🇰🇿ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ
43.6K subscribers
11.9K photos
2.94K videos
18 files
6.15K links
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ресми арнасы

Педагогтерге, ата-аналар мен балаларға арналған білім туралы барлық ақпарат

Сайт: www.gov.kz/edu

TikTok: @oqu_agartu_ministrligi

Instagram: https://www.instagram.com/oqu_agartu_ministrligi
Download Telegram
⚡️Қазақстан делегациясы БҰҰ Бала құқықтары жөніндегі комитетімен диалог алдындағы дайындық сессиясына қатысты

🇰🇿Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова және мемлекеттік делегация мүшелері БҰҰ Бала құқықтары жөніндегі комитетімен өтетін алдағы сындарлы диалогқа дайындық аясындағы оқу-имитациялық сессиясына қатысты.

🇨🇭Комитет отырысы Женевада Қазақстан Республикасының Бала құқықтары туралы конвенция ережелерін орындауы жөніндегі біріктірілген бесінші және алтыншы мерзімді баяндамаларын қарау аясында өтеді. Қазақстанның мемлекеттік делегациясын Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова басқарады.

📌Делегация құрамына Оқу-ағарту, Сыртқы істер, Ішкі істер, Мәдениет және ақпарат, Денсаулық сақтау, Әділет, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің, Бас прокуратураның, Сот әкімшілігінің, сондай-ақ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің өкілдері кірді.

🤝Дайындық сессиясы ЮНИСЕФ және БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасымен бірлесіп ұйымдастырылды. Оның форматы Комитеттің алдағы отырысына барынша жақындатылды. Қатысушылар мемлекеттік делегацияның кіріспе сөзін, Комитет мүшелерінің ықтимал сұрақтарына жауаптарды және мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды пысықтады.

🔺Дайындық барысында Бала құқықтары туралы конвенцияның негізгі ережелері, сындарлы диалог өткізу тәртібі және Қазақстан ұсынған материалдар да қаралды.

🔔Алдағы диалог Қазақстанның балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласындағы халықаралық міндеттемелерін іске асыруды, сондай-ақ осы бағыттағы мемлекеттік саясатты одан әрі жетілдіру шараларын талқылауға мүмкіндік береді.
_____________________

📱instagram📱facebook📱tiktok📱website
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3❤2👏2🔥1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Казахстанская делегация провела подготовительную сессию перед диалогом с Комитетом ООН по правам ребенка

🇰🇿Министр просвещения Республики Казахстан Жұлдыз Сүлейменова и члены государственной делегации приняли участие в учебно-имитационной сессии в рамках подготовки к предстоящему конструктивному диалогу с Комитетом ООН по правам ребенка.

🇨🇭Заседание Комитета состоится в Женеве в рамках рассмотрения объединенных пятого и шестого периодических докладов Республики Казахстан о выполнении положений Конвенции о правах ребенка. Государственную делегацию Казахстана возглавит министр просвещения Жұлдыз Сүлейменова.

📌В состав делегации вошли представители Министерства просвещения, Министерства иностранных дел, Министерства внутренних дел, Министерства культуры и информации, Министерства здравоохранения, Министерства юстиции, Министерства труда и социальной защиты населения, Генеральной прокуратуры, Судебной администрации, а также Комитета по защите прав детей.

🤝Подготовительная сессия организована совместно с ЮНИСЕФ и Управлением Верховного комиссара ООН по правам человека. Ее формат был максимально приближен к предстоящему заседанию Комитета: участники отработали вступительное выступление государственной делегации, ответы на возможные вопросы членов Комитета и взаимодействие между государственными органами.

🔺В ходе подготовки также рассмотрены основные положения Конвенции о правах ребенка, порядок проведения конструктивного диалога и представленные Казахстаном материалы.

🔔Предстоящий диалог станет площадкой для обсуждения реализации Казахстаном международных обязательств в сфере защиты прав и законных интересов детей, а также дальнейших мер по совершенствованию государственной политики в этой сфере.
_____________________

📱instagram📱facebook📱tiktok📱website
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤4👍3👏2🔥1
⚡️Жұлдыз Сүлейменова PISA-2025 зерттеуінде жоғары және тұрақты нәтиже көрсеткен өңірлерді атап өтті

👩‍🏫Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте өңірлік білім басқармалары басшыларының қатысуымен PISA-2025 халықаралық зерттеуінің өңірлер бөлінісіндегі нәтижелері қаралды.

