🇰🇿ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ
43.6K subscribers
11.9K photos
2.94K videos
18 files
6.14K links
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ресми арнасы

Педагогтерге, ата-аналар мен балаларға арналған білім туралы барлық ақпарат

Сайт: www.gov.kz/edu

TikTok: @oqu_agartu_ministrligi

Instagram: https://www.instagram.com/oqu_agartu_ministrligi
Download Telegram
⚡️Оқу-ағарту министрлігінде Түркістан облысындағы білім беру мәселелері талқыланды

🤝Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Түркістан облысы әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаевпен кездесті. Жиынға облыстық білім басқармасының басшысы Ғалымжан Орынов пен Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Камилла Ауанасова да қатысты.

📚Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Тамыз конференциясында Түркістан облысындағы білім сапасына арнайы тоқталып, министрлік пен әкімдіктің бірлесіп жұмыс жүргізуі қажет екенін айтқан болатын. Кездесуде осы тапсырманың орындалуы және өңір мектептеріндегі оқу нәтижелерін жақсарту жолдары талқыланды.

📊Кездесуде PISA зерттеуі мен ҰБТ қорытындылары жеке қаралды. Бұл нәтижелер Түркістан облысында білім сапасына қатысты елеулі мәселелер бар екенін көрсетеді. Министр қалыптасқан жағдай жүйелі жұмысты және өңірдегі оқу нәтижелерін жақсартуға бағытталған нақты шараларды талап ететінін айтты.

✍️Облыстық білім басқармасы мектептердегі жағдай мен атқарылып жатқан жұмыс туралы мәлімет берді. Білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің бағалау нәтижелері де қаралды. Тараптар көрсеткіштері төмен мектептерге қолдау көрсету, педагогтердің кәсіби даярлығын күшейту және оқушылардың білім жетістіктерін жақсарту мәселелеріне тоқталды.

📝Кездесу қорытындысында министрлік пен облыс әкімдігі анықталған мәселелер бойынша бірлескен жұмысты күшейтуге келісті. Мектептердің оқу нәтижесін жақсартуға бағытталған нақты шаралар өңірдегі білім сапасын арттыру жөніндегі кешенді жоспарда ескеріледі.
_____________________

📱instagram📱facebook📱tiktok📱website
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍15❤4🔥1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️В Министерстве просвещения обсудили вопросы образования Туркестанской области

🤝Министр просвещения Жұлдыз Сүлейменова встретилась с заместителем акима Туркестанской области Еркебуланом Дауылбаевым. Во встрече также приняли участие руководитель областного управления образования Галымжан Орынов и руководитель Департамента по обеспечению качества в сфере образования Туркестанской области Камилла Ауанасова.

📚Глава государства Касым-Жомарт Кемелевич Токаев на Августовской конференции отдельно остановился на качестве образования в Туркестанской области и указал на необходимость совместной работы министерства и акимата. Участники встречи обсудили исполнение этого поручения и пути улучшения результатов обучения в школах региона.

📊На встрече отдельно рассмотрели результаты исследования PISA и ЕНТ. Они указывают на серьёзные проблемы с качеством образования в Туркестанской области. Министр подчеркнула, что сложившаяся ситуация требует системной работы и конкретных мер, которые приведут к улучшению результатов обучения в регионе.

✍️Областное управление образования представило информацию о положении дел в школах и проводимой работе. Также были рассмотрены результаты оценки качества образования, представленные профильным департаментом. Участники обсудили поддержку школ с низкими показателями, повышение квалификации педагогов и улучшение учебных результатов школьников.

📝По итогам встречи министерство и акимат области договорились усилить совместную работу по выявленным вопросам. Конкретные меры по улучшению результатов обучения будут учтены в комплексном плане повышения качества образования в регионе.
_____________________

📱instagram📱facebook📱tiktok📱website
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏6❤2👍2🔥1
⚡️Балаларға арналған жеке қауіпсіздік сабақтары жаңартылды: бейтаныс адамдармен қарым-қатынастан дипфейк пен дропперлікке дейін

📚Балабақшаларда, мектептерде және колледждерде жеке қауіпсіздік сабақтарының мазмұны жаңартылды. Бағдарламаға балалар мен жасөспірімдер күнделікті өмірде және цифрлық ортада тап болуы мүмкін қауіп-қатерлерге арналған 140-тан астам тақырып енгізілді.

🤝Жаңа тақырыптарды Оқу-ағарту министрлігі ЮНИСЕФ және бейінді мемлекеттік органдармен бірлесіп әзірледі. Бағдарлама жеке және цифрлық қауіпсіздік, құқық бұзушылықтар мен алаяқтықтың алдын алу, төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл және денсаулықты сақтау мәселелерін қамтиды.

👧 Сабақ мазмұны балалардың жас ерекшелігіне қарай бейімделген. Мектепке дейінгі жастағы балалар бейтаныс адамдармен қауіпсіз қарым-қатынас жасауға, көмек сұрауға және адасып қалған жағдайда қалай әрекет ету керектігіне үйренеді. Бастауыш сыныптарда жеке шекара, интернеттегі қауіпсіздік, күмәнді сілтемелер, өрт және эвакуация кезіндегі әрекеттер қарастырылады.

