Құрметті отандастар!
Бүгін әлем қауымдастығы Қазақстанның бастамасымен Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы бекіткен Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күнін атап өтіп жатыр.
Осыдан 35 жыл бұрын халықаралық ахуал күрделі болғанына қарамастан, Семей ядролық полигоны жабылды. Ондаған жыл бойы жасалған жарылыстар азаматтарымыздың денсаулығына және қоршаған ортаға орасан зор зардабын тигізіп, халқымызға орны толмас қасірет әкелді. Бұл ядролық сынақтардың салдары күллі адамзат баласы үшін аса ауыр болғанын ұғындыратын, сондай-ақ әлем жұртшылығын мұндай алапат апатқа жол бермеуге шақыратын айрықша маңызды күн саналады.
Қазақстан дүние жүзінде қуаты жағынан төртінші орындағы ядролық арсеналдан өз еркімен бас тартты. Еліміз бейбітшілік, қауіпсіздік және тұрақты даму жолын таңдап, тарихи шешім қабылдады. Соның арқасында халқымыздың ұзақ жылдар бойы аңсаған арман-тілегі орындалды. Бұл қадам мемлекетіміздің өскелең ұрпақ алдындағы терең жауапкершілігін паш еткені сөзсіз.
Жаңа Конституция преамбуласында еліміздің бейбітшілікке ұмтылып, барлық мемлекетпен достық қарым-қатынас орнататыны айқын жазылды. Осы ұстаным сыртқы саясатымыздың мызғымас қағидаты болып қала береді. Халықаралық антиядролық қозғалыс көшбасшыларының бірі ретінде еліміздің ұстанымы өзгермейді: біз ядролық державалар арасында кикілжің емес, келіссөздер болуын қолдаймыз, Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарттың күшіне енуін тездетуге және ядролық қаруды қолдануға қатысты қауіп-қатерлерді жою үшін бірлесіп батыл қадамдар жасауға шақырамыз.
Біз атом энергиясын жасампаз мақсатта ғана пайдаланған жөн деп санаймыз. Халқымыз жалпыұлттық референдумда ядролық энергетиканы дамытудың стратегиялық бағыт-бағдарын бірауыздан қолдап, Қазақстанның ондаған жылдарды қамтитын экономикалық және ғылыми-техникалық өрлеуінің берік негізін қалады.
Осы стратегиялық таңдау ауқымды өзгерістерге жол ашып, мемлекетіміздің тұрақты өсіп-өркендеуіне айрықша серпін беретіні анық. Қазіргі таңда барлық салада жасалып жатқан түбегейлі реформалардың мақсаты – бір. Біз Әділетті, Озық және Таза Қазақстанды құрып жатырмыз.
Бәріміз бір ел болып, биік мақсатымызға жетеміз. Мен бұған кәміл сенемін.
@otandastar

