🇰🇿ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ
43.6K subscribers
11.9K photos
2.94K videos
18 files
6.14K links
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ресми арнасы

Педагогтерге, ата-аналар мен балаларға арналған білім туралы барлық ақпарат

Сайт: www.gov.kz/edu

TikTok: @oqu_agartu_ministrligi

Instagram: https://www.instagram.com/oqu_agartu_ministrligi
Download Telegram
⚡️Жұлдыз Сүлейменова мен Наталья Бочарова білім беру саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

🤝Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Халықаралық орыс тілі ұйымының бас хатшысы Наталья Бочаровамен кездесті.

📌Халықаралық орыс тілі ұйымы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен құрылып, ТМД аясында қызмет етеді. Оның қызметі қатысушы мемлекеттер арасындағы гуманитарлық байланыстарды нығайтуға, өзара түсіністікті арттыруға және ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.

🎓Наталья Бочарова Ұйым жұмысының басым бағыттары туралы ақпарат берді. Тараптар білім беру саласындағы өзара іс-қимыл, тәжірибе алмасу және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады.
_____________________

📱instagram📱facebook📱tiktok📱website
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤5👍2🔥2👏1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Жұлдыз Сүлейменова и Наталья Бочарова обсудили сотрудничество в сфере образования

🤝Министр просвещения Жұлдыз Сүлейменова встретилась с генеральным секретарем Международной организации по русскому языку Натальей Бочаровой.

📌Международная организация по русскому языку создана по инициативе Главы государства Касым-Жомарта Кемелевича Токаева и действует под эгидой СНГ. Она призвана укреплять гуманитарные связи, способствовать взаимопониманию и развивать сотрудничество между государствами-участниками.

🎓Наталья Бочарова рассказала о приоритетных направлениях работы Организации. Стороны обсудили возможности взаимодействия в сфере образования, обмена опытом и реализации совместных проектов.
_____________________

📱instagram📱facebook📱tiktok📱website
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤5👏2👍1🔥1
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында сөйлеген сөзі
 
****
 
Выступление Главы государства Касым-Жомарта Токаева на первой сессии Қазақстан Халық Кеңесі
 
t.me/aqorda_resmi
❤2👍2
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚡️Мемлекет басшысы:
 
«Азаматтарымыз елімізде жүргізілген реформалардың тікелей куәгері болып, сол өзгерістердің нақты нәтижесін көріп отыр.
 
Соңғы 7 жылда жалпы ішкі өнім 29 пайызға артып, 306 миллиард долларға жетті.
 
Алтын-валюта резерві және Ұлттық қор активтерінің көлемі 138 миллиард доллардан асты. Осы кезеңде елімізге 162 миллиард доллардан астам инвестиция тартылды.
 
Шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 40 пайыздан асты.
 
Қазақстанда жыл сайын 20 миллион шаршы метрден астам тұрғын-үй бой көтереді.
 
2019 жылдан бастап, 1 миллионнан астам оқушыға арналған 1342 мектеп салынды.
 
Азаматтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жетті.
 
Сондай-ақ 1200-ден астам денсаулық сақтау нысаны ашылды.
 
Осы уақыт ішінде 35 мың шақырымнан астам автокөлік жолы салынып, жөнделді. Мұның бәрін тарихымыздағы ең жоғары көрсеткіш деуге болады.
 
Белсенді жұмыстың нәтижесінде Қазақстан әлемнің бәсекеге қабілетті 40 елінің қатарына енді».
 
t.me/aqorda_resmi
❤1👍1
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚡️Глава государства:
 
«Наши граждане не только стали непосредственными свидетелями реформ, они уже ощущают их результаты.
 
За последние 7 лет валовой внутренний продукт вырос на 29% и достиг 306 миллиардов долларов.
 
Объем золотовалютных резервов и активов Национального фонда превысил 138 миллиардов долларов. За этот период в нашу страну было привлечено более 162 миллиардов долларов инвестиций.
 
Доля малого и среднего бизнеса в экономике превысила 40%.
 
