«Otandastar Qory»
1.36K subscribers
3.77K photos
1.04K videos
22 files
1.56K links
Біздің миссия: Әлем қазақтарын тарихи отан төңірегіне ұйыстыру
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚜️Республика күніне орай Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің “Foundation” бөлімі салтанатты іс-шара ұйымдастырды.

📌Білім қуып Атамекенге алғаш рет келген қандас жастарды Қоғамның вице-президенті Алибек Жұрқадам жаңа оқу жылымен құттықтап, Қоғамның жастарға арналған жобалары мен іс-шараларын таныстырды.

📌Биыл еліміздің астанасында орналасқан үздік жоғары оқу орындарының бірі - Еуразия Ұлттық Университетіне 280 қандас дайындық бөліміне грант негізінде оқуға түсті.

Баршаңызды ұлық мереке - Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз!🇰🇿
❤2
2025 жылғы 20 қазаннан 3 қарашаға дейін business.enbek.kz платформасында өз бизнес-идеясын жүзеге асыру үшін мемлекеттік грант алу бойынша өтінімдер қабылданады. Платформа мәліметінше, қайтарымсыз грант мөлшері 400 айлық есептік көрсеткішті (АЕК) құрайды, бұл 2025 жылы 1 572 800 теңгеге тең. Бұл қаражат өз ісін бастауға арналған бастапқы капитал ретінде пайдаланылуы мүмкін.

Барлығы 9 өңірде 270 грант қарастырылған: Шымкент қаласы, сондай-ақ Абай, Ұлытау, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары.

Грант келесі санаттағы азаматтарға беріледі: тіркелген жұмыссыздар немесе жеке кәсіпкерлер (тіркеу мерзімі үш жылдан аспауы тиіс); әлеуметтік жағынан осал топтарға жататын азаматтар (мүгедектігі бар тұлғалар, "қандас" мәртебесі барлар, мүгедек баланы тәрбиелеп отырғандар, өңіраралық қоныс аударушылар, аз қамтылған немесе көпбалалы отбасылардың мүшелері, асыраушысынан айырылу жағдайында жәрдемақы алушылар); "Бастау Бизнес" жобасы аясында кәсіпкерліктің негіздері бойынша оқудан өткен және сертификаты бар тұлғалар (мөлшері үш жылдан аспауы тиіс); қазіргі таңда жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатыспайтын тұлғалар (оңтүстіктен солтүстікке ерікті қоныс аударушылардан басқа).

Грант қаражаты тек келесі мақсаттарға бағытталады: қажетті құрал-саймандарды, еңбек құралдарын, технологиялық жабдықты, малды, құсты, көшеттерді, бұталарды, тұқым мен көшеттерді сатып алу; үй-жайды жалға алу ақысын төлеу. Грант тұтынушылық шығындарға, несие қарыздарын өтеуге, тұрғын үйді сатып алу немесе салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнім өндіруге берілмейді.

Грантқа қатысу үшін үміткерлер business.enbek.kz платформасында тіркеліп, тиісті үлгі бойынша бизнес-жоспар дайындайды және оны өтініммен бірге жүктейді. Өтінім сәтті қабылданған жағдайда қатысушыға комиссия отырысы туралы хабарлама келеді, онда әр қатысушы өз жобасын таныстыруы тиіс. Комиссия шешімі оң болған жағдайда грант иегері деректерін ұсынғаннан кейін келісімшартқа қол қояды, ал қаражат көрсетілген шотқа аударылады.

Грант иегерлері қаражаттың мақсатты жұмсалуы туралы жыл ішінде тоқсан сайын есеп тапсыруы тиіс — барлығы төрт есеп ұсынылады.

Бұған дейін хабарланғандай, Алматыда жаңа Салық кодексін енгізу кезеңінде бизнесті қолдау шаралары жүзеге асырылуда.

https://business.enbek.kz/kk/how-to-get-government-grant

@otandastar
❤2
🤩 «Сәлем, Астана!» қандас жастарға арналған мотивациялық кездесуге шақырамыз!

📌 Бұл кездесуде Қытай, Өзбекстан және Моңғолиядан келіп, бүгінде Қазақстанда табысты еңбек етіп жүрген қандас спикерлер өз тәжірибелерімен бөліседі. Сонымен қатар, қандас жастарға арналған түрлі жобалар мен жаңа мүмкіндіктер туралы ақпарат беріледі.

📍 Өтетін орны: Астана қ., Сәтпаев көшесі, 2., Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Бас ғимарат, конференц-зал
🗓 Уақыты: 31 қазан 2025 ж.
🕛 10:00–12:00

@otandastar
👍3
⚜️Бүгін “Отандастар қорында” Өзбекстан Қазақ ұлттық мәдени орталығының Ташкент облысы бөлімінің төрағасы Қалдыбаев Дамир мен орынбасары Алашбаев Ескендір ресми сапармен қонақта болды.

