Курс барысында қатысушылар баланың жағдайын анықтау және бағалау, жағдайды жоспарлау және сүйемелдеу, балаларға қатысты зорлық-зомбылық фактілеріне ден қою, ведомствоаралық өзара іс-қимыл және ақпаратпен қауіпсіз алмасу бойынша практикалық құралдарды меңгерді.

✅Баланың құқықтарын сақтау, кейс-менеджменттің этикалық қағидаттары, жарақатқа бағдарланған тәсіл, құжаттаманы жүргізу және супервизия мәселелеріне ерекше назар аударылды.

📌Оқыту мамандардың кәсіби құзыреттерін арттыруға және қиын өмірлік жағдайға тап болған балалар мен отбасыларды сүйемелдеудің бірыңғай тәсілдерін қалыптастыруға бағытталған. Алған білімдері мен практикалық құралдары мамандарға тәуекелдерді дер кезінде анықтауға, бала мен отбасына кешенді көмек көрсетуге және балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін жүйелі түрде қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
_____________________

📱instagram📱facebook📱tiktok📱website
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5❤2
⚡️435 специалистов повысили квалификацию в сфере защиты прав детей

👥435 специалистов системы защиты детства прошли обучение по курсу «Управление случаем в сфере защиты детей». Курс организован в рамках рабочего плана сотрудничества НАО «Национальный научно-практический институт благополучия детей «Өркен», Министерства просвещения Республики Казахстан и Представительства ЮНИСЕФ в Республике Казахстан.

🤝В обучении приняли участие сотрудники управлений по защите прав детей, центров психологической поддержки и центров поддержки семьи, социальные педагоги, педагоги-психологи, а также другие специалисты, осуществляющие сопровождение детей и семей.

📚В рамках курса участники освоили практические инструменты выявления и оценки ситуации ребенка, планирования и сопровождения случаев, реагирования на факты насилия в отношении детей, межведомственного взаимодействия и безопасного обмена информацией.

✅Особое внимание уделено соблюдению прав ребенка, этическим принципам кейс-менеджмента, травма-ориентированному подходу, ведению документации и супервизии.

📌Обучение направлено на повышение профессиональных компетенций и формирование единых подходов к сопровождению детей и семей, находящихся в трудной жизненной ситуации. Полученные знания и практические инструменты позволят специалистам своевременно выявлять риски, выстраивать комплексную помощь ребенку и семье и обеспечивать последовательную защиту прав и законных интересов детей.
_____________________

📱instagram📱facebook📱tiktok📱website
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6❤1
⚡️Жұлдыз Сүлейменова БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының өкілдерімен кездесті

🇰🇿🇺🇳Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Қазақстанның БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясын орындау жөніндегі бесінші және алтыншы біріктірілген мерзімдік баяндамаларын қарау қарсаңында БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының өкілдерімен кездесті.

💬Кездесуде БҰҰ Бала құқықтары жөніндегі комитетімен өтетін алдағы диалогтың негізгі мәселелері талқыланды. БҰҰ өкілдері ұлттық баяндаманы қарау рәсімінің ерекшеліктеріне тоқталып, отырыс барысында ақпарат ұсыну және делегацияның жұмысын ұйымдастыру бойынша практикалық ұсынымдарымен бөлісті.

📌Тараптар балалардың құқықтарын қорғау саласындағы өзекті мәселелер мен Комитет мүшелері тарапынан көтерілуі мүмкін практикалық кейстерді жеке қарастырды. Сондай-ақ Қазақстанның ұстанымын таныстыру және ықтимал сұрақтарға мазмұнды жауап беру тәсілдері талқыланды.

🤝Кездесу алдағы диалогтың негізгі мәселелері бойынша ұстанымдарды пысықтауға және Женевада өтетін БҰҰ Бала құқықтары жөніндегі комитетінің отырысы қарсаңында мемлекеттік делегацияның дайындығын нақтылауға мүмкіндік берді.
_____________________

📱instagram📱facebook📱tiktok📱website
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6❤3👏1