Ежегодно в Казахстане возводится более 20 миллионов квадратных метров жилья.
 
Начиная с 2019 года было построено 1342 школы более чем на 1 миллион учащихся.
 
Средняя продолжительность жизни граждан достигла 76 лет.
 
Кроме того, было открыто более 1200 объектов здравоохранения.
 
Было построено и отремонтировано более 35 тысяч километров автомобильных дорог. Все это – рекордные показатели в истории нашей страны.
 
Благодаря активной работе Казахстан вошел в число 40 самых конкурентоспособных стран мира».
 
t.me/aqorda_resmi
❤2👍2
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев:
 
«Инфрақұрылымды ауқымды жаңғырту аясында ондаған мың жаңа жұмыс орны ашылады.
 
Болжам бойынша 2035 жылға дейін елімізге 2,9 миллион маман, соның ішінде 1,8 миллион жұмысшы маман қажет. Кадр тапшылығы, әсіресе, өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы және ІТ саласында байқалмақ.
 
Қазіргі уақытта еліміздегі 763 колледжде 500 мыңнан аса студент оқиды. Ерте бастан кәсіптік бағдарлауға және дуальді оқытуға ерекше назар аударылып отыр.
 
Қажетті машықтарды меңгерген, алайда салалық дипломы жоқ адамдар кәсіби біліктілікті тануға арналған 22 орталықта өз құзыретін растай алады.
 
Астанада жүзеге асырылып жатқан «Joltap» жобасын айрықша атап өткім келеді. Бұл – бизнестің тікелей қатысуымен жұмысшы және цифрлық сала мамандарын, атап айтқанда, тігінші мен дәнекерлеушіден бастап веб-әзірлеуші мен дизайнерге дейін даярлайтын қысқа мерзімді оқыту моделі.
 
Үш жыл ішінде 22 мыңнан аса адам білім алып, 60 пайызы жұмысқа орналасты, екі мыңға жуық жан жеке кәсібін ашты. Осы табысты тәжірибені барлық өңірге тарату қажет.
 
Әр азаматтың өмірде өз орнын тауып, отбасын адал еңбекпен асырауына және Отанына пайдасын тигізуге жағдай жасау – ортақ міндетіміз».
 
t.me/aqorda_resmi
❤2👍2🔥1
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚡️Касым-Жомарт Токаев:
 
«В рамках масштабной модернизации инфраструктуры будут созданы десятки тысяч новых рабочих мест.
 
По прогнозам, до 2035 года стране потребуется 2,9 миллиона специалистов, из них 1,8 миллиона – по рабочим профессиям. Наибольший дефицит кадров ожидается в промышленности, строительстве, сельском хозяйстве и сфере IT.
 
В настоящее время в 763 колледжах страны насчитывается свыше 500 тысяч студентов, пристальное внимание уделяется ранней профориентации и дуальному обучению.
 
Для тех, кто обладает нужными навыками, но не имеет профильного диплома, действуют 22 центра признания профессиональных квалификаций, где можно официально подтвердить свои компетенции.
 
Особо отмечу проект «Joltap», реализуемый в Астане. Это модель краткосрочного обучения при прямом участии бизнеса по рабочим и цифровым профессиям – от швеи и сварщика до веб-разработчика и дизайнера.
 
За три года обучение прошли более 22 тысяч человек, 60 процентов трудоустроены, около 2 тысяч открыли собственное дело. Этот успешный опыт нужно масштабировать на все регионы.
 
Наша общая задача – создать условия, при которых каждый гражданин сможет найти свое место в жизни, обеспечивать честным трудом семью и приносить пользу Родине».
 
t.me/aqorda_resmi
❤5👍2🔥1
⚡️Қазақстан құрамасы WorldSkills Shanghai 2026 чемпионатында сегіз марапат иеленді

✍🏻 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жұмысшы мамандықтарын дамытуға және білікті кадрлар даярлауға ерекше көңіл бөліп келеді. Президенттің бастамасымен 2025 жыл Жұмысшы мамандықтары жылы болып жарияланды. Колледждерді жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемі ұлғайтылып, жастардың сапалы кәсіби білім алуына жаңа мүмкіндіктер жасалып жатыр.

