«Otandastar Qory»
1.37K subscribers
3.76K photos
1.04K videos
22 files
1.56K links
Біздің миссия: Әлем қазақтарын тарихи отан төңірегіне ұйыстыру
Download Telegram
📚 Шетелдегі қазақ қаламгерлерінің 9 еңбегі жарық көреді

2025 жылы «Отандастар қоры» КеАҚ мен Қазақстан Жазушылар одағы бірлесіп ұйымдастырған «Ұлы дала» халықаралық жобасы аясында шетелде тұратын қазақ қаламгерлерінің 9 еңбегі баспадан шығарылады.

Биыл жобаға барлығы 25 шығарма ұсынылып, комиссия шешімімен әдеби және ғылыми тұрғыда маңызы жоғары 9 еңбек таңдалды. Кітаптардың тұсаукесері 2025 жылдың қараша айына жоспарланған.

Жеңімпаз атанған авторлар қатарында Қытай, Моңғолия, Өзбекстан және Ресей елдеріндегі қандас қаламгерлер бар:
1️⃣ Сәли Садуақасұлы – «Отынбай мен Шекпенқыз» (Қытай)
2️⃣ Шаймұрат Қамзаұлы – «Қыпшақ хикаялары» (Қытай)
3️⃣ Костер Тұмысханұлы – «Бала шағым – болашағым» (Моңғолия)
4️⃣ Съезханұлы Серікбол – «Құрылыс – ұжымдық іс» (Моңғолия)
5️⃣ Тойлыбай Құрмандолдаұлы – «Ару Алтай – Ана Алтай» (Моңғолия)
6️⃣ Мусаева Замира – «Мөлдір болсын жүректер» (Өзбекстан)
7️⃣ Наурызбай Жарбосынұлы, Баршын Мырзабекқызы, Мейрамбек Әбдіқалиев – «Өзбекстандағы қазақ ақындарының өлеңдері» (Өзбекстан)
8️⃣ Қалдыбек Сейданов – «Абай және Орта Азия әдебиеті» (Өзбекстан)
9️⃣ Айгүл Тажмуратова – «Очерки истории и культуры Оренбургского края» (Ресей)

Бұл еңбектер шетелдегі қазақтардың әдебиеті мен мәдениетін кеңінен танытып, ұлттық рухани бірлікті нығайтуға жол ашады.

«Ұлы дала» жобасы – шетелдегі қандас қаламгерлердің шығармашылығын ел ішінде насихаттап, тарихи-мәдени сабақтастықты күшейтуге бағытталған маңызды бастама.
🔹 2023 жылы – 10 кітап
🔹 2024 жылы – 9 кітап
🔹 2025 жылы – 9 кітап жарық көреді.

@otandastar
👍3
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның Италияға жұмыс сапары аясында ұлы ғалым, ағартушы және саяхатшы Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналған «Шоқан Уалиханов және қазіргі Қазақстанның бастауы» атты монографияның таныстырылымы өтті.

Бұл еңбек алғаш рет итальян тілінде жарық көріп, италиялық оқырмандарға қазақ халқының тарихы мен мәдениетін тереңірек тануға мүмкіндік берді.

Аида Балаева өз сөзінде Шоқан Уәлихановтың мұрасын шетелге таныстырудың маңыздылығын атап өтті:

«Шоқан Уәлиханов – Ұлы Даланың ғана емес, әлемдік деңгейдегі тұлға. Оның еңбектерінің итальян тілінде жарық көруі – білім мен ғылым арқылы екі елдің жақындасуының жарқын үлгісі», – деді министр.

Монографияны итальян профессоры Федерико Пасторе жазған. Еңбек Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен, Sandro Teti Editore баспасынан, сондай-ақ «Каспий Нефть» АҚ мен Doscar Foundation Charity Fund демеушілігімен жарық көрді.