📱Жасөспірімдер үшін буллинг пен кибербуллинг, интернет-алаяқтық, дербес деректерді қорғау, жалған ақпарат, дипфейктер және жасанды интеллектіні қауіпсіз пайдалану тақырыптары енгізілген. Сонымен қатар қысым көрсету, бопсалау, қорқыту, ақша талап ету және қудалау жағдайлары талқыланады.

💳Жоғары сынып оқушылары мен колледж студенттері дропперлік пен «оңай ақша» схемаларын, қаржылық және еңбек алаяқтығын, қауіпті онлайн-таныстықтарды, груминг пен сталкингті, манипуляция мен арбауды, сондай-ақ құқыққа қайшы әрекеттерге тартылу тәуекелдерін қарастырады.

🎯Сабақтар апта сайын сынып немесе кураторлық сағат аясында 10 минуттан өткізіледі. Негізгі басымдық практикалық дағдыларға берілген: балалар нақты өмірлік жағдайларды талдап, қауіпті алдын ала тануға, өзін қорғауға және көмек қажет болғанда кімге жүгіну керектігін білуге үйренеді.
_____________________

📱instagram📱facebook📱tiktok📱website
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3❤1
⚡️Обновлены уроки личной безопасности для детей: от правил поведения с незнакомцами до дипфейков и дропперства

📚В детских садах, школах и колледжах обновлено содержание уроков личной безопасности. В программу вошли более 140 тем, посвященных рискам, с которыми дети и подростки могут столкнуться в реальной жизни и цифровой среде.

🤝Новые темы разработаны Министерством просвещения совместно с ЮНИСЕФ и профильными государственными органами. Программа охватывает личную и цифровую безопасность, профилактику правонарушений и мошенничества, действия при чрезвычайных ситуациях и вопросы сохранения здоровья.

👧 Содержание адаптировано с учетом возраста детей. Дошкольников учат безопасно вести себя с незнакомцами, обращаться за помощью и действовать, если они потерялись. В начальной школе изучают личные границы, безопасность в интернете, подозрительные ссылки, правила поведения при пожаре и эвакуации.

📱Для подростков предусмотрены темы буллинга и кибербуллинга, интернет-мошенничества, защиты персональных данных, фейковых новостей, дипфейков и безопасного использования искусственного интеллекта. Также рассматриваются ситуации давления, шантажа, вымогательства и преследования.

💳Старшеклассники и студенты колледжей будут разбирать дропперство и схемы «легких денег», финансовое и трудовое мошенничество, опасные онлайн-знакомства, груминг, сталкинг, манипуляции и вербовку, а также риски вовлечения в противоправную деятельность.

🎯Уроки проходят еженедельно по 10 минут в рамках классного или кураторского часа. Главный акцент сделан на практике: дети разбирают реальные жизненные ситуации, учатся распознавать угрозу, защищать себя и понимать, к кому обращаться за помощью.
_____________________

📱instagram📱facebook📱tiktok📱website
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤7👍3
⚡️Астанада WorldSkills Shanghai 2026 жүлдегерлері мен қатысушыларын салтанатты түрде қарсы алды

🏆Қазақстан құрамасы WorldSkills Shanghai 2026 кәсіби шеберлік бойынша әлем чемпионатынан сегіз марапатпен оралды. Әуежайда қатысушыларды туған-туыстары, достары, тәлімгерлері және Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері қарсы алды.

✍🏻Жұмысшы мамандықтарын дамыту және білікті кадрлар даярлау Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ерекше назарында. Президенттің бастамасымен 2025 жыл Жұмысшы мамандықтары жылы болып жарияланды. Студенттердің жетістіктері кәсіби білім беруді мемлекет тарапынан жүйелі қолдаудың маңызын көрсетеді.

🥉Руслан Нестеренко әлем чемпионатының бағдарламасына алғаш рет енгізілген «Ұшқышсыз авиациялық жүйелер» құзыреттілігі бойынша қола медаль иеленді.

🏅Кәсіби шеберлігі үшін медальдарды Ағыбай Мұхаметжан («Веб-технологиялар»), Нодирбек Рустамханов («Сантехника және жылыту»), Вадим Витковский («Дәнекерлеу технологиялары»), Дарья Мельник («Өнеркәсіптік дизайн»), Бағыжан Қойшыбаев («Графикалық дизайн»), сондай-ақ Рамазан Нұрлан мен Денис Панин («Мехатроника») иеленді. Камила Алиева «Цифрлық интерактивті медиа дизайны» құзыреттілігі бойынша «Best of Nation» марапатына ие болды.

👏Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері қатысушыларға министр Жұлдыз Сүлейменованың атынан алғыс хаттар табыстап, табысты өнер көрсетуімен құттықтауын жеткізді.

🎉48-ші әлем чемпионатында Қазақстан атынан 31 құзыреттілік бойынша 33 колледж студенті қатысты. Құрама мүшелері мен олардың тәлімгерлерін құттықтаймыз!
_____________________

📱instagram📱facebook📱tiktok📱website
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍8❤3🔥1