«ORLEU» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы📝
7.77K subscribers
3.13K photos
416 videos
27 files
929 links
Download Telegram
🎄РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ШЫРШАҒА 100 БАЛА ҚАТЫСТЫ

🔴Елордада Қазақстан Республикасы Президентінің атынан балаларға арналған «Жаңа жыл республика төрінде» республикалық шырша тойы өтті. Оған еліміздің барлық өңірлерінен 100-ден астам бала қатысты.

❄️Шырша салтанатына қатысушылардың ішінде он жасар Кәусар Алмасқызы да бар. Жетісу облысы Талдықорған қаласындағы №19 мектеп-гимназиясының 5-сынып оқушысы бұл шара үшін арнайы өз қолымен сәнді көйлек тігіпті.

«Бүгін бәрі ертегідей. Мені бұл көрініс аса таң қалдырды. Барлығы сондай сәнді, мен де бүгінгі салтанатқа орай өзіме әдемі көйлек тіктім. Мереке үшін рахмет!», - дейді Кәусар.


⛸Отбасы үлгісіндегі балаларды қолдау орталығының тәриеленушісі, Маңғыстау облысынан келген Виктор Бояркин Президенттен шақырту алғаны үшін алғысын білдірді. Үшінші сынып оқушысы каратэмен айналысады және домбырада ойнайды.

«Шырша тойына қатысқаным үшін аса қуаныштымын. Оның үстіне бізге көптеген сыйлықтар берілді. Осындай шексіз қуаныш сыйлаған Президентке және барша қатысушыларға рахмет айтамын», - дейді ол.


🫐Шыршаға шақырылған балаларға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Құттықтау хат табыс етілді.

«Айналайын балақай! Сені Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын! Осы тамаша мейрам өзіңді қуаныш пен шаттыққа бөлесін! Өмірің жарқын сәттерге толы болсын! Кітап оқы, спортпен шұғылдан, табиғатты аяла және жақсылық жасауға ұмтыл! Білімпаз, еңбекқор, адал азамат бол! Асқақ армандарың ақиқатқа айналсын! Саған зор денсаулық, толағай табыс тілеймін!», - деп жазды Президент балаларға арналған құттықтауында.


🎄Балалармен бірге шырша шамын еліміздің бас педагогі Ғани Бейсембаев жақты.

«Бүгін өздеріңіз сынды 6 миллионнан астам бала Жаңа жыл мерекесін тойлауда және республикамыздың 20 өңірінен жүздеген бала осы Президент шыршасына қатысып, үлкен мерекелі тойды бірге өткізудеміз. Жалпы сіздер осы үш күн бойы әсем қаламыз Астананың ең көрікті жерлерін араладыңыздар. Оның ішінде тәуелсіздік символына айналған Бәйтерекке де бардыңыздар. Мемлекет сіздердің бақытты балалық шақтарыңыз үшін барлық мүмкіндіктерді жасауда. Ендігі жерде, құрметті жас достар, сіздер де сабақтарыңызды беске оқып, саналы тәрбие алып, осы елдің беделді, мықты азаматы болып өсулеріңізге барлық мақсат-мұраттарыңызды арнауға тиіссіздер», — деді Оқу-ағарту министрі.


🛷Балалар үшін елорданың үздік шығармашылық ұжымдарының 400 әртісі мерекелік көңіл-күй сыйлады, «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының солистері «Күлбикеш» спектаклінің қойылымын тарту етті. Балалар қазақстандық атақты әртістер Маржан Арапбаева, Қарақат Әбілдина, Ержан Максиммен шыршаны айналып ән айтып, би биледі.

🎁Шара соңында барлық қонақтарға Қазақстан Республикасы Президентінің атынан жаңа жылдық сыйлықтар табыс етілді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4❤1
🎄100 ДЕТЕЙ ПРИНЯЛИ УЧАСТИЕ В РЕСПУБЛИКАНСКОЙ ПРЕЗИДЕНТСКОЙ НОВОГОДНЕЙ ЁЛКЕ
 
🔴В столице прошла Республиканская новогодняя ёлка от имени Президента РК под названием «Жаңа жыл республика төрінде». В ней приняли участие более 100 ребятишек со всех регионов страны.
 