Өзбекстандағы мектепке белгілі қазақ жазушысы Рахметолла Райымқұловтың есімі берілді
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің бастамасымен жəне Ташкент облысы əкімінің шешімімен Ташкент облысы Бостанлық ауданының Қараманас ауылында орналасқан N34 мектепке көрнекті қазақ жазушысы, драматург, аудармашы жəне қоғам қайраткері Рахметолла Райымқұловтың есімі берілді.
2026 жылғы 2 қыркүйекте Рахметолла Райымқұлов атындағы No34 мектепте жаңа оқу жылының басталуына жəне қаламгердің туған жерінде оның есімін ұлықтауға арналған мерекелік іс-шара өтеді.
Іс-шараға Өзбекстан мен Қазақстанның белгілі мемлекет жəне қоғам қайраткерлері, соның ішінде Өзбекстан Республикасы Мектепке дейінгі жəне мектеп білімі министрлігі мен Мəдениет министрлігінің басшылығы, Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше жəне Өкілетті Елшісі Ералы Тоғжанов, Түркі мəдениеті жəне мұрасы қорының Президенті, профессор Ақтоты Райымқұлова, белгілі қазақ қаламгерлері мен əдебиеттанушылары Құлбек Ергөбек пен Нұрғали Ораз, сондай-ақ екі елдің шығармашылық зиялы қауым өкілдері, жазушының ұрпақтары, ұстаздар, оқушылар мен ата-аналар қатысады.
Іс-шара аясында жаңа оқу жылының алғашқы қоңырауы соғылып, жаңартылған мектеп кітапханасы мен Рахметолла Райымқұловқа арналған мемориалдық бұрыш ашылады, сондай-ақ кітапхана қорын толықтыру мақсатында кітаптар табысталады. Сонымен қатар өскелең ұрпақтың кітап оқу мəдениетін қалыптастыруға, қаламгердің шығармашылығымен таныстыруға жəне оның əдеби мұрасын кеңінен насихаттауға бағытталған рухани-ағартушылық кеш өтеді.
Рахметолла Райымқұлов 1913 жылы Ташкент облысы Бостанлық ауданының Қараманас ауылында дүниеге келген. Ол мол əдеби мұра қалдырып, қазақ жəне өзбек əдебиеті мен мəдениетінің дамуына, бауырлас екі халық арасындағы рухани жəне мəдени байланыстардың нығаюына зор үлес қосты. Қаламгердің кеңінен танылған шығармаларының қатарында «Жасыл белес», «Түйелі адам», «Балдақты адам», «Қара жорға» романы жəне басқа да туындылары бар.
Мектепке Рахметолла Райымқұловтың есімінің берілуі айрықша символдық мəнге ие. Бұл бастама ортақ мəдени мұраға деген құрметтің, Қазақстан мен Өзбекстан халықтарының тарихи жақындығы мен ғасырлар бойғы бауырластығының, сондай-ақ екі ел арасындағы мəдени- гуманитарлық ынтымақтастықтың одан əрі нығая түскенінің жарқын көрінісі.
Дереккөз: adyrna.kz

adyrna.kz
Өзбекстандағы мектепке көрнекті қазақ жазушысы Рахметолла Райымқұловтың есімі берілді | Национальный портал “Адырна”
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің бастамасымен жəне Ташкент облысы əкімінің шешімімен Ташкент облысы Бостанлық ауданының Қараманас ауылында орналасқан No34 мектепке көрнекті қазақ жазушысы, драматург, аудармашы жəне қоғам қайраткері…
👍6❤2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Ресейде қазақ мәдениетін дәріптейтін жүзден аса шара өтті
Соңғы үш айда Ресейде қазақ мәдениетін дәріптейтін 100-ден астам шара өтті. Оған биыл тек қандастар емес, қазақ дәсүріне қызығатын өзге ұлт өкілдері де қатысты. Басты мақсат – салт-дәстүріміз мен мәдениетімізді кеңінен насихаттау.
Жалпы Ресейде алты жүз мыңға жуық қазақ тұрады. Ең көп шоғырланған аймақтар Омбы, Астрахан облысы және Түмен. Түмендегі қандастар соңғы бірнеше жылда қазақ тілін оқытып, қандастардың тарапынан ана тіліне қызығушылық артқан. Олар тарихи Отанымызбен байланысты үзгіміз келмейді, дейді. Сондықтан әр облыста қазақ мәдени ұйымы жұмыс істеп тұр.

