«Otandastar Qory»
1.37K subscribers
3.76K photos
1.04K videos
22 files
1.56K links
Біздің миссия: Әлем қазақтарын тарихи отан төңірегіне ұйыстыру
Download Telegram
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Мемлекет басшысы Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердіні қабылдады

🟦Кездесуде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев министрліктің негізгі міндеттерін айқындап, Қазақстанның ұлттық мүдделерін дәйекті түрде ілгерілетуді, теңгерімді сыртқы саясатты нығайтуды және экономикалық дипломатияны дамытуды тапсырды.

🟦Көпжақты ынтымақтастықты жандандыруға және шетелдегі Қазақстан азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыруға ерекше назар аударылды.

🟦Сондай-ақ Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы халықаралық іс-шаралардың кестесі қаралды.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Дәрі өндірісін жолға қойған қандас кәсіпкер | Мерей Сламұлы | «Қандастың жолы»

https://youtu.be/Gs7jS3ulY14

Қытайдың Шыңжаң өлкесінде дүниеге келген Мерей Сламұлы бүгінде Қазақстанның фармацевтика саласына елеулі үлес қосып жүрген белгілі кәсіпкер, меценат, «Kelun-Kazpharm» компаниясының атқарушы директоры, «Құрмет» орденінің иегері.

Нанкин университетінде ботаника мамандығын меңгерген ол кейін кәсіби жолын Қазақстанмен байланыстырып, отандық фармацевтика өндірісінің дамуына атсалысты. 2014 жылы «Kelun-Kazpharm» зауытын небәрі бір жылдың ішінде іске қосып, жүздеген адамды жұмыспен қамтыды.

Осы жолы «Отандастар қоры» КеАҚ-ның «Қандастың жолы» бағдарламасы аясында Мерей Сламұлымен сұхбаттасып, оның Қытайдан Қазақстанға дейінгі өмір жолы, кәсіп бастау тәжірибесі, елге қызмет ету ұстанымы және отандық фармацевтиканың болашағы туралы әңгімелестік.

«Қандастың жолы» – елге оралған қандастардың тағылымды тағдырын, еңбек жолын және жетістікке жету тарихын көрсететін жоба.

@otandastar
❤3
Ташкентте «Tүркі әлемінің рухани мұрасы: әдебиет – дәуірлер мен ұрпақтар сабақтастығы» форумы өтті

2026 жылдың 2-3 қыркүйек күндері Ташкент қаласы және Ташкент облысында Өзбекстан және Қазақстан жазушыларының «Түркі әлемінің рухани мұрасы: әдебиет – дәуірлер мен ұрпақтар сабақтастығы» форумы өтті. Бұл форум тарихы, тағдыры бір туыстас әрі бауырлас елдердің әдеби-мәдени, достық байланыстарын одан әрі дамытуға бағытталды.

Өзбекстан Республикасы Мектепке дейінгі және мектеп білімі министрлігі, Өзбекстан Республикасы Мәдениет министрлігі, Ташкент облысы әкімдігі, Өзбекстан және Қазақстан Жазушылар одақтары, сондай-ақ Түркі мәдениеті және мұрасы қорының ынтымақтастығында өткізілген форум Өзбекстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына, Бірінші Түркология конгресінің 100 жылдығына (Баку, 1926) және ұлы өзбек ақыны әрі ойшылы Әлішер Науаидың 585 жылдығына орай ұйымдастырылды.

Форумның бағдарламасы 2 қыркүйекте Ташкент облысы Бостандық ауданының, Қараманас ауылында басталып, онда жаңа оқу жылының басталуына және №34 жалпы орта білім беретін мектепке көрнекті қазақ жазушысы, драматург, аудармашы, қоғам қайраткері Рахметолла Райымқұловтың есімін беруге арналған салтанатты іс-шара өтті. Іс-шара аясында жаңартылған мектеп кітапханасы мен Р.Райымқұловтың мемориалдық бұрышы ашылды.

3 қыркүйекте Ташкент қаласында «Түркі әлемінің рухани мұрасы: әдебиет – дәуірлер мен ұрпақтар сабақтастығы» форумының салтанатты ашылуы мен жалпы мәжілісі жоғары деңгейде өтті.
Іс-шара өзбектің ұлы ақыны әрі ойшылы Әлішер Науаидың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды. Содан соң форум аясында Өзбекстан Жазушылар одағында «Әдеби достық – мәңгілік достық» тақырыбында кітаптар көрмесі, сондай-ақ Бірінші Баку Түркология конгресінің 100 жылдығына арналған мұрағат материалдарының көрмесі ұйымдастырылды.

Форумның салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев, Өзбекстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Хайриддин Султонов, Өзбекстан Республикасы Мәдениет министрі Озодбек Назарбеков, Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ералы Тоғжанов, Өзбекстан Жазушылар одағының төрағасы Сирожиддин Саййид, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов, Өзбекстан Ұлттық ақпарат агенттігінің Бас директоры Абдусаид Кучимов, сондай-ақ Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті Ақтоты Райымқұлова қатысты.

Форумның тақырыптық сессиясы «Өзбекстан және Қазақстанның әдеби қарым-қатынасы: ортақ мұра, заманауилық және ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері» тақырыбына арналды. Сессияда екі елдің әдебиеті арасындағы тарихи және бүгінгі байланыстар, ортақ әдеби-мәдени мұра, шығармашылық әріптестік, өзара аудармалар мәселелері талқыланды.

Филология ғылымдарының докторы, профессор Баходир Каримов «ХХ ғасырдың 20-жылдарындағы өзбек-қазақ әдеби байланыстары туралы» баяндама жасады. Сессияға Қазақстандық әдебиеттанушы, сыншы, публицист, филология ғылымдарының докторы, профессор Құлбек Ергөбек, Әлішер Науаи атындағы Ташкент мемлекеттік өзбек тілі және әдебиеті университетінің проректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Нурбой Жабборов, Низами атындағы Өзбекстан Ұлттық педагогикалық университеті қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Ергеш Абдувалитов, Қазақстандық жазушы әрі публицист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Қанат Алтынбек баяндамалармен қатысты. Баяндамаларда екі халықтың әдебиеті арасындағы тарихи байланыстар, шығармашылық ықпал мен әдеби үдерістердің өзара байланысты тұстары қарастырылды. Сонымен қатар іс шараға «Түркістан» газетінің бас редакторы, ақын Бауыржан Бабажанұлы, «Өлке тынысы» ЖШС-нің бас директоры Ерлан Жұрынбаев, тағы басқалар қатысты.

Арухан АҚПАНБЕТОВА
«Нұрлы жол» газетінің тілшісі, Ташкент қаласы

@otandastar
❤1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Мерей Сламұлы | «Қандастың жолы»

«Қандастың жолы» жобасының кезекті шығарылымында белгілі кәсіпкер, меценат Мерей Сламұлының тағылымды өмір жолы баяндалады.

Мерей Сламұлы 1963 жылғы 20 қаңтарда ҚХР Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданындағы Құтыби ауданы, Торғайты елді мекенінде дүниеге келген. 1982-1986 жылдары Нанкин университетінде «Ботаника» мамандығы бойынша білім алған.

Кейіпкердің өмірі мен еңбек жолы туралы толық нұсқаны Otandastar Channel YouTube арнасынан көре аласыздар.

@otandastar
❤2
«Отандастар қоры» КеАҚ мен Халықаралық «Түркі тілдес» мұғалімдер ассоциациясы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Меморандум аясында тараптар педагогтердің кәсіби дамуына қолдау көрсетіп, халықаралық білім саласындағы жобаларды бірлесіп жүзеге асырмақ.

Халықаралық «Түркі тілдес» мұғалімдер ассоциациясы 2014 жылдан бері педагогтерге арналған тренингтер мен халықаралық педагогикалық турлар ұйымдастырып келеді. Сонымен қатар ассоциация балалар шығармашылығына қолдау көрсетіп, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтетін жобаларды жүзеге асырып жатыр.

Ассоциация жетекшісі Лариса Алдаберген – тәжірибелі педагог әрі қоғам белсендісі. Бүгінде ол білім беру саласымен қатар қазақ мәдениетінің халықаралық деңгейде насихатталуына жүйелі түрде үлес қосып келеді.

Алдағы уақытта тараптар шетелдегі қазақтармен білім беру бағытындағы байланысты дамытып, педагогтер арасында тәжірибе алмасуды дәріптейтін жобаларды жүзеге асырмақ.

@otandastar
❤1
📊 Тамыз айындағы өтініштер туралы ақпарат

Тамыз айында «Отандастар қоры» жанындағы Орталыққа қандастардан 305 өтініш келіп түсіп, өңделді.

Өтініштердің басым бөлігі білім және мәдениет, қандас мәртебесін алу, құжат және азаматтық мәселелеріне қатысты болды.

@otandastar
❤1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Жас қазақ» лагерінен Қазақстандағы студенттік өмірге дейінгі жол

Моңғолияның Баян-Өлгий аймағынан келген Нұрмұхаммед 2024 жылы «Жас қазақ» жазғы этнотанымдық лагеріне қатысып, Қазақстанмен, оның мәдениетімен және өзге елдерден келген қазақ жастарымен жақынырақ танысты.

Мектепті аяқтаған соң, биыл Нұрмұхаммед Қазақстанда білім алуды таңдап, Astana IT University студенті атанды.

Лагерьде алған әсері, Қазақстанға оқуға келуіне не себеп болғаны және шетелдегі қазақ жастарына айтар кеңесі туралы Нұрмұхаммедтің өзінен тыңдайық.

@otandastar
😍2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📚 «Әр қазаққа – бір кітап!» акциясы жалғасуда!

Үйіңізде оқылып болған, бірақ басқа бір оқырманға қуаныш сыйлай алатын кітаптар бар ма?

«Отандастар қоры» баршаңызды шетелдегі қандастарымызға кітап сыйлауға шақырады! 🇰🇿

Акция аясында қазақ тіліндегі:
📖 көркем әдебиеттерді;
📚 балаларға арналған кітаптарды;
🌍 танымдық әдебиеттерді;
🇰🇿 Қазақстанның тарихы мен мәдениеті туралы еңбектерді;
✍️ қазақ авторларының кітаптарын қабылдаймыз.

Бастысы, кітап жақсы сақталған және келесі оқырманға оқуға жарамды болуы қажет. 🤍

📍 Мекенжай: Астана қаласы, Д. Қонаев көшесі, 33, «Астаналық» БО
📞 Байланыс үшін: +7 702 903 82 17

@otandastar
👍1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Мерей Сламұлы | «Қандастың жолы»

Қазақстанға көшу туралы шешімге қалай келді?
Туған жерге оралу жолы оңай болды ма?

«Қандастың жолы» жобасының кезекті видеосында Мерей Сламұлы осы сұрақтарға жауап береді.

🎥 Толық видеоны Otandastar Channel YouTube арнасынан көріңіздер!

@otandastar
❤4
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 «Бір Қазақстан – мың оқиға» жобасының бүгінгі кейіпкері – Нұрмұхаммед!

Астанаға жақында ғана оқуға түсіп, жаңа қалаға бейімделіп жүрген Нұрмұхаммедтің басынан қызықты оқиға өтіпті.

LRT бағытын шатастырып, кері бағытқа кетіп қалған кейіпкеріміз бұл оқиғаны өзі баяндап бермек.

Нұрмұхаммедке студенттік жолында сәттілік тілейміз!

Әрине, сіз де өз оқиғаңызбен бөлісуді ұмытпаңыз🙌🏻✨

@otandastar
❤2
Шетелдегі қазақ қаламгерлерінің 5 еңбегі «Ұлы Дала» сериясына енді

«Отандастар қоры» жүзеге асырып келе жатқан «Ұлы Дала» халықаралық кітаптар сериясы шетелдегі қазақ қаламгерлері мен зерттеушілерінің шығармаларын жинақтап, ұлттық әдеби және ғылыми мұраны дәріптеуге бағытталған.

2026 жылғы іріктеу қорытындысы бойынша Моңғолия, Ресей, Өзбекстан және Қытайда тұратын қазақ авторларының бес еңбегі кітаптар сериясына енгізу үшін таңдалды:

📚 Зұрғанбайұлы Рысбек — «Моңғолия қазақтары: саяси нәубет және тарихи жады» (Моңғолия);

📚 Жазитхан Әуелхан — «Құт мекенім – Қосағаш» (Ресей);

📚 Ибрагимов Құлназар — «Жыр өткелі» (Өзбекстан);

📚 Жанболатов Сұлтан — «Таластағы жанталас» (Қытай);

📚 Ағыпар Бәкей — «Микроэкономика» (оқулық) (Моңғолия).

Таңдалған еңбектерді «Қазақ әдебиеті» баспасы жарыққа шығарады.

«Ұлы Дала» халықаралық кітаптар сериясы арқылы шетелдегі қазақ авторларының еңбектері Қазақстан оқырмандарына жол тартып, елден жырақтағы қазақ сөзінің, тарихы мен танымының ортақ рухани кеңістікте тоғысуына мүмкіндік береді.

@otandastar
❤2