«ORLEU» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы📝
7.77K subscribers
3.12K photos
415 videos
27 files
928 links
Download Telegram
«ORLEU» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы📝
Photo
📌 АТТЕСТАТТАУ: НӘТИЖЕ, ПИЛОТ ЖӘНЕ НАҚТЫ МІНДЕТТЕР

🏢 «Өрлеу» БАҰО-да Басқарма төрағасы Ғалымжан Алматовтың төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес өтті. Жиында педагогтерді аттестаттаудың қазіргі нәтижелері, пилоттық жобаны іске асыру және «Ұстаз» платформасының жаңа мүмкіндіктері талқыланды.

📝 Педагогтерді есепке алу және дамыту жөніндегі департамент директоры Сәуле Вильданова пилоттық жобаның негізгі кезеңдері мен педагогтерді сүйемелдеу шараларына тоқталды.

📅 Пилоттық жоба 2026 жылғы қыркүйек-желтоқсан аралығында өтеді. Педагогтер материалдарын 1 қыркүйектен 14 желтоқсанға дейін жүктей алады, ал өтініштер 20 қыркүйектен 15 желтоқсанға дейін қабылданады. Маңызды жаңалықтың бірі – пилот кезеңінде педагогтің қолданыстағы біліктілік санаты және оған белгіленген қосымша ақы жаңа санат берілгенге немесе расталғанға дейін сақталады.

💬 Сәуле Вильданова қыркүйек айында өңірлерге арналған нұсқаулық хаттар әзірленіп, мобильді топтарға, білім басқармаларының өкілдері мен педагогтерге вебинарлар ұйымдастырылатынын айтты.

📊 Кеңесте аттестаттаудың қазіргі нәтижелері де сараланды. Бұл бағыттағы цифрлық жұмыстар туралы Цифрлық инфрақұрылым мен жүйелерді басқару департаментінің директоры Камила Айткужина баяндады.

📈 Бүгінде қолданыстағы қағидалар бойынша 67 547 өтініш беріліп, аттестаттау комиссиялары 60 842 шешім қабылдаған. Жалпы аяқталу деңгейі – 90,1%. Ғалымжан Алматов бұл бағыттағы жұмыстың созылуына жол бермеуді тапсырды. Аттестаттау шарасын 10 қыркүйекке дейін аяқтау міндеті қойылды. Бұл ретте барлық жұмыс заң талаптарын қатаң сақтай отырып жүргізілуі тиіс.

📞 Басқарма төрағасы өңірлік филиал директорлары педагогтерден түсетін аттестаттауға қатысты сұрақтарға тікелей жауап беруі керектігін де атап өтті. Осы мақсатта филиал басшыларының байланыс нөмірлерін ашық жариялау ұсынылды.

💻 Камила Айткужина пилоттық жобаға байланысты «Ұстаз» платформасында енгізілген жаңа цифрлық мүмкіндіктерді таныстырды. Жүйеде жекелеген көрсеткіштер автоматты түрде есептеліп, онлайн-сабақтарды портфолио мен бақылау парақтарына байланыстыру мүмкіндігі қарастырылған.

🎯 Кеңес қорытындысында басты басымдықтар айқындалды: қолданыстағы аттестаттауды толық аяқтау, пилоттық жобаны сапалы іске қосу, «Ұстаз» платформасының жұмысын тұрақты бақылау және ең бастысы – педагогке түсінікті әрі жедел қолдау көрсету.
❤1
«ORLEU» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы📝
Photo
📌 АТТЕСТАЦИЯ: РЕЗУЛЬТАТЫ, ПИЛОТ И КОНКРЕТНЫЕ ЗАДАЧИ

🏢 В НАО «Өрлеу» под председательством председателя Правления Галымжана Алматова состоялось очередное аппаратное совещание. На совещании были обсуждены текущие результаты аттестации педагогов, реализация пилотного проекта и новые возможности платформы «Ұстаз». Директор Департамента учета и развития педагогов Сауле Вильданова рассказала об основных этапах пилотного проекта и мерах по сопровождению педагогов.

📅 Пилотный проект будет проходить с сентября по декабрь 2026 года. Педагоги смогут загружать свои материалы с 1 сентября по 14 декабря, а прием заявлений будет осуществляться с 20 сентября по 15 декабря. Одним из важных нововведений является то, что на период пилотного проекта действующая квалификационная категория педагога и установленная за нее доплата сохраняются до момента присвоения или подтверждения новой квалификационной категории.

