«Otandastar Qory»
1.36K subscribers
3.77K photos
1.04K videos
22 files
1.56K links
Біздің миссия: Әлем қазақтарын тарихи отан төңірегіне ұйыстыру
Download Telegram
⚜️ Өзбекстандағы қазақ мектебінен – үлкен сахнаға дейін⚜️

🇰🇿🤝🇺🇿Өзбекстанның Науаи облысы, Зарафшан қаласындағы №4 қазақ мектебінде 2023-2024 оқу жылында құрылған «Аманат» ұлттық ансамблі ұлттық өнерді дәріптеп, жас буынға ата-баба мұрасын жеткізуді мақсат етеді.

📌Ансамбльдің құрылуы – Президент Шавкат Мирзиёевтің бес маңызды бастамасы аясында дарынды оқушыларды қолдау мен ұлттық өнерді насихаттауға арналған «Дарын мектеп ансамбльдері» жобасымен байланысты.

👏🏻Домбыра мен қобыздың үні арқылы қазақтың төл мәдениетін танытатын өнерлі оқушылар бірнеше деңгейлі байқауларда озық шықты. Әсіресе, республикалық «Жастар әуені» байқауында бақсылық жанры бойынша өнер көрсетіп, жүлделі І орынға ие болды. Бұл жеңіс – ансамбльдің кәсіби деңгейі мен шығармашылық ізденісінің жемісі.

Жас өнерпаздар сахнада көне түркі бақсыларының дүниетанымын ерекше қойылым арқылы жеткізіп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Ал ансамбль жетекшісі, музыка пәнінің мұғалімі Тұрсынғали Құсайынов:
«Біз тек өнер көрсеткен жоқпыз, біз халқымыздың тарихын, рухани мұрасын сахнада тірілттік. Балалардың жеңісі – жүректен туған өнердің жемісі», – дейді.

«Аманат» – тек өнер ұжымы емес, ұлттық құндылықтарды жаңа буынға жеткізетін рухани көпір.

Авторы: Гүлдана НАРЫНБЕТОВА, Өзбекстан Республикасы

Материалдың толық нұсқасын oq.gov.kz сайтынан оқи аласыз.

@otandastar
👍7
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Бүгін «Отандастар қоры» КеАҚ және Techno Women қауымдастығының өкілдері Астанада жаңадан ашылған Cardiff University филиалының таныстырылымына қатысты.

🎓 Cardiff University – Ұлыбританиядағы ең беделді оқу орындарының бірі, Russel Group құрамына кіретін үздік 20 университеттің қатарында.
📍 Енді оның алғашқы шетелдік кампусы дәл осы Қазақстанда, Астанада есігін айқара ашты.
👩‍🎓 Қыркүйектен бастап мұнда 300-ге жуық студент білім алып жатыр, ал болашақта олардың саны арта түсетіні сөзсіз.

Бұл бастама – Қазақстанның білім беру кеңістігі үшін үлкен жетістік. Жаңа филиал әлемдік стандарттарға сай сапалы білім алуға, халықаралық тәжірибе жинауға және отандық жастардың жаһандық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуына жол ашады.

Мұндай жобалар – еліміздегі жастардың болашағына жасалған маңызды инвестиция.

@cardiffunikazakhstan
@technowomenkz

@otandastar
👍1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚜️ «Қандастың жолы» – тарихи Отанына оралып, елдің дамуына үлес қосып жүрген қандастарымыздың өмір жолынан сыр шертетін жоба. Бұл жоба арқылы біз жүрек қалауымен еңбек етіп, руханият пен өнерді дәріптеген ерекше тұлғаларды таныстырамыз. ✨

📌Ал жобамыздың алғашқы кейіпкері – Bastau би студиясының жетекшісі, «Ұлы дала ырғағы» қойылымының режиссері Омар Бекмұрат.

Ол тарихи Отанына оралып, би өнері арқылы ұлттың рухы мен салт-дәстүрін сахнада жаңғыртып келеді. Оның шығармашылығы жас буынға шабыт беріп, ұлттық өнердің мерейін асқақтатуда.

Әр адамның жолы әрқилы. Бірақ туған жеріне келіп, өз орнын тауып, еңбек етіп жүрген жандардың өмірі - айрықша.

📹 Сұхбаттың толық нұсқасын YouTube арнамыздан тамашалай аласыздар!
❤2
🏆 Тағы да жеңіс!

Хорватияның Загреб қаласында өткен грек-рим күресінен әлем чемпионатында қазақ балуандары ел абыройын асқақтатты.

