«Otandastar Qory»
1.37K subscribers
3.77K photos
1.04K videos
22 files
1.56K links
Біздің миссия: Әлем қазақтарын тарихи отан төңірегіне ұйыстыру
Download Telegram
🎶 Онлайн домбыра үйірмесі: екінші модуль нәтижесі

Екінші модульге қатысқан қандастарымыздың орындауларын назарларыңызға ұсынамыз:

🇲🇳 Моңғолия — Еркін Нұрай, Ердібек Аймөлдір
🇷🇺 Ресей — Ахметжанова Айгүл, Біржанова Гүлнаш
🇩🇪 Германия — Чорманова Жұлдыз

Домбыра үні шетелдегі қандастарымызбен бірге жалғаса берсін! 🇰🇿

@otandastar
❤5
Қазақ тілін 20 жыл оқытқан корей ғалымын Президент Тоқаев марапаттады

Оңтүстік Кореяның Хангук шет тілдері университетінің (HUFS) профессоры, Орталық Азияны зерттеу институтының директоры Сон Ён Хун II дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына ресми сапары аясында өткен марапаттау рәсімінде профессорға мемлекеттік награда табысталды.

Сон Ён Хун 20 жылдан астам уақыт бойы корей студенттеріне қазақ тілінен дәріс оқып келеді. Сонымен қатар ол Қазақстанның тарихы мен мәдениетін зерттеп, корей қоғамына қазақ халқының дәстүрі мен Ұлы дала өркениетін танытуға үлес қосып жүр.

Ғалымның пікірінше, қазақ тілін меңгеру – Қазақстанның мәдениеті мен көшпелі өркениеттің ерекшелігін терең түсінудің маңызды жолы. Ол қазақ тілін екі халықты жақындастыратын рухани көпір ретінде бағалайды.

@otandastar
❤5
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Хангук шет тілдері университетінің профессоры Сон Ён Хун 20 жылдан бері қазақ тілінен дәріс оқып, корей халқына Қазақстан мен оның мәдениетін дәріптеп келеді

****

Профессор университета иностранных языков Хангук Сон Ён Хун более 20 лет преподает казахский язык и таким образом знакомит корейский народ с Казахстаном и его культурой


🎦 t.me/aqorda_resmi
❤2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Ақшаға бәрін шешіп беремін»: Көші-қон комитеті делдалдар туралы ескертті

Қазақстанға қоныс аудару, құжаттарды рәсімдеу және бейімделу - маңызды кезең. Сондықтан тек ресми ақпаратқа сүйену өте маңызды.

Көші-қон комитетіне құжаттарды рәсімдеуді ақылы түрде жеделдетуге, тестілеуден өтуге көмектесуге немесе мемлекеттік қызметтерді алуға ықпал етуге уәде беретін делдалдар туралы өтініштер түсіп жатыр.

Ресми түрде ескертеміз: мұндай уәделерге сенбеңіздер. Бұл бағыттағы мемлекеттік қызметтер белгіленген тәртіппен көрсетіледі. Тестілеу нәтижелерін немесе құжаттарды қарау нәтижесін қандай да бір ақы үшін өзгертуге болмайды.

Ең бастысы - бейтаныс делдалдарға ақша бермеңіздер және тек ресми ақпаратқа жүгініңіздер.

Нұрбол Байсынов, ҚР ЕХӘҚМ Көші-қон комитеті этникалық миграция басқарма басшысы

@otandastar
❤2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Обещают ускорить оформление документов за деньги? В Комитете по миграции предупредили

Переезд в Казахстан, оформление документов и адаптация - важный этап, поэтому особенно важно пользоваться только официальной информацией.

В Комитет по миграции поступают обращения о посредниках, которые за деньги обещают ускорить оформление документов, помочь с тестированием или повлиять на получение государственных услуг.

Официально предупреждаем: не доверяйте таким обещаниям. Государственные услуги в этой сфере предоставляются в установленном порядке, а результаты тестирования и рассмотрения документов не могут быть изменены за вознаграждение.

Главное - не передавайте деньги неизвестным посредникам и пользуйтесь только официальной информацией.

@otandastar
❤1
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Корея Ұлттық Ассамблеясының Спикері Чо Чжон Шик қазақ этноауылына барды

Сеулдің Ханган саябағында орналасқан этноауылда мәртебелі меймандарға қазақ халқының тарихы мен салт-дәстүрі, ұлттық сәндік-қолданбалы өнері, ән-күйі мен мәдени жәдігерлердің заманауи үлгілері таныстырылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Чо Чжон Шик киіз үйді аралап көріп, қазақ халқының бірегей мұралары айшықталған «Жеті қазына» голографиялық инсталляциясын тамашалады.

Этноауылда қазақ шеберлерінің қолынан шыққан дәстүрлі зергерлік бұйымдар, ұлттық киімдер мен киізден жасалған заттар көрмеге қойылған. Меймандарға домбыра, дауылпаз, жетіген секілді ұлттық аспаптардың сүйемелдеуімен орындалған музыкалық бағдарлама ұсынылды.

«Бірлік» би ансамблі мен Қазақстан Республикасы академиялық корей театры балет труппасының бірлескен қойылымдары көрермен көңілінен шықты. «Достық» хореграфиялық композициясы қос халық арасындағы бірлікті, өзара құрмет пен тығыз байланысты паш етті.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Чо Чжон Шикке садақ ату өнері мен садақшылардың шеберлігі көрсетілді.

Диджитал-киіз үйде дәстүрлі қазақ баспанасының заманға сай түрленген көрінісі ұсынылды. Панорамалы LED-экран арқылы меймандар екі ел халықтарының достығына, Қазақстандағы корей этносының тарихы мен мәдениетіне, қазіргі тұрмыс-тіршілігіне қатысты бейнеконтентті тамашалады.
Этноауыл көрінісі қазақ-корей қарым-қатынасының нығайып келе жатқанын және екі ел ықпалдастығындағы мәдени-гуманитарлық байланыстың айрықша рөлге ие екенін айғақтады.

Ханган саябағында аспанға дрондар көтеріліп, екі елдің мемлекеттік туларын бейнеледі, сондай-ақ «Қазақстан мен Корея – жарқын келешек жолында» жазуы әдіптелген дирижабль ұшырылды.

t.me/aqorda_resmi