«Otandastar Qory»
1.36K subscribers
3.77K photos
1.04K videos
22 files
1.56K links
Біздің миссия: Әлем қазақтарын тарихи отан төңірегіне ұйыстыру
Download Telegram
«Отандастар қоры» халықаралық тәжірибе алмасу бағдарламасына қатысуда

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше және бақылаушы елдердің диаспора құрылымдарының өкілдері қатысып жатқан II «INTERNSHIP» (тәжірибе) бағдарламасы аясында қазақстандық делегация да Әзербайжанға барды. Бағдарламаға «Отандастар қоры» да қатысып жатыр.

Сапар барысында қатысушылар Фахри хиябан мен Шейіттер аллеясын, сондай-ақ Жеңіс саябағын аралап, гүл шоқтарын қойып, құрмет білдірді.

Диаспора істері жөніндегі мемлекеттік комитетте өткен ашылу рәсімінде ұйымдастырушылар Түркі мемлекеттері ұйымы аясындағы ынтымақтастықтың маңызына тоқталды.

«Отандастар қоры» өкілі өз сөзінде қазақ диаспорасын қолдау және бауырлас түркі елдерімен мәдени-гуманитарлық байланысты дамыту бағытында Қазақстанда атқарылып жатқан жұмыстарды таныстырды.

@otandastar
👍1
🎓💡 Otandastar quiz – қандас жастардың білім мен бірлігін тоғыстырған интеллектуалды ойыны өз мәресіне жетті.

"TezTap" ұжымымен бірлесе ұйымдастырылған "Otandastar quiz -2025" интеллектуалды ойынына Моңғолия, Өзбекстан және Қытайдан келген 100-ге жуық қандас студент өз білімін сынап, әсерлі күн өткізді. 🌍🇰🇿

🥇 1 орын – “Arys” командасы (ЕҰУ)
🥈 2 орын – МУА қыздары (МУА)
🥉 3 орын – “Айналайын” командасы (ЕҰУ)

Барлық қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз! 👏🏻

@otandastar
👏1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚜️Otandastar Quiz - 2025⚜️

Ал сіз үшін "Отан деген ...?"🤔

@otandastar
👍1
🇲🇳✨Моңғолияда қазақ жас таланттарға арналған JAN JAH CASTING 2025 байқауы өтті.

👏🏻Аталған шараға жалпы 120 бала қатысып, ән, би, актерлік және шығармашылық бағыттарда өз өнерлерін көрсетті.

Байқау қорытындысы бойынша үздік қатысушыларға бағалы сыйлықтар мен «Отандастар қорының» «Жас Қазақ» жазғы этно лагеріне жолдамалар табысталды. 🇰🇿

Өнерлерің өркендей берсін, жас таланттар! 🎶✨

@otandastar
👍3
🇰🇿 🇨🇳74 күндік сапар: Қытайдан шыққан ерлі-зайыпты Астанаға жетті

74 күн бұрын жолға шыққан Қуатбек пен Жайна кеше Астана іргесіндегі Жібек жолы ауылына аялдады. Олар тамыз айының басында Қытайдың Тарбағатай аймағындағы Саян ауданынан атамекенге қарай жолға шыққан.

Екі айдан астам уақыт бойы атпен сапар шеккен ерлі-зайыпты барлық қиындықтарға қарамастан өз мақсаттарына жетіп, сапарын сәтті аяқтады. 👏🏻🤝

@otandastar
❤4
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇦🇿«Ақорда» резиденциясында елімізге мемлекеттік сапармен келген Әзербайжан Президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылы ротасының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді. Бұдан соң екі елдің әнұрандары орындалды.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1