❤1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
📢 МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ!
Қосымша сұрақтар бойынша «Отандастар қорының» WhatsApp және Telegram желілеріне хабарласа аласыз!
📲 +7 708 903 82 17

🤝1
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
✍️ Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.
✍️ Указом Главы государства Тлеуберди Мухтар Бескенулы назначен Министром иностранных дел Республики Казахстан, он освобожден от ранее занимаемой должности.
t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі болып тағайындалды
Тілеуберді Мұхтар Бескенұлы 1968 жылғы 30 маусымда туылған. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің философия-экономика факультетін бітірген, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті жанындағы Азия және Африка институтында және Йенсе Университеті (Корей Республикасы) жанындағы Тілдер институтында тәжірибе алған. Оқуды аяқтағаннан кейін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің философия тарихы және қытай филологиясы кафедраларында жұмыс істеген.
Дипломатиялық қызметін 1993 жылы атташе лауазымынан бастады. Орталық аппараттағы жұмыс барысында Азия елдері басқармасының үшінші хатшысы, Азия департаментінің бірінші хатшысы, Екіжақты ынтымақтастық департаментінің бөлім бастығы қызметтерін атқарды.
Шетелде Қазақстанның Корей Республикасындағы Елшілігінде екінші хатшы және Израиль Мемлекетіндегі Елшілігінде кеңесші болып жұмыс істеді. ҚР Президентінің Әкімшілігінде Мемлекеттік хатшының сыртқы саясат мәселелер жөніндегі кеңесшісі лауазымында жұмыс істеді.
2003 жылы Сыртқы істер вице-министрі болып тағайындалды.
2004 жылы еліміздің Малайзиядағы Елшісі және 2005 жылдан бастап Индонезия Республикасы, Бруней Даруссалам және Филиппин Республикасындағы Елшісі қызметін қоса атқарды.
2009 жылы Қазақстанның Швейцария Конфедерациясындағы Елшісі болып тағайындалды және Лихтенштейн Княздігі мен Ватикан Мемлекетінде Елші қызметін қоса атқарды, сонымен қатар Женевадағы БҰҰ Бөлімшесінде және басқа да халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі болды.
2015 жылы Қазақстанның Иерусалимдік Әулие Иоанн Егеменді Әскери Госпитальерлер Ордені жанындағы, Родостағы және Мальтадағы қоса атқарушы Елшісі болып аккредиттелді.
2016-2019 жылдары ҚР Сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасары болған.
2019-2021 жж. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі.
2021-2023 жж. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі қызметін атқарды.
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі болып тағайындалғанға дейін 2023 жылғы тамыздан бастап 2026 жылғы қыркүйек аралығында Қазақстанның Аустриядағы Елшісі қызметін атқарды.
Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежесіне ие.
Ағылшын, корей тілдерін меңгерген.

Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» Астана қаласындағы «Отандастар қоры» КеАҚ ұсынысымен шетелде тұратын қандастарымыздың қазақ тіліндегі кітаптарға қолжетімділігін арттыруға бағытталған игі бастамаға өз үлесін қосты.
🇰🇿📖 Қандастарымыздың қазақ тіліндегі әдебиеттерге қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында кітапханадан Ақан сері, Біржан Сал, Үкілі Ыбырай жерлестерінің өмірі мен шығармашылығына арналған кітаптар жолданды
«Отандастар қоры» КеАҚ осынау игі іске атсалысқан кітапхана ұжымына шынайы ризашылығын білдіреді! Қолдауларыңыз бен ынтымақтастықтарыңыз үшін рахмет!

Қазақ халқының дәстүрлі мәдениетінде тазының орны ерекше. Ғасырлар бойы халқымызбен бірге жасап келе жатқан тазы саятшылық өнерінің ажырамас бөлігі әрі ұлттық мұрамыздың маңызды нышандарының бірі.
Тазы өзінің жүйріктігі, алғырлығы және төзімділігімен ерекшеленіп, қазақ даласындағы аңшылық дәстүрдің қалыптасуы мен дамуына өзіндік үлес қосты. Оны баптау, аңға қосу, ұрпағын сақтау дәстүрі ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді.
Ұлттық тазыны сақтау және дәріптеу халқымыздың тарихи дәстүрі мен мәдени мұрасын қорғаудың маңызды бағыттарының бірі.
Ұлттық тазы күні құтты болсын!

