«ORLEU» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы📝
7.76K subscribers
3.13K photos
416 videos
27 files
929 links
Download Telegram
🖥️ «Ұстаз» ұлттық платформасын дамыту мәселелері талқыланды

👨‍💻 «Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқарма төрағасы Ғалымжан Алматовтың төрағалығымен «Ұстаз» ұлттық платформасын дамыту мәселесіне арналған аппараттық кеңес өтті.

📈 Ғалымжан Алматов «Ұстаз» платформасы тек аттестаттау рәсімін жүргізетін ақпараттық жүйе емес, педагогтің үздіксіз кәсіби дамуын қамтамасыз ететін бірыңғай ұлттық цифрлық ортаға айналуы тиіс екенін атап өтті. Оның айтуынша, платформада педагогтің кәсіби профилі, портфолиосы, біліктілікті арттыруы, жетістіктері, мансаптық дамуы, нормативтік-құқықтық құжаттар, цифрлық кітапхана және мобильді қосымша өзара бір жүйеге біріктірілуі қажет.

📊 Кеңесте өңірлер бойынша аттестаттау жұмысының қорытындылары да таныстырылды. 2026 жылғы 14 шілдедегі жағдай бойынша аттестаттауға 109 мыңнан астам педагог қатысып, олардың 87%-ы педагогтің білімін бағалау рәсімінен өтті. Шекті балды 52%-ы еңсерді. «Ұстаз» платформасы арқылы берілген өтініштердің 52,8%-ы бойынша түпкілікті шешім қабылданса, қалған өтініштер аттестаттау комиссияларының қарауында.

✅ Осыған байланысты Басқарма төрағасы аттестаттау комиссияларының жұмысын жеделдетуді, платформаның тұрақты жұмысын қамтамасыз етуді және өңірлердегі шешім қабылдау мерзімін қысқартуды тапсырды.
🖥️ Рассмотрены вопросы развития национальной платформы «Ұстаз»

👨‍💻 Под председательством Председателя Правления АО «НЦПК «Өрлеу» Галымжана Алматова состоялось аппаратное совещание, посвящённое вопросам развития национальной платформы «Ұстаз».

📈 Галымжан Алматов подчеркнул, что платформа «Ұстаз» должна развиваться не только как информационная система для проведения процедуры аттестации, но и как единая национальная цифровая среда, обеспечивающая непрерывное профессиональное развитие педагога. По его словам, на платформе должны быть интегрированы профессиональный профиль педагога, портфолио, повышение квалификации, достижения, карьерное развитие, нормативно-правовые документы, цифровая библиотека и мобильное приложение.

📊 В ходе совещания также были представлены итоги аттестационной кампании по регионам. По состоянию на 14 июля 2026 года в аттестации принимают участие более 109 тысяч педагогов, из которых 87% прошли процедуру оценки знаний педагогов. Пороговый уровень успешно преодолели 52% участников. По 52,8% заявлений, поданных через платформу «Ұстаз», уже приняты окончательные решения, остальные заявления находятся на рассмотрении аттестационных комиссий.

✅ В этой связи Председатель Правления поручил ускорить работу аттестационных комиссий, обеспечить стабильное функционирование платформы и сократить сроки принятия решений в регионах.
🔥1
⚜️ Республикалық сессияда «Өрлеу» басшысы педагогтердің кәсіби дамуының жаңа бағыттарын ұсынды

🏛️ Астана қаласында Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ұйымдастыруымен «Бастауыш мектептің жазғы сессиясы: Сапалы өзгерістер және кәсіби даму» атты республикалық семинар өтіп жатыр. Ауқымды іс-шараға Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова қатысып, жаңа 2026–2027 оқу жылындағы бастауыш білім берудің басым бағыттарын таныстырды.

🎤 Сессия аясында «Қазақстандағы педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуы: «Өрлеу» ұлттық орталығының тәжірибесі және институционалдық шешімдері» тақырыбында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Ғалымжан Алматов баяндама жасады.

📊 Басқарма төрағасы өз сөзінде Қазақстандағы педагогтердің үздіксіз кәсіби даму жүйесінің халықаралық деңгейде жоғары бағаланып отырғанын атап өтті. TALIS-2024 халықаралық зерттеуіне сәйкес, елімізде педагогтердің 99,2 пайызы біліктілікті арттыру курстарымен қамтылған. Бұл көрсеткіш ЭЫДҰ елдерінің орташа деңгейінен жоғары. Сонымен қатар қазақстандық педагогтердің 64 пайызы курстардың кәсіби қызметіне оң ықпал еткенін көрсеткен.

📈 Ғалымжан Алматов «Өрлеудің» 2029 жылға дейінгі даму стратегиясының негізгі бағыттарына тоқталып, педагогтердің үздіксіз кәсіби даму жүйесін жаңғырту, оны цифрландыру, ғылыми-зерттеу жұмыстарын күшейту және педагогтердің жан-жақты дамуын қолдау басты басымдықтардың бірі екенін айтты.