60 кг салмақта Айдос Сұлтанғали финалда өзбек балуаны Алишер Ғаниевті 9:0 есебімен ойсырата жеңіп, әлем чемпионы атанды. Бұл – Қазақстан үшін осы ғасырдағы грек-рим күресінен тұңғыш алтын медаль. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жетістікті «осы ғасырдағы тұңғыш жеңіс» деп атады. 🇰🇿

Ал 63 кг салмақта небәрі 19 жастағы Айтжан Қалмаханов қарсылас шақ келтірмеді. Финалда оңтүстіккореялық Чон Хан Джэні 8:0, 6:0 есебімен ұтып, әлем чемпионы атанды. Жартылай және ширек финалдағы жекпе-жектерін де айқын жеңіспен аяқтаған жас қазақ балуаны бүгінде Өзбекстан намысын қорғап жүр. 🇺🇿

Бұл – барша қазақ жұрты үшін ортақ қуаныш.
Жауырыны жер иіскемесін жас Қажымұхандар! 💪✨

@otandastar
❤2👍2🔥1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қуанышты жаңалықпен бөлісейік!

ҚР СІМ ұйымдастыратын жыл сайынғы «Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» халықаралық медиа байқауының «Абай мұрасы» номинациясында жеңімпаз анықталды.

Ол – Өзбекстандағы қазақ тілінде жарық көретін жалғыз республикалық басылым – «Нұрлы жол» газетінің Әдебиет, мәдениет және өнер бөлімінің меңгерушісі, талантты журналист Ақпанбетова Арухан Оспанқызы!

Қазылар алқасы (арасында «Egemen Qazaqstan», «Turkistan», «Aiqyn» газеттерінің мамандары және «Отандастар қоры») Арухан Оспанқызы ұсынған материалдардың кәсіби деңгейі мен шығармашылық құндылығын жоғары бағалап, бірауыздан жеңімпаз деп таныды.

Шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы шығармашылық жолына сәттілік тілейміз! Жеңімпазға «Отандастар қоры» бағалы сыйлығын табыстайтын болады.

Естеріңізге сала кетейік, «Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» байқауының «Абай мұрасы» номинациясы бойынша «Отандастар қоры» ресми серіктес атанған еді.

Толығырақ: Отандастар қоры

@otandastar
❤4👍2🔥1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚜️ Тарихы ортақ түркі халықтары ⚜️

📌Құрметті отандастар, түркі халықтары ежелден бауырлас, тарихы ортақ, тілдері де өзара өте ұқсас.

📌Осы ұқсастықты көрсету үшін Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Түркия және Мажарстаннан жиналып, бір сөзді әр тілде айтып көрдік. Және өздеріңіз байқағандарыңыздай, ұқсастық өте көп.

🤝 Біз бірге күштіміз!

@otandastar
❤3👏1
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇺🇸Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йоркке сапарының алғашқы екі күні

*****

🇰🇿🇺🇸Первые два дня визита Главы государства Касым-Жомарта Токаева в Нью-Йорк

🎦 t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥2
Өзбекстан мен Қазақстан өзара келісімдердің орындалу тетіктерін талқылады – ӨзА
Толығырақ: https://surli.cc/konhzi

Қытай мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы $30 млрд асты
Толығырақ: https://surl.li/zkyhhb

Түйе бақтым, түмендеп табыс таптым
Толығырақ: https://surli.cc/gmryrx

@otandastar
🐪✨ Қазақстан – жаңа рекорд иесі!

Алматы облысында 1200 түйеден тұратын алып керуен жүріп өтті.
Бұл ерекше шара «Әлемдегі ең үлкен түйе керуені» ретінде ресми түрде тіркеліп, Гиннестің рекордтар кітабына енді! 🎉

Идея авторы – Сыдық Деулетов.
Бұған дейінгі рекорд Қытайға тиесілі болатын: ол жерде бар болғаны 365 түйеден құралған керуен жүріп өткен еді. 🇨🇳
Ал Қазақстанның жетістігі бұл көрсеткіштен үш есе артық! 🇰🇿

Гиннестің ресми өкілі Ричард Стэннинг таңданысын жасырмай:
«Мұндай ауқымды түйе керуенін алғаш рет көріп отырмын. Бұл – әлемдік қазына», – деп атап өтті.

@otandastar
❤1
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇺🇳🇫🇷🇫🇮🇧🇪

🎦 t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
🇰🇿🇺🇳 Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясы 80-ші сессиясының Жалпы дебатында сөйлеген сөзі

🇰🇿🇺🇳 Выступление Президента Казахстана Касым-Жомарта Токаева на Общих дебатах 80-й сессии Генеральной Ассамблеи ООН

🇰🇿🇺🇳Statement by President of Kazakhstan Kassym-Jomart Tokayev at the General Debate of the 80th session of the UN General Assembly

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇺🇸 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йорк қаласына сапары

*****

🇰🇿🇺🇸 Визит Главы государства Касым-Жомарта Токаева в Нью-Йорк

🎦 t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM