This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қандастан алғыс
Жазира Арыстанбекова 2004 жылы отбасымен бірге Өзбекстанның Жизақ облысынан Түркістан облысы, Ордабасы ауданына қарасты Шұбарсу елді мекеніне көшіп келген. Қазір ол – Қазақстан Республикасының азаматы, көпбалалы ана.
Жазира Арыстанбекова ұзақ жылдар бойы ата-енесімен бірге Қазақстан азаматтығын рәсімдей алмай жүргенін айтып, «Отандастар қорының» фронт-кеңсесіне көмек сұрап жүгінген. Қоғам мамандары отбасының құжаттарын ретке келтіруге көмектесті. Сонымен қатар, енесінің мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырғанын ескеріп, «Харекет» қорына хабарласып, отбасының Шұбарсу елді мекенінен баспана алуына ықпал етті. Жергілікті әкімдік тарапынан отбасы отын және сумен қамтамасыз етілді. Бүгінде отбасының құжаттары реттеліп, балалары мемлекет тарапынан тағайындалған әлеуметтік көмекті алып отыр.
@otandastar

❤2🤩1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Бұл саяхат тарихи Отаныммен терең рухани байланысты сезінуге мүмкіндік берді».
«Бір Қазақстан – мың оқиға» жобасының кезекті кейіпкері – Ресейдің Самара қаласынан, «Самара қазақтары» қоғамдық ұйымының басқарма төрайымы Айгүл Жалелова.
Алматы облысына сапары барысында ол Шарын шатқалы мен Қара шатқалды аралап, қазақ даласының қайталанбас табиғатын тамашалап, ұлттық дәстүрлерімізбен жақынырақ танысты.
Сіз де Қазақстанға жасаған сапарыңыздан бейнеролик түсіріп, бізге жолдаңыз! Бәлкім, «Бір Қазақстан – мың оқиға» жобасының келесі кейіпкері өзіңіз боларсыз! ✨
📢: Жоба кейіпкерінің оқиғасы “Отандастар қоры” қызметкерімен дыбысталған

❤2
📚 Дайындық бөлімі: қандасқа университетке тегін дайындалудың толық нұсқаулығы
«Отандастар қоры» Informburo.kz порталымен бірлесіп, Қазақстан азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ азаматтарға (қандастар) арналған дайындық бөлімдері (Foundation) туралы толық нұсқаулық дайындады.
Егер сіз немесе таныстарыңыз Қазақстанда жоғары білім алғысы келсе, бірақ ҰБТ-ға дайындалу немесе оқу жүйесіне бейімделу қиынға соғып жүрсе — бұл жазба сізге арналады.
Карусельден біле аласыз:
✅ Қанша орын бөлінеді
✅ Құжат қашан, қайда және қалай тапсырылады
✅ Қандай құжаттар қажет (әр ел бойынша)
✅ Оқу мерзімі, шәкіртақы және жатақхана
✅ Тегін оқуға болатын 19 университеттің тізімі
✅ Қандай пәндер оқылады
📌 Постты сақтап қойыңыз, керек болғанда жоғалтпайсыз. Дайындық бөліміне түсуді жоспарлап жүрген досыңызға жіберіңіз!
Сұрақтарыңыз болса — «Отандастар қорының» байланыс орталығына (What's App, +7 708 903 82 17) немесе таңдаған университетіңізге тікелей хабарласа аласыз.

Информбюро: Қандастар жоғары оқу орнының дайындық бөлімінде тегін оқи алады. Ол үшін не істеу қажет
Дайындық бөліміне түсу үшін қандай құжаттар қажет? Оқу қанша уақытқа созылады? Шәкіртақы беріле ме? Информбюро порталы шетелдегі және Қазақстанға көшіп келген ұлты қазақ азаматтарға қолдау көрсететін "Отандастар қорымен" бірлесе осы және өзге де маңызды сұрақтарға жауап береді.
Дереккөз: informburo.kz

informburo.kz
Қандастар жоғары оқу орнының дайындық бөлімінде тегін оқи алады. Ол үшін не істеу қажет
2011 жылы Қазақстанда этникалық қазақтарды жоғары оқу орнына бейімдеуге арналған Foundation факультеттері құрылды.
❤1
Қазақстан азаматтарына шетелде паспорт беру тәртібі жаңартылды
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2026 жылғы 17 тамыздағы бұйрығымен шетелде жүрген Қазақстан азаматтарына паспорт дайындау үшін құжаттарды қабылдау және оларды жолдау бойынша мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына өзгерістер енгізілді.
Атап айтқанда, қағидалар жаңа нұсқада жазылды.
Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері арқылы шетелде жүрген мына санаттағы азаматтарға көрсетеді:
• Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын азаматтарға;
• шетелдегі оқу орындарында білім алып жүргендерге;
• шет мемлекеттерде еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндерге;
• Қазақстаннан тыс жерде туған кәмелетке толмағандарға;
• жоғарыда аталған азаматтармен бірге тұратын олардың отбасы мүшелеріне;
• республикадан тыс жерде тұратын шетел азаматының отбасы мүшелеріне;
• шетелде дипломатиялық қызмет персоналымен бірге тұратын олардың туыстарына;
• жасы ұлғайғанына байланысты өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын адамдарға;
• денсаулығында ағза қызметінің тұрақты бұзылуы салдарынан өмір сүру мүмкіндігі шектелген адамдарға;
• өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын жақын туыстарына күтім жасайтын адамдарға;
• шет мемлекеттің аумағында ұсталған, қамауда отырған, қамауға алынған немесе пенитенциарлық мекемелерде жазасын өтеп жатқан азаматтарға.

kaz.zakon.kz
Қазақстан азаматтарына шетелде паспорт беру тәртібі жаңартылды
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2026 жылғы 17 тамыздағы бұйрығымен шетелде жүрген Қазақстан азаматтарына паспорт дайындау үшін құжаттарды қабылдау және оларды жолдау бойынша мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп…
❤1