«Otandastar Qory»
1.36K subscribers
3.77K photos
1.04K videos
22 files
1.56K links
Біздің миссия: Әлем қазақтарын тарихи отан төңірегіне ұйыстыру
Download Telegram
✨ OTANDASTAR QUIZ 2025 ✨

17-25 жас аралығындағы қандас жастарды үлкен интеллектуалды додаға шақырамыз! 🧠🔥

🔹 Біліміңді сына, жаңа таныстар тап
🔹 Қызықты сұрақтар мен тартысты ойындар
🔹 Командалық рух пен бағалы сыйлықтар сені күтеді!

✅ Қатысу шарттары:
• Жасың 17-25 аралығында болуы керек
• Команда құрамы – 5 адамнан тұрады

📲 Тіркелу: +7 747 508 0100
⚡ Орындар саны ШЕКТЕУЛІ!

📌 Біліміңді шыңдап, жаңа белестерге бірге қадам басайық! 🌍


@otandastar
❤2🔥1
Өзбекстан мен Қазақстан телекоммуникация саласындағы ынтымақтастықты күшейтеді
Толығырақ: https://surli.cc/konhzi

Қытай компаниясы Қазақстанның су шаруашылығын цифрландыруға атсалысады
Толығырақ: https://surl.li/zkyhhb

Әлемдегі ең биік көпір 28 қыркүйекте ресми түрде көлік қозғалысы үшін ашылады
Толығырақ: https://surli.cc/gmryrx

Армения мен Қазақстан Иран арқылы өтетін аймақтық көлік дәлізін дамытуға ерекше мән береді
Толығырақ: https://surli.cc/gmryrx

@otandastar
👍3
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
✍️ Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

✍️ Указом Главы государства Кошербаев Ермек Беделбаевич назначен Министром иностранных дел Республики Казахстан, освобожден от ранее занимаемой должности.

t.me/aqorda_resmi
Forwarded from MFA Qazaqstan 🇰🇿
​​Көшербаев Ермек Беделбайұлы – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі

1965 жылы 2 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген.

1988 жылы С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «шет тілінде оқытатын тарихшы» мамандығы бойынша бітірген. 1993 жылы КСРО СІМ Дипломатиялық академиясын «Халықаралық қатынастар және сыртқы саясат» мамандығы бойынша бітірді.

1988 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында Алматы қаласы №170 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі.

1988-1991 жылдары – ҚазССР Сыртқы істер министрлігінің құпия іс қағаздарын жүргізу бойынша аға инспекторы, екінші хатшысы, бірінші хатшысы, Сыртқы істер министрінің көмекшісі.

1993-1994 жылдары – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік протокол басқармасының бірінші хатшысы, бөлім меңгерушісі.

1994-1996 жылдары – Қазақстан Республикасының Президенті Аппаратының Халықаралық бөлімінің консультанты, Президент Аппараты Протокол қызметі басшысының міндетін атқарушы.

1996-1997 жылдары – Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Елшілігінің бірінші хатшысы.

1997 жылы – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Көпжақты ынтымақтастық департаментінің Азия қауіпсіздігі бөлімінің бастығы.

1997-1999 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің көмекшісі.

2000 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында – «Нұрсұлтан Назарбаев білім фонды» қоғамдық қоры директорының орынбасары, директордың бірінші орынбасары.

2000-2001 жылдары – «ҚазТрансОйл» ҰК» ЖАҚ баспасөз қызметінің басшысы, Президенті аппаратының басшысы.

2001-2003 жылдары – Аппарат басшысы, бірінші вице-президенттің кеңесшісі, «ҚазМұнайГаз» ҰК» ЖАҚ Президенті аппаратының басшысы.

2003-2004 жылдары – «Рауан Медиа Групп» АҚ Бас директоры.

2004 жылғы мамырдан тамызға дейін – «Отан» республикалық саяси партиясы Орталық аппараты басшысының бірінші орынбасары.

2004-2005 жылдары – «ҚазМұнайГаз» АҚ Президенті аппаратының басшысы.

2005-2006 жылдары – «Атамекен» Қазақстанның жалпыұлттық кәсіпкерлер және жұмыс берушілер одағы» заңды тұлғалар бірлестігі Атқарушы директорының бірінші орынбасары.

2006-2007 жылдары – «Отан» республикалық саяси партиясы» қоғамдық бірлестігі Орталық аппаратының басшысы.

2007 жылғы қаңтар-маусым аралығында – «Бүркіт» қаржы-өнеркәсіптік тобы» ЖШС директоры.

2007-2008 жылдары – «KAZENERGY» мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қазақстандық қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры.

2008-2009 жылдары – «Рауан Медиа Групп» АҚ Бас директоры.

2009-2010 жылдары – «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы.

2010-2014 жылдары – Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары.

2014-2016 жылдары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі.

2016-2018 жылдары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жауапты хатшысы.

2018 жылғы мамырдан 2019 жылғы қаңтарға дейін – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Жауапты хатшысы.

2019-2020 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары.

2020-2023 жылдары – Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

2023-2025 жылдары – Шығыс Қазақстан облысының әкімі.

2025 жылғы ақпаннан қыркүйекке дейін – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары.

2025 жылғы 26 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі болып тағайындалды.

Ағылшын, корей және неміс тілдерін меңгерген.

@PressMFAKZ
❤1👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🎉 OTANDASTAR QUIZ – 2025
📌 Тіркелу 30 қыркүйекте аяқталады!

⏳ Тек 10 командаға ғана мүмкіндік бар!
Командаңды жинап, уақытты тиімді әрі қызықты өткіз!

🤝 Бұл жерде сізді:
🔹 Жаңа достар
🔹 Қызықты сұрақтар
🔹 Шынайы эмоциялар мен ұмытылмас әсерлер күтеді!

🏆 Жүлде қоры:
🥇 1 орын – 100 000 тг
🥈 2 орын – 50 000 тг
🥉 3 орын – 30 000 тг

📲 Тіркелу үшін: 8 747 508 01 00
Уақыт шектеулі – қазір тіркеліп үлгеріңіз!

@otandastar
❤3
🚀 Yer AI Mentor – Қазақ тіліндегі алғашқы жасанды интеллект менторы!

Қазақстанда жастар сапалы менторлықты көбіне орыс немесе ағылшын тілінде іздеуге мәжбүр. Ал Yer AI Mentor осы олқылықтың орнын толтырып, қазақ жастарына өз тілінде кәсіби даму мен әлемдік білімге жол ашып отыр.

Бұл жобаның негізін қалаушы – қандасымыз, әлемнің үздік оқу орындарында білім алған жас көшбасшы Әмине Қадыр. Ол өз миссиясы туралы былай дейді:
«Менің миссиям – қазақ тілінде сапалы білім мен менторлықты қолжетімді ету. Әлемдік университеттердің есігін ашып қана қоймай, болашақта Орталық Азия, Еуропа және АҚШ студенттері үшін де пайдалы өнім ұсыну – басты мақсатымыз».

Бүгінде қолданушылардың 95%-ы – Қазақстан мен шетелдегі қазақтілді жастар. Бірақ мақсат тек осымен шектелмейді: команда Орталық Азиядан бастап, Еуропа мен АҚШ студенттеріне дейін жол ашуды жоспарлап отыр.

Сұхбаттың толық нұсқасын @elkz_portal сайтынан толық оқи аласыздар

@otandastar
👍1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында көрнекті жазушы, тарихшы, Қытайдың Алтай өңірінде дүниеге келіп, атамекенге оралған қаламгер Жәди Шәкенұлының “Қан кешкен ханзадалар” атты жаңа кітабының тұсаукесері өтті.

✒️ Жәди Шәкенұлы – тарихи прозада, зерттеу еңбектерінде өзіндік қолтаңбасын қалыптастырған, қазақ диаспорасы мен ұлттық тарих тақырыптарын кеңінен көтеріп жүрген қаламгер.

🤝 Іс-шараға “Отандастар қоры” өкілдері қатысып, авторға шығармашылық табыс тілеп, жылы лебіздерін білдірді.

@otandastar
❤3
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 «Қандастың Жолы» жобасы

Бүгінгі шығарылымда біз сіздерді табандылығы мен адал еңбегі арқылы өз кәсібін жолға қойған қандасымызбен таныстырамыз.

🔧 Кейіпкеріміз – «Tulpar Service» автоательесі мен шанақ жөндеу орталығының иесі Тұрар мырза.
Ол тарихи Отанына оралып, кәсіп ашып, бүгінде елге қызмет етіп жүр.

📺 Әңгімелесу барысында Тұрар мырза:
– Қазақстанға оралған алғашқы жылдары,
– Кәсіп бастау барысы мен қиындықтары,
– Қандастарға айтар кеңестері жайлы шынайы әңгімесін бөліседі.

✨ «Қандастың Жолы» – туған жерге оралып, елге еңбек етіп жүрген азаматтардың тағылымды тарихын таныстыратын жоба.

📹Сұхбаттың толық нұсқасын YouTube арнамыздан көре аласыздар!

@otandastar
❤3
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Астанада Digital Bridge 2025 халықаралық технологиялық форумы басталды

🟦Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев форумның пленарлық отырысында cөз сөйлейді.

🟦Жиынға Қазақстанға ресми сапармен келген Мажарстан Президенті Тамаш Шуйок қатысып отыр.

🟦Спикерлердің қатарында Telegram негізін қалаушы және бас атқарушы директоры Павел Дуров, Sinovation Ventures және 01ai бас директоры Ли Кай Фу, Стэнфорд университетінің ғылыми қызметкері, Google сарапшысы Питер Норвиг, G42 International компаниясының бас директоры Мансур Ибрагим Әл Мансури, Стэнфорд университетінің профессоры Илья Стербулаев және high-tech индустриясының басқа да өкілдері бар.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
✨ Түркістанда жаңа рекорд!

Түркістанда ұзындығы 4 метр 60 см болатын бірегей сәукеле таныстырылып, Global Book of Records кітабына енді. 🏆

Ол жай сәукеле емес – тұтас өнер туындысы, «31 түркі халқының ою-өрнегімен безендірілген, 560 метрлік жамылғысы бар», – дейді шебер Дәулбаева Ақмарал

📹: @turkistantvkz

@otandastar
👍4
«Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» халықаралық медиа байқауының жеңімпаздары марапатталды

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде «Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» атты халықаралық байқаудың 10-шы жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Биыл «Отандастар қоры» КЕАҚ байқаудың «Абай мұрасы» номинациясы бойынша серіктесі атанды.

Байқауға 2024 жылғы 1 тамыз бен 2025 жылғы 1 тамыз аралығында шетелдік БАҚ-та немесе әлеуметтік желілерде жарияланған материалдар қабылданды. Жалпы, әлемнің 30 елінен 100-ден астам жұмыс ұсынылды. Қазылар шешімімен АҚШ, Армения, Бельгия, Өзбекстан және Пәкістан журналистерінің еңбектері үздік деп танылды.

Жеңімпаздар:
• Мэтт Фицджеральд (АҚШ)
• Марианна Мкртчян (Армения)
• Дерья Сойсал (Бельгия)
• Арухан Ақпанбетова (Өзбекстан)
• Мұхаммад Али Паша (Пәкістан)

Олар өз еңбектерінде Қазақстанның цифрландыру, экономика, туризм, спорт, мәдениет және тарих салаларын кеңінен қамтыды.

@otandastar
❤4