🏆Шанхайдағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы сегіз марапатқа ие болды: бір қола медаль, кәсіби шеберлігі үшін алты медаль және «Best of Nation» марапаты. Бұл нәтиженің артында студенттердің табанды дайындығы, тәлімгерлерінің еңбегі және мемлекеттің кәсіби білім беруге көрсетіп отырған жүйелі қолдауы тұр.

🥉«Ұшқышсыз авиациялық жүйелер» құзыреттілігі бойынша Руслан Нестеренко қола жүлдегер атанды. Бұл бағыт әлем чемпионатының бағдарламасына алғаш рет енгізілді. Қазақстандық жас маман алғашқы жарыстың өзінде жүлделі орын алып, жаңа технологияларды меңгерудегі әлеуетін көрсетті.

🏅 Кәсіби шеберлігі үшін медальдарды Ағыбай Мұхаметжан («Веб-технологиялар»), Нодирбек Рустамханов («Сантехника және жылыту»), Вадим Витковский («Дәнекерлеу технологиялары»), Дарья Мельник («Өнеркәсіптік дизайн»), Бағыжан Қойшыбаев («Графикалық дизайн»), сондай-ақ «Мехатроника» бойынша команда болып қатысқан Рамазан Нұрлан мен Денис Панин иеленді.

🌟«Цифрлық интерактивті медиа дизайны» құзыреттілігі бойынша бақ сынаған Камила Алиева «Best of Nation» марапатына ие болды.

👏48-ші әлем чемпионатында Қазақстан атынан 31 құзыреттілік бойынша 33 колледж студенті қатысты. Олардың жетістігі қазақстандық жастардың жұмысшы мамандықтарында да, инженерлік, цифрлық және шығармашылық бағыттарда да әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті екенін көрсетті. Жастарды, олардың ұстаздары мен сарапшыларын құттықтаймыз!
_____________________

📱instagram📱facebook📱tiktok📱website
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤3👏3👍2🔥1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Сборная Казахстана завоевала восемь наград на WorldSkills Shanghai 2026

✍🏻 Глава государства Касым-Жомарт Кемелевич Токаев уделяет особое внимание развитию рабочих профессий и подготовке квалифицированных кадров. По инициативе Президента 2025 год был объявлен Годом рабочих профессий. Увеличивается подушевое финансирование колледжей, создаются новые возможности для качественной подготовки молодых специалистов.

🏆На чемпионате мира в Шанхае сборная Казахстана завоевала восемь наград: бронзовую медаль, шесть медалей за профессионализм и награду «Best of Nation». За этим результатом стоят упорная подготовка студентов, труд их наставников и системная поддержка профессионального образования со стороны государства.

🥉Бронзовым призёром в компетенции «Беспилотные авиационные системы» стал Руслан Нестеренко. Это направление впервые вошло в программу чемпионата мира. Уже в дебютном соревновании казахстанский участник поднялся на пьедестал и показал потенциал наших молодых специалистов в освоении новых технологий.

🏅Медали за профессионализм получили Ағыбай Мұхаметжан («Веб-технологии»), Нодирбек Рустамханов («Сантехника и отопление»), Вадим Витковский («Сварочные технологии»), Дарья Мельник («Промышленный дизайн»), Бағыжан Қойшыбаев («Графический дизайн»), а также Рамазан Нұрлан и Денис Панин, выступившие командой в «Мехатронике».

🌟Награду «Best of Nation» получила Камила Алиева, выступившая в компетенции «Дизайн цифровых интерактивных медиа».

👏На 48-м чемпионате мира Казахстан представляли 33 студента колледжей по 31 компетенции. Их достижения показали, что казахстанская молодёжь способна конкурировать на мировом уровне в рабочих, инженерных, цифровых и творческих направлениях. Поздравляем участников, их преподавателей и экспертов!
_____________________

📱instagram📱facebook📱tiktok📱website
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6👏5❤3🔥2