❄️Среди участников мероприятия десятилетняя Каусар Алмаскызы. Пятиклассница Талдыкорганской школы-гимназии №19 области Жетысу специально для этого мероприятия своими руками сшила наряд.
 
«Сегодня всё как в сказке. Такого представления я еще не видела. Все такие красивые и я тоже по этому случаю сшила себе наряд. Спасибо за праздник!», - сказала Каусар.
 


🌟Воспитанник Центра поддержки детей семейного типа из Мангистауской области Виктор Баяркин поблагодарил Президента за приглашение. Третьеклассник активно увлекается каратэ и игрой на домбре.  
 
«Для меня большая честь принять участие в новогодней ёлке. Я получил много подарков. Спасибо Президенту и всем участникам за то, что подарили нам столько радости», - сказал мальчик.

 
🔔Приглашенные на елку дети получили поздравительные открытки от имени Главы государства Касым-Жомарта Токаева.

«Юный друг! Поздравляю тебя с Новым годом! Пусть этот праздник принесет тебе радостные моменты и яркие впечатления! Хорошо учись, читай книги, развивайся, уважай природу, будь умным, трудолюбивым и честным гражданином! Пусть сбудутся твои самые заветные мечты! Желаю крепкого здоровья и удачи», - написал Президент ребятам.


🛷Вместе со школьниками огни на елке зажег главный педагог страны Гани Бейсембаев.

«Сегодня, как и вы, более 6 миллионов детей празднуют Новый год. Более сотни детей из 20 регионов республики принимают участие в новогодних мероприятиях. Всего за эти 3 дня вы посетили самые красивые достопримечательности нашего прекрасного города Астаны, в том числе «Байтерек», ставший символом независимости. Государство делает все возможное, чтобы у вас было счастливое детство. Теперь, дорогие юные друзья, вы должны целеустремленно учиться, получать осознанное воспитание и расти авторитетным, сильным гражданином этой страны», — поздравил детей министр.


🍭Праздничную атмосферу детям создали 400 артистов из лучших творческих коллективов столицы, а солисты Государственного театра оперы и балета «Астана Опера» подарили детям показ новогоднего спектакля «Золушка». Неотъемлемой частью представления стал хоровод под песни известных казахстанских артистов Маржан Арапбаевой, Каракат Абильдиной, Ержана Максима и др.

🎁В завершение мероприятия все гости получили новогодние подарки от имени Президента Республики Казахстан.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3
🏅МЕРЕЙТОЙЛЫҚ ХХ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖӘУТІКОВ ОЛИМПИАДАСЫНДА БӘСКЕ 344 МЕДАЛЬ ТІГІЛДІ

🔖Алматыда математика, физика және информатика бойынша ХХ Халықаралық Жәутіков олимпиадасының салтанатты жабылуы өтті. Оған әлемнің 16 елінен 700-ден астам оқушы қатысты.

🎙️Мерейтойлық олимпиадаға қатысушыларды ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев құттықтады.

💬«Бүгін бүкіл отандық білім үшін айтулы оқиға. 20 жылдан бері көрнекті ғалым-математик, академик Орымбек Жәутіковтың арқасында жыл сайын күллі әлем таныған дарынды математиктердің тұтас буыны қалыптасып келеді. Халықаралық Жәутіков олимпиадасы жүздеген талантты оқушыларды жинап, білім бәсекесінің алаңына айналды, қазақ мәдениеті мен дәстүрлерін әлемге танытуға жол ашты. Қатысушылардың әрқайсысы математика және физика сияқты іргелі ғылымдар бойынша лайықты нәтижелер көрсетті және бүгін әлемдік аренада өз елінің туын мақтанышпен көтерді», - деп атап өтті министр өз сөзінде.