Кітап итальян тілінен бөлек, ағылшын тілінде де қолжетімді.
❤2
🇰🇿🤝🇹🇷 Түркиядағы қазақ ұйымдарының басшыларымен кездесу өтті

2025 жылғы 4 қарашада «Отандастар қоры» кеңсесінде Түркиядағы қазақ ұйымдарының өкілдерімен кездесу өтті.

Іс-шараға Қазақ түркілер қорының басшысы Ілияс Сақа, Қожа Ахмет Яссауи білім және парасат қорының құрылтайшылары Ариф Авжы мен Ибраһим Мутлы, сондай-ақ Қазақстандағы «Қожа Ахмет Яссауи» қоғамдық қорының басшысы Нұржан Жаңқараев қатысты.

Кездесу барысында шетелдегі қазақтармен өзара іс-қимылды нығайту, отандастарды қолдау және олардың ұлттық болмысын сақтау мәселелері талқыланды. Сондай-ақ қазақ тілін, мәдениеті мен дәстүрін сақтау мақсатында қазақ балабақшасын ашу, домбыра үйірмелерін ұйымдастыру және шетелдегі этникалық қазақтар үшін Қазақстан Республикасының азаматтығын алу рәсімдерін жеңілдету жөніндегі бастамалар көтерілді.

@otandastar
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
2025 жылғы 4 қарашада «Отандастар қоры» кеңсесінде Түркиядағы қазақ ұйымдарының өкілдерімен кездесу өтті.

@otandastar
Бүгін “Отандастар қоры” кеңсесінде "Қолжазбалар және сирек кітаптар" ұлттық орталығының директоры, PhD Жандос Бекділдаұлы Болдыков, ғылыми бөлім жетекшісі Камшат Пазылқызы, және ғылыми бөлім қызметкері Бисенова Гүлсім ханыммен кездесу өтті.

Кездесу барысында екі тарап алдағы уақытта бірлесіп жұмыс істеу, шетелдегі қазақтармен мәдени және ғылыми байланыстар орнату, сондай-ақ бірлескен кітаптар мен ғылыми басылымдар шығару бағытында пікір алмасты.

@otandastar
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
📚 “Отандастар қоры” мен "Қолжазбалар және сирек кітаптар" ұлттық орталығы өкілдері екіжақты ынтымақтастықты талқылады.

@otandastar
❤4
🇰🇿 “Қоржын” жобасы аясындағы алғыс

«Отандастар қоры» жүзеге асырып келе жатқан “Қоржын” жобасы шеңберінде Чех Республикасындағы “Qazaq Nomad” қоғамдық ұйымына қазақтың ұлттық аспабы - домбыра табысталған болатын.

@kzvcz1

Ұйым өкілдері өз ризашылықтарын білдіріп, арнайы алғыс видеосын жолдады.
🎥 Видеоны назарларыңызға ұсынамыз.

@otandastar
❤3
🇰🇿🤝🇯🇵 Қазақстан мен Жапонияның мәдени байланысы музыка арқылы нығая түсті

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының Үлкен залында Қазақстан мен Жапонияның мәдени ынтымақтастығын тереңдете түскен ерекше кеш өтті.

Концерт алдында қонақтар филармония фойесінде Жапонияның Халықаралық мәдени алмасу комитеті ұсынған ұлттық шай салтанаты мен жапон шахматы — сёги ойынын тамашалап, сондай-ақ сямисэн аспабында ойнаған ансамбльдің өнерін тамашалады.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Қазақстандағы Жапония Елшілігінің қолдауымен өткен концертте Т. Әбдірашев атындағы ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрі (дирижері – Қуаныш Исмаилов) және жапон музыканттары — Кодай Минода (сямисэн), Маюко Кацумур (скрипка), Кадзухиро Миямура (гобой), Мицукуни Цудзимото (труба), Тасаитира Мотидзуки (цудзуми) өнер көрсетті.

Кеш бағдарламасында Ғ. Жұбанованың, С. Юдаковтың, Wada, А. Арутюнян, Х. Огури және Х. Хошина сынды композиторлардың туындылары орындалды.

