«Otandastar Qory»
1.37K subscribers
3.76K photos
1.04K videos
22 files
1.56K links
Біздің миссия: Әлем қазақтарын тарихи отан төңірегіне ұйыстыру
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Құрметті достар, онлайн домбыра үйірмесінің бірінші модулінің аяқталғанын қуана хабарлаймыз!

Назарларыңызда, Америка Құрама Штаттарында тұратын отандастардың нәтиже сабақтарынан үзінді👏🏻

@otandastar
Назарларыңызға Еуропа мен Азияның әр түкпірінде тұратын отандастарымыздың нәтиже сабақтарынан үзінді ұсынамыз. Домбыра үні шекара талғамай, қазақтың рухани мұрасын әлемге насихаттап келеді. 🇰🇿✨

🇯🇵 Жапония — Рустемова Ақтолқын Молданқызы
🇨🇳 Қытай — Примкулов Елдос
🇨🇳 Қытай — Примкулов Сағи
🇩🇪 Германия — Пишкенель Маржан
🇨🇿 Чехия — Сұраубай Жазира
🇩🇪 Германия — Малабақан Алтын
🇵🇹 Португалия — Jose Manuel Peixoto

Ал соңында Португалияда тұратын португалиялық азамат Jose Manuel Peixoto Қазақстанның ұлттық әнұранын домбырамен орындап берді.

@otandastar
👏5
⚜️ Құрметті отандастар!

📚 2026 жылға арналған «ҰЛЫ ДАЛА» халықаралық кітаптар сериясына өтінімдерді қабылдау кезеңі аяқталғанын хабарлаймыз!

📖 Байқауға барлығы 11 еңбек келіп түсті.
1. Зұрғанбайұлы Рысбек - Саяси нәубет: Моңғолия қазақтары, Моңғолия
2. Рәміш Асай - Өмірімде кезіккен абзал жандар, Моңғолия
3. Жазитхан Әуелхан - Құт мекенім – Қосағаш, Ресей
4. Султанов Турсын Икрамович - Центральная Евразия в средние века. Вехи истории и наследие культуры, Ресей
5. Ибрагимов Құлназар - Күзгі гүлдер, Өзбекстан
6. Ибрагимов Құлназар - Таң самалы, Өзбекстан
7. Жанболатов Сұлтан - Таластағы жанталас, Қытай
8. Нарынбетова Гүлдана Төреханқызы - Қызылқұмдағы қазақтардың келбеті, Өзбекстан
9. Ағыпар Бәкей - Микроэкономика (оқулық), Моңғолия
10. Насырұлы Самат - Қазақ-ағылшын, Ағылшын-қазақ сөздіктері, Моңғолия
11. Cәрсенов Төребай - Тұлғалар жайлы толғау, Өзбекстан

📝 Байқау жеңімпаздарын анықтау мақсатында 11 өтінім Қазақстан Республикасы Жазушылар одағының сараптамасына жолданды.

👏🏻 Өз шығармаларын жолдап, жобаға қызығушылық танытқан барлық авторларға шынайы алғысымызды білдіреміз!

@otandastar
❤4👍3
📚 Құрметті достар!

«Отандастар қоры» ұсынған онлайн қазақ тілі курсы өз жалғасын табуда!

Бүгін назарларыңызға түрік аудиториясындағы тыңдаушыларымыздың нәтижесін ұсынамыз.

🇹🇷 Рукие Коч - магистрант, Стамбул қаласы
🇹🇷 Ахмет Атмаджа - Анкара қаласы

Қазақ тілін бізбен бірге үйренуге ынта танытып жүрген әрбір қатысушымызға алғысымызды білдіреміз! 🤝

@otandastar
«Қазақстан – менің көзіммен» халықаралық сурет байқауы

Шетелде тұратын 12–17 жас аралығындағы этникалық қазақ балаларын қатысуға шақырамыз!

📌 Тақырыптар:
• Қазақстанның табиғаты
• Ұлттық құндылықтар мен дәстүрлер
• Тарихи-мәдени мұра
• Болашақтағы Қазақстан
• Қазақстандық тұлғалар

🏆 Жүлделер:
🥇 Ноутбук
🥈 Планшет
🥉 Смарт сағат

📅 Өтінім қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 28 тамызға дейін

📧 Жұмыстарды жіберу: oqbaiqau@gmail.com

📍 Толық ақпарат: oq.gov.kz

@otandastar
❤1
Международный конкурс рисунков «Казахстан моими глазами»

Приглашаем к участию этнических казахских детей 12–17 лет, проживающих за рубежом.