Мемлекет басшысы Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердіні қабылдады
🟦 Кездесуде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев министрліктің негізгі міндеттерін айқындап, Қазақстанның ұлттық мүдделерін дәйекті түрде ілгерілетуді, теңгерімді сыртқы саясатты нығайтуды және экономикалық дипломатияны дамытуды тапсырды.
🟦 Көпжақты ынтымақтастықты жандандыруға және шетелдегі Қазақстан азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыруға ерекше назар аударылды.
🟦 Сондай-ақ Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы халықаралық іс-шаралардың кестесі қаралды.
t.me/aqorda_resmi
t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Дәрі өндірісін жолға қойған қандас кәсіпкер | Мерей Сламұлы | «Қандастың жолы»
https://youtu.be/Gs7jS3ulY14
Қытайдың Шыңжаң өлкесінде дүниеге келген Мерей Сламұлы бүгінде Қазақстанның фармацевтика саласына елеулі үлес қосып жүрген белгілі кәсіпкер, меценат, «Kelun-Kazpharm» компаниясының атқарушы директоры, «Құрмет» орденінің иегері.
Нанкин университетінде ботаника мамандығын меңгерген ол кейін кәсіби жолын Қазақстанмен байланыстырып, отандық фармацевтика өндірісінің дамуына атсалысты. 2014 жылы «Kelun-Kazpharm» зауытын небәрі бір жылдың ішінде іске қосып, жүздеген адамды жұмыспен қамтыды.
Осы жолы «Отандастар қоры» КеАҚ-ның «Қандастың жолы» бағдарламасы аясында Мерей Сламұлымен сұхбаттасып, оның Қытайдан Қазақстанға дейінгі өмір жолы, кәсіп бастау тәжірибесі, елге қызмет ету ұстанымы және отандық фармацевтиканың болашағы туралы әңгімелестік.
«Қандастың жолы» – елге оралған қандастардың тағылымды тағдырын, еңбек жолын және жетістікке жету тарихын көрсететін жоба.

YouTube
Дәрі өндірісін жолға қойған қандас кәсіпкер | Мерей Сламұлы | «Қандастың жолы»
«Қандастың жолы»: Мерей Сламұлы
Қытайдың Шыңжаң өлкесінде дүниеге келген Мерей Сламұлы бүгінде Қазақстанның фармацевтика саласына елеулі үлес қосып жүрген белгілі кәсіпкер, меценат, «Kelun-Kazpharm» компаниясының атқарушы директоры, «Құрмет» орденінің иегері.…

