«Отандастар қоры» КеАҚ «Қазақстандық білім күндері» халықаралық іс-шарасына қатысқан Қазақстанның жоғары оқу орындарына алғыс білдірді
2026 жылғы 17 сәуір «Отандастар қоры» КеАҚ 2026 жылғы 25–26 наурыз күндері Моңғолияның Баян-Өлгий аймағында өткен «Қазақстандық білім күндері» халықаралық іс-шарасына қатысқан Қазақстанның жоғары оқу орындарына алғыс білдіреді.
Аталған іс-шараның басты мақсаты – шетелдегі қазақ жастарына Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінің мүмкіндіктерін кеңінен таныстыру, отандық жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларын насихаттау, талапкерлерге кәсіби бағдар беру, сондай-ақ қандас жастарды Қазақстанда білім алуға тарту болды. Сонымен қатар, бұл бастама білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтып, жастар арасындағы академиялық ұтқырлықты дамытуға бағытталды.
Іс-шара барысында талапкерлер мен олардың ата-аналарына жан-жақты ақпарат беріліп, жоғары оқу орындарының өкілдері білім беру бағдарламалары, қабылдау шарттары мен мүмкіндіктері туралы кеңінен таныстырды. Бұл кездесулер жастардың болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға үлкен септігін тигізді.
«Қазақстандық білім күндері» аясында еліміздің 10 жетекші жоғары оқу орны қатысып, өздерінің білім беру әлеуетін таныстырды:
🔹 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
🔹 Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
🔹 Astana IT University
🔹 Astana International University
🔹 Esil University
🔹 М. Тынышпаев атындағы ALT University
🔹 Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті
🔹 Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университеті
🔹 Ә. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті
🔹 Қарағанды «Bolashaq» академиясы
«Отандастар қоры» барлық серіктес жоғары оқу орындарына белсенді қатысқаны, қолдау көрсеткені және отандық білім беру жүйесін халықаралық деңгейде ілгерілетуге қосқан үлесі үшін шынайы ризашылығын білдіреді.
«Фонд Отандастар» выразило благодарность вузам Казахстана за участие в международном мероприятии «Дни казахстанского образования»
Otandastar Qory Expresses Gratitude to Kazakhstani Universities for Participating in "Kazakhstani Education Days" International Event
@otandastar

«Отандастар қоры» | «Фонд Отандастар»
Қазақстан Республикасының «Отандастар қоры» КЕАҚ
👍1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
18 сәуір күні Астана қаласы, Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында ақын, халықаралық және республикалық жыр мүшәйраларының жеңімпазы Талапбек Тынысбекұлының «Жезбұйдалы жылдар» атты әдеби-сазды шығармашылық кеші жоғары деңгейде өтті.
Кеш барысында көрнекті қаламгерлердің қатысуымен автордың «Бұланай», «Кербұлан» атты кітаптарының тұсауы кесіліп, театр артистері ақын өлеңдерін әсерлі түрде оқыды. Сонымен қатар, Еркін Шүкіман, Гүлмира Сарин, Ерлан Ырысқали, Құрманбек пен Риза, Айнұр Қажимолдақызы, Ғаини Жұмашева, Қажымұрат Шешенқұлұлы, Ахметжан Рабжанұлы, Өзгеріс Шерікбайұлы, Асқар Мұқиятұлы, Қайнар Қатбай, Жанат Нұрсұлтанұлы, Еңлік Байзақ қатарлы өнерпаздар автор сөзіне жазылған әндерді орындап, кештің көркін аша түсті.
Тағылымы мол, мазмұны терең рухани кеш көрерменге ерекше әсер сыйлап, ұлттық өнер мен поэзияға деген ықыласты арттырды.

❤2
Германиядағы ең ауқымды Наурызды ұйымдастырған Сұлтан
Германияға қоныс аударған немістердің той-томалақтары қазақ әні мен биінсіз өтпейтінін желіден жиі байқап жүрміз. Сонымен қатар бізден көшіп кеткен немістердің Қазақстанға, қазақ халқына алғыс айтқан сәті таспаланған видеоларды да көптеп көреміз. Олар Наурыз мейрамын да жыл сайын жоғары деңгейде атап өтеді. 21 наурызда Германияның Лоне қаласында тұратын бұрынғы отандастарымыз Наурызды ерекше атап өткенін көпшілік айтып жүр. Осы ретте шараны ұйымдастырушылардың бірі, желіде Германиядағы немістер мен қазақтардың тұрмысы жайлы контент түсіріп жүрген Сұлтан Жұмағұловпен Turkystan.kz тілшісі сұхбаттасқан еді.

❤4
Forwarded from Генконсульство РК в Казани
🔸Қазанда қазақстандық суретшінің көрмесі ашылды
Толығырақ:
https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kazan/press/news/details/1202680?lang=kk
🔹В Казани открылась выставка казахстанского художника
Подробнее:
https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kazan/press/news/details/1202680?lang=ru