📖Министр зерттеудің негізгі бағыттары бойынша жоғары нәтиже көрсеткен өңірлерді атап өтті. Астана мен Солтүстік Қазақстан облысы жаратылыстану, математика және оқу сауаттылығы бойынша барлық үш бағытта да үздік үштікке еніп, жоғары және тұрақты нәтиже көрсетті.

🔬 Жаратылыстану

1. Солтүстік Қазақстан облысы
2. Астана
3. Қостанай облысы

➗ Математика

1. Жамбыл облысы
2. Астана
3. Солтүстік Қазақстан облысы

📚 Оқу сауаттылығы

1. Астана
2. Қостанай облысы
3. Солтүстік Қазақстан облысы

🏆 Осылайша, өңірлер арасында математикалық сауаттылық бойынша ең жоғары нәтижені Жамбыл облысы, жаратылыстану бойынша Солтүстік Қазақстан облысы, ал оқу сауаттылығы бойынша Астана көрсетті.

💭«PISA нәтижелерін жекелеген өңірлердің жетістігін бағалау ретінде ғана емес, ең алдымен білім сапасын одан әрі арттырудың құралы ретінде қарастыру қажет. Тұрақты жоғары нәтиже көрсетіп отырған өңірлердің тәжірибесін жан-жақты зерделеп, тиімді практикаларды айқындау және оларды тарату маңызды. Сонымен қатар нәтижелері жұмысты күшейтуді қажет ететін өңірлерге ерекше назар аударылуы тиіс», - деп атап өтті Жұлдыз Сүлейменова.

✅Кеңес қорытындысы бойынша құрылымдық бөлімшелер мен ведомствалық бағынысты ұйымд басшыларына PISA-2025 нәтижелерін өңірлер бөлінісінде егжей-тегжейлі талдап, білім беру нәтижелеріндегі айырмашылықтарды қысқарту бойынша тиісті шараларды айқындау тапсырылды.
_____________________

📱instagram📱facebook📱tiktok📱website
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6👏2🙏2❤1⚡1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Жұлдыз Сүлейменова отметила регионы, показавшие высокие и стабильные результаты в PISA-2025

👩‍🏫На аппаратном совещании под председательством министра просвещения Жұлдыз Сүлейменовой с участием руководителей региональных управлений образования рассмотрены результаты международного исследования PISA-2025 в разрезе регионов.

📖Министр отметила регионы, продемонстрировавшие высокие результаты по основным направлениям исследования. Астана и Северо-Казахстанская область вошли в тройку лидеров по всем трем направлениям - естествознанию, математике и чтению, показав высокие и стабильные результаты.

🔬 Естествознание

1. Северо-Казахстанская область
2. Астана
3. Костанайская область

➗ Математика

1. Жамбылская область
2. Астана
3. Северо-Казахстанская область

📚 Чтение

1. Астана
2. Костанайская область
3. Северо-Казахстанская область

🏆 Таким образом, наиболее высокий результат среди регионов по математической грамотности показала Жамбылская область, по естествознанию - Северо-Казахстанская область, а по чтению - Астана.

💭«Результаты PISA необходимо рассматривать не только как оценку достижений отдельных регионов, но прежде всего как инструмент дальнейшего повышения качества образования. Важно детально изучить опыт регионов, показывающих стабильно высокие результаты, определить эффективные практики и обеспечить их распространение. При этом особое внимание должно быть уделено регионам, где результаты требуют усиления работы», - отметила Жұлдыз Сүлейменова.

✅По итогам совещания руководителям структурных подразделений и подведомственных организаций поручено детально проанализировать результаты PISA-2025 в разрезе регионов и определить соответствующие меры по сокращению различий в образовательных результатах.
_____________________

📱instagram📱facebook📱tiktok📱website
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤9👍5⚡2👏2🙏1
⚡️Жұлдыз Сүлейменова оқушылардың белсенді өкілдерімен кездесті

👥Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова оқушылардың белсенді өкілдерімен кездесті.

💬Кездесуде балалардың қоғамдық өмірге қатысуы, оқушы үнін есту, мектептегі өзін-өзі басқаруды дамыту және балалар бастамаларын қолдау мәселелері талқыланды.

