«Otandastar Qory»
1.37K subscribers
3.76K photos
1.04K videos
22 files
1.56K links
Біздің миссия: Әлем қазақтарын тарихи отан төңірегіне ұйыстыру
Download Telegram
🇰🇿⚜️ “Отандас ғалымдар форумы” аясында құрылыс, педагогика және медицина саласындағы отандас ғалымдар өз тәжірибелерімен бөліседі.

🎓 Съезханұлы Серікбол – құрылыс саласында мол тәжірибесі бар инженер және бірнеше оқу құралдарының авторы. Оның “Құрылыс-ұжымдық іс” кітабының таныстырылымы форумда өтеді.

🎓 Кусанова Уғилой Мадияровна – педагогика ғылымдарының PhD докторы, ағылшын тілін оқыту әдістемесі бойынша білікті маман. Ол Низами атындағы Өзбекстан ұлттық педагогикалық университетінде доцент ретінде білім беру саласындағы заманауи әдістерді зерттейді.

🎓 Құрманбек Дәуітқан – медицина ғылымдарының докторы, психиатр. Франциядағы клиникалық зерттеулері мен тәжірибесі арқылы психиатрия саласында маңызды ғылыми жетістіктерге қол жеткізген.

📅 Форум жаңалықтарын ресми сайттан бақылап отырыңыз!

@otandastar
💯3🤩1
🎉Кенимех ауданына – 100 жыл

Кенимех ауданы – Қызылқұм өңіріндегі қазақтар көп шоғырланған, ғасырлық тарихы бар қасиетті мекен. Бүгінде Науаи облысына қарасты бұл ауданда қазақ, қазақалпақ, өзбек және 20-дан астам ұлт өкілдері татулықта өмір сүріп келеді. Ауданның негізі 1925 жылы қаланған.

Халықаралық толеранттық күнімен тұспа-тұс келген ауданның 100 жылдық мерейтойы ерекше деңгейде аталып өтті. Бұл мерейтойдың Қазақстан мен Өзбекстан Президенттерінің кездесуімен қабат келуі – қос ел достығының жарқын белгісі болды.

Мереке барысында жаңадан салынған және күрделі жөндеуден өткен әлеуметтік нысандар таныстырылып, салтанатты ашылулар өтті. Аудандық архивте 100 жылдық тарихқа арналған фото және құжаттық көрмелер ұйымдастырылды.
22-мектепте аймақтағы 38 білім беру ұйымының (оның 28-і қазақ тілінде білім береді) тарихы, жетістіктері мен ұлттық құндылықтарды дәріптеген оқушылар жұмыстары көпшілік назарына ұсынылды.

Мерейтой Кенимех тұрғындарының бірлігі мен еңбекқорлығын тағы бір дәлелдеді. Екі күнге созылған шарада спорттық ойындар, көкпар, жыр мүшәйралары өткізілді. Қатысушылар марапатталып, қонақтарға гала-концерт ұсынылды. Мерекелік отшашу тұрғындарға ерекше көңіл-күй сыйлады.

Автор: Гүлдана НАРЫНБЕТОВА,
Науаи облысы, Кенимех ауданы

@otandastar
❤8🤩1
🇰🇿⚜️ Форумға санаулы күндер қалды! Біз спикерлермен таныстыруды жалғастырамыз:

🎓 Гүлшат Адилова – филология ғылымдарының PhD докторы, Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының меңгерушісі. Ол Қарақалпақстандағы қазақ тілінің лингвомәдени ерекшеліктерін зерттеп, студенттер мен магистранттарға дәріс береді.

🎓 Манарбек Сәкен – компьютерлік және биомедициналық инженерия саласының PhD докторы. Форумда ол «Медицинадағы жасанды интеллект» тақырыбында өз ғылыми зерттеулері мен тәжірибесін ұсынады.

🎓 Алтынбек Мұрат – нанотехнология және есептік кванттық физика саласындағы халықаралық деңгейдегі зерттеуші. АҚШ-та суперкомпьютерлер мен жасанды интеллект арқылы наноматериалдарды зерттейді және MIT-де құрылған QAZAQ AI платформасының негізін қалаушысы.

📅 Форум жаңалықтарын ресми сайттан бақылап отырыңыз!

@otandastar
❤3
🇰🇿⚜️ Отандас ғалымдар форумында өз тәжірибесімен бөлісетін спикерлер тізімі толығуда:

🎓 Хамит Еркеш – Оңтүстік Кореяда молекулалық иммунология және биокосметика бағыты бойынша зерттеу жүргізетін жас ғалым.

🎓 Манарбек Сәкен – медициналық бейнелеу мен жасанды интеллектті денсаулық сақтауға енгізу бойынша тәжірибелі зерттеуші.

🎓 Қожахан Ерқанат – электроэнергетика және мехатроника саласында жоғары технологиялық басқару жүйелерін әзірлеп жүрген инженер-ғалым.

📅 Форум жаңалықтарын ресми сайттан бақылап отырыңыз!

@otandastar
❤3