💬 Сауле Вильданова отметила, что в сентябре будут разработаны инструктивные письма для регионов, а также организованы вебинары для мобильных групп, представителей управлений образования и педагогов. На совещании также были проанализированы текущие результаты аттестации. О цифровой работе в данном направлении доложила директор Департамента управления цифровой инфраструктурой и системами Камила Айткужина. На сегодняшний день в соответствии с действующими правилами подано 67 547 заявлений, а аттестационными комиссиями принято 60 842 решения. Общий уровень завершения составляет 90,1%.

📊 Галымжан Алматов поручил не допускать затягивания работы в данном направлении. Поставлена задача завершить аттестационные мероприятия до 10 сентября. При этом вся работа должна проводиться при строгом соблюдении требований законодательства. Председатель Правления также отметил, что директора региональных филиалов должны непосредственно отвечать на вопросы педагогов, связанные с аттестацией. В этой связи было предложено открыто публиковать контактные номера руководителей филиалов.

💻 Камила Айткужина представила новые цифровые возможности, внедренные на платформе «Ұстаз» в связи с реализацией пилотного проекта. В системе предусмотрен автоматический расчет отдельных показателей, а также возможность связывать онлайн-уроки с портфолио и листами наблюдения.

🎯 По итогам совещания определены основные приоритеты: полностью завершить текущую аттестацию, качественно запустить пилотный проект, обеспечить постоянный контроль за работой платформы «Ұстаз» и, самое главное, обеспечить педагогам понятную и оперативную поддержку.
👍2
📌 Аттестаттау: сұрақ бар ма? Біз байланыстамыз!

📞 Енді өз өңіріңіздегі «Өрлеу» Кәсіби даму институтының директорына тікелей хабарласа аласыз.

👉 Карусельді парақтап, өз өңіріңізді таңдаңыз және көрсетілген байланыс нөмірі арқылы сұрағыңызды қойыңыз.

🤝 «Өрлеу» педагогтермен әрдайым байланыста!

🔹🔹🔹🔹🔹

📌 Аттестация: есть вопросы? Мы на связи!

📞 Теперь вы можете напрямую обратиться к директору Института профессионального развития «Өрлеу» в своем регионе.

👉 Листайте карусель, выберите свой регион и задайте свой вопрос по указанному контактному номеру.

🤝 «Өрлеу» всегда на связи с педагогами!
📌 Аттестаттауға қатысты сұрағыңыз бар ма? «Өрлеу» жауап беруге дайын!

📞 Енді аттестаттауға қатысты көкейіңіздегі сауалды «Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның департамент директорларына тікелей жолдай аласыз.

👉 Карусельді парақтап, өзіңізге қажетті өңірді таңдаңыз және көрсетілген байланыс нөміріне хабарласыңыз.

💬 Сұрағыңызды қойыңыз — қажетті ақпаратты тікелей мамандардан алыңыз.

🤝 «Өрлеу» — педагогтерге ақпараттық қолдау көрсетуге әрдайым дайын!

____

📌 Есть вопросы по аттестации? «Өрлеу» готов ответить!

📞 Теперь вы можете напрямую задать интересующие вас вопросы по аттестации директорам департаментов АО «НЦПК «Өрлеу».

👉 Листайте карусель, выберите нужный регион и свяжитесь по указанному номеру телефона.

💬 Задайте свой вопрос — получите необходимую информацию напрямую от специалистов.

🤝 «Өрлеу» всегда готов оказать педагогам информационную поддержку!
«ORLEU» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы📝
Video
📚 «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2026»: 15 652 жұмыс сараптамадан өтуде

🔎 «Өрлеу» БАҰО ұйымдастырған «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2026» республикалық конкурсының өңірлік кезеңіне келіп түскен 15 652 конкурстық жұмыс бүгінде сараптамалық бағалаудан өтуде. Өңірлік сараптамалық кеңестердің мүшелері ұсынылған педагогикалық идеяларды белгіленген бағалау критерийлеріне сәйкес қарастырып, үздік жұмыстарды анықтау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

👩‍🏫 Биыл конкурс мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, сондай-ақ орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтерін біріктірді. Барлығы 15 652 өтінім түссе: оның 15 339-ы – Қазақстан педагогтерінен, ал 313-і – «Жаһандық құзыреттер» бағыты бойынша шетелдік қатысушылардан.