💡Қатысушылар «Қазақстан оқушылар Альянсын» құру жөніндегі бастамасын таныстырды. Олардың айтуынша, жаңа алаң мектеп парламенттерінің жұмысын үйлестіруге, оқушылардың бастамаларын қолдауға және олардың пікірін мектептен бастап республикалық деңгейге дейін жеткізуге мүмкіндік береді.

🎯Альянсты құрудағы негізгі мақсат - мектеп парламенттерінің әлеуетін біріктіру, оқушылар арасында «Таза Қазақстан», «Адал азамат» құндылықтары мен «Оқитын ұлт» идеясын насихаттау, сондай-ақ балаларды қоғам үшін маңызды бастамаларға тарту.

📊Бастамашыл топтың мәліметінше, бүгінде Альянсты құру идеясын еліміздің түрлі өңірлерінен 1500-ден астам белсенді оқушы қолдайды.

⚖️Оқушының өзіне қатысты мәселелер бойынша пікір білдіруі және оның пікірінің ескерілуі - бала құқықтарын қамтамасыз етудің маңызды бөлігі. Осы тұрғыдан мектеп парламенттерінің балалардың ұсыныстары нақты іске асатын пәрменді алаңға айналғаны маңызды.

📚«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев балаларды қорғау және олардың жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасауды мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде айқындады. Балалардың пікірін тыңдау және бастамаларын қолдау осы жұмыстың маңызды бөлігі деп санаймын. Сіздер ұсынып отырған Альянс мектеп парламенттерінің жұмысын жүйелеп, оқушылардың ортақ идеяларын ілгерілететін тиімді алаңға айнала алады. Оның аясында «Таза Қазақстан», «Адал азамат» және «Оқитын ұлт» бағыттары бойынша жобаларды қарастыруға болады деп ойлаймын», - деді Жұлдыз Сүлейменова.


🤝Министрлік оқушылармен тұрақты әрі ашық диалог орнату, олардың пікірін шешімдер әзірлеу кезінде ескеру және балалардың қоғамдық бастамаларын қолдау бағытындағы жұмысты жалғастырады.
_____________________

📱instagram📱facebook📱tiktok📱website
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5❤4🔥2👏1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Жұлдыз Сүлейменова встретилась с активными представителями ученического сообщества

👥Министр просвещения Жұлдыз Сүлейменова встретилась с активными представителями ученического сообщества.

💬В ходе встречи обсуждены вопросы участия детей в общественной жизни, учета мнения школьников, развития ученического самоуправления и поддержки детских инициатив.

💡Участники представили инициативу по созданию «Казахстанского альянса школьников». По их словам, новая площадка позволит координировать работу школьных парламентов, поддерживать инициативы учащихся и продвигать их предложения от школьного до республиканского уровня.

🎯Основная цель создания Альянса - объединение потенциала школьных парламентов, продвижение среди учащихся ценностей «Таза Қазақстан», «Адал азамат» и идеи «Читающая нация», а также вовлечение детей в общественно значимые инициативы.

📊По данным инициативной группы, сегодня идею создания Альянса поддерживают более 1500 активных школьников из разных регионов страны.

⚖️Право ребенка выражать свое мнение по вопросам, которые его касаются, и учет этого мнения являются важной частью обеспечения прав детей. Поэтому важно, чтобы школьные парламенты стали действенной площадкой для практической реализации предложений учащихся.

📚«Глава государства Касым-Жомарт Кемелевич Токаев определил создание благоприятных условий для защиты детей и их всестороннего развития в качестве одного из ключевых приоритетов государственной политики. Считаю, что важной частью этой работы являются учет мнения детей и поддержка их инициатив. Предлагаемый вами Альянс может стать эффективной площадкой, объединяющей работу школьных парламентов и способствующей продвижению общих идей учащихся. Думаю, в его рамках можно рассмотреть проекты по направлениям «Таза Қазақстан», «Адал азамат» и «Читающая нация», - сказала Жұлдыз Сүлейменова.


🤝Министерство просвещения продолжит работу по развитию постоянного и открытого диалога со школьниками, учету их мнения при подготовке решений и поддержке общественных инициатив детей.
_____________________

📱instagram📱facebook📱tiktok📱website
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤8👍4🔥1👏1