«Otandastar Qory»
1.36K subscribers
3.77K photos
1.04K videos
22 files
1.56K links
Біздің миссия: Әлем қазақтарын тарихи отан төңірегіне ұйыстыру
Download Telegram
«Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» халықаралық медиа байқауының жеңімпаздары марапатталды

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде «Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» атты халықаралық байқаудың 10-шы жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Биыл «Отандастар қоры» КЕАҚ байқаудың «Абай мұрасы» номинациясы бойынша серіктесі атанды.

Байқауға 2024 жылғы 1 тамыз бен 2025 жылғы 1 тамыз аралығында шетелдік БАҚ-та немесе әлеуметтік желілерде жарияланған материалдар қабылданды. Жалпы, әлемнің 30 елінен 100-ден астам жұмыс ұсынылды. Қазылар шешімімен АҚШ, Армения, Бельгия, Өзбекстан және Пәкістан журналистерінің еңбектері үздік деп танылды.

Жеңімпаздар:
• Мэтт Фицджеральд (АҚШ)
• Марианна Мкртчян (Армения)
• Дерья Сойсал (Бельгия)
• Арухан Ақпанбетова (Өзбекстан)
• Мұхаммад Али Паша (Пәкістан)

Олар өз еңбектерінде Қазақстанның цифрландыру, экономика, туризм, спорт, мәдениет және тарих салаларын кеңінен қамтыды.

@otandastar
❤4
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🎉 Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде жыл сайынғы «Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» атты 10-шы халықаралық байқаудың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі салтанаты түрде өтті

@otandastar
👍5❤1
«Отандастар қоры» президенті Данияр Қадыров медиа байқау жеңімпазын қабылдады

«Қазақстан шетелдегі БАҚ көзімен» халықаралық медиа байқауының «Абай мұрасы» номинациясында өзбекстандық «Нұрлы жол» газетінің тілшісі Арухан Ақпанбетова жеңімпаз атанды. Оны қабылдаған «Отандастар қоры» президенті Данияр Қадыров жеңімпазға MacBook табыстады.

Мұндай қолдау қандас журналистеріміздің шығармашылық ізденісін арттырып, кәсіби дамуына жаңа мүмкіндік береді.

@otandastar
🔥7
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚜️"Отандастар қоры" КЕАҚ президенті Данияр Қадыров медиа байқау жеңімпазын қабылдады

@otandastar
🔥1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚜️“Қазақстан шетелдегі БАҚ көзімен” байқауының “Абай мұрасы” номинациясы бойынша жеңімпазы Арухан Ақпанбетованың ыстық лебізін назарларыңызға ұсынамыз

@otandastar
❤5
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
2025 жылғы 5 қазан күні Астана қаласында «Отандастар қоры» КеАҚ ұйымдастырған қандас студенттер арасындағы алғашқы «Otandastar Cup» киберспорт турнирі өткізілді.

Аталған жарысқа Моңғолия, Қытай және Өзбекстан елдерінен келген қандас студенттерден құралған 12 команда қатысып, өзара бақ сынады.

Тартысты өткен турнирдің бас жүлдесін Моңғолиядан келген қандас студенттер — «Final exam clutch» командасы иеленсе, «Үздік ойыншы» номинациясымен Ануарбек Манас марапатталды.

@otandastar
❤3
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇦🇿🇭🇺🇰🇬🇹🇷🇺🇿📌

🎦 t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
🇰🇿 «Қызықты қазақ тілі: Еуропадағы балғындарға рухани қолдау»

Еуропада тұратын қазақ балаларына арналған ерекше жоба – «Қызықты қазақ тілі» сабағы 2024 жылдың 1 маусымынан бері волонтерлік негізде өтіп келеді. 🌍
Әр жексенбі күні сағат 11:00-де онлайн форматта өтетін бұл сабақтар – тек тіл үйрету емес, рухани сабақтастықтың көпірі.

📚 Балалар бұл сабақтарда:
• Қазақтың салт-дәстүрімен және ауыз әдебиетінің інжу-маржандарымен танысады;
• Кітап оқуды үйреніп, туған тілінде еркін сөйлейді;
• Ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп, өз тамырын терең сезінеді.

✨ Жобаның бастамашысы – елордалық ұстаз, педагогика ғылымдарының магистрі, ҚР «Үздік педагог – 2019» атағының иегері Гүлжазира Бекболатқызы.
Ол тек білім беріп қана қоймай, алыстағы бауырларымызға рухани жылулық сыйлап келеді.
Шәкірттері сабақты асыға күтеді, ал кейбірі Астанаға арнайы келіп, сүйікті ұстазымен жүздесті 💛

@otandastar
❤1
Димаш Құдайбергеннің әлемдік туры – мигранттар мен босқындарға қолдау көрсетуге бағытталған гуманитарлық бастама

Халықаралық көші-қон ұйымы (ХКҰ) өзінің ізгі ниет елшісі, әлемге әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенмен бірлескен жаңа жаһандық жобаны іске қосты.

Бұл бастама аясында Димаштың әлемдік туры тек музыка мерекесі ғана емес, сонымен қатар миллиондаған мигранттар мен еріксіз қоныс аударушылардың тағдырына назар аудартуға арналған маңызды миссия болмақ.

ХКҰ мәліметінше, әр концерт барысында көрермендер арнайы QR-код арқылы ұйымның қайырымдылық бетіне өтіп, гуманитарлық көмекке өз үлесін қоса алады. Жиналған қаражат көмекке мұқтаж жандардың өмірін сақтап қалуға және қауіпсіз болашақ құруға бағытталады.

«Музыка – бізді біріктіретін ортақ тіл. Біз көмекке мұқтаж адамдарға қолдау көрсету арқылы әлемді мейірімді ете аламыз», – дейді Димаш Құдайберген.

Халықаралық көші-қон ұйымының бас директоры Эми Поуптың айтуынша, Димаштың миссиясы көші-қонның адамзат тарихындағы ажырамас бөлік екенін және әрбір адам қоғамға өз үлесін қосуға лайық екенін еске салады:
«Димаш – адамдарды олардың шыққан жеріне қарамастан біріктіре алатын тұлға. Оның өнері мен гуманитарлық бастамалары адамзаттың біртұтастығын паш етеді».

Әлемдік тур 5 қазанда Нью-Йорктегі “Мэдисон-сквер-гарден” аренасында басталып, Мехико, Барселона, Лондон және Берлин қалаларында жалғасады.

@otandastar
👍4❤3
🎓 Құрметті қандас студенттер!

Сіздерді өз идеяларыңызды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін «OQ STARTUP» үздік жоба байқауына қатысуға шақырамыз!

Байқауға кез келген саладағы инновациялық, әлеуметтік немесе шығармашылық бағыттағы жобалар қабылданады.

📎 Қатысу үшін:
2 минутқа дейінгі бейнероликті немесе 10 беттен аспайтын презентацияны
төмендегі байланыстардың біріне жіберу қажет:
📱 WhatsApp/Telegram: +7 747 508 01 00
📧 Электронды пошта: Oqbaiqau@gmail.com

Хатпен бірге келесі мәліметтерді көрсетіңіз:
– Толық аты-жөні
– Азаматтығы
– Оқитын университеті мен курсы
– Жасы

⏰ Құжаттар мен материалдар 2025 жылғы 11 қарашаға дейін қабылданады.

🏆 Үздік деп танылған 2 жоба иегері
21 қарашада Астана қаласында өтетін “Отандас ғалымдар форумында” марапатталады.

Жаңа идея – жаңа мүмкіндік! 🌟

@otandastar
❤4