📊 Ең көп сұранысқа ие пәндік бағыттар: бастауыш білім беру – 3 103 өтінім, қазақ тілі мен әдебиеті – 1 947, ағылшын тілі – 1 620, математика, алгебра және геометрия – 1 116, информатика – 1 105.

🌐 Конкурстық материалдардың басым бөлігі қазақ тілінде ұсынылды – 10 887, орыс тілінде – 4 020, ағылшын тілінде – 745.

💡 Әр өтінімнің артында автордың нақты білім беру үдерісінде қолдануға ұсынған өзіндік педагогикалық тәжірибесі мен идеясы тұр. Қатысушылар білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған авторлық педагогикалық идеясының сипаттамасын және оның әдістемелік шешімін сабақ, оқу сабағы немесе іс-шара жоспары форматында ұсынды.

🤖 Бұл ретте конкурстық жұмыс педагогтің дербес кәсіби қызметінің нәтижесі болуы тиіс, ал жасанды интеллектіні пайдалану сипаты материалды ұсыну кезінде көрсетіледі.

🏆 Жеңіске жету үшін ең жоғары ықтимал балл санының кемінде 60%-ын жинап, әрбір бағалау критерийі бойынша кемінде бір балл алу қажет. Жеңімпаздар өңірлік кезеңнің I, II және III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.

🎓 Ал I дәрежелі диплом иегерлері үшін конкурс республикалық деңгейде жалғасады. Олардың жұмыстарын Оқу-ағарту министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдары, халықаралық және қоғамдық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен Республикалық сараптамалық кеңес бағалайды.

▶️ Республикалық кезеңнің әрбір бағыты бойынша конкурстық жұмыстың ресми YouTube арнасындағы қаралымдар мен «Ұнайды» белгілерінің жиынтық саны негізінде «YouTube-дауыс беру жеңімпазы» да анықталады.

🌍 «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2026» финалы үздік авторларға тағы бір мүмкіндік ашады: республикалық кезеңнің жеңімпаздары өз жұмыстарын Халықаралық педагогикалық шеберлік фестивалінде ұсына алады.
«ORLEU» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы📝
Video
📚 «Панорама педагогических идей – 2026»: 15 652 работы проходят экспертную оценку

🔎 15 652 конкурсные работы, поступившие на региональный этап республиканского конкурса «Панорама педагогических идей – 2026», организованного АО «НЦПК «Өрлеу», в настоящее время находятся на этапе экспертной оценки. Члены региональных экспертных советов рассматривают представленные педагогические идеи в соответствии с установленными критериями и проводят отбор наиболее содержательных и перспективных работ.

👩‍🏫 В этом году конкурс объединил педагогов организаций дошкольного, среднего, дополнительного, технического и профессионального, а также послесреднего образования. Всего поступило 15 652 заявки, из них 15 339 — от педагогов Казахстана и 313 — от зарубежных участников по направлению «Глобальные компетенции».

📊 Наибольшее количество заявок поступило по следующим предметным направлениям: начальное образование — 3 103, казахский язык и литература — 1 947, английский язык — 1 620, математика, алгебра и геометрия — 1 116, информатика — 1 105.

🌐 Большинство конкурсных материалов представлено на казахском языке — 10 887 работ, на русском — 4 020, на английском — 745.

💡 За каждой заявкой стоит авторская педагогическая практика и идея, предложенная участником для применения в реальном образовательном процессе. Участники представили описание авторской педагогической идеи, направленной на развитие функциональной грамотности обучающихся, а также ее методическое решение в формате плана урока, учебного занятия или мероприятия.

🤖 При этом конкурсная работа должна быть результатом самостоятельной профессиональной деятельности педагога, а характер использования искусственного интеллекта должен быть указан при представлении материала.

🏆 Для победы участнику необходимо набрать не менее 60% от максимально возможного количества баллов, а также получить не менее одного балла по каждому критерию оценки. Победители регионального этапа будут награждены дипломами I, II и III степени.

🎓 Обладатели дипломов I степени продолжат участие в конкурсе на республиканском уровне. Их работы оценит Республиканский экспертный совет с участием представителей подведомственных организаций Министерства просвещения, международных и общественных организаций.

▶️ На республиканском этапе по каждому направлению также будет определен победитель «YouTube-голосования» на основе совокупного количества просмотров и отметок «Нравится», полученных конкурсной работой на официальном YouTube-канале.

🌍 Финал «Панорамы педагогических идей – 2026» открывает для лучших авторов еще одну возможность: победители республиканского этапа смогут представить свои работы на Международном фестивале педагогического мастерства.
❤1