📌 Темы конкурса:
• Природа Казахстана
• Национальные ценности и традиции
• Историко-культурное наследие
• Будущее Казахстана
• Известные личности Казахстана

🏆 Призы:
🥇 Ноутбук
🥈 Планшет
🥉 Смарт-часы

📅 Прием работ: до 28 августа 2026 года

📧 Отправить работу: oqbaiqau@gmail.com

📍 Подробная информация: oq.gov.kz

@otandastar
❤1
“Kazakhstan Through My Eyes” International Art Competition

Ethnic Kazakh children aged 12–17 living abroad are invited to participate.

📌 Competition Themes:
• Nature of Kazakhstan
• National Values and Traditions
• Historical and Cultural Heritage
• The Future of Kazakhstan
• Prominent Figures of Kazakhstan

🏆 Prizes:
🥇 Laptop
🥈 Tablet
🥉 Smartwatch

📅 Submission Deadline: August 28, 2026

📧 Submit your artwork to: oqbaiqau@gmail.com

📍 More information: oq.gov.kz

@otandastar
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Домбыра – бұл жай ғана аспап емес. Ол – біздің тарихымыз, рухымыз, асыл мұрамыз!

Бүгін «Отандастар қоры» КеАҚ пен «Арқайым» этно-фольклорлық тобының бастамасымен «Домбыра DNA-да» халықаралық челленджі бастау алды.

Қай жерде жүрсек те, қай елде өмір сүрсек те, домбыраның үні әр қазақтың жүрегінен орын алады. Осы ерекше жобаның мақсаты – домбыра арқылы ұлттық мұрамызды заманауи форматта насихаттап, жастарды шығармашылыққа шабыттандыру.

Мен өзімнің ерекше локациямда сүйікті шығармамды орындадым. Енді кезек сізде!

📍 Ерекше локация таңдаңыз

🎶 Домбырада күй, әуен немесе freestyle орындаңыз

🎥 60 секундқа дейінгі видео түсіріңіз

📲 Видеоны Instagram, TikTok немесе YouTube Shorts платформасына жүктеп, #DombraDNA, #DombraVibe, #SpiritOfDombra, #DombraRoots, #PlayDombra, #DombraBeat хэштегтерімен жариялаңыз

👥 Достарыңызды челленджге шақырып, эстафетаны жалғастырыңыз

Домбыраның үні әлемнің түкпір-түкпірінде шырқалсын!

@otandastar
❤2👍2👏1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
«Отандастар қоры» КеАҚ және @arkaiym_group бастамасымен қолға алынған «Домбыра DNA-да» халықаралық челленджін қабылдаған «Тұран» этно-фольклорлық ансамблінің белді мүшесі Бауыржан Бекмұханбеттың видеосын назарыңызға ұсынамыз.

Сіз де челленджге қатысып, өз өнеріңізді көрсетіңіз! Домбыраның үні әлемнің түкпір-түкпірінде шырқалсын!

📲 Видеоны Instagram, TikTok немесе YouTube Shorts платформасына жүктеп, бізді белгілеуді ұмытпаңыз.

#DombraDNA #DombraVibe #SpiritOfDombra #DombraRoots #PlayDombra DombraBeat

@otandastar
❤1👏1🙏1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Құрметті достар!

«Отандастар қоры» алда келе жатқан Домбыра күніне орай ауқымды домбыра челленджін бастаған болатын!

Мақсатымыз - ата-бабадан қалған асыл мұрамызды дәріптеу арқылы әлемнің әр түкпіріндегі қазақтардың басын бір арнаға тоғыстыру.

Біз бұл челлендж эстафетасын Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне жолдаймыз!

Сіздерді де бастаманы қолдап, домбырамен орындаған бейнелеріңізді жариялауға шақырамыз. Бірге күмбірлетіп, ұлттық мұрамызды ұлықтайық!

#DombraDNA #DombraVibe #SpiritOfDombra #DombraRoots #PlayDombra #DombraBeat

@otandastar
👍3