❤3
Ташкентте «Tүркі әлемінің рухани мұрасы: әдебиет – дәуірлер мен ұрпақтар сабақтастығы» форумы өтті
2026 жылдың 2-3 қыркүйек күндері Ташкент қаласы және Ташкент облысында Өзбекстан және Қазақстан жазушыларының «Түркі әлемінің рухани мұрасы: әдебиет – дәуірлер мен ұрпақтар сабақтастығы» форумы өтті. Бұл форум тарихы, тағдыры бір туыстас әрі бауырлас елдердің әдеби-мәдени, достық байланыстарын одан әрі дамытуға бағытталды.
Өзбекстан Республикасы Мектепке дейінгі және мектеп білімі министрлігі, Өзбекстан Республикасы Мәдениет министрлігі, Ташкент облысы әкімдігі, Өзбекстан және Қазақстан Жазушылар одақтары, сондай-ақ Түркі мәдениеті және мұрасы қорының ынтымақтастығында өткізілген форум Өзбекстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына, Бірінші Түркология конгресінің 100 жылдығына (Баку, 1926) және ұлы өзбек ақыны әрі ойшылы Әлішер Науаидың 585 жылдығына орай ұйымдастырылды.
Форумның бағдарламасы 2 қыркүйекте Ташкент облысы Бостандық ауданының, Қараманас ауылында басталып, онда жаңа оқу жылының басталуына және №34 жалпы орта білім беретін мектепке көрнекті қазақ жазушысы, драматург, аудармашы, қоғам қайраткері Рахметолла Райымқұловтың есімін беруге арналған салтанатты іс-шара өтті. Іс-шара аясында жаңартылған мектеп кітапханасы мен Р.Райымқұловтың мемориалдық бұрышы ашылды.
3 қыркүйекте Ташкент қаласында «Түркі әлемінің рухани мұрасы: әдебиет – дәуірлер мен ұрпақтар сабақтастығы» форумының салтанатты ашылуы мен жалпы мәжілісі жоғары деңгейде өтті.
Іс-шара өзбектің ұлы ақыны әрі ойшылы Әлішер Науаидың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды. Содан соң форум аясында Өзбекстан Жазушылар одағында «Әдеби достық – мәңгілік достық» тақырыбында кітаптар көрмесі, сондай-ақ Бірінші Баку Түркология конгресінің 100 жылдығына арналған мұрағат материалдарының көрмесі ұйымдастырылды.
Форумның салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев, Өзбекстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Хайриддин Султонов, Өзбекстан Республикасы Мәдениет министрі Озодбек Назарбеков, Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ералы Тоғжанов, Өзбекстан Жазушылар одағының төрағасы Сирожиддин Саййид, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов, Өзбекстан Ұлттық ақпарат агенттігінің Бас директоры Абдусаид Кучимов, сондай-ақ Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті Ақтоты Райымқұлова қатысты.
Форумның тақырыптық сессиясы «Өзбекстан және Қазақстанның әдеби қарым-қатынасы: ортақ мұра, заманауилық және ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері» тақырыбына арналды. Сессияда екі елдің әдебиеті арасындағы тарихи және бүгінгі байланыстар, ортақ әдеби-мәдени мұра, шығармашылық әріптестік, өзара аудармалар мәселелері талқыланды.
Филология ғылымдарының докторы, профессор Баходир Каримов «ХХ ғасырдың 20-жылдарындағы өзбек-қазақ әдеби байланыстары туралы» баяндама жасады. Сессияға Қазақстандық әдебиеттанушы, сыншы, публицист, филология ғылымдарының докторы, профессор Құлбек Ергөбек, Әлішер Науаи атындағы Ташкент мемлекеттік өзбек тілі және әдебиеті университетінің проректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Нурбой Жабборов, Низами атындағы Өзбекстан Ұлттық педагогикалық университеті қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Ергеш Абдувалитов, Қазақстандық жазушы әрі публицист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Қанат Алтынбек баяндамалармен қатысты. Баяндамаларда екі халықтың әдебиеті арасындағы тарихи байланыстар, шығармашылық ықпал мен әдеби үдерістердің өзара байланысты тұстары қарастырылды. Сонымен қатар іс шараға «Түркістан» газетінің бас редакторы, ақын Бауыржан Бабажанұлы, «Өлке тынысы» ЖШС-нің бас директоры Ерлан Жұрынбаев, тағы басқалар қатысты.
Арухан АҚПАНБЕТОВА
«Нұрлы жол» газетінің тілшісі, Ташкент қаласы

«Отандастар қоры» | «Фонд Отандастар»
Қазақстан Республикасының «Отандастар қоры» КЕАҚ
❤1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Мерей Сламұлы | «Қандастың жолы»
«Қандастың жолы» жобасының кезекті шығарылымында белгілі кәсіпкер, меценат Мерей Сламұлының тағылымды өмір жолы баяндалады.
Мерей Сламұлы 1963 жылғы 20 қаңтарда ҚХР Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданындағы Құтыби ауданы, Торғайты елді мекенінде дүниеге келген. 1982-1986 жылдары Нанкин университетінде «Ботаника» мамандығы бойынша білім алған.
Кейіпкердің өмірі мен еңбек жолы туралы толық нұсқаны Otandastar Channel YouTube арнасынан көре аласыздар.

❤2