📚Үш пән бойынша барлығы 344 қатысушы ХХ Халықаралық Жәутіков олимпиадасының жүлдегерлері атанды:

🏆Бас жүлде Санкт-Петербург қаласынан № 239 президенттік физика-математика лицейінің командасына бұйырды;

🥇I орынды В.Ф. Овчинникова атындағы “Екінші мектеп” иеленді, Мәскеу қаласы;

🥈II орынды Тбилиси қаласынан Л.В. Комаров атындағы № 199 математика және физика арнайы мектебінің және Долгопрудный қаласынан П.Л.Капица атындағы “Физтех-лицейі” бөлісті;

🥉III орынға Минск қ. БГУ лицейі, София қ. Sofia High School of Mathematics, Долгопрудный қаласынан П. Л. Капица атындағы “Физтех-лицейі” және Алматы қаласынан РФММ иеленді.

🇰🇿Қазақстандық оқушылар 109 медаль жеңіп алды — 10 алтын, 43 күміс және 56 қола.

🔰Халықаралық қазылар алқасының құрамына 7 елдің өкілдері кірді: Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь, Оңтүстік Корея, Қытай және АҚШ. Олимпиаданың халықаралық қазылар алқасының төрағасы-Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының вице-президенті, академик Асқар Жұмаділдаев.

📥Айта кетейік, әр пән бойынша үздік нәтиже көрсеткен қатысушыларға Нұрлан Қаппаров атындағы Қордан арнайы сыйлықтар, сондай-ақ қазақстандық оқушылар арасында әр пән бойынша арнайы сыйлықтар табысталды.

💻Гран-приді жеңіп алған команданың барлық мүшелеріне кубок пен ноутбуктер табысталды. Барлық жүлдегерлер дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
👍3
🏅344 МЕДАЛИ РАЗЫГРАЛИ НА ЮБИЛЕЙНОЙ ХХ МЕЖДУНАРОДНОЙ ЖАУТЫКОВСКОЙ ОЛИМПИАДЕ

🔖В Алматы прошло торжественное закрытие ХХ Международной Жаутыковской олимпиады по математике, физике и информатике. В ней приняли участие более 700 школьников из 16 стран мира.

🎙️Участников юбилейной олимпиады поздравил министр просвещения РК Гани Бейсембаев.

💬«Сегодня знаменательное событие для всего отечественного образования. Вот уже 20 лет благодаря выдающемуся ученому-математику, академику Орымбеку Жаутыкову из года в год формируется целое поколение талантливых математиков, которых признают во всем мире. Международная Жаутыковская олимпиада собрала сотни талантливых школьников и стала настоящей площадкой демонстрации знаний, окном в мир казахской культуры и традиций. Каждый из участников показал достойные результаты по таким фундаментальным наукам, как математика и физика, и сегодня с гордостью поднял флаг своей страны на мировой арене», — подчеркнул в своем выступлении министр.


📚Всего призерами ХХ Международной Жаутыковской олимпиады стали 344 участника по трем предметам.

🏆Гран-при удостоилась команда Президентского физико-математического лицея № 239 г. Санкт-Петербург.

🥇I место заняла лицей «Вторая школа» им. В.Ф. Овчинникова г. Москва;

🥈II место разделили команды спецшкола математики и физики № 199 им. Л.В. Комарова г. Тбилиси и «Физтех-лицей» им. П.Л. Капицы г. Долгопрудный;

🥉III место поделили команды лицея БГУ г. Минск, Sofia High School of Mathematics г. София, «Физтех-лицей» им. П.Л. Капицы г. Долгопрудный и РФМШ г. Алматы.

🇰🇿Казахстанские школьники завоевали 109 медалей — 10 золотых, 43 серебряные и 56 бронзовых.

🔰В состав международного жюри вошли представители 7 стран: Казахстан, Россия, Армения, Беларусь, Южная Корея, Китай и США. Председатель международного жюри олимпиады — вице-президент Национальной академии наук Республики Казахстан при Президенте Республики Казахстан, академик Аскар Джумадильдаев.

📥Отметим, участникам показавшим наилучшие результаты по каждому предмету, вручены специальные премии от Фонда имени Нурлана Каппарова, а также специальными призами по каждому предмету среди казахстанских школьников.

💻Всем членам команды, завоевавших Гран-при, вручены кубок и ноутбуки. Все призеры награждены дипломами и ценными призами.
👍3
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📚МЕРЕЙТОЙЛЫҚ ХХ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖӘУТІКОВ ОЛИМПИАДАСЫНДА БӘСКЕ 344 МЕДАЛЬ ТІГІЛДІ

🔸🔸🔸🔸🔸🔸🔸

📸344 МЕДАЛИ РАЗЫГРАЛИ НА ЮБИЛЕЙНОЙ ХХ МЕЖДУНАРОДНОЙ ЖАУТЫКОВСКОЙ ОЛИМПИАДЕ
👍5
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏆ХХ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖӘУТІКОВ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ЖАБЫЛУЫ

📚📖📚📖📚📖📚

🎥ТОРЖЕСТВЕННОЕ ЗАКРЫТИЕ ХХ МЕЖДУНАРОДНОЙ ЖАУТЫКОВСКОЙ ОЛИМПИАДЫ
👍3
⚜️ҚАЗАҚСТАНДА ҮЗДІКСІЗ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ҚҰРЫЛАДЫ — ҒАНИ БЕЙСЕМБАЕВ

🤝ҚР Оқу-ағарту министрі жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды. Мұнда арнайы және инклюзивті білім беру мәселелері бойынша ғылыми қоғамдастық пен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесу өтті.

🗣️Кездесу барысында 2024 жылға арналған жұмыс жоспары туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі арнайы және инклюзивті білім департаментінің директоры Лаура Бутабаева айтып берді.

📈Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға ерте көмек көрсету мақсатында бүгінгі таңда психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің санын арттыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Қазір елімізде 215 ППТК жұмыс істейді, 2024 жылы қосымша 9 түзету кабинетін ашу жоспарлануда. Қазіргі күні мектептерде 700-ден астам инклюзияны қолдау кабинеті жұмыс істейді, 2024 жылы олардың саны тағы 57 бірлікке ұлғайтылатын болады. Сонымен қатар, биыл 14 ПМПК ашу жоспарлануда.

🔰Дөңгелек үстелде сөз сөйлеген ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев инклюзивті білім беру жүйесін дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. Бұл бағытты дамытудың маңыздылығын түсіне отырып  2023 жылдың желтоқсанында министрлік құрылымында арнайы және инклюзивті білім департаменті ашылды.

«Арнайы білім әр баламен жеке жұмыс жасауды, әр балаға назар аударуды қажет етеді. Осы мақсатта Ұлттық үздіксіз инклюзивті білім беру орталығын іске қосу жоспарлануда. Сонымен қатар біз кадрларды даярлау және қайта даярлау мәселесін қарастырамыз. Сондықтан педагогтер оқытатын жоғары оқу орындарының бағдарламаларына «инклюзивті білім беру»  модульін қосу жоспарланып, педагогтер үшін біліктілікті арттырудың жаңа курстары әзірленуде», — деді Ғани Бейсембаев.


👥Дөңгелек үстел барысында ғылыми қоғамдастық өкілдері: педагогика ғылымдарының докторы, профессор Роза Сүлейменова, доцент, педагогика және психология институтының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Ғалия Абаева, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың басшылары сөз сөйледі. Олардың қатарында «Дара» қорының «Қазақстанда инклюзивті қоғам құру»  жобасының үйлестірушісі Сәуле Дүйсембекова, Болат Өтемұратов қорының директоры Марат Айтмағамбетов те бар.

✍️Шара соңында ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев департамент директорына еліміздегі инклюзивті білім беруді дамытудың стратегиялық жоспарын әзірлеуді тапсырды.
👍5🔥1