«Otandastar Qory»
1.37K subscribers
3.77K photos
1.04K videos
22 files
1.56K links
Біздің миссия: Әлем қазақтарын тарихи отан төңірегіне ұйыстыру
Download Telegram
🌍 Құрметті отандастар!

2025 жылдың 21 қарашасында өтетін «Отандас ғалымдар форумы» аясында спикерлермен таныстыруды бастаймыз.

🎓 Алғашқы спикеріміз — Тұрсынжан Тоқай, Медицина және Биология саласының маманы.

🎓 Екінші спикеріміз — Нұршат Нұражы, ол «АҚШ-тан атамекенге оралу: отансүйгіш ғалымның жолы» тақырыбында сөз сөйлейді.

🎓 Келесі спикеріміз — Сапар Байтелесов, техникалық ғылымдар докторы, Өзбекстан Ғылым академиясының зертхана меңгерушісі.

📅 Форум жаңалықтарын ресми сайттан бақылап отырыңыз!

@otandastar
👍3
2025 жылдың 21 қарашасында өтетін «Отандас ғалымдар форумындағы келесі спикерлермен танысыңыздар:

🎓 Қалдыбек Сейданов – филология ғылымдарының өкілі, белгілі ғалым әрі жазушы. Қазақ-өзбек әдеби байланыстарын зерттеп, Абай мен Науаи шығармашылығын салыстыра талдаған еңбектерімен танымал.

🎓 Жұмашев Асқар Мәмбетұлы – тарих ғылымдарының докторы, Өзбекстан Ғылым академиясының Қарақалпақ бөлімшесі жанындағы гуманитарлық ғылымдар институтының бөлім меңгерушісі. Ол форумда «Яссауи және түркілік Ренессанс» тақырыбында сөз сөйлейді.

🎓 Бәкей Ағыпарұлы – экономика ғылымдарының докторы, профессор, Моңғолия Ғылым академиясының академигі. Ауыл шаруашылығы экономикасы мен тұрақты даму саласында терең зерттеулер жүргізіп жүрген көрнекті ғалым.

📅 Форум жаңалықтарын ресми сайттан бақылап отырыңыз!

@otandastar
❤2
«Отандас ғалымдар форумы» аясында сөз алатын келесі спикерлерді назарларыңызға ұсынамыз.

🎓 Тоқтарбай Сайполда – Мал шаруашылығы және биотехнология мектебінің кеңесші профессоры. Ол жылқы өсіру және мал шаруашылығы технологиясы саласында 30 жылдан астам тәжірибесі бар көрнекті ғалым.

🎓 Айнұр Ноғаева – Түркиядағы Эрзинжан Бинали Йылдырым университетінің профессоры, халықаралық қатынастар саласының сарапшысы. Форумда ол «Шетелдегі ғалымдар және атажұртпен байланыс туралы ұсыныстар» тақырыбында баяндама жасайды.

🎓 Құрмет Қаукен – Азия–Тынық мұхит аймағындағы Халықаралық бакалавриат (IB) мектептері бойынша кеңесші және бағдарлама жетекшісі. Ол білім беру саласында заманауи тәсілдер мен жасанды интеллектті оқу жүйесіне енгізу бағытында еңбек етіп келеді.

📅 Форум жаңалықтарын ресми сайттан бақылап отырыңыз!

@otandastar
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇷🇺Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Внуково-2 әуежайында мәртебелі мейманның келуіне орай Мәскеу гарнизонының құрмет қарауылы мен әскери үрмелі оркестрі сап түзеді.

Мемлекет басшысын Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының бірінші орынбасары Денис Мантуров пен басқа да ресми тұлғалар қарсы алды. Екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇷🇺Президент Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының студенттерімен әңгімелесті

🟦Студенттер Мемлекет басшысына қазақша тіл қатты. Олар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кітаптарында көрініс тапқан дипломатия мен ашықтық қағидалары Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтында үлгі ретінде оқытылатынын жеткізді.

🟦Сонымен қатар жастар Абай Құнанбайұлы шығармашылығына зор қызығушылықпен қарайтынын айтты.

– Ақынның «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» деген достық туралы ой орамдары өте ерекше. Ресей мен Қазақстан – мәңгілік достықтың қос қанаты деп есептейміз. Екі елді, екі халықты риясыз, шынайы достық қарым-қатынас байланыстырады, – деді жастар.


🟦Мемлекет басшысы студенттердің қазақ тілін үйренуге деген ынтасына жоғары баға беріп, оларға сәттілік тіледі.

– Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты – өте беделді жоғары оқу орны. Бүкіл әлемге танымал. Қазақстан бүгінде дербес мемлекет. Менің ойымша, Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтында алған білімдеріңіз болашақта мол пайдасын тигізеді. Өйткені түрлі елдер туралы, оның ішінде Ресейдің бұрыннан келе жатқан одақтасы Қазақстан жайында көп мағлұмат білу Сіздерге кейін жұмысқа орналасуға, сондай-ақ әлемде және өңірлік деңгейде бәсекеге қабілетті маман болуға көмектеседі, – деді Президент.


t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1