📌Кездесу барысында Республика күніне орай Өзбекстан Қазақ ұлттық мәдени орталығының Ташкент облысы бөліміне “Отандастар қорының” алғыс хаты табыс етіліп, қандастармен жүргізіліп жатқан нәтижелі жұмыстары үшін ризашылық білдірілді.

📌Сондай-ақ, қандастар арасындағы белсенді қызметі мен мәдени байланыстарды нығайтуға қосқан үлесі үшін Ескендір Алашбаев мырза “Отандастар қорының” төс белгісімен марапатталды.

📌Кездесу қорытындысында екі тарап алдағы уақытта өзара серіктестікті нығайтып, ортақ бастамаларды бірлесе жүзеге асыруға келісім білдірді.

@otandastar
❤2👍1
2025 жылғы 26 қазаннан бастап Қазақстанда қандас мәртебесін алу және ұзарту тәртібінің жаңартылған ережелері күшіне енеді. Енді өтінішті электрондық форматта – Бірыңғай көші-қон қызметтері порталы, мобильдік қосымша, Қазақстанның шетелдегі мекемелері, халыққа қызмет көрсету орталықтары немесе «Электрондық үкімет» порталы арқылы беруге болады.

Өтінішке өмірбаян, сондай-ақ өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттарының қазақ немесе орыс тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармасы қоса тіркеледі. Сонымен қатар қазақ ұлтына тиесілілікті туу туралы куәлік, паспорт немесе өзге де ресми құжаттар арқылы растау қажет. Барлық құжаттар түпнұсқа және көшірме түрінде ұсынылады, алайда мемлекеттік деректер базасынан алынған электрондық нұсқаларды да пайдалану мүмкіндігі көзделген.

Портал арқылы жіберілген құжаттар «Қандас» автоматтандырылған жүйесіне түседі, онда оларды жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі жергілікті органдар қарайды. Өтініш тіркелгеннен кейін өтініш беруші автоматты хабарлама алады. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі, ал мәртебе беру туралы шешім үш жұмыс күні ішінде қабылданады.

Жаңа рәсім неғұрлым ашық болмақ: егер құжаттарға қатысты уәжді ескертулер болса, өтініш берушіге алдын ала бас тарту туралы хабарлама жіберіліп, онлайн немесе офлайн форматта тыңдауға қатысуға шақырылады. Тыңдау екі жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі және оның қорытындысы бойынша мәртебе беру немесе бас тарту туралы түпкілікті шешім қабылданады. Құрметті себептермен қатыса алмау жағдайында тыңдау басқа күнге ауыстырылуы мүмкін.

Мәртебені ұзарту да жеке өтініш негізінде рәсімделеді және ол бір рет – алты айға дейінгі мерзімге жүзеге асырылады. Шешім екі жұмыс күні ішінде қабылданып, ақпарат «Электрондық үкімет» жүйесі арқылы өтініш берушіге жіберіледі.

@otandastar
❤2
Маңғыстау облысы Түріксой ұйымына ағаш үй тарту етті
Толығырақ: https://surli.cc/konhzi

Қазақстанның Ирандағы елшісі: Екі елдің облыстары арасындағы ынтымақтастық артады
Толығырақ: https://surl.li/zkyhhb

Ташкентте XIX-UzEnergyExpo халықаралық көрмесі өтіп жатыр
Толығырақ: https://surli.cc/gmryrx

Ташкентте Өзбекстан-Қазақстан бизнес форумы өтті
Толығырақ: https://surli.cc/gmryrx

Шыңжаң форумында Қытай-Қазақстан ынтымақтастығы туралы келісімге қол қойылды
Толығырақ: https://surli.cc/gmryrx

Қытай (Сиань)-Қазақстан әйел кәсіпкерлерінің B2B жәрмеңкесі сәтті өтті
Толығырақ: https://surli.cc/gmryrx
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚜️ Республика күні – еліміздің ең қастерлі мерекелерінің бірі.

👏🏻 Осы айтулы мереке қарсаңында
«Отандастар қорының» ұжымы баршаңызды шын жүректен құттықтайды!
🇰🇿 Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті

📌Іс-шара барысында ведомство басшысы Ермек Көшербаев СІМ орталық аппараты мен шет елдердегі ҚР мекемелерінің ұжымын мемлекеттік мерекемен құттықтап, оның дипломатиялық қызмет үшін айрықша маңызына назар аударды.

@otandastar
❤3