«Otandastar Qory»
1.37K subscribers
3.76K photos
1.04K videos
22 files
1.56K links
Біздің миссия: Әлем қазақтарын тарихи отан төңірегіне ұйыстыру
Download Telegram
🎉 “OQ StartUp” байқауының жеңімпаздары анықталды

💡 14 қараша күні “Отандастар қоры” кеңсесінде “OQ StartUp” байқауының финалы өтіп, іріктеуден өткен 10 қатысушы өз жобаларын қазылар алқасының алдында қорғады. Қатысушылардың питчингінен кейін қазылар тарапынан сұрақтар қойылып, жобаларды дамытуға арналған құнды кеңестер берілді.

🏆 Финал қорытындысы бойынша Мақсұт Нәрікбаев университеті 4-курс студенті Құрышбеков Нұрланның “City Cold Control” жобасы және Назарбаев университеті студенті Алмабек Бексұлтанның “UideMed” жобасы жеңімпаз деп танылды.

🤝 Сонымен қатар, қазылар алқасы өз тарапынан тағы үш жобаға менторлық қолдау көрсету туралы шешім қабылдады.

📩 Жеңімпаздар 21 қараша күні Назарбаев университетінде өтетін “Отандас ғалымдар форумына” арнайы шақырту алды. Форум барысында Қоғам президенті екі жеңімпазға соңғы үлгідегі MacBook табыстайтын болады.

🥳 Барлық қатысушыларды құттықтаймыз! Жеңімпаздарға болашақтағы бастамаларында сәттілік тілейміз.

@otandastar
❤2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
✨Көзімде алау, армандарға сендім!

👏🏻"OQ StartUp” байқауының финалы

@otandastar
❤2
🇰🇿⚜️ “Отандас ғалымдар форумы” аясында құрылыс, педагогика және медицина саласындағы отандас ғалымдар өз тәжірибелерімен бөліседі.

🎓 Съезханұлы Серікбол – құрылыс саласында мол тәжірибесі бар инженер және бірнеше оқу құралдарының авторы. Оның “Құрылыс-ұжымдық іс” кітабының таныстырылымы форумда өтеді.

🎓 Кусанова Уғилой Мадияровна – педагогика ғылымдарының PhD докторы, ағылшын тілін оқыту әдістемесі бойынша білікті маман. Ол Низами атындағы Өзбекстан ұлттық педагогикалық университетінде доцент ретінде білім беру саласындағы заманауи әдістерді зерттейді.

🎓 Құрманбек Дәуітқан – медицина ғылымдарының докторы, психиатр. Франциядағы клиникалық зерттеулері мен тәжірибесі арқылы психиатрия саласында маңызды ғылыми жетістіктерге қол жеткізген.

📅 Форум жаңалықтарын ресми сайттан бақылап отырыңыз!

@otandastar
💯3🤩1
🎉Кенимех ауданына – 100 жыл

Кенимех ауданы – Қызылқұм өңіріндегі қазақтар көп шоғырланған, ғасырлық тарихы бар қасиетті мекен. Бүгінде Науаи облысына қарасты бұл ауданда қазақ, қазақалпақ, өзбек және 20-дан астам ұлт өкілдері татулықта өмір сүріп келеді. Ауданның негізі 1925 жылы қаланған.

Халықаралық толеранттық күнімен тұспа-тұс келген ауданның 100 жылдық мерейтойы ерекше деңгейде аталып өтті. Бұл мерейтойдың Қазақстан мен Өзбекстан Президенттерінің кездесуімен қабат келуі – қос ел достығының жарқын белгісі болды.

Мереке барысында жаңадан салынған және күрделі жөндеуден өткен әлеуметтік нысандар таныстырылып, салтанатты ашылулар өтті. Аудандық архивте 100 жылдық тарихқа арналған фото және құжаттық көрмелер ұйымдастырылды.
22-мектепте аймақтағы 38 білім беру ұйымының (оның 28-і қазақ тілінде білім береді) тарихы, жетістіктері мен ұлттық құндылықтарды дәріптеген оқушылар жұмыстары көпшілік назарына ұсынылды.

Мерейтой Кенимех тұрғындарының бірлігі мен еңбекқорлығын тағы бір дәлелдеді. Екі күнге созылған шарада спорттық ойындар, көкпар, жыр мүшәйралары өткізілді. Қатысушылар марапатталып, қонақтарға гала-концерт ұсынылды. Мерекелік отшашу тұрғындарға ерекше көңіл-күй сыйлады.

Автор: Гүлдана НАРЫНБЕТОВА,
Науаи облысы, Кенимех ауданы

@otandastar
❤8🤩1