💻 Баяндамада педагогтердің кәсіби дамуын цифрландыру бағытындағы жұмыстарға ерекше назар аударылды. Бүгінде «Ұстаз» платформасында 96 мыңнан астам педагог тіркелген. Ал 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап платформада аттестаттаудың жаңа қағидалары бойынша пилоттық жоба іске қосылып, аттестаттау үдерісі кезең-кезеңімен толық цифрлық форматқа көшіріледі.

💡 Сонымен қатар педагогтердің әлеуметтік-эмоционалдық дағдыларын дамытуға арналған ғылыми жобалар, ауылдық мектептерді қолдау, халықаралық серіктестік, жасанды интеллектіні білім беру жүйесіне енгізу және мұғалімдердің кәсіби дамуын сүйемелдейтін Career ORLEU, «Ұстаз», ORLEU BELES платформаларының мүмкіндіктері таныстырылды.

✅ Баяндама соңында Ғалымжан Алматов педагогтердің кәсіби дамуына қолайлы жағдай жасау, заманауи цифрлық шешімдерді енгізу және халықаралық тәжірибені тиімді пайдалану білім беру сапасын арттырудың маңызды тетігі екенін атап өтті.
❤2🔥1
⚜️ Глава «Өрлеу» представил новые направления профессионального развития педагогов на республиканской сессии

🏛️ В Астане проходит республиканский семинар «Летняя сессия начальной школы: качественные изменения и профессиональное развитие», организованный Национальной академией образования имени Ы. Алтынсарина. В масштабном мероприятии приняла участие министр просвещения Жулдыз Сулейменова, представившая приоритетные направления развития начального образования в 2026–2027 учебном году.

🎤 В рамках сессии председатель Правления АО «НЦПК «Өрлеу» Галымжан Алматов выступил с докладом «Непрерывное профессиональное развитие педагогов в Казахстане: опыт Национального центра «Өрлеу» и институциональные решения».

📊 В своем выступлении он отметил, что система непрерывного профессионального развития педагогов Казахстана получает высокую оценку на международном уровне. Согласно результатам международного исследования TALIS-2024, курсами повышения квалификации охвачены 99,2 % педагогов страны, что превышает средний показатель государств — членов ОЭСР. Кроме того, 64 % казахстанских педагогов отметили положительное влияние курсов на свою профессиональную деятельность.

📈 Галымжан Алматов представил ключевые направления Стратегии развития «Өрлеу» до 2029 года, подчеркнув, что приоритетными задачами являются модернизация системы непрерывного профессионального развития педагогов, ее цифровая трансформация, усиление научно-исследовательской деятельности и всесторонняя поддержка профессионального роста педагогов.

💻 Особое внимание в докладе было уделено цифровизации системы профессионального развития. Сегодня на платформе «Ұстаз» зарегистрировано более 96 тысяч педагогов. С 1 сентября 2026 года на платформе стартует пилотный проект по апробации новых Правил аттестации, а в дальнейшем процесс аттестации будет поэтапно полностью переведен в цифровой формат.

💡 Также были представлены научные проекты, направленные на развитие социально-эмоциональных компетенций педагогов, инициативы по поддержке сельских школ, проекты международного сотрудничества, внедрение технологий искусственного интеллекта в систему образования, а также возможности платформ Career ORLEU, «Ұстаз» и ORLEU BELES, обеспечивающих комплексное сопровождение профессионального развития педагогов.

✅ Завершая выступление, Галымжан Алматов подчеркнул, что создание благоприятных условий для профессионального развития педагогов, внедрение современных цифровых решений и эффективное использование международного опыта являются важнейшими механизмами повышения качества образования.
🔥1
🌟 Мұғалімнің еңбек жолындағы алғашқы жылдар – ең маңызды кезеңдердің бірі. Дәл осы уақытта кәсіби сенім қалыптасады, оқыту стилі айқындалады, тәжірибе жинақталады.

📘 Осы мақсатта «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» педагогикалық қызметін жаңадан бастаған ұстаздарға арналған «Педагогикалық қызметке кіріспе» атты жаңа білім беру бағдарламасын әзірледі. Бұл курс жас маманға тек теориялық білім беріп қоймай, мектептегі күнделікті жұмысқа қажетті нақты практикалық дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.

🛠️ Бағдарламаның басты ерекшелігі – теория мен практиканың үйлесімі. Тыңдаушылар нақты сабақ жоспарларын әзірлейді, цифрлық құралдармен жұмыс істейді, кәсіби жағдаяттарды талдайды, зерттеу жүргізеді және мектеп тәжірибесінде бірден қолдануға болатын дайын әдістемелік қоржын қалыптастырады.
❤3🔥2