@otandastar
❤2
«Отандас ғалымдар форумы» / Шекарасыз шексіз ғылым

2025 жылдың 21 қарашасында Астана қаласындағы Назарбаев университетінде «Отандастар қоры» КЕАҚ ұйымдастыруымен «Отандас ғалымдар форумы» өтеді.

Форумға шетелден 40-тан астам, сондай-ақ Қазақстаннан 100-ге жуық ғалым мен сарапшы қатысады.

Бұл форум – «Отандастар қоры» өткізетін төртінші ірі халықаралық алаң. Бұған дейін 2019 және 2023 жылдары «Отандастар форумдары», 2024 жылы «Отандастар бизнес форумы» өткен болатын.

Биылғы форумның басты мақсаты – шетелде еңбек етіп жүрген отандас ғалымдардың тәжірибесін елдің ғылыми-инновациялық дамуына тарту және Қазақстанның зияткерлік әлеуетін халықаралық деңгейде таныту. Сонымен қатар форум шетелдегі интеллектуалды диаспорамен тұрақты байланыс орнатып, оларды елдің ғылыми экожүйесіне жұмылдыруды, ғылым мен өндіріс арасындағы интеграцияны күшейтуді, жас ғалымдармен сабақтастық орнатуды және Қазақстанды ғылым мен инновацияға ашық, халықаралық серіктестікке бейім мемлекет ретінде танытуды көздейді.

Форум аясында пленарлық сессиялар және «Ұлы дала» халықаралық кітап шығару байқауының тұсаукесері өтеді.

@otandastar
❤2👍1
Бахрейннің Манама қаласында өткен ІІІ жастар Азия ойындарында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 3-орын иеленді. 🇧🇭✨

Ұлттық құрамамыз 20-дан астам спорт түрінен бақ сынап, барлығы 93 медаль жеңіп алды — 24 алтын, 29 күміс және 40 қола.
Бұл көрсеткіш – Қазақстан спорт тарихындағы ең жоғары нәтиже. 🏅

🏋️‍♂️ Ауыр атлет Әлихан Әскербай, жеңіл атлет Максим Сажнев, жүзуші Александр Румынский және ауыр атлет Нұржан Жұмабай жастар арасындағы Азия ойындарының жаңа рекордтарын орнатты.
🥊 Ең көп алтын медальды – боксшылар (5 алтын) жеңіп алды.

@otandastar
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇨🇳➡️🇰🇿Қытай Халық Республикасының азаматы саналатын этникалық қазақтардың Қазақстан аумағына келгеннен кейін С1 және С9 санатындағы виза рәсімдеу тәртібі

📹Толық ақпаратты видеодан көре аласыздар

@otandastar
❤1
«Отандас ғалымдар форумы» - шетелдегі этникалық қазақ ғалымдарын біріктіру және олардың зерттеулерін отандық ғылымның дамуына бағыттауға арналған бірегей алаң.

Форумға АҚШ, Ресей, Қытай, Түркия, Германия, Франция, Финляндия, Жапония, Оңтүстік Корея, Индонезия, Моңғолия мен Өзбекстаннан 40-тан аса, Қазақстаннан 100-ге жуық ғалым қатысады.

Форумның бас ұйымдастырушысы - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне қарасты «Отандастар қоры» КЕАҚ.

Өтетін орны: Астана қаласы, Назарбаев университеті
Өтетін күні: 21 қараша 2025 жыл

Форумға қатысушылар саны шектеулі болғандықтан, оған қатысу шақырту арқылы жүзеге асады.

Толық ақпарат форумның ресми сайтында: https://otandasforum.kz/
❤1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🤝🇹🇷Түркияда түрлі салада табысты еңбек етіп жүрген қандастарымыз "Отандастар қорының" алғыс хатымен марапатталды

📹: @24kz_tv

@otandastar
👍2