«ORLEU» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы📝
7.76K subscribers
3.13K photos
416 videos
27 files
929 links
Download Telegram
«ORLEU» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы📝
Video
🧑🏻‍🏫 Современный педагог — это не только специалист, хорошо владеющий своим предметом. Сегодня учитель выступает проектировщиком образовательного процесса, исследователем, фасилитатором и лидером изменений.

📉 С этой целью АО «Национальный центр повышения квалификации «Өрлеу» с 2026 года реализует новые образовательные программы повышения квалификации педагогов по предметам «Казахский язык», «Русский язык», «Английский язык», «История», «Основы права», «Музыка» и «Художественный труд».

📋 Программы разработаны на основе современной модели «цель – метод – оценивание» и направлены на эффективную реализацию требований Государственного общеобязательного стандарта образования в реальной педагогической практике.

📚Наименования курсов:
🔹«Новые подходы к реализации Государственного общеобязательного стандарта образования: от цели к ожидаемым результатам обучения». «Казахский язык» и «Казахская литература» (Т1).
🔹«Новые подходы к реализации Государственного общеобязательного стандарта образования: от цели к ожидаемым результатам обучения». «Казахский язык и литература» (Т2).
🔹New approaches to the implementation of the State Compulsory Education Standard: from goals to expected learning outcomes. «English Language».
«Новые подходы к реализации Государственного общеобязательного стандарта образования: от цели к ожидаемым результатам обучения». «Русский язык» и «Русская литература» (Я1).
🔹«Новые подходы к реализации Государственного общеобязательного стандарта образования: от цели к ожидаемым результатам обучения». «Русский язык» и «Русская литература» (Я2).
🔹«Новые подходы к реализации Государственного общеобязательного стандарта образования: от цели к ожидаемым результатам обучения». «История» и «Основы права».
🔹«Новые подходы к реализации Государственного общеобязательного стандарта образования: от цели к ожидаемым результатам обучения». «Художественный труд».
🔹«Новые подходы к реализации Государственного общеобязательного стандарта образования: от цели к ожидаемым результатам обучения». «Музыка».
🏢 «Өрлеу» Басқарма төрағасы Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институтының қызметімен танысты

🤝 «Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқарма төрағасы Ғалымжан Алматов жұмыс сапарымен Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институтында болып, филиалдың бірінші жартыжылдықтағы жұмыс қорытындыларымен және алдағы даму бағыттарымен танысты.

📊 Кездесу барысында филиал директоры Маржан Ғалымжанова институттың қызмет нәтижелері, өңірлік ерекшеліктері туралы баяндады. Қызметкерлермен және тренерлермен ашық пікір алмасу өтіп, педагогтердің кәсіби дамуын жетілдіру мәселелері талқыланды.

📝 Мемлекеттік тапсырыс аясында аймақтың 2167 педагогін біліктілікті арттыру курстарымен қамту жоспарланса, қазіргі таңда оның 54 % -ы оқуын аяқтаған. Сондай-ақ «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық конкурсының өңірлік кезеңіне 500-ге жуық педагог өздерінің авторлық жұмыстарын ұсынса, «Ұстаз» платформасы арқылы аттестаттау бойынша өңір педагогтерінің 80,5% - ы өтініш берген.

🌐 Ғалымжан Алматов алдағы уақытта «Ұстаз» ұлттық платформасының мүмкіндіктерін кеңейту жоспарланып отырғанын айтты. Мәселен, платформаны Ұлттық білім беру деректер қорымен (ҰБДҚ) және HR жүйесімен интеграциялау, сондай-ақ педагогтер күнделікті жұмысында басшылыққа алатын 40-тан астам нормативтік құқықтық актіні бір жүйеге енгізу көзделуде. Бұл педагогтердің қажетті ақпаратқа жедел қол жеткізуіне және жұмыс үдерісін цифрландыруға мүмкіндік бермек.

💡 Курстан кейінгі сүйемелдеу жұмыстарының тиімділігін арттыру мәселесі де маңызды. Бұл бағытты болашақта платформаға енгізу мүмкіндігі қарастырылып жатқаны айтылып, филиалдарға курстан кейінгі әдістемелік қолдауды күшейту тапсырылды.

⚠️ Сонымен қатар «Ұстаз» платформасы арқылы педагогтердің өтініштерін қарау мәселесі де көтерілді. Басқарма төрағасы өңірлік аттестаттау комиссиялары өтініштерді уақытылы қарап, шешім қабылдау жұмыстарын созбалаңға салмауы керектігін қатаң ескертті. Ол әрбір өтініштің белгіленген мерзімде қаралуын қамтамасыз етуді, комиссиялардың жауапкершілігін арттыруды және педагогтерге көрсетілетін әдістемелік әрі техникалық қолдауды күшейтуді тапсырды.

🛠️ Кездесу барысында профессор-оқытушылар құрамы институттың материалдық-техникалық базасын жаңарту мәселесін де көтерді. Өз кезегінде Басқарма төрағасы оқу процесіне қажетті инфрақұрылымды кезең-кезеңімен жаңғырту жалғасатынын айтып, білім беру ортасының заманауи талаптарға толық сәйкес келуі басты міндеттердің бірі екенін атап өтті.

📈 Ғалымжан Алматовтың айтуынша, «Өрлеу» ұлттық орталығының біліктілікті арттыру курстарының сапасын арттыру бағытындағы әлеуеті жоғары. Филиалдардың кең желісі, тәжірибелі профессор-оқытушылар құрамы және материалдық-техникалық базасы бар болғанымен, республикадағы педагогтердің басым бөлігін әлі де басқа провайдерлер оқытып келеді.

🎯 Сондай-ақ филиалдардың профессор-оқытушылар құрамына білім беру бағдарламаларын өз бетінше әзірлеу міндеті жүктелетіні айтылды. Ғалымжан Алматов бұдан былай профессор-оқытушылар құрамының жұмысы негізгі тиімділік көрсеткіштері (KPI) арқылы бағаланатынын атап өтті.

🎓 Кеңес барысында Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институтының өңірде жүзеге асырып жатқан «Кәсіпке бастар жол: саналы таңдау – сәтті болашаққа қадам» жобасының нәтижелері таныстырылды. Жоба Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті жанындағы дарынды ер балаларға арналған «Ұстаз» мектеп-лицей-интернатының 10–11 сынып оқушыларына кәсіби бағдар беруге бағытталған.

✅ Осы тәжірибеге оң баға берген Ғалымжан Алматов Атырау облысының Білім басқармасымен бірлесіп, аймақтың ерекшеліктері мен педагогтердің нақты қажеттіліктерін ескеретін кәсіби даму жөніндегі кешенді өңірлік жобаның тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырды.
❤2
🏢Глава «Өрлеу» ознакомился с работой Института профессионального развития Атырауской области

🤝 Председатель Правления АО «Национальный центр повышения квалификации «Өрлеу»» Галымжан Алматов в ходе рабочей поездки посетил Институт профессионального развития по Атырауской области. В рамках визита были подведены итоги деятельности филиала за первое полугодие и обсуждены приоритетные направления его дальнейшего развития.

📊 Директор филиала Маржан Галымжанова представила результаты работы института и рассказала об особенностях организации повышения квалификации педагогов в регионе. Во время встречи состоялся открытый диалог с сотрудниками и тренерами, в ходе которого обсуждались актуальные вопросы развития системы непрерывного профессионального роста педагогов.

📝 В рамках государственного образовательного заказа в этом году планируется повысить квалификацию 2 167 педагогов области. На сегодняшний день обучение завершили уже 54 % участников. Кроме того, около 500 педагогов представили свои авторские разработки на региональный этап республиканского конкурса «Панорама педагогических идей», а через национальную платформу «Ұстаз» заявления на прохождение аттестации подали 80,5 % педагогов региона.

🌐 Особое внимание в ходе встречи было уделено дальнейшему развитию национальной платформы «Ұстаз». По словам Галымжана Алматова, в ближайшей перспективе планируется расширить ее функционал за счет интеграции с Национальной образовательной базой данных (НОБД) и HR-системой. Также в платформу будет включено более 40 нормативных правовых актов, которыми педагоги руководствуются в своей повседневной работе. Это позволит значительно упростить доступ к необходимым документам и повысить уровень цифровизации образовательных процессов.

💡 Отдельно обсуждался вопрос совершенствования системы посткурсового сопровождения педагогов. Рассматривается возможность интеграции этого механизма в платформу «Ұстаз», а филиалам поручено усилить методическую поддержку слушателей после завершения курсов повышения квалификации.

⚠️ Не менее важной темой стала организация аттестации педагогов через платформу «Ұстаз». Глава «Өрлеу» подчеркнул, что региональные аттестационные комиссии должны своевременно рассматривать поступающие заявления и не допускать затягивания сроков принятия решений. Он поручил обеспечить соблюдение установленных сроков рассмотрения заявок, повысить ответственность комиссий, а также усилить методическую и техническую поддержку педагогов.

🛠️ В ходе встречи профессорско-преподавательский состав института также поднял вопрос обновления материально-технической базы. Галымжан Алматов отметил, что модернизация образовательной инфраструктуры будет проводиться поэтапно, подчеркнув, что создание современной и комфортной образовательной среды остается одним из ключевых приоритетов центра.

📈 По словам председателя Правления, Национальный центр «Өрлеу» обладает всеми необходимыми ресурсами для повышения качества программ повышения квалификации: разветвленной сетью филиалов, сильным профессорско-преподавательским составом и современной материально-технической базой. Вместе с тем значительная часть педагогов страны по-прежнему проходит обучение у других провайдеров образовательных услуг.
«ORLEU» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы📝
🏢Глава «Өрлеу» ознакомился с работой Института профессионального развития Атырауской области 🤝 Председатель Правления АО «Национальный центр повышения квалификации «Өрлеу»» Галымжан Алматов в ходе рабочей поездки посетил Институт профессионального развития…
🎯 Кроме того, было отмечено, что филиалы получат больше академической самостоятельности: профессорско-преподавательскому составу будет поручена разработка собственных образовательных программ. При этом эффективность их работы будет оцениваться по системе ключевых показателей эффективности (KPI).

🎓 В ходе совещания также были представлены результаты реализации регионального проекта «Путь к профессии: осознанный выбор — шаг к успешному будущему», который реализуется Институтом профессионального развития по Атырауской области. Проект направлен на профессиональную ориентацию учащихся 10–11 классов школы-лицея-интерната «Ұстаз» для одаренных юношей при Атырауском университете имени Х. Досмухамедова.

✅ Высоко оценив результаты проекта, Галымжан Алматов поручил совместно с Управлением образования Атырауской области разработать концепцию комплексного регионального проекта по профессиональному развитию педагогов, учитывающего специфику региона и реальные потребности работников образования.
👍2
«ORLEU» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы📝
Photo
📢 Құрметті педагогтер!

📚 Педагогтер қауымдастығына әдістемелік қолдау көрсету мақсатында «Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның әрбір филиалы өзінің ғылыми-әдістемелік басылымын шығарады.

📈 Бұл – педагогтердің өз кәсіби қызметінің нәтижелерін жариялауға берілетін мүмкіндік. Олар ғылыми мақалаларын, әдістемелік әзірлемелерін, авторлық бағдарламаларын, іс-шаралар сценарийлерін, сабақ жоспарларын, жұмыс тәжірибесінен жинақталған материалдарын және өзге де әдістемелік еңбектерін жариялай алады.

🧾 Педагогтің ғылыми-әдістемелік басылымдағы жарияланымы тиімді тәжірибені кеңінен таратуға, кәсіби дамуына және жеке портфолиосын толықтыруға ықпал етеді. Сонымен қатар жарияланған материалдардың болуы педагогтің кәсіби белсенділігінің маңызды көрсеткіші болып табылады және қолданыстағы талаптарға сәйкес аттестаттауға ұсынылатын құжаттарды әзірлеу барысында ескерілуі мүмкін.

👨‍🏫 Педагогтерді өздерінің тәжірибесімен, үздік тәжірибелерімен және инновациялық идеяларымен бөлісіп, оларды «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарының ғылыми-әдістемелік басылымдарында жариялауға шақырамыз.

💳 Жарияланым құны:

☑️ «Өрлеу. Үздіксіз білім жаршысы – Өрлеу. Вести непрерывного образования» ғылыми журналында бір мақаланы жариялау – 60 000 теңге;
филиалдың ғылыми журналында бір мақаланы жариялау – 6 700 теңге;
филиалдың газетінде бір материалды жариялау – 5 500 теңге.
🔥2❤1
«ORLEU» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы📝
Photo
📢 Уважаемые педагоги!

📚 В целях оказания методической поддержки педагогическому сообществу каждый филиал АО «НЦПК «Өрлеу» выпускает собственное научно-методическое издание.

📈 Это возможность для педагогов опубликовать результаты своей профессиональной деятельности: научные статьи, методические разработки, авторские программы, сценарии мероприятий, конспекты уроков, материалы из опыта работы и другие методические материалы.

🧾 Публикация в научно-методическом издании способствует распространению эффективного педагогического опыта, профессиональному развитию и формированию личного портфолио.
Кроме того, наличие опубликованных материалов является важным подтверждением профессиональной активности педагога и может быть использовано при подготовке документов к аттестации в соответствии с действующими требованиями.

🧑🏻‍🏫 Приглашаем педагогов делиться своим опытом, лучшими практиками и инновационными идеями на страницах научно-методических изданий филиалов АО «НЦПК «Өрлеу».

💳 Стоимость публикации:

☑️ публикация одной статьи в научном журнале «Өрлеу. Үздіксіз білім жаршысы – Өрлеу. Вести непрерывного образования» — 60 000 тенге;
публикация одной статьи в научном журнале филиала — 6 700 тенге;
публикация материала в газете филиала — 5 500 тенге.
📑 Аппарат отырысы: өзекті мәселелер қаралды

🤝 «Өрлеу» БАҰО-да Басқарма төрағасы Ғалымжан Алматовтың төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте қаралған бірінші мәселе жобалық серіктестіктерді дамытуға арналды.

📈 Бұл ретте Басқарма төрағасының стратегиялық даму мәселелері жөніндегі орынбасары Аида Мейркулова технологиялар мен қаржылық сауаттылық бағытындағы бастамалар педагогтердің әкімшілік және әдістемелік жүктемесін азайтып, кәсіби дамуына көбірек уақыт бөлуге мүмкіндік беретінін баяндады.

🤖 Бүгінде Freedom Holding Corp. және OpenAI ұйымдарының Education for Countries бастамасы аясында Қазақстан алғашқы кезеңге енген елдердің бірі ретінде педагогтерге 165 мың тегін ChatGPT Edu лицензиясын ұсыну мүмкіндігіне ие болды.

💰 Сондай-ақ ҚР Ұлттық Банкімен бірлесіп педагогтердің қаржылық сауаттылығын арттыру бағдарламасының нәтижелері таныстырылды.

🌐 ЮНЕСКО-мен бірлесіп білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауға арналған жаппай ашық онлайн-курс (MOOC) әзірленіп жатқаны, ал ICHEI ұйымымен білім беру бағдарламаларын ЖИ құзыреттеріне бейімдеу жұмыстары жалғасып жатқаны айтылды.

📚 Бұдан бөлек, British Council ұйымымен жүзеге асырылған AELLCA жобасының нәтижелері туралы айтылды. Жоба аясында NILE ұйымымен бірлесіп үздіксіз кәсіби дамуға арналған курстар ҚР Оқу-ағарту министрлігі тарапынан аккредиттелген. Қазіргі уақытта мектеп тәлімгерлеріне арналған әдістемелік нұсқаулық дайындалуда.

📢 Басқарма төрағасы Ғалымжан Алматов халықаралық серіктестіктің әлеуетін барынша пайдаланудың маңызын атап өтті.

🌍 "Әр филиал мен жергілікті білім басқармаларының жобалық серіктестіктері болуы шарт. Халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылды күшейтіп, өңірлердегі нақты жобаларды көбейту қажет", – деді Басқарма төрағасы.

📋 Аппараттық кеңесте педагогтерді аттестаттаудың жаңа тетіктері де таныстырылды.

⏳ Оқу-әдістемелік жұмыс департаменті директорының м.а. Салтанат Есеналиева пилоттық жоба аясында педагогтердің жекелеген санаттары "Педагогтің білімін бағалау" рәсімінен өтпей-ақ, жинақталған портфолио материалдарының негізінде біліктілік санатын беру немесе растау үшін аттестаттаудан өте алатынын хабарлады. Сондай-ақ жобаға қатысу талаптары, қатыстырылмайтын санаттар, аттестаттау мерзімдері мен әлеуметтік кепілдіктер туралы ақпарат берілді.

⚖️ Осы мәселеге байланысты Ғалымжан Алматов аттестаттау рәсімінің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етуді, педагогтермен жүйелі түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, олардың құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерінің толық сақталуына ерекше назар аударуды тапсырды.

✅ Жиын соңында Басқарма төрағасы әр филиалдың 2026 жылдың І жартыжылдығындағы жұмыс қорытындылары бойынша есеп беруін ұйымдастыруды, сондай-ақ тренерлердің біліктілігін арттыру жұмыстарын жандандыруды